Менің арманымдағы Қазақстан



Дата21.10.2022
өлшемі16,9 Kb.
#44721

Қазақ қатынас жолдары университеті


Менің арманымдағы Қазақстан
Спатай Арайлым
1курс студенті АиУ – 22к. тобы
87471793882
s.badanova@bk.ru
Менің арманымдағы Қазақстан - кең байтақ тәуелсіз. Және де бұл тек құр сөз емес, нағыз шынайы рухани тәуелсіздік. Адамдар өз құқығын білуі, сауатты адамдардың санының көп болуы, яғни рухани жаңғыруды дамыту. Әрине әзір де жүз пайыздық тәуелсіздікке ие болу мүмкін емес, оған белгілі факторлар әсер етеді. Бірақ та менің үміттеніп, сондай керемет Қазақстанға сенуімді тоқтатпаймын. Менің арманым ешкімге жалтақтамай, басқа елдерге мұқтаж болып, соларға тәуелді болмай, өзімізден барлық қажетті заттар, өнімдер, тауарлар, қысқасы басқа елдерден ештеңе кірмей, бәрі өз елімізде жасалып, өз елімізден шықса. Күндердің бір күні, ерте ме кеш пе арманымыз орындалады деп сенемін.
Менің арманымдағы Қазақстан даңқы шыққан, өз тарихымен күллі дүниежүзін таныстырған мемлекет. Өз тілі мен салт – дәстүрін қанаттандырып, көркейткен, белестердің бәрін жеңіп, мақсатына жеткен мемлекет.
Жалпы әр адамда “Қазақстан” сөзі әртүрлі ассоциацияны еске түсіреді. Кейбір адамдар үшін ол елтаңба мен әнұран. Басқалар үшін жылулық пен өзін жайлы сезіну сезімдері. Ал шетелдіктер үшін Қазақстан ерекше салт – дәстүр мен өмірге деген өзгеше көзқарас. Немесе бар жоғы дүниежүзіндегі үлкендігі бойынша тоғызыншы орындағы мемлекет.
Арманымдағы Қазақстан технологиялар мен ескі салт- дәстүр мен наным – сенімдерді біріктіріп, оларды оң жағынан пайдалануды үйренген мемлекет. Білімді жастар, үлкен перспектива, көкіректің ояу болуы, сананың ашылуы. Жаңа технологиялармен алдыға үлкен қадам жасау. Жарқын болашақ пен терең тарих бірін – бірі керемет үйлестіреді деп ойлаймын.
Инфраструктураның дамуы, мәдени көзқарастың деңгейінің өсуі. Таңғаларлық техникалар мен жаңа ғылыми жаңалықтар.
Тарихының тереңдігімен жаңа ұрпақты жаңа әдіспен таныстыру. Жаңа мүмкіндіктер, жаңа идеялар.
Қазақстанның жан – жақты дамуы. Әскери күштен бастап, қоғамдағы заңның рөлін қадағалау. Пара, жемқорлықпен күрес. Өз жұмысына немғұрайлы қарайтын адамдардың орнын босатып, ісін адалдықпен істейтін адамдарды қолдау. Қоғамды тәрбиелеу, заңды қатаңдату. Жаңа реформа, жаңа саясат жүргізу. Заңдағы кемшіліктер мен мамандықты оқытудағы қателіктерге жол бермеу. Сол секілді әрі қарай дамыта түсу Қазақстанның алға жылжуына үлес қосады.
Туризмнің дамуы. Ерекше тарихи өңірлерден музей жасап, туристерді қызықтыру. Аңыз әңгімелерді қайта реттеп, ерекше ескерткіш жасау. Қазақстанның жолға қойған ескерткіштері - біздің тарихымызды айтқызбай түсіндіре білуі.
Табиғаттың әсемдігі керемет. Бірақ оған кедергі жасап жатқан табиғатты бүлдірушілер мен қоқыстардың көзін құрту. Қызыл кітапқа енген жануарларды атуға мүлдем жол бермеу.
Қоқысты сорттау және өңдеу жұмыстарын жүргізу. Олардан пайдалы нәрселер жасауды ойлап табу. Экологияны қорғайтын, оған зиян келтірмейтін робототехника жобаларын ұйымдастыру секілді жұмыстарды ұсынғым келеді.
Отандық өнімдерді шығару. Экономиканы дамыту. Қаржылық мәселелерді реттеу. Жас кәсіпкерлерге қаржылай көмек беру, оларға жол ашу. Осы Қазақстанымызды көркейтуде жастарымыздың атсалысуы. Небір қызық жобаларды паш етуі, таңғалдыруы. Еліміздің өркендеуіне зор үлес қосуы. Жас ұрпақтың бойында ұлттық патриоттық сезім болуы. Елін,отанын, туған жерін нағыз патриот тұлға болуы жастардың, яғни біздің қолымызда. Өз еліміздің тату –тәтті өмір сүруін қалаймын. Мен арманымдағы Қазақстанның арманым болып қана қалмай, шынайы бейне болуын қалаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет