Лекция жоспары: Ежелгі түркі әдебиетінің қамтитын тақырыптары мен ерекшеліктері



бет1/3
Дата07.01.2022
өлшемі106.5 Kb.
#18888
түріЛекция
  1   2   3

VII-IX ҒАСЫРЛАРДАҒЫ КӨНЕ ТҮРКІ ӘДЕБИЕТ

ЕСКЕРТКІШТЕРІ

Лекция жоспары:

  1. Ежелгі түркі әдебиетінің қамтитын тақырыптары мен ерекшеліктері;

  2. ҮІІ—ІХ ғ.ғ. көне түркі әдеби жазба жәдігерліктер.

Бүгінгі қазақтың әдебиеті мен мәдениетінің, жазу өнерінің шығу тегі аса әріге, көне замандардағы түркі ескерткіштерімен тамырласып кетеді. Бұл ретте көптеген құнды зерттеу еңбектерінің көрегендік деректеріне сүйенуге болады. Белгілі тарихшы М.Вяткин қазақ туралы бұрын болып келген теріс түсінікті, буржуазиялық салқыны бар пікірлерді сынай келіп, қазақтың ертеден келе жатқан мәдениеті бар екендігін ескертеді. «Дұрысын айтсақ, -дейді ол - қазақ халқының мәдениеті Қазақстанның терең ескісіне жетеді». Ш.Уәлиханов та тұңғыш рет қазақ мәдениетінің ортақтастығын айтқан. «Қазақтар - дейді ол, - Шығыс Түркістанның ескі тұрғындары». Міне, сондықтан да оның мәдениеті, әдебиеті, өнері, архитектура, сәулет үлгілері сол жерлерді мекендеген басқа да түркі тектес халықтармен бірлікте келеді. Бұл жайды белгілі тюрколог тарихшы, филолог әдебиетші ғалымдардың еңбектері жан-жақты дәлелдейді. Олар Б.Мелиоранский, Е.Бертельс, С.Толстов, А.Якубовский, В.Жирмунский, А.Кононов, Стеблева, Х.Сүйіншіәлиев, М.Мағауин, М.Жолдасбеков, Қ.Өмірәлиев, Н.Келімбетов т.б. Сөйтіп қазіргі ғылым Орталық Қазақстан мен оның әр шет өңірлерінен біздің жыл санауымызға дейін жасаған мәдениет жұрнақтарын мол тауып, жаңалық ашып отыр. Соның бір алғашқы, елеулі айғағы -1965 жылы жарық көрген «Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті» атты монументальды еңбек.

Көне дәуірдегі біздің ең басты - мәдениетіміз жазу өнерінің дамығандығы.

Ф.Энгельс ерте дәуір мәдениетінің пайда болу жайын сөз қыла келіп: мәдени өсудің «жоғары сатысы темір рудасын еріту мен әріп жазуды шығарып, оны сөз өнері творчествосын жазуға қолдануы кезінен цивилизацияға ауысуы басталды», дейді.

Міне, осындай жағдай біздің арғы ата-бабамыз түркі тайпаларында да болған. Мұны арнайы зерттеген ғалым Л.Гумилев: Түріктердің де темір рудасын қорытқанын, жазуының, жазба сөзінің болғанын анықтайды. Осыған орай Ш.Уәлиханов: «Орта Азияның алыс түкпірінде бұрын пайдаланылған кен орындарының ізін көрдім» - деп жазғанын айтуға болады.

Басқа да көптеген халықтардағыдай Қазақстан жеріндегі жазудың пайда болуы алғашқы феодалдық дәуірге сай болған. Яғни III-V ғасырлардағы феодалдық мемлекеті, қоғамы болған үйсіндер дәуіріне сай келеді. Белгілі ғалым А.Ремюзе: «Үйсіндер руникалық жазумен (қазір ол орхон жазуы деген атпен белгілі) жазған», - дейді.

Бұл күндері әлгі пікірді дәлелдейтін көптеген деректер, тасқа түсірілген таңбалар табылып отыр. Үйсіндерден кейінгі құрылған феодалдық мемлекет Түрік қағанаты да сол жазуды пайдаланып, дамытқан. Оның хандары сол жазумен Иран, Византия, Қытай елдеріне елшілік хат жазып, мемлекеттік іс қағаздарын жүргізген. Сол дәуірде қайтқан кісілердің басына құлпы тас қойып, оған жазумен ескерткіш сөз қалдырып отырған. Сол әдет күні бүгінге дейін қазақ арасында сақталып келеді.

Кейінгі жылдары табылған үлкен бір жаналық – Іле өзенінің бойынан табылған алтын киімді адам денесі. Ол киімдегі және басқа да мүліктердегі ою-өрнек, зергерлік өнер, көркем жазу түрлері – ерте дәуірдің үздік мәдениетінен мол хабар берді.

Міне, бұл жайлардың қайсысы болмасын қазақ жазуының аса ертеден басталатынын, әрі өзінің тума жазуы екенін дәлелдейді. (Орхон жазуын көрсету, оқу салыстыра).

Бұл ғылыми жаналық көптеген жаңсақ пікірлерді жоққа шығарды. Бұған дейін қазақ жазуы араб жазуынаң IX-X ғасырлардан бері дамыды, қазақтың өзіндік жазуы, мәдениеті болған жоқ, ол арабтық, мұсылман дінінің әсерімен ғана келді деп келсе, ендігі жерде ол жоққа шықты.

Сөйтіп, біздің жазба мәдениетіміздің түп тамыры халқымыздың өз жерінде пайда болды. Басталу дәуірі – алғашқы феодалдық мемлекеттер кезеңі (III-V ғасырлар).

Ол жазулардың шығуына түрлі себептер болды: мемлекет ісі, саяси қарым-қатынас, сауда, айырбас баламы, ақша белгі-берлерін ажырату т.б.

Көне жазудың әлгіндей жалпылық түрлерінен басқа өрелі де үлкен ескерткіштері бар. Олар: «Орхон-Енисей», Талас, Шу, Мойын-Шор т.б. ескерткіштер.

«Орхон-Енисей» ескерткіштерінің ішінде әдебиеттік, тілдік, тарихи мәні зор тамаша шығармалар Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк жайындағы шығармалар. Оларды тасқа жазылған көне замандық кітаптар деп атайды (VII-VIII ғғ).

Руникалық жазудың ең ескі ескерткішінің бірі Талас жазулары (V-VI ғғ).

Міне, осы аталған жазулардың қайсысын алсақ та, олардың ерекшеліктері қазіргі қазақ тілімен тамырлас жатыр. Тіл құрлысы, лексикалық арнасы, түсініктілігі бізге алшақ емес (Мысалы: Хрест. «Көне әд. нұсқ., 26 б.»).

Белгілі ғалым С.Аманжолов: «Қазіргі дулаттар V-VIII ғасырлардағы ежелгі Орхон-Енисей түріктерінің тікелей ұрпақтары» деген. Аманжолов сол түркілік дәуірде белгілі боп, кейін қазақ халқын құраған, жазу-сызу өнері дамыған, мәдениеті өскен руларды да атайды. Олар: Үйсін, Қаңлы, Керей, Найман, Дулат, Қыпшақ, Кердері.

Сөйтіп, Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендеген түркілік рулар әуел баста руникалық, яғни орхондық жазумен, одан бері ұйғыр алфавитымен, сосын араб шрифтасына көшті. Түркілік жазудан араб жазуына көшердегі аралас жазуды «арамей» жазуы деп атады. Ал «ұйғыр жазуы» деген тек ұйғырларға ғана тән емес. Ол тюркологтардың дәуірге сай белгі қоя айтқаны ғана. Ол алғашқы түркілік жазудың жетілген түрі, бүкіл түркі халықтарының ортақ мәдени тілінің жазуы дейміз.

Осы көне түркі жазуы мен ескерткіштері бүгінгі бүкіл түркі халықтарына ортақ, яғни олар әлі тайпалық, рулық дәуірлерде, бүгінгідей жеке-жеке халық, ұлт болып бөлінбеген кезеңдерде пайда болды. Сол көне түркі тайпаларынан кейін, орта ғасырлар тұсында, жекелеген мемлекет, саяси бірліктер негізінде бөлек-бөлек халықтар пайда бола бастады. Олар қазіргі қазақ, өзбек, түркімен, қырғыз, қарақалпақ, ұйғыр, татар, башқұрт, ноғай, қырым татарлары, якут, гагауз, алтай, азербайжан, шетелдегі түрік халықтары. Міне, жаңағы көне жазу мен мәдениет осы халықтарға түгел қатысты, яғни бұрынғы түркілік ата-бабаларымыздан қалған ортақ мұра.

Көне түркілірдің мекен тұрағы алғаш қазіргі Алтай, Оңтүстік Орталық Сібір, Орта Азия мен Қазақстан жерінде болғанымен кейін 9-10 ғ.ғ. олар оғыз, қыпшақ тобына бөлініп, Батысқа қарай қоныс созған. Оғыздар Оңтүстік Кавказ,Оңтүстік Қара теңіз, Таяу шығысқа дейін жетсе, қыпшақтар Солтүстік Кавказ, Қара теңіз, Қырымға дейінгі жерді қоныстаған.

Осыдан кейінгі есқерткіштер осы өңірлерде, осы екі топтың өздеріне жеке-жеке тән болып, тарихқа енді.

Қазақ жерінде, әсіресе Оңтүстік, Жетісу аймақтарында X-XII ғғ тұсы, Қарахан мемлекеті кезінде қыпшақ мәдениеті дәуірі белгілі. Онда ірі-ірі, сәулетті де сәнді қалалар Отырар, Сайрам, Сағанақ, Яссы, Мерке, Тараз, Баласағун т.б. болды. Академик Дахшпейгер 800-дей қала болды дейді. Ол шаһарларда ғылым, білім орындары, кітапхана, шеберхана, өрнек, ою, сәулет өнерлері көп болған. Бүкіл дүние жүзіне аттары мәлім ірі-ірі ғалым-ғұлама, ақын жыршылар өткен. Ғылымнаң көптеген салалары дамыған. Ол ғұламалар: Әбунасыр Әл-Фараби, Әбурайхан Әл-Бируни, Әбуәлі бин-Сина, Мухаммет Харезми, Махмут Қашқари, Қожахмет Яссауи, Ахмет Иүгінеки, Сүлеймен Бақырғани, Жүсіп Баласағуни т.б.

Әрине, кезінде дүние жүзіне мәшһүр болған түркілік мәдениет бірден көктен түсе қалған жоқ. Оның тамыры терең және аса құнарлы арнадан табылды. Соның ең көрнектісі «Орхон-Енисей» ескерткіші.

Зерттеліп, табылуы.

Кейіпкерлері: Бомын (Бумин) қаған – ең басы,

Оның баласы Елтеріс (Елтерши) қаған, інісі – залым Қанаған қаған, Елтеріс балалары: Білге қаған (Магилян), Күлтеген батыр, досы – Тоныкөк-батыр, ақылгөй,қолбасшы.

Жыр бірнеше циклдан тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет