Лекция 9 кинематика



бет1/2
Дата27.11.2023
өлшемі1,45 Mb.
#129588
түріЛекция
  1   2
Байланысты:
лекция 9. Нүкте кинематикасы


ЛЕКЦИЯ 9


КИНЕМАТИКА


Материялық нүкте кинематикасының және жалпы кинематика есептерін шешуге қысқаша әдістемелік нұсқаулар

Материялық нүкте кинематикасының есептері қозғалысы әр түрлі тәсілдермен берілген нүкте кинематикасының негізгі сипаттамаларын (траектория, жылдамдық, үдеу) анықтауға арналған. Материялық нүктенің қозғалысы берілген тәсілге байланысты оның анықтауға жататын жылдамдығы мен үдеуі таңдап алған координаталық өстер бойындағы бөлшектері арқылы көрсетіледі. Қозғалысы координаталық тәсілмен берілгенде, олар координаталық өстер бойындағы проекцияларына жіктелінеді. Нүктенің қозғалыс теңдеулерін декарттық координаталарда беру кең таралған тәсіл болып келеді. Қозғалысты табиғи тәсілмен бергенде материялық нүктенің жылдамдығы мен үдеуі табиғи үш (жанама, бас нормаль және би нормаль) қырлықтың жанама және бас нормаль өстеріндегі проекциялары арқылы анықталады.


Бұл бөлімде материялық нүкте кинематикасының бірінші есебі қозғалысы координаталық тәсілмен берілген материялық нүктенің белгілі уақыт мезетінде траекториясын, жылдамдығын және үдеуін анықтауға ұсынылған.
Қатты дене кинематикасына үш есеп берілген: жазық механизмнің кинематикалық сипаттамаларын табу, көпбуынды механизмді кинематикалық талдау және күрделі қозғалыстағы материялық нүктенің абсолют жылдамдығы мен абсолют үдеуін анықтау.
Материялық нүктенің немесе абсолют қатты дененің кинематикалық сипаттамаларын анықтауда әрдайым кейбір математикалық функцияларды уақыт бойымен дифференциялдау қоса жүреді.
Қатты дененің жазықтық қозғалысын зерттеудің маңызды, қолданбалы мағынасы бар, өйткені механизмдер мен машиналардың көптеген бөлшектері жазық параллель қозғалыстарды атқарады.


Нүкте қозғалысының берілу тәсілдері

Кез келген уақытта санақ жүйесіне қарағанда нүкте орнын анықтайтын теңдеулер белгілі болса, нүкте қозғалысы берілген деп есептеледі. Кинематикада нүкте қозғалысы үш түрлі тәсілдермен беріледі:



  • табиғи

  • координаталық

  • векторлық




  1. Табиғи тәсіл

Қозғалыс бұл тәсілмен берілгенде нүкте траекториясы ме оның осы траектория бойындағы қозғалысының теңдеуі белгілі болады.



нүкте қозғалысының заңы



s(t)функциясы бір мәнді, үздіксіз және екі рет, дифференциалданатын болуы қажет.

Нүкте қозғалысының табиғи тәсілмен берілу үшін келесі шарттар орындалуы қажет:



  • материалдық нүктенің траекториясы (графикпен немесе теңдеумен);

  • нүктенің бастапқы уақыт кезеңіндегі орны мен бағыты;

  • нүкте траектория бойындағы қозғалыс заңы (теңдеуі). Доғалық координатаның уақытқа байланысты өзгеретін функциясы.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет