Курстың мазмұны, мақсаты, жеті модульге жіктелуі. Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер. Қалай оқу керектігін үйрету



Дата29.10.2023
өлшемі20,5 Kb.
#121155
түріСабақ

1-2-3 практикалық сабақтың тақырыбы: Курстың мазмұны, мақсаты, жеті модульге жіктелуі. Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер. Қалай оқу керектігін үйрету
Қазіргі заман талабына сай болашақ ұрпақтың оқып білім алуын еліміз бірінші орынға қойыпотыр. Білім беру мен білім алудағы атқарылатын қарқынды жұмыс ұстаздардың еншісінде екеніайтпаса да белгілі. Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің «Бала – балқытылған алтын» дегенқанатты сөз бірден ойға түседі. Балаға қалай бағыт берсең, солай өседі. Сондықтан баланыңбойында жақсы қасиеттердің болуына, олардың жан-жақты дамуын, рухани бай тұлғақалыптастыра білуіміз керек. Оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, оқушы бойындаөзіне деген сенімділік пен жауапкершіліктерді дамыту болып табылады. «Жаңартылған білім білім мазмұнының» өзегі - жылдам дамып бара жатқан өзгермеліқоғамымызда өмір сүруге икемді, жеке басының, сонымен қатар қоғамның ыңғайына қарай өзін-өзі толыққанды жүзеге асыруға дайын,мектеп қабырғасында алған білімін өмірменбайланыстырып қолдана алатын білімді, шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекегеқабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту болып отыр. Қазақстандағы оқу жүйесіндегі басты жаңалық – мұғалімдердің жаңаша форматта білімінжетілдіруі болып отыр. Бұл -өркениет үрдісі. Ал қазіргі өркениетке ілесетін адам өмір бойыбілімге ұмтылуы тиіс. Мұғалімдік тәжірибемдегі ендігі мақсат – оқу мен оқыту процесінде түрлікедергілерді жеңе отырып, осы алған білімімді саралап, зерделеп, одан әрі толықтырып, нәтижелібілім беруге бағытталған әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану жолдарын іздестіру.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер жекелеген құбылыс немесе дағды емес. Осы іскетартылатын тетіктер мыналар: оқыту әдісін таңдау,жүйелі ойлауға үйрету,оқушының талантынзерттеу және анықтау, сандық технологиялар саласындағы жоғары құзыреттілікті дамыту болыптабылады. Осы жаңа тәсілдерді қолдануда «диалогтік оқытудың маңызы» және «қалай оқу керектігінүйретуді» басшылыққа алдым.


Оқыту мен оқудағы оқушы мен мұғалімнің арасындағы байланысол диалог арқылы болары сөзсіз. Осы диалогтік оқыту сабақ барысында тиімді қолданылғандаоқушылар өз ойларын, көзқарастарын білдіріп, еркін сөйлеуіне, дамуына көмектеседі. Ал «қалай оқу керектігін үйретуде» оқушы алған білімін есте сақтап, өз бетімен жан-жақтыіздене отырып, жаңа білімді сыныптастарымен бірлесе отырып игеруге үйретеміз. Қалай оқукеректігін үйрету бұл оқушының «өзін-өзі реттеу» болып табылатыны анық. Бұл үдерістеоқушылар түсінеді, бақылайды, өздерін қадағалап қабілеттерін шыңдайды. Онда оқушының жасерекшеліктерін де ескеруге тырыстым.


Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары арқылы өзін-өзібілім сатысының қай деңгейінде тұрғанын біле отырып, қатесін өзі түзетіп, білуге дегенқұштарлығын ояту болып саналады. Сабақтағы ең маңыздысы қойылған дұрыс мақсат пен күтілетін нәтижелер. Дұрыс қойылғанмақсат күтілетін нәтижелерге жету жолында нақты іс- әрекетке жетелейді. Бұған дейін дәстүрлібілім беру үдерісінде сабақ мақсаттарын шамадан тыс алатын едім. Ал ҚР педагог кадрлардыңбіліктілігін арттырудың бағдарламасы аясында үшінші деңгей бағдарламасын аяқтағаннан кейін,білім алу кезінде смарт мақсат қоюдың маңызын түсіндім. Сондықтан сабақтарымдыжоспарлауда мен үшін маңызды сабақ мақсатын нақты әрі қолжетімді етіп құру болды. Кез келген сабақ өз мақсатына толық жету үшін оған белгілі бір әдіс- тәсілдерді таңдап,саралап қолдану керектігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сол себепті сабақтарымда оқушылардың жасерекшеліктеріне сай түрлі әдіс-тәсілдерімді кеңінен қолдану арқылы, оқушыларымның өзбетімен білім алуға дағдыландыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздедім.Осы мақсатымды жүзеге асыру үшін, 7 модульді өз сабақтарыма кіріктіре отырып, жаңаша әдіс – тәсілдерді пайдалана бастадым.


Жаңашыл, іздемпаз ұcтaздың мiндeтi – сынып оқушыларыныңбұрын білмеген басқа қырларынан танытуы мен ортақ белгісін табуға мүмкіндік туғызатынынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Сондықтан өз сабақтарымда сапалы білім берумақсатында қолданған бірнеше әдіс-тәсілдердің тиімділігі жөнінде ой бөліспекпін.


«Стикердегі диалог» әдісі. Бұл – үй тапсырмасын тексеруге, қорытынды сынақ немесеқарапайым ереже сұрауға таптырмас әдіс. Өйткені бұл әдісті қолданған кезде оқушы оқылғансұрақтың жауабын білуі тиіс . Сонымен қатар бұл әдіс оқушыны тез ойлануға, есте сақтауқабілетін дамытып,шапшаңдыққа үйретеді. Себебі, қағазда жазылған сұрақ басқа, жауап та басқа.Осы жерде оқушының шапшаңдығын, аңғарымпаздығын тануға болады. Сонымен қатар, бұл әдіссыныптағы ынтымақтастық атмосферасын орнатуға да мүмкіндік береді. Оқушылар өзсұрағының жауабын естуге тырысады және өзіндегі жауаптың сұрағын тыңдауы тиіс. Осы жердесынып оқушыларының арасында сыйластық қалыптасып,бір- бірінің сөзін тыңдауға бейімделебастайды. Ал оқушылардыңсыни ойлауын дамыту, айтылым, оқылым, жазылым бойынша ой-өрісін ,сөйлеу, жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету»модулінің тәсілдерін қолдану көп нәтиже береді. Сын тұрғысынан ойлау деген тіркесіндетұрғысынан деген термин ойдың мәселені шешу үдерісінде шоғырлануын білдіреді. Бұлтұрғыдан алғанда сыни сөзі «мақұлдау» немесе «теріске шығаруды» білдірмейді. « Сынтұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану » деп сипатталады. Ол маңызды мәселерді талқылаужәне тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. «Екі түрлі күнделік, РАФТ, 5 минуттық эссе,автор орындығы, Джигсо, Т кестесі» т.б. секілді әдіс –тәсілдері оқушының ойлануына, олардыңкөшбасшылық,шығармашылық қасиеттерін анықтауға, талдау мен бағалай білуге, щешімдершығара алуға,нақты дәлелдер келтіруге үйретуге мүмкіндік береді. Сыни тұрғыдан ойлауғаоқушыны жетелеу үшін дұрыс сұрақ қоюға үйрету шарт. Егер оқушы өзі қойған сұрақтыңмаңыздылығын, қай дәрежелі сұрақ қойғанын анықтап, саралай алатын болса,яғни ол өзіне- өзісыни көзқараспен қарайды деген сөз.




 
 «Өмір бойы білім алу - әрбір Қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс»-деп еліміздіңкөреген көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың сөзін еңбек жолымда әрдайым жандандырыпотырамын.Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккентер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?! “Әрбір бала- болашақ данышпан» деген ойлы қағидаға мән берсек, яғни табиғи таланттардыашу, жас талапкерлердің жарқырап көрінуі үшін мұғалімге жүктелер міндет аз емес. Ол міндетоқушылардың шығармашылық қабілетін, танымдық белсенділігін, ой- өрісін дамыту үшін аянбайеңбек ету, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту.Сабақ беру үрдісінде мынандай негізгі факторларды басшылыққа алынады:-оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу тиімділігін арттыру;-жекелей,жұппен,топпен жұмыс жүргізу;-ойлау қабілетін дамытатын есептер беру;-қабілетіне қарай деңгейлік тапсырмалар беру;-оқушылардың теориялық-практикалық сауаттылығын арттыру.Сонымен бірге жекелеген жұмыстар, жұптық, топтықжұмыстар арқылы ойын ашық айта білу, пікір айтуға үйрену, пікір таластыру, ойланып жауапберу, жолдастарының ойын тыңдау, жауаптарын бағалай білу, білім сапасының артуына әсерінтигізеді мұғалімнің ұтары мол,- деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолданумұғалімнің шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылып жатады.
Жаңа әдіс -тәсілдерді қолданудың тиімді тұстары:
1. Тұлғаның пәндерге деген қызығушылығын оятады;2. Тұлғаның танымдық қабілеттілігі орнайды;3. Әлеуметтік мәдени тәрбие қалыптастырады;4. Тұлғаны шығармашылық жұмысқа баулиды;5. Мұғалімнің уақытын үнемдейді;6. Қосымша мағлұматтар береді.
Жаңа технологияны пайдаланудың мұғалімге береріне тоқталсақ:
1. Барлық баланы оқыту;2. Оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектесу;3. Білім берудің формасын оңтайландыру міндеттерін атқару;4.Тұлғаның жеке қабілетін айқындау, іздену;Бүгінгі таңда мұғалімдердің құзіреттілігін арттыруда еніп отырған, деңгейлі бағдарламаның меніқызықтырғаны сол баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі. Ол бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші,ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Қорытакелсем: Ж. Аймауытовтың «Баланаң ынтасын арттыру үшін оқытатын нәрседе бір жаңашылдық болукерек», – деген сөзінде үлкен мән жатыр. Неге десеңіз, әр оқушы сабаққа келгенде жаңа білімалып шығуымен қатар, өзінің де белгісіз бір қырларын танытуы тиіс. Сонда ғана сабақ қойылғанмақсатына жетеді.Жай мұғалім хабарлайды,Жақсы мұғалім түсіндіреді,Керемет мұғалім көрсетеді,Ұлы мұғалім шабыттандырады, – деп Уильм Уорд айтқандай, әрбір жаңашыл мұғалім өзініңшығармашылық әрекетінде дәстүрлі стильден алшақтап, үнемі жаңашыл идеялар жетегіндежүрсе,білім сапасының жақсара түсетіні сөзсіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет