Лабораториялыќ ж±мыс 2



бет1/4
Дата15.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#122627
  1   2   3   4

Лабораториялық жұмыс 2


Тақырыбы: MS Access кестелерін және мәліметтерді басқару. Деректер
қоймасынан қажеттi мәлiметтi жылдам iздеп табу, мәлiметтердi
алмастыру. Мәлiметтердi сұрыптау және електен өткiзу.
Мақсаты: ДҚ мәлiметтерiн жылдам алу, оларды алмастыру, ДҚ мәлiметтерiн
реттеу тәсiлдерiмен танысу. Алмастыру символдарын пайдалану. ДҚ
електен өткiзу тәсiлдерiмен және олардың ерекшелiктерiмен танысу.


Теориядан қысқаша мағлұмат


ДҚБЖ-сін құруда жобалау процесі тиянақты жүргізілгенімен, жұмыс барысында ДҚ объектілерін құрып болғаннан кейін де олардың құрылымын өзгерту, түрлендіру қажет болады.
(Кесте құрылымын өзгерту) Мысалы, кесте құрылып болғаннан кейін оның өрістері өлшемін, типін өзгерту қажет болуы не өрістер кірістіру, өрістердің орындарын , атауын өзгерту не өшіру, кілттік өрістерді анықтау не өзгерту қажет болуы мүмкін.
Кесте өрістерін түрлендіруді, мысалы, өріс өлшемін, атауын, орналасқан орнын өзгерту, жаңа өріс кірістіру және өшіру әрекеттерін кестені толтырып болғаннан кейін де жүргізуге болады.
Өріс типін өзгертуде ондағы мәліметтер типін MS Access сәйкесті типке алмастыруды автоматты түрде қамтамасыз етеді. Үлкен көлемді ДҚ-нан мәліметтерді жылдам іздеп табу, алмастыру мақсатында Access программасында көптеген тәсілдер қолданылады.
Мәлiметтi жылдам iздеп табу үшiн Правка-Найти бұйрығы арқылы шығарылатын Поиск терезесiн немесе құралдар панелiнiң Найти түймесiн пайдаланамыз. Мәлiметтердi iздеу барысында алмастыру символдарын да пайдалануға болады. Алмастыру символдары:
*- кез келген символдар тобы;
? -бiр текстiлiк символ;
[ ] - тiк жақша iшiне жазылған кез келген бiр символды анықтау;
! - тiк жақша iшiне жазылған символдан басқа кез келген символды анықтау;
# - кез келген цифрды анықтау;
Іздеп тапқан мәлiметтi өзгерту Правка- Заменить бұйрығы арқылы орындалады. Заменить терезесiнiң жалаушалары мен атқаратын қызметi Найти терезесiне ұқсас.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет