Лекция. Тақырыбы: Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы ерекшеліктері Лекция жоспары: Педагогикалық кәсіби қасиеттер



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата12.02.2022
өлшемі456,03 Kb.
#25361
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7


1- лекция.  

Тақырыбы: 

Педагогикалық 

кәсіп 

пен 

іс-әрекеттің 

жалпы 

ерекшеліктері 

Лекция жоспары:     

1. Педагогикалық кәсіби қасиеттер 

1.1. Мектеп мұғалімі -қоғамның басты тұлғасы. 

1.2. Мұғалімнің жеке басының үйлесімділігі 

1.3. Мұғалімнің қызметі және оған сипаттама 

1.4. Мұғалімнің қабілеттері 

1.5.Педагогикалық іс-әрекет 



Лекция  мақсаты:  Педагогтың  кәсіби  іс-әрекеті  туралы  студенттердің 

білімдерін қалыптастыру.  



Лекция мәтіні: 

Педагогикалық бағыттылық, өнегілілік сапа, коммуникативтік қабілеттілік, 

ұйымдастырушылық  қабілеттілік,  перцептивтік  қабілеттілік,  педагогикалық 

мәдениеттілік,  суггестикалық  қабілеттілік,  дидактикалық  қабілеттілік, 

техникалық шығармашылық. 

Мектеп мұғалімі -қоғамның басты тұлғасы. 

Жалпы білім беру ісін қайта құру сонымен бірге оқу-тәрбие жүйесін жаңа 

сатыға  көтеру  міндеттерін  мұғалімсіз  жүзеге  асыру  мүмкін  емес.  Еліміздің 

әлеуметтік-экономикалық  дамуын  жетілдірудің  бағдарламалық  міндеттерін 

шешу  жас  мамандардың  кәсіби  біліктілігіне,  мәдениетіне,  рухани  кемелдігіне 

тікелей байланысты. 

”Халық  мұғалімі  –  жас  өспірімнің  рухани  дүниесінің  мүсіншісі,  қоғам 

өзінің  ең  қымбаттысы,  ең  құндысы  –  балаларды,  өзінің  үмітін,  өзінің 

болашағын  сеніп  тапсыратын  сенімді  өкілі.  Осы  аса  ізгі  және  аса  қиын  кәсіп, 

бұған  өз  өмірін  арнаған  адамнан  тұрақты  шығарманы,  ойдың  тынымсыз 

жұмысын, орасан зор жан жомарттығын балаларға сүйіспеншілікті, іске шексіз 

адалдықты  талап  етеді.”  (Жалпы  білім  беретін  және  кәсіптік  мектеп 

реформасыныңң негізгі бағыттары. Алматы, 1984ж.) 

Мұғалім  -  адамды  қалыптастыратын,  адамды  адам  етіп  тәрбиелейтін 

мамандық  иесі.  Тәрбие  деген  аталы  ұғымның  пайда  болғанынан  бері  бұл 

қызметтің  ең  беделді  әрі  ең  білгір  адамдарға  тапсырылатыны  сондықтан. 

Осыған  орай  мұғалім  –  тәрбиешілердің  еңбегіне  зор  мән  берілген. 

 

В.И.Лениннің: ”Бізде халық мұғалімі буржуазиялық қоғамда еш уақытта 



жетпеген, жетпейтін және жете алмайтын жоғары дәрежеге қойылуға тиіс. Бұл-

дәлелдеуді  керек  етпейтін  ақиқат.  Істің  мұндай  жағдайына  біз  халық 

мұғалімінің  рухани  жағынан  көтерілуі  жөнінде  де,  оның  өзінің  шын  жоғары 

атағын  ақтауға  барлық  жағынан  әзірлеу  жөнінде  де,  ең  бастысы  –  оның 

материалдық жағдайын көтеру арқылы жетуге тиіспіз” – деген мұғалім туралы 

бұл ойлары елдің қазіргі даму кезеңінде терең әлеуметтік мәнге ие болып отыр. 

Педагогикалық  үдерісті  құраушылар:  мақсаты,  міндеті,  мазмұны,  құралы, 

формалары, әдістері мен тәсілдері, тапсырмалар (Педагог пен оқушы арасында) 

Мұғалім жөніндегі айтылған құнды ой-пікірлер. 



К.Маркс. “Ең күшті құштарлығыңда да, өмірдегі ең қуанышты сәттерің де 

- өзіңдіі адамдарға қажетті әрі жақын екеніңді сезіне білуіңде”. 

Абай. “Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға”. 

Д. Писарев. “Тәрбиедегі басты мәселе – тәрбиешінің кім екендігінде”. 

Л.  Толстой.  “Егер  ұстаз  өз  ісін  де,  шәкіртін  де  жақсыы  көре  білсе,  ол  –

нағыз ұстаз”. 

В.Белинский. “Тәрбие - ұлы іс: онымен адам тағдыры шешіледі”. 

Катон  Старший.  “Өз  ісімен  неге  үйрететінін  көрсете  білген  адам  –  нағыз 

ұстаз”. 

Джон  Локк.  “Бүкіл  халықтың  тұрмыс  халі  балаларды  дұрыс  тәрбиелеуге 

байланысты”. 

Мұғалімнің жеке басының үйлесімділігі 

Педагогикада  мынадай  аксиома  бар:  интеллект  интелектімен  ұшталады, 

мінез-құлық  мінез-құлықпен  тәрбиеленеді,  жеке  адам  жеке  адаммен 

қалыптасады.  

Мұғалім  өзінің  педагогикалық  қызметін  партияның  бағдарламалық 

нұсқауларымен, біздің жеке мұраттарымызбен салыстырып отыруы тиіс. Жан-

жақты  саяси  ой  өрісі  мен  коммунистік  сенімділік  мұғалімге  оқыту  мен 

тәрбиелеу барысында партия жолын ешбір бұлтақсыз жүргізуге жәрдемдеседі. 

Егер  мұғалімнің  өзінде  әлемдегі  және  біздің  еліміздегі  оқиғаға  деген  ықылас 

айқын көрінсе, уақыт тынысын сезе білсе, онда мұның өзі оқу-шыға да сондай 

ықылас туғызады. 

Оқушылар:  «Ұстаз  бәрін  білуге  және  одан  да  артығырақ  білуге  тиіс»,— 

дейді. Бұл әзілде бірталай шындық бар. Мұғалім өзі оқытатын пән саласындағы 

ғылымды жетік білуі  — қарапайым да,  қажетті талап. Д. И. Менделеев былай 

деп  жазған  еді:  ғылымды  өзі  жетік  білетін,  оны  меңгерген  және  оны  жақсы 

көретін  ұстаз  ғана  шәкірттеріне  жемісті  қызмет  ете  алады.  Өзің  жақсы 

көрмейтін пәннен гөрі, өзің жақсы көретін пән он есе жақсы меңгеріледі,— деп 

есептейді тәжірибелі мұғалімдер. 

Алайда  мұғалімдер  үшін  арнайы  әзірлікпен  және  жалпы  білімдарлықпен 

қоса,  ойлаудағы  икемділіктің,  танымдық  және  практикалық  міндеттерді 

творчество-лықпен  шеше  білудің  де  маңызы  зор.  Мұғалім  ойын  қадағалау 

мүмкіндігі оқушылардың ойлау мәдениетін қалыптастырады.  

Мұғалімнің  жеке  басындағы  барлық  қасиеттерінің  кәсіптік  мәні  бар. 

Мәселен,  А.  В.Луначарский  атап  көрсеткеніндей,  педагогика  моральдағы  кез 

келген  кемістік,  мінез-құлықтағы  кез  келген  кемістік  тікелей  у  болып,  ол 

жеткіншек ұрпаққа жұғады. Жақсы мұғалім — бұл ең әуелі қайғы-қуанышыңа 

ортақтасатын,  парасатты  әрі  адал,  балаларды  кұрметтей  білетін  және  оларға 

ұқыпты карайтын жақсы адам. 

Мұғалім  дұрысында  мархаббатты  мамандық.  Белинскийдің  ойынша: 

тәрбие  мақсаты  —  адамгершілік  құралы  —  сүйіспеншілік.  Педагогикадағы 

адамгершілік  адамдарға  әрдайым  риясыз  пайда  келтіруі,  балалардың  рухани 

және дене саулығы таза болып өсуіне жәрдемдесуі арқылы көрінеді. 

Сонымен  коса  мұғалім  бейнесін  көпшілік  мақұлдаған  ізгілікті  жандардан 

тұратын 


бейне 

бір 


стандартты, 

өзгермейтін 

модель 

ретінде 



елестетуге.болмайды.  Адамға  тән  нәрсенің  барлығы  мұғалімге  жат  емес. 

Алайда  болашақ  жас  педагогтар  үшін  өзін-өзі  тәрбилеудің  кәсіптік-

педагогикалық өзіндік пайдалы сипаттарын білгені жөн.  

Үйірсектік.  Тұйық  мұғалімге  өзі  мен  шәкірті  арсындағы  өзара 

түсінісушілік  пердесін ысыруы  оңайға түспейді.  Оларға,  үйірсек  мұғалімдерге 

қарағанда, шәкіртінің ішкі әлеміне енуі едәуір қиынға түседі. 

Өзін-өзі  үстай  білу.  Өз  эмоциясы  мен  сезімін  меңгере  білген  мұғалім 

жоқтан өзгеге күйгелектенбейді, асығыс қорытынды мен ескертуді жасамайды, 

яғни орынсыз жазаламайды (тәрбиелеудің ауыр амалдары). Сондықтан «ауыр» 

амалдар әлсіз педагогтарға тән деп тектен тек айтпайды. 

К.Д.Ушинскийдің  айтуынша,  мұғалімге  шексіз  шыдамдылық  қажет. 

Мұғалім  оқушымен  жұмыс  істегенде  қабылдау  сергектігі  мен  экоциялылығы 

шыдамдылықпен және өзін-өзі ұстай білушен үйлесім табуы тис. 

Мақсатқа  жетудегі  табандылық.  Іскер  мұғалімдер  өзі  қойған  талабынан 

қайтпайды.  Ол:  тамшы  тасты  өз  күшімен  емес,  өзінің  жиі  таматындығымен 

теседі,— деген ма-қалдык мәнін жақсы түсінеді. 

Оптимизм  және  әзіл.  Москва  жанындағы  бір  мектептің  жоғары  сынып 

оқушыларынан  оқытушының  мінезіндегі  қандай  ерекшеліктерді  айрықша 

бағалайтыңдығын  атауды  сұрады.  Олар  оқытушының  өз  пәнін  терең  меңгеруі 

және оқушыларды құрметтей білуінен кейінгі үшінші орынға әзілді атады. Өте 

сыпайы, әрі орынды әзіл  — тәрбие үдерісінің белсенділік катализаторы. А. С. 

Макаренко  педагогтарға  балалар  ұжымында  сергек,  қуанышты  көңіл-күй 

туғызу, тәрбиеленушіге «оптимистік  болжамда» қарау, яғни оқушының жақсы 

жақтарына сену және тәрбиеде соған арқа сүйеу қажет деп үйретті. 

Сонымен,  мұғалімнің  жеке  сапасымен  және  педагоги-калық  терең 

білімдіілігімен  тұтасқан  идеялық  сенімділігі,  оның  кәсіби  шеберлігінің  берік 

іргетасын  қалайды.  Оқытқан  мұғалім  емес,  қайтсе  де  оқытқысы  келетін 

мұғалім,—  деп  тектен-тек  айтылмаған.  Нағыз  педагогта  жұмыс  уақыты  және 

бос уақыт деген болмайды: ол әрқашанда балалар туралы ойлайды. Мұғалімнің 

мақсаткерлігі — оның жеке басына тән қасиет. Педагогтарға мынадай критерий 

қолдануға  болады:  сен  неге  талаптанғаныңды  айтсаң,  онда  мен  сенің  кім 

екеніңді және қандай екеніңді айтамын. 

Педагогикалық қызметтің ойдағыдай болуының қажетті шартты — баланы 

жақсы  көру.  Балаларды  жақсы  көрмей  тұрып,  оларды  адамгершілік  пен 

адалдыққа тәрбиелеу мүмкін емес. Балаға салқын қарау көп жағдайда олардың 

мінез-құлқына  рақымсыздықтың,  іс-әрекетіндегі  теріс  қылықтың  пайда 

болуына  әкеп  соғады.  Балаларды  біреуді  жақсы,  ал  біреуді  жек  көруге 

тәрбиелеуге  бол-майды.  Н.  К.  Крупскаяның  пікірінше,  мұғалімнің  балаларды 

жақсы көре білмеуі, оның жарамсыз маман екендігін көрсетеді. 

Бала  жақсы  көргенді-жаксы  көреді,  құрметтегенді  —  құрметтейді.Олар 

әуелі  өз  «физигін»,  «математигін»,  «әдебиетшісін»,  сонан  соң  физиканы, 

математиканы  немесе  әдебиетті  ұнатады  немесе  ұнатпайды.  Екіншіден, 

шәкіртін жақсы көрген мұғалім, жұмысын да ұнатады. 

Әрине, баланы жақсы көру, мұғалімнің басқа да толып жатқан қасиеттерін 

алмастырмайды.  Керісінше,  бұл  қасиеттер  жақсы  көрумен  тез  үйлесіп,  оның 



мән-мағынасын  толықтыра  туседі.  Л.  Н.  Толстой  былай  деп  жазды:  «Егер 

мұғалім өз ісін ұната білсе, ол жақсы мұғалім бо лады. Егер мұғалім оқушысын, 

оның  әке-шешесіндей  жақсы  көре  білсе,  ол  небір  білімді  мұғалімнен  де 

таңдаулы  ұстаз  болғанымен,  ісін  де,  оқушысын  да  жақсы  көре  білсе,  ол  — 

нағыз ұстаз».  

Бұрынғылар  айтқан  екен:  қатал  болған  жақсы,  одан  да  жақсысы  — 

қайырымдылық, бірақ ең жақсысы — әділдік. 

Мұғалімнің  жеке  басындағы  үйлесімділік  көбінесе  талапкершілігімен, 

көнбістігімен, 

эмоциялығымен, 

парасаттылығымен, 

сенімділігімен, 

сақтығымен,  қаталдығымен  және  жұмсақтығымен  айқындалады.  Мұның 

барлығын мұғалім ешбір жерден таба алмайды, оны іс үстінде өз мінез-құлқын 

тексеру арқылы ғана және үнемі өзін-өзі тәрбилеу нәтижесінде ғана тани алады. 

Жоғарыда 

мұғалімнің 

жалпы 


әлеуметтік-педагогикалық 

қызметі 


қарастырылды,  ал  мұның  өзі  оның  жеке  басына  қойылатын  маңызды 

талаптарын  айқындайды.  Сонымен  қоса  олардың  нақтылы  педагогикалық 

қызметтері  де  оны  ойдағыдай  жүзеге  асыру  үшін  белгілі  бір  педагогикалық 

қабілеттілік  қажет.  Мәселен,  бір  ғалымдар  мұғалімнің  конструктивтік 

ұйымдастырушылық және коммуникативтік қызметін баса көрсетсе, басқалары 

педагогикалық 

қызмет 

жүйесіне 

информациялық, 

дамытушылық, 

бағдарлаушылық,  ұйымдастырушылық  және  зерттеушілік  қабілеттерін 

жатқызады. 

Оның  авторлары  жіктеу  ерекшеліктеріне  қарамастан  мынадай  қағиданы 

ескереді. Педагогикалық қабілеттілік — бұл адамның дербес — психологиялық 

ерекшеліктері, оның өзі педагогикалық қызметтің әдістері мен амалдарын тез, 

әрі  терең  меңгеруге  мүмкіндік  береді.  Педагогикалық  қабілеттіліктің  негізгі 

түрлерін көрсетелік: 

-педагогикалық 

қызметтің  тиімділік  мүддесі  үшін  оқушылармен, 

мұғалімдермен,  ата-аналармен  және  қоғамдық  ұйымдармен  дұрыс  қарым-

қатынас  орната  білу.  Әсіресе  оқушылардың  ұжыммен  өзара  қатынасып  сез-

дірмей,  бірақ  әсерлі  ықпал  етудің,  олардың  өзара  тәрбиесіне  басшылық 

жасаудың айрықша маңызы бар; 

-педагогикалық  байқағыштық,  яғни  мектеп  оқушылары  мен  оқушылар 

ұжымының жетілу тенденцияларын сырттай байқалмайтын белгілері бойынша 

көре  білу  қабілеті,  білімдегі  осалдықты,  мінез-құлықтағы  өзгерісті,  сондай-ақ 

балалар бойындағы жағымды-өзгерістерді дер кезіне байқай білу; 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет