Тақырыбы: Абай өлеңдеріндегі түр-түс концептісі кіріспе жұмыстың өзектілігі



бет1/21
Дата06.01.2022
өлшемі160 Kb.
#12899
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Абай олендериндеги тур тус


Тақырыбы: Абай өлеңдеріндегі түр-түс концептісі

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі. Кез-келген халық тілі – сол халықтың шынайы этникалық болмысының көрінісі. Тілді жаңа ғасыр баспалдағында теориялық-танымдық үдерісте зерттеудің қажеттігі туып отыр. Бұл үдеріс тіл мен адам санасын тұтастықта қарастырып, тілдік білімді адам санасының жемісі, күрделі ассоциативті-вербалды құрылым, болмысты рух пен ой бірлестігінде тараушы жүйе ретінде кешенді сипаттауға негізделеді. Адамзат өзін қоршаған шындықты, әлемдегі сан алуан құбылыстар мен олардың сапа-қасиетін сезім мүшелері арқылы сіңіріп, санамен түйсініп қана қоймайды, оған жауап қайырады, ақпаратты өзінше жаңғыртып, жаңа сапада қайта жасауға саналы-санасыз күйде талпыныс жасайды, өңдейді, қорытады, елеп-екшейді, баға береді, тәжірибеде қолданады, бұлардың тұтас көрінісі ретінде дүниенің тілдік бейнесі жасалады.

Дүниенің тілдік бейнесі дүниені тіл арқылы көрудің түрлі тәсілдерін талқылауға мүмкіндік береді, мұнда түр – түстердің ұлттық, ұлтқа тән аймақтарды айқындауға мүмкіндігі зор екендігі көрсетіледі. Түстердің танымдық модельдерін зерттеу, тілді адаммен және оның әлемімен тығыз байланыста қарауды басшылыққа ала отырып жүзеге асырылады. Мұнда таным модельдерінің негізгі ұстанымдары – қоғамдық тәжірибеге негізделуі, бейнеленуге мүмкіндік жасауы (символикалығы ), жүйелілігі, креативтілігі назарға алынады. Түр – түс адамзат өмір сүруінің ажырамас бөлігі, ақиқатты нақты бейнелеуде мүмкіндігі мол. Ол – адамның саналы білімінің ғана емес, психологиялық жай күйі, талғам, талап, қажеттілік пен көзқарасының өлшемі және оны танытушы. Сын атауының шығу тарихы жайында белгілі ғалым С.Аманжолов: «Кейбір сын есімдердің әлі күнге шейін әрі зат есімдік, әрі сын есімдік мәні бар мысалы:) «көк» әрі нәрсенің түсі, әрі «аспан» мәнінде; «қара» әрі «мал» мәнінде: «қызыл» әрі нәрсе түсі, әрі қоғамдық топтың символы т.б. Кейбір түркі тілдеріндегі материалдарды салыстыра тексерсек, бір тілде зат есім болып жүрген сөз екінші тілде сын есім орнына қолданылады екен. Мысалы, «қызыл» - азербайжан тілінде зат есім, «алтын» деген сөз, бізде ол сын есім мәнінде, ал азербайжан тіліндегі «қырмызы» - жібектен істелген товардың аты, зат есім» 1, 337 б. деген пікірді білдіреді. Бұл тұста сындық түстердің ұлттық танымды беруде мәні зор екенін байқауға болады.

Тілдік таңбалар халықтың дүниені түйсінуінен хабар беретін ақпараттық дереккөз ғана емес, сонымен қатар ғаламның тілдік бейнесін жасайтын ұлттың эстетикалық таным-талғамын, кәсібін, мінез-құлқын, ырым-нанымын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ұлттық рухын ұлттық тіл арқылы сақтап, жан-жақты таратып танытады. Осыған орай белгілі бір халықтың материалдық және рухани мәдениетінің көріністері тілде тарихи-мәдени тілдік таңба ретінде қалыптасады. Демек «әлемді тіл арқылы танудың» әр ұлт тілінде түрлі сипатқа ие екендігі туралы шешімге келіп, осы түстердің тілдік сипатын тануға, әр ұлттың болмысын тануға түр-түстердің жұмсалуы негізінде келуге болатынына көз жеткіздік. Сондықтан да қазақ тіліндегі түр-түстің тілдік таңбалық мәнін қарастыру – тіл мен таным, тіл мен ойлаудың бірлігінен туған өзекті мәселенің бірі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет