Лауазымы: педагог-психолог Туған күні



Дата25.05.2023
өлшемі17,28 Kb.
#97006

Аты-жөні: Сәулебекова Ақнұр Бауыржанқызы
Жұмыс орыны: КГУ " 4 ППТК" Астана қ.
Лауазымы: педагог-психолог
Туған күні: 28.09.1995ж
Педагогикалық еңбек өтілі: 3,6
Кәсіподақ ұйымында:
Эл.почта: saulebekova.aknur@mail.ru
Тел: +7 705 706 50 25
Білім беру саласындағы жаңашылдық – болашаққа деген жарқын қадам!

Оқу-білімсіз өнер де жоқ, ақын болу үшін де, болмаса басқа түрлі өнерпаз болу үшін де, ең алдымен білім керек.


Ғабит Мүсірепов

Білім беру саласындағы жаңашылдық, білім беруді жаңғырту-бүгінгі заманның талабы. Олай болса, жаңа білім, жаңа мектеп, жаңа технология, жаңа бастама болып жатқан кезде біз неге өзгермеске?


Хакім Абайдың мынадай сөзі бар: «Балаң білімді, парасатты болсын десең, малыңды аяма» деген. Сондықтан, білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін білім беру саласына ерекше көзқарас пен қомақты қаражат бөлінуі тиіс деп санаймын.
Ұстаз адамзат шеберханасының иесі, ұстаз болу өте қиын. Оның жалпы қоғам алдындағы жауапкершілігін мәңгілік естен шығармауы керек. Жалпы қазіргі таңда өзге елдердегі білім үдерісінің дамуы, біздің қоғамдағы білім саласындағы түйінді мәселелердің көптеп кездесетінін айқындап отыр. Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский «Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанымен оның мұғалімдігі де жойылады»- деген тамаша ой тастаған.

Оқушының табысты болуы- ұстаздың табысты оқытуы. Мұғалімдердің жаттанды дәстүрлі сабақпен шектелуі, оқушы білімін дұрыс бағаламауы, оқытудың озық технологияларын қолданбауы еліміздің болашағына қауіпті. Қазіргі уақытта мұғалім қандай болу керек, оқушыны өмірге қалай дайындап, оқыту керек деген сұрақтар туындайды.


Біз, ұстаз қауымы, білім саласындағы жаңа әдіс-тәсілдерді жақсы меңгертіп, әрбір оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, болашақтың адами капиталы екенін сезіп, әр оқушы қоғамда өз орны, өз биігі бар екенін ұғындыруымыз керек. Әрбір оқушыдан тек жақсы үміт күтуіміз керек. Бала бойындағы қабілетті көріп, оған бағдар беруіміз, бейімделуіміз, кез-келген қиындыққа мойымай, оның шешу жолдарын қарастыратын шығармашыл шәкірт дайындауымыз керек. Ұлтымыз небір қилы қыстау кезеңдерде өзінің тапқырлығымен, шешенділігімен, мәдениеттілігімен, батылдығыме көріне білген.


Ендеше, бүгінгі таңда сол асыл текті атаның ізін жалғар ұрпақты қалыптастыру ұстаздар қауымының асыл міндеті.


Болашақ ұрпақты тәрбиелеу, оқыту- біздің мақсатымыз. «Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады», -деп орынды айтқан Қытайдың дана ойшылы Конфуций.


Оқушының әрбіреуі ашылмай жатқан бұлақ секілді. Сол бұлақтың көзін тауып ашатын-мына біздер, мұғалімдер, педагогтар. Ашылған бұлақ ағып, көлдер мен теңіздерге құяды. Сол сияқты бойдағы өнерді көрсетіп, ұштаса, ол-халқымыздың рухани қазынасына қосылған қомақты үлес болмақ, оның мақтанышына, игілігіне айналады.




Мағжан Жұмабаев айтқандай «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады» ХХІ ғасыр-білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін жадымызда сақтағанымыз жөн.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет