Л. В. Турсунова ОҚу және тіл дамыту



Pdf көрінісі
бет1/46
Дата30.01.2023
өлшемі441,3 Kb.
#63750
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46


Р. А. Сүлейменова, А. Б. Алтыбаева, А. С. Қалиева,
Л. В. Турсунова
ОҚУ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУ
Зерде бұзылыстары бар балаларға 
арналған арнайы мектептердің 
(сыныптардың) 4-сыныбына арналған
әдістемелік құрал
Алматы
2021 


ӘОЖ 376
КБЖ 74.3
О-52
 
Сүлейменова Р. А. т.б.
О-52 Оқу және тіл дамыту. Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған 
арнайы мектептердің (сыныптардың) 4-сыныбына арналған әдісте-
мелік құрал / Р. А. Сүлейменова, А. Б. Алтыбаева, А. С. Қалиева, 
Л. В. Турсунова. – Алматы: «ӘБЕО орталығы» ЖШС, 2021. – 100 б.
ISBN 978-601-347-198-3 ӘОЖ 376
КБЖ 74.3
ISBN 978-601-347-198-3 
© «ӘБЕО орталығы» ЖШС, 2021
 


3
КІРІСПЕ
Оқу-әдістемелік кешен жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды 
«Оқу және тіл дамыту» пәніне оқытуда жаңартылған мазмұндағы 
бағдарламаға сүйене отырып типтік оқу жоспарымен сәйкес құ-
рылған. Оқу-әдістемелік кешенге оқулық және әдістемелік құрал 
кіреді. 
Оқу және тіл дамыту сабақтарының зерде бұзылыстары бар 
балаларға арналған арнайы мектептің оқу-тәрбие үдерісінде 
алатын орны ерекше. Балалар сабақта біліммен қатар тәрбиелік 
жақты да алып жүруі керек. 
«Оқу және тіл дамыту» пәнінің мақсаты – білім алушылардың 
түсінуіне қолжетімді мәтіндерді дауыстап және іштей оқуы, оқы-
ғанын түсіне қабылдау және байланыстыра сөйлеуді дамыту. 
Сонымен бірге оқушылардың бір-бірімен сөйлесу арқылы қарым-
қатынас жасап, өз ой-пікірлерін толық жеткізе алуы. 
Оқу және тіл дамыту пәнінің міндеттері:
- оқушыларда сөздердің дыбыстық құрылымын бұзбай, екпінін 
дұрыс қоюды сақтап, мәтінді дұрыс оқуын қалыптастыру;
- түсінуге қолжетімді мәтіндерді, шығармаларды мәнерлеп 
оқып, оқығанының мағынасын түсіну тәсілдерін меңгеруге ықпал 
ету;
- білім алушылардың оқығанын түсінуін қамтамасыз ететін 
ойлау үдерістерінің қарқынына сәйкес шапшаң, мәнерлеп оқу 
дағдысын қалыптастыру;
- шығарманы оқу барысында балалардың сөздік қорларын 
толықтырып отыру. Бір-бірімен сөйлесу арқылы ойларын бөлісіп, 
бойларында жағымды эмоциялық ерік-жігер, тұлға қалыптастыру. 
Әдістемелік құралда зерде бұзылыстары бар балаларды оқыту 
әдістемесі берілген. Сонымен бірге мұғалімдерге көмек ретінде 
күнтізбелік жоспар, оқу мақсаттары бойынша күтілетін нәтижелер, 
оқу тақырыптарының технологиялық картасы, әр оқушының тоқ-
сан бойынша оқу жетістік картасы, әр бөлім бойынша сабақтың 
ақпараттық картасының үлгілері берілген. Мұғалім өз таңдауы 
бойынша оқушылардың білім алу мүмкіншілігін ескере отырып, 
өзіне қажетті әдістер мен тәсілдерді пайдаланады. 


4


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет