Лекция Лекцияның тақырыбы: Көркем шығарманың тілі. Поэтикалық тіл Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Студенттерге әдеби-теориялық ұғымдар жайлы түсінік беру. Лекцияның мазмұны



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата03.11.2022
өлшемі470,41 Kb.
#47186
түріЛекция
  1   2   3
Байланысты:
10 лекция



№10-лекция 
Лекцияның тақырыбы: Көркем шығарманың тілі. Поэтикалық тіл 
Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Студенттерге әдеби-теориялық ұғымдар жайлы 
түсінік беру. 
Лекцияның мазмұны: 
Тіл, сөз жайын тексеретін ғылым үш түрлі : тіл білімі, стилистика және көркем сөз 
теориясы. Бұл үш саланы бір – бірінен ажырата білу, әрқайсының өзіне тән сыр – сипатын 
айқын тани білу шарт.
Әдеби шығарма тіл арқылы жасалса, тіл сөзден құралады. Ал әр сөз о баста 
образдан туған, келе–келе көп образдар ұмытылған да, олардан туған сөздер ғана қалған. 
Сондықтан образды тіл деген ұғымды жаңалық деу қиын. Бұл – әр сөздің табиғи қасиеті. 
Әңгіме осы қасиеттің күллі “құпиясын”, құбылысын, осынау образдылықтың ішкі сырын, 
сыртқы сипатын әрі нәзік, әрі терең түсініп, соны қаламгерлік қызметке шебер қолдана 
білуде жатыр. 
Ахмет Байтұрсынов өзінің “Әдебиет танытқышында” сөз өнері адам санасының үш 
негізінде (ақылға, қиялға, көңілге) тірелетінен айта келіп : “тілдің міндеті – ақылдың 
аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше 
айтуға жарау” деп дәйектесе, біз енді тілдегі түрлендірулерге дәл осы дәйектеме 
тұрғысынан біраз көз тоқтатып, олардың сөз өнеріндегі шешуші сырларын байқап 
қараймыз. 
Жазушының тілі шұрайлы, сөздік қоры мол болуы керек. Бұл – қалам иесіне 
қойылар бұлжымас талап. Тіл байлығы сөз өнеріндегі мазмұн байлығына әкеледі. Ал 
халыққа қажет шығарма – мазмұнды шығарма. 
Жазушының тілі бай болуға тиіс дегенде : ол өзінің сөз қорын молайту үшін ылғи 
ғана тыңнан сөз жасасын деп ешкім де айтпайды және әрқашан олай ету мүмкін де емес. 
Жазушы өзінің сөз қорын молықтыру үшін жалпы халықтық тілдің телегей – теңіз бай 
қазынасын, мүмкіндігінше, молырақ игеру, оның қилы-қилы қиын әрі қызық 
құбылыстарын жете түсінуі, әр сөздің мәні мен мағынасындағы ұланғайыр өзгертулер мен 
өңдеулерді, ауысулар мен алмасуларды, құбылулар мен құлпытуларды дәл аңғара білуі 
қажет. Сонда ғана жазушы “өзінің сөз қорын мейлінше байытып, әркім бір қолданып 
әбден ығыр қылған арзан сөздерге жоламайтын болады” (Беранже). Сонда ғана жазушы әр 
сөзді таңдап, талғап тауып, ойды анық, сезімді нәзік жеткізер тың және тартымды 
суреттер жасай алады. Мұның өзі жазушы тілінің үш түрлі ұтымдылығына – дәлдікке, 
ықшамдыққа, сұлулыққа – негізделуі шарт. 
Тіл байлығының қайнар көздері көп. Солардың бірі – сөздердің көп мағыналығы 
(полисемия). Әр сөз жеке, атау күйінде тұрып – ақ бірнеше мағынаға ие. 
Тілді байытар тәсілдер ұшан–теңіз. Полисемизмде бір сөздің бірнеше мағынасы 
болатын болса, енді бір ғана мағынадағы сөздің өзі өзге сздермен тіркесе келе бірнеше 
ұғымға көшетін жайы және бар. Мысалы, сынап деген сөз жеке тұрғанда зат болса, осыны 
өзге сөздермен тіркестіріп, сйталық, сынаптай ағады десек, жаңағы заттық ұғымы қолма – 
қол өзгеріп, енді әлдененің жылдамдығын немесе сынапша жылтырайды десек, тағы бір 
нәрсенің түсін таныта бастайды. Бұл да сөздің көп мағыналығы, мұны да шебер пайдалана 
білу шарт. 
Әр сөздің тура мағынасымен қабат бұрма мағынасы да бар. Кей сөздерді сол кері 
мағынаға көшіріп, орнымен ойната білу де әсем тәсіл. Мұндай жағдайда бұрма мағынада 
айтылған сөзге айырықша астар, ойға юморлық, кейде, тіпті, ирониялық сипат беріледі де, 
суреттеліп отырған шындықтың мазмұны тереңдей түседі. 
Айтқысы келген сырын, танытқысы келген шындығын жан тебірентер әсерлі 
суретке айналдырып, қағаз бетіне көңілдегі қалпынан айнытпай түсіру үшін ең қажетті 
бірден–бір сөз іздеп табу – шебер суреткердің қасиетті парызы. Оның дәл осы жағдайда 
сөз іздер атырабының бірі – синонимия (грекше sunonymos – заттас) – айтылуы, естілуі әр 
түрлі болғанмен, мағынасы бір–біріне жуық, мәні ұқсас сөздер. 


Бір емес, бірнеше синонимдердің бірін-бірі үстеулемей қабаттаса, қатар келуі 
(плеоназм ) арқылы жасалған сөз тіркесі де көркем шығармада орнымен қолданылса,
ой мен образға айрықша әсер, күш дарытады. Синонимдер біздің сөзімізді байытады,
айқындайды, түрлендіреді.
Сөйлеу тілімізде синоним ( заттас) сөздермен қатар омонизм - айтылуы, естілуі
бір болғанмен мән – мағынасы әр тарап сөздер бар екені мәлім. Мысалы: қара, көр, 
ер, жар,ор, сор, аң, нан, қан, таң, саң, мал, сал т.б. 
Омоним сөз орынды жерде тұрмаса, сол арадағы ұғымды бұлдыратып,
көмескі, түсініксіз, кейде, тіпті, екі жақты мағына беруі мүмкін.
Дәуірдің, қоғамның өзгеруімен тіл де өзгеріп отырады. Брі қоғам өзгеріп, оның 
орнына екінші қоғам орнайды. Алғашқы қоғамның көп нәрселері кейінгі қоғамға керексіз 
болып, сахнадан шығып қалады. Сонымен байланысты кейбір сөздер де тұтынудан 
шығады. Бұрын қолданылып, қазірде ескірген, қолданудан шыққан сөздерді архаизм дып 
атайды. 
Жазушының санасы да, тілі де өз ортасына, өзінің таптық идеясына бағынады. 
Архаизм әсіресе ескі өмір туралы жазылған роман, әңгімелерде көбірек кездеседі. 
Біз жазушы бұдан жүз жыл не бірнеше жүз жыл бұрынғы тарихи оқиғалар туралы роман, 
әңгіме жазып, қатысушыларын қазіргі адамдарша сөйлейтіп қойса, ол шындыққа 
жаттпаған болар еді. Осыдан жүз жыл бұрын өмір сүрген адамдар осылай сөйледі
олардың ой-санасы, сөздік қорлары осы күнгі адамдардай болды дегенге ешкім сенбес еді. 
Сондықтан жазушылар шығармасының тақырыбына, суреттеп отырған оқиғасына, 
шығармада көрсетілмек дәуіріне сәйкес тіл қолданылады. Сөздерді адам образдарын 
жекелеп көрсету, тип жасау үшін пайдаланылады және ол керек те. 
Эпитет те, теңеу де ең алдымен өмір құбылысын сурет арқылы көрсететін көркем 
сөздер саналады және әдеби шығармаларда мейлінше жиі кездеседі. Сондықтан олардың 
әрқайсысына жеке – жеке тоқталуға тура келеді.
Эпитет 
(грекше 
epitheton–қосымша) 
Адамның не 
заттың, 
не 
табиғат 
құбылыстарының өзгеше көріністерін көрсету, олардың бейнесін оқушылардың көз 
алдына елестету, ой–қиялына әсер ету үшін қолданылатын көркем сөздердің бір түрін – 
эпитет дейді.
Эпитетті қолданғанда, жазушылар жай қолдана салмайды. Белгілі мақсатпен 
қолданады. Жазушының қолданатын эпитеттері, суреттеген нәрсесіне өзінің қатынасын 
көрсетеді. Біз келтірген мысалдағы ақындардың қолданылған эпитеттері, олардың таптық 
мүдделерімен байланыста. Жалпақ жауырын, жуан балтыр, жұп–жұмыр жұмысшының 
білегі бар дегенде, мұндағы эпитеттер, ойланбай алына салынған нәрсе емес. 
Аттас сөздердің бір алуан ұнамды рол атқарар аренасы - өлеңді шығармалар. 
Кейде ақындар жекелеген омонимдерді әр тұста арнайы қайталап, өлеңнің ырғағын, 
ұйқасын, құбылтып әсерін күшейтеді. 
Суреткердің сөз қорындағы бір «алтын сандық» - архаизм - бүгінде ескіріп,
әдеттегі қолданудан шығып бара жатқан, әсіресе ауызекі сөйлесуде көп айтыла
бермейтін көне сөздер. Тарихи шығармалар туғызу әрекетінің үстінде суреткер
архаизмді атап та кете алмайды, орағытып да өте алмайды. 
Әдеби тілге дауыс ырғағы емес-ау, тіпті дыбыс қайталаулар арқылы да әжептеуір 
ажар бітіруге болады. Бұл тәсіл екі түрлі: аллитерация бірыңғай дауыссыз дыбыстарды 
қайталау және ассонанстар – бірыңғай дауысты дыбыстарды қайталау. Бұлар поэзия да 
прозада да кездесіп отырады. 
Айқындау, яғни эпитет - заттың,құбылыстың айрықша сипатын, сапасын 
айқындайтын сөз. 
Әдеби тілге үстеме мағына беріп , оның көркіне көрік қосатын, сол арқылы
әдеби шығарманың мазмұнын құнарландырып, пішінін ажарландыратын көркемдеу
құралдарының бірі – теңеу . Мұнда суреткер заттың, құбылыстың ерекше белгілерін
көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттейді. Сонда бұлар


туралы оқырман түсінігі айқындалу үстіне тереңдейді де, өнер туындысының
эстетикалық әсері күшейе түседі . 
Айқындау сияқты, теңеудің де құны сонылығында, ойламаған жерден өзгеше
өрнектер жасап, құлпырып, ойнап тұруында, орнымен қолданылында жатыр . 
Әдеби тілді құбылту керек. Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлігі үшін де орасан 
қажет тәсіл - құбылту, троп (грекше troposиін, иірім) – сөздерді тура мағынасында емес, 
бұрма мағынасында қолдану шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп таныту, ойды өзгертіп, 
кейде тіпті өңін айналдырып айту.
Құбылтудың (троптың) түрлері көп. Әдеби тілдегі ең басты құбылтулардың бірі - 
ауыстыру, яки метафора (грекше metaphora-көшіру) - сөз мәнін өңдендіре өзгертіп айту, 
суреттеліп отырған затты не құбылысты ақындай, ажарландыра түсу үшін оларды 
өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылыска балау; сөйтіп, суреттеліп отырған заттың не 
құбылыстың мағынасын үстеу мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейту. 
Кейіптеу – ертегілер мен аңыздарда жиі қолданылатын тәсіл. Қулық – Түлкі, 
зорлық – Арыстан, қастық – Қасқыр бейнелеріне көшіріліп, пернеленіп көрсетілген.
Троптың бір түрі – астарлау, яки символ (грекше) – бір нәрсені не құбылысты тура 
суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге, не құбылысқа құпия теліп, жасыра 
жарыстырып, бүкпелей бейнелеу, ойды да ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру.
Троптың бір түрі – алмастыру, яки метонимия (грекше) - өзара шектес заттар мен 
себептес құбылыстардың өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің 
орнына бірін қолдану.
Міне, осылар сияқты не қүбылыстың бір жағы, не аттары алынып, өз мағынасында 
емес, екінші мағынада араларындағы жақындығымен бірінің орнына екшшісі 
алмастырылып қолданылса және сол қүбылысты түгел көрсете алса метонимия дейді. 
Каламы жүйрік, тілі өткір деген сөздер де метонимияға жатады. 
Мегзеу - алмастырудың бір түрі - бүтіннің орнына бөлшекті немесе керісінше, 
жалпының орнына жалкыны немесе керісінше қолдану. 
Біреуге: Басың нешеу? дегенде оның басын сұрап отырғанымыз жоқ, неше
адамы бар екенін сүрап отырмыз. Сол үйдің адамдарының орнына тек қана 
бастарын аламыз. Жұрттың қалай екенін ұқпадым! дегенде барлық жұртты айтып
отырған жоқ, біреуді айтып отыр. 
Бір адамның орнына жұртты деген сөзді айтса да, бұдан барлық жұртты ұқпаймыз, 
сөз аңғарына қарап, бір адамға ғана қастап айтқанын білеміз. 
Жоғарғы бүтіннің орнына бөлшекті, бөлшектің орнына бүтінді қолданған сықылды, 
көпшенің орнына жекешені, жекешенің орнына көпшені қолдану да синекдохаға 
жатады.
Метонимия, синекдоха көркем әдебиет тілінде көп кездеседі. Өзінің суреттейін 
деген құбылысын айқын, ашық түрде суреттеп беру үшін, өзінің айтайын деген идеясын 
үндеуде, бұларды шеберлікпен тауып қолданса, сөйлем тым ширақы, өткір больш 
келеді. Бір заттың орнына екінші затты, не бөлшегін, не көпше, жекешесін айтса да, ең 
керектісін айтқандықтан, сол заттың бүтін кескінін суреттеуден артық түспесе, кем 
түспейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет