Логопедиялық сабақтардың мазмұны



бет1/3
Дата10.02.2023
өлшемі24,3 Kb.
#66891
түріСабақ
  1   2   3

Логопедиялық сабақтардың мазмұны
Балабақшаның кішкентайлар тобындағы СТЖД ІІІ-деңгейіндегі балаларды түзете оқытудың негізгі бағыттары:
1. Сөз қорын молайту;
2. Грамматикалық дағдыларын жетілдіру;
3. Байланыстырып сөйлеуін дамыту;
4. Дыбыстарды дұрыс айтуын қалыптастыру.
Балалар сұрақтарға жауап береді, сұрақ қоя алады, фразалық сөйлеуді меңгерген. Арнайы оқыту бұл балалармен екі бағытта жүргізіледі:
- мағынаны түсінуге сүйену;
- жаттығу тапсырмаларын қолдану.
Оқытудың негізгі міндеттері:
- ұқсас дыбыстарды (ызың-ысқырық), естіп ажырату, кейін ауызша айтуда ажырату дағдысын дамыту;
- көп буынды, күрделі сөздердің айтылуын бекіту, ауызша сөйлеуде қолдану (қарлығаш, тракторшы тракторын жөндеді); - дыбыстық талдау, жинақтау дағдыларын бекіту;
- сауат ашуға дайындау, оқыту.
Үшінші деңгейдегі балаларды оқыту барысында сөйлеу тілінің лексикалық- грамматикалық түрлерін меңгеріп сөйлеу тәжірибесінде қолдана білуіне ерекше көңіл бөлінеді, әртүрлі әңгіме құрастыру, мәтіннің мазмұнын айту дағдылары әрі қарай жетілдіріледі.
Балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруда бірнеше талаптар көзделеді:
- тақырыпты ашу;
- әңгіменің белгілі бір көлемін сақтау;
- мәнерлік тәсілдерді қолдану (эпитеттер, антонимдер, салыстырулар, метафоралар);
- төл сөздерді қолдану;
- әңгіменің құрылымы мазмұнының бірізділігі, аяқталуы. Сонымен, сөйлеу тілін дамыту жұмысы жан-жақты, сөйлеу және сөзсіз функцияларын дамытуға, танымдық процестерін белсендіруге бағытталып жүргізілсе нәтижелі болады
ЖСТД топтарында логопедиялық жұмысты ұйымдастыру

Логопедтің құжаттары Жұмысы нәтижелі және тиімді болуы үшін логопедтің кәсіби даярлығымен тұлғалық ерекшеліктерінен басқа құжаттарын сауатты және дұрыс жүргізу білігі болуы керек.


Бұл балалардың сөйлеу тілінің бұзылыстарын, психофизиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, түзете -оқыту барысын тиімді және ұтымды түрде жоспарлауға, логопедиялық тексерудің кезеңдерін белгілеп отыруға мүмкіндік береді.
Құжаттарды дұрыс жүргізгенде маман жеке және топтық логопедиялық сабақтардың мазмұнын көрсетуге, логопедпен тәрбиешінің, ата-аналардың бірлескен жұмысын жоспарлауға және жүргізілген логопедиялық жұмыстың қорытындысын шығаруға мүмкіндік береді.
Құжаттарды дұрыс толтырып жүргізу логопедке оқыту процесіндегі коррекциялық-педагогикалық жұмыстың нәтижесін толыққанды түрде бағалауға және қорытындыға сай балалармен жұмыстың тиімді тәсілдерін белгілеуге көмектеседі.
Логопедтің құжаттарында бала алғаш осы мекемеге түскен кездегі медициналық қорытындысы (МППК қорытындысы, балалар емханасындағы логопедтің балаға жазған мінездемесі; психоневролог, оториноларинголог, офтальмолог, ортодонттың қорытындылары) болуы керек.
Оқу жылы бойы (қыркүйектен маусым айлары арасында) логопед мынандай құжаттарды жүргізеді: - әр балаға арналған сөйлеу картасы; - жұмыстың алдын ала (перспективті) және күнтізбелік жоспары;
- әр баланың жеке дәптерлері;
- логопедтің тапсырмасы бойынша тәрбиеші кешке жүргізетін сабақтарды тіркейтін дәптер (логопедпен тәрбиеші жұмысының байланыс дәптері);
- коррекциялық оқытудың нәтижелері туралы жартыжылдық және жылдық есептері. Сөйлеу картасын логопед топтағы баланың әрқайсысына екі аптада (1-15 қыркүйек аралығында) логопедиялық тексеру нәтижесі бойынша толтырады. Картасына бала тапсырмаларлы орындаған кезде жіберген қателері, баланың сөйлегені, лексикалық-грамматикалық және фонетикалық қателері жазылып отырылады.
Тексеру аяқталғанда психологиялық-педагогикалық (ЖСТД, сөйлеу тілі дамуының екінші деңгейі) және клиникалық-педагогикалық (дизартрия) топтастыруларға сәйкес логопедиялық қорытынды шығарып, оқыту мерзіміне баламен жүргізілетін жеке жұмыстың алдын ала (перспективті) жоспары құрылады. Оқу жылының ортасында (жартыжылдық есеп) және соңында (жылдық есеп) сөйлеу картасында логопедиялық жұмыстың қорытындысы жазылады (дыбыс айтуының қандай бұзылыстары мен аграмматизмдері әлі де орын алады, сөйлеу процесінің қай жағы нақтылау мен бекітуді қажет етеді.
Қорытындыда келешекте оқытуға берілетін ұсыныстар жазылады. Логопед құжаттарының келесі түрі – алдын ала (перспективті) және күнтізбелік жоспарлар. Алдын ала жоспарға сай логопед күнтізбелік жоспар жүргізуге міндетті. Онда күнделікті жұмысы (топтық, шағын топтық, жеке сабақтар) жоспарланады.
Күнтізбелік жоспарға топтық сабақтардың толық үлгілері немесе сабақтың тақырыбы, мақсаты, негізгі кезеңдері толық жазылған жоспар тіркелуі қажет. Балалармен (күніне 7 баладан кем емес) жүргізілетін жеке сабақтар да, әрбір күнге жоспарланады. Күнтізбелік жоспардың «Балалармен жүргізілетін жеке жұмыс» бөлімінде мыналарды белгілеу қажет:
- баланың аты, жөні;
- жеке сабақтың тақырыбы;
- сабақтың мазмұны (баланың жеке дәптеріне жазылады).
ЖСТД (оқытудың бірінші жылы) балалар тобындағы күнтізбелік жоспардың бір күндік үлгісін көрсететін болсақ: 20 қыркүйек.
Дыбыс айтуды қалыптастыру бойынша топтық сабақ. Тақырыбы: «А-у дыбыстары».
Мақсаты: а және у дыбыстарының артикуляциясын анықтап бекіту, сөздің басындағы дыбыстарды табуға үйрету.
Сабақтың жоспары.
Ұйымдастыру кезеңі. А және у дыбыстарының артикуляциясын анықтау (дауыссыз артикуляция бойынша табу). Фонематикалық естуін дамыту (а дыбысын басқа дыбыстар қатарынан табу, у дыбысын табу). Дыбыстық қатарға талдау жасау (ау, уа).
Сергіту сәті (сөзбен қимылға арналған жаттығу). А және у дыбыстарын сөздің басынан табу (аң, уық, арман, уыс) Есту зейінін дамыту (екі сатылы нұсқауды орындау: «Терезенің алдына барып, кітапты ал»). Сабақтың қорытындысы.
2. Балалармен жеке жұмыс. Самат А, Арман К, Тілек Т. – артикуляциялық аппаратты с дыбысын қоюға дайындау. Бибінұр Т., Сәуле Б. - л дыбысын қою. Ермек Б., Меруерт Ж. – в дыбысын сөздерде машықтандыру. Мөлшерімен екі аптада бір рет логопед ата-аналарға арналған кеңестерді жоспарлауы керек. Жылына төрт ата-аналар жиналысы (оқу жылының басында, оқытудың әрбір кезеңінде, оқу жылының соңында) жоспарланады. Баланың жеке дәптерін логопед әр балаға арнап толтырады. Ыңғайлы болу үшін 96 беттік дәптер арнаған жөн. Дәптерді тәрбиешімен, атаанамен бірлесіп және баланың көмегімен әдемі, қызықты етіп толтырған дұрыс. Онда жеке тапсырмалар жазылады. Жазулардың негізгі мазмұны мынандай болуы керек:
- Жеке сабақтың өткізілген күні;
- Фонематикалық естуін дамытуға арналған тапсырмалар;
- Артикуляциялық жаттығулар;
- Дыбысты дұрыс айтуын қалыптастыруға арналған жаттығулар;
- лексикалық-грамматикалық түсініктерін дамытуға арналған жаттығулар;
- Байланыстырып сөйлеуін дамытуған арналған жаттығулар;
- Сөзсіз процестерді дамытуға арналған жаттығулар. Апта бойы баланың жеке дәптері бойынша тәрбиеші жұмыс жасайды, демалыс күндеріне (сенбі, жексенбіге) дәптерді ата-анасына береді. Ата-аналар демалыс күндері өткен аптадағы материалды баламен бірге қайталап бекітумен айналысады. Баланың жеке дәптеріндегі жазулардың үлгісі мынандай болуы мүмкін.
21 қыркүйек.
1. Күнделікті мына артикуляциялық жаттығуларды орындау: «Серуен», «Саңырауқұлақ», «Сылақшы», «Сырнай».
2. «Қара да ата» ойыны. Балаға белгілі кезектілікпен суреттер ұсынылады, ол суреттерді сол кезектілікті сақтай отырып қайталап атауы керек: диван, доп; сан, сиыр, сағыз.
3. С дыбысын сөздерде машықтандыру, «Насос әні» ойыны: с-с-с-а, с-с-с-о, с-с-су, с-с-с-ы.
4. «Сөздегі бірінші дыбысты ата» ойыны: аңшы, алмұрт, уыс, Уақ.
5. «Бақшада не өседі?» ойыны. Сәйкес суретті салу немесе жапсыру, суреттерді атау.
6. «Сөйлемді толықтыр, қайтала» ойыны: Мен ... (сәбізді) жұламын. Мен ... (қиярды) жинаймын. Мен ... (картопты) қазамын.
7. «Балалар астық жинады» сюжетті суреті бойынша әңгіме құрастыру




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет