Лекция № Тақырыбы: Мәдениет морфологиясы Мәдениет -күрделі қоғамдық рухани құбылыс. Мәдени ұғымдарға түсініктеме



бет6/24
Дата17.02.2023
өлшемі224 Kb.
#68685
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Арнольд Джозеф Тойнби ағылшынның тарихшысы, социологі, 12 томдық «Исследования истории» деп алатын көлемді еңбектің авторы. Алғашқы кезде Тойнби Шпенглердің ықпалымен өркениет шеңберіндегі адамзат дамуын ғылыми ой елегінен өткізуге тырысып, «өркениет» терминін «мәдениет» ұғымына синоним есебінде қарастырды.Өркениетті бар болғаны 8 түрге бөлген О.Шпенглерге қарағанда, Тойнби өз заманының терең ғылыи зерттеулеріне сүйене отырып алғашқыда 20-дан 30-ға дейін атап, ал кейінен өз дамуында белгілі бір дәрежеге жетіп, мәдениеттің тұрақталған 13 түріне тоқталды. Тойнби тарихтың қозғаушы күштерінің қатарына ұлы тұлғалар мен творчество адамдарын да жатқызды.
Б)Натуралистік мектеп. Бұл мектептің басты ерекшелігі – мәдениеттің биологиялық сипатын әсірелеп көрсету. Бұл бағытты жақтаушылар: негізінен, дәрігерлер, психологтар және биологтар. Мәдениеттану ғылымы саласында натуралистік мектептен кеңінен танымал болған «әлеуметтік дарвинизм» қабысады. Натуралистік мектептің қалыптасуына биологиядан басқа ХХ ғасырда пайда болған екі ғылым саласы: фрейдизм мен этология ерекше роль атқарды.
Зигмунд Фрейд – австриялық невропатолог, психиатр және психолог, психикалық талдау мен фрейдизмнің негізін салушы. Ғылымдағы бұл бағыт мәдени құбылыстарды, творчестволық процестерді түсіндіруде, тіпті бүкіл қоғамның дамуын анықтап көрсетуде де психологиялық концепцияларды қолдануды қажет деп тапты. Фрейд пен оның ізбасарлары мәдениет- «жеке адам психикасының қоғамдық экрандағы көрінісі» деп қарастырды. Фрейдтің ойынша, мәдениет, біріншіден, адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған білімі мен өмірлік тәжірибесін қамтиды.
В) Социологиялық мектеп. Бұл мектептің мәдениеттану саласындағы ғылыми зерттеулері – қоғамның өзіне, оның құрылымы мен әлеуметтік институттарына бағытталған. Әрине өзіне тән бағыт-бағдары болғанымен социологиялық мектеп басқа мектептерден «қытай қорғаны» арқылы бөлініп тұр, ешбір байланысы жоқ десек қателескен болар едік. Шын мәнінде, әр мектеп өкілдерінің концепциялары көп жағдайда бір-бірімен үндес, сабақтас келеді. Социологиялық мектептің көрнекті өкілдерінің бірі- Томас Стернз Элиот ол американ ақыны, модерндік бағыттың сыншысы, «Заметки к определению культуры» деген еңбектің авторы. «Мәдениет дегеніміз, - деп жазды Элиот, белгілі бір жерді мекендейтін халықтың тұрмыс-тіршілігі». Социологиылық мектептің тағы бір көрнекті өкілі әрі экономист, әрі социолог, «Социология истории и культуры» деген еңбектің авторы, неміс ғалымы – Альфред Вебер. Ол тарихты бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ өз заңдарымен дербес дамитын үш процеске бөлудің тамаша теориясын ұсынды. Олар. әлеуметтік процесс, өркениеттік поцесс және мәдени процесс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет