Л. Н. Гумилев: «Халықтардың дамуы мен шаруашылық-мәдени ерекшеліктерінің қалыптасуында географиялық және экологиялық фактор үлкен рөл атқарады» Л. Н. Гумилев



бет1/7
Дата03.12.2023
өлшемі22,95 Kb.
#133091
  1   2   3   4   5   6   7

Жолдыбаев Әнуар 11 «Ә»


Атақты тұлғалардың қалдырған сөздері
*жасылмен белгіленген сөздер – тестте келген сұрақтар


Л.Н. Гумилев: «Халықтардың дамуы мен шаруашылық-мәдени ерекшеліктерінің қалыптасуында географиялық және экологиялық фактор үлкен рөл атқарады»


Л.Н. Гумилев көшпелілердің киіз үй, арба, ер-тұрман, қайқы қылыш т.б. жетістіктер ойлап тауып, әлемдік өркениетке қосқан үлесін дәлелдеді


Ф. Фон Шварц киіз үйді ең ғажайып практикалық өнер табысы дейді


Ата-бабаларымыз рулық жайылымдарды тек адамдар мен мал арасында әртүрлі аурулар мен індет жайылуынан жаппай қырылуына әкеліп соққанда ғана уақытша тастап кетуге мәжбүр болған. Басқа уақытта көшпелілер сан мыңжылдықтар бойы ұдайы көштің әдістері мен ережелерін сақтап келді деп қорытындыға келген В. Радлов: «Жоспарланған көші-қон туралы сөз болуы мүмкін емес... тайпа немесе тайпалық бірлестіктер жайылымдарын өздерінің жекеменшігі ретінде санайды, көрші тайпалардың басып кіруіне жол бермейді»


М.Ж. Көпейұлы Абылай хан заманында әрбір екінші қазақтың дәулетті, бай болғандығын жазады. Бұны Шоқан Уәлиханов та растайды: «Сібір қырғыздары(қазақтары) сыртқы округтік приказдар құрылғанға дейін өте дәулетті де бай болған, бұған еш күмән келтіруге болмайды»


С. Броневский Сапақ би жайлы: «Орта жүзде өте бай қазақтар бар: мысалы, Қарпық болысындағы Сапақ бидің 10 мыңға жуық жылқы, көптеген түйелер мен ұсақ малы болды; бір жайылымнан келесі қонысқа көшкенде дүние-мүлкін 150-ден астам түйеге артқан»


М.И. Красовский: «Ұрлық... даладағы қазақтар арасында орын аламған деп толық айта аламыз»


М.И. Красовский қазақ жұмысшыларына дискриминация жасау жайлы, оларға жалақы кем төленгені жайлы жазған


1692 жылы қазақ жеріне келген В. Кобяков: «Тәуке ханда нан көп, қазақтар бидай, арпа және тары өсіреді»




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет