Ұлттық ТƏрбие бас редактор с. Ж. Пірəлиев



Pdf көрінісі
бет10/17
Дата03.03.2017
өлшемі2,16 Mb.
#6956
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

С.Байбатыров –
Қазақстан Республикасы Əскери сотының төрағасы
ЕҢБЕК. БƏРІН ДЕ ЖЕҢБЕК!
Хакім Абай өзінің жетінші қара сөзінде: 
«Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен 
туады. Біреуі ішсем, жесем, ұйықтасам деп 
тұрады…  Біреуі  білсем  екен  демеклік…» 
дей  келіп,  одан  əрі  осы  мінез-құлықтың 
қыр-сырын  таратып  əкететіні  өзімізге 
белгілі десек, бүгінгі əңгімеміздің кейіпкері 
Арықбай  Ағыбаев  бала  кезінен-ақ  білуге, 
айналасын  тануға  ынтық  болыпты.  Оны 
қаршадай  кезінен  білетін  ауылдастардың 
айтуынша,  тап  бір  ересек  адамдарша 
салмақты, ойға бейім бала өзгелер сияқты 
асыр салып ойнаудан гөрі, кім не деді, оны 
неге  айтты  деген  ойдың  астарын  ашуға 
құмар болған сияқты.
Иə, ол бізге сабырлы, салмақты қалпымен 
жарала  салғандай  көрінетін.  Бір  қызығы, 
осындай  балаң  сезім  бойымызға  сіңіп 
жасау ер адамның ісі ғой!
1964 жылдың наурызында Тəжібаевтың 
денсаулығы сыр беріп, «жедел жəрдемді» 
шақыртады.  Əдепкіде  сасып  қалған 
Əзиза  апай  оған  ескертпей  универси-
тетке  телефон  шалып,  зембілді  көтеруге 
студенттер  жіберуін  өтінеді.  Тəжібаев 
ашуланып: «Қайдағы бір профессор үшін 
студенттерді  сабағынан  босату  кімнің 
ойына  келді  екен?» – сыртта  тұрған 
көлікке  өзі  жүріп  барады.  Машинаға 
отырғанда  ғана  есінен  айырылып  қалса 
керек. Содан 10-шы мамырда ауруханадан 
шығып,  емін  Мəскеуде  жалғастырмақшы 
болған.  Алыс  жолға  жүрер  алдында  ка-
федрасына  соғып,  ғалымдармен  кеңес 
өткізеді.  Мəскеуден  келген  соң  шопандар 
психологиясын зерттеу үшін кафедраның 
барлық 
қызметкерлерімен 
жайлауға 
шығатындарын  ескерткен  екен.  Бірақ  ол 
сол арманына жете алмады. 1964 жылдың 
14  маусым  күні  Мəскеу  ауруханасында 
мəңгілікке көз жұмды.
Қазір  менде  Төлеген  Тəжібаевтың 
əлі  жарық  көрмеген 10 томдық  ғылыми 
еңбектері  бар.  Соларға  Үкімет  тарапынан 
қаржы бөлініп, 100 жылдық мерейтойына 
дейін  баспадан  шығарсақ,  ұлттық  психо-
логия ғылымының мəні оның құнды ойла-
рымен тереңдей түсер еді. 
Ұлағатты  ұстаз  профессор  Төлеген 
Тəжібайұлының  шəкірті  қазір  Абай 
атындағы  Қазақ  Ұлттық  Педагогикалық 
Университеті 
Магистратура 
жəне 
PhD 
докторантура 
институты 
Психология-педагогикалық  мамандықтар 
кафедрасының  профессоры,  педагогика 
ғылымдарының  кандидаты  Түрікпен–Ұлы 
Жолмұхан.
Резюме
В этой статье проф. Ж.Турикпен-Улы рассказывает свои воспоминания о своем великом Учите-
лю профессоре психологии, выдающиемся государственном и общественном деятеле Казахстана 
Т.Тажибаеве. 
Summary
In this article, Professor. Zh.Turikpen-uly said his recollections of his great teacher professor of 
psychology, of the outstanding statesmen and public fi gures of Kazakhstan T. Tazhibayeva.

77
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА
қалған  ба,  əлі  күнге  Арықбай  ағамыз  не 
айтса да дұрыс па, бұрыс па деп ой жүгіртіп 
жатпаймыз, оның сөзіне жүгінеміз. Əрине, 
ол  қашанда  жөн  əңгіме  айтады  ғой.  Жал-
пы,  Арықбай  ағамыз  да  кейінгі  ұрпақтың 
өзінен орнықты ой, ағалық мінез күтетінін 
сезінетін  болар,  қашанда  кейінгі  жастарға 
бай  өмірлік  тəжірибесінен  ақыл-кеңесін 
айтып,  жөн-жоба  көрсетуден  шаршаған 
емес.  Сол  ойлардың  бəрі  де  көкейімізге 
қонатыны  ғой,  біз  оның  əр  ісін  өзімізге 
үлгі-өнеге  тұтып  өстік.  Осы  жерде  сəл 
шегініс  жасап,  бір  жəйтті  айта  кетсем, 
Қазақстан  ғылымына  бүгінде  сүбелі 
үлес  қосып  жүрген  ғалымдардың  біразы, 
нақтылап айтсам 15 ғылым докторы, 50-ден 
астам  ғылым  кандидаттары  біздің  Қастек 
ауылының түлектері екен. Солардың ішінен 
заң ғылымына түрен салған А.Ағыбаев бо-
латын. Түрен салған деген сөзді де жайдан-
жай айтып отырғанымыз жоқ. Оны өзімізге 
өнеге тұтқан бір топ інілері біз де осы сала-
ны таңдадық.
Өзімізге  белгілі,  сонау  өткен  ғасырдың 
60-жылдары ауыл баласы негізінен екі-үш 
оқудың ғана атын білетін. Оның бірі – мал 
дəрігерлік,  екіншісі – ауылшаруашылық, 
үшіншісі – мұғалімдік  оқу  еді.  Сол 
жылдарғы  жастардың  бəрі  дерлік  осы 
мамандықтарды  таңдайтын.  Ал  Арықбай 
ағамыз  болса,  осы  қалыпты  жəйттен 
ауытқып, заң саласын неге таңдады? Оны 
қайдан білді дегенге келсек, бұл сұрақтың 
тек  тамыры – осы  Қастек  ауылының  ту-
масы,  кезінде  Варшава  университетін 
бітірген, Қазақ АССР-інің алғашқы проку-
роры болған Қанай Боранбаев атамызға ба-
рып тіреледі. Иə, Алматыдағы мемлекеттік 
университеттің  заң  факультетіне  оқуға 
Арекең де бірден түсе салған жоқ. Ол төрт 
жыл шопан болып, бұл оқуға əбден зарығып 
барып  түсті.  Əрине,  басқа  оқуға  барса, 
мектеп  бітірген  жылы-ақ  оның  студент 
атанатынына  еш  күмəн  жоқ  еді.  Бірақ,  ол 
бар ниетімен Қанай атамыз сияқты заңгер 
болуды  қалады.  Ол  кезде  университет-
те  сабақ  тек  орыс  тілінде  жүретін.  Ауыл-
да тірі орысты көрмей өскен Арықбай бұл 
тілдің  қиындығын  да  өзінің  алғырлығы 
арқасында  жеңіп  шықты.  Сөйтіп,  бүкіл 
университеттің  мақтанышына  айналып, 
Лениндік стипендиат атанды.
Осындай  белсенділігінің  арқасында 
ол  университет  бітіргеннен  кейін,  бірден 
Философия  жəне  құқық  институтына 
жұмысқа  орналасты.  Бұл  ғылыми  ортада 
да  ол  өзінің  ізденгіш  өрен  екенін  көрсете 
білді. Сөйтіп, 1970 жылы Мəскеудегі Мем-
лекет  жəне  құқық  институтының  аспи-
рантурасына  жолдамамен  оқуға  аттанды. 
Араға 3 жыл  салып,  кандидаттық  диссер-
тациясын  қорғаған  Арекең  енді  ғылыми 
ізденісін тəжірибемен ұштастыруды ойлап, 
Алматы облыстық сотының мүшесі болып, 
табаны күректей 5 жыл бойы осы жұмысты 
атқарды.
Əйтсе  де,  білімге,  ғылымға  деген 
құштарлық оны өз тылсымына қарай тар-
та  берді.  Сөйтіп,  ол 1978-1981 жылдары 
Қарағанды  мемлекеттік  университетінің 
құқық  жəне  қылмыстық  іс  жүргізу 
кафедрасының  аға  оқытушысы  болды. 
Ал 1981-1990 жылдар аралығында Қыздар 
педагогикалық  институтында  дəріс  берсе, 
ел тəуелсіздігін алған шақтан бастап, Қазақ 
ұлттық университетінде еңбек етіп келеді.
Əрине,  осы  жылдар  арасында  ол 
ғылыми ізденісін де індете жүрді. Сөйтіп, 
1997  жылы  «Лауазымды  тұлғалардың 
қызмет  жөніндегі  қылмыстары  үшін 
жауаптылықтың  теориялық  проблемала-
ры» деген тақырыпта докторлық диссерта-
циясын қорғады.
Иə,  бүгінде  А.Ағыбаев – қылмыстық 
құқық  жəне  криминология  ғылымы 
саласындағы 
ірі 
мамандардың 
бірі. 
Ол  Қазақстан  Республикасының  жаңа 
Қылмыстық  кодексінің  жобасын  жасауға 
белсене қатысты. Жалпы көлемі 670 баспа 
табақтан  асатын 560-тан  астам  ғылыми 
еңбектің  авторы,  оның  ішінде  «Қазақстан 
Республикасының  кодексіне  түсіндірме», 
«Қазақстан  Республикасындағы  қызмет 
өкілдігіне 
қиянат 
жасағаны 
үшін 

78
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
      Ə.Т.Шортан –
 Ш.Уəлиханов атындағы №12 гимназияның  оқу ісі меңгерушісі,  
Алматы қаласы, Медеу ауданы  
ЖАС БУЫН – БОЛАШАҚ ЕЛДІҢ  ИЕСІ
Елдің      болашағы  деген  кезде,  ең  ал-
дымен,  желкілдеп  өсіп  келе  жатқан,  мек-
теп  партасында  отырған  бала – ертеңгі 
жігіт,  ертеңгі  бойжеткен  елестейді.  Олар 
ата-бабаларымыздан  мирас  болып  келе 
жатқан 
құндылықтарымызды, 
тарихи 
дəстүрлерімізді  жаңғыртып,  оны  алға 
бастырып  қана  қоймай,  еліміздің  эко-
номикасын,  ғылымын,  мəдениетін  одан 
əрі  дамытушы,  жалғастырушы.  Тіршілік 
атаулы  алдыңғы  ұрпақ  пен  кейінгі  ұрпақ 
арасындағы  байланыс  арқылы  өрбиді. 
Ал,  жаңа  ұрпақ  алдыңғы  ұрпақтың 
жасағандарын  қайталап  қоймай,  өзіндік 
жаңашылдықтарын  жасауға  тиіс.  Иə,  сол 
жас ұрпақ – болашақ елдің иесі болу үшін  
ұлттық  тəрбиемен  тəрбиеленуі  қажет.  Бір 
сөзбен  айтқанда,  ұлдар  мен  қыздар  сана-
сынан  ең  бірінші  кезекте  имандылық  пен 
əдептілік орын алатыны сөзсіз. Сол тəрбие 
бастауы бала ана құрсағында пайда болған 
күннен  басталады.  Сондықтан,  балаға  бе-
рер тəрбие негізі – халық педагогикасының 
құрамды  бөлігі,  арқауы  ауыз  əдебиеті 
мен  халықтың  салт-дəстүрлері,  ырымдар 
мен  тыйымдар.  Балаларды  жер  мен  суды, 
өсімдіктерді,  құстар  мен  жануарларды, 
аңдар  мен  жəндіктерді  қорғауға  оларға 
рақымшылық    етуге,  обал,  сауап  дегенді 
сезінуге тəрбиелеу. Ұрпақ тəрбиесінің ежел-
ден келе жатқан халықтық əдістерінің бірі 
– балаға ақыл, өсиет айту жəне сөз арқылы 
баланың    көзін  жеткізе  отырып,  сенімін 
арттыру.  Бала  кезінен  ақыл,  өсиет,  өнеге 
естіп, көріп өскен бала жасөспірім шағында 
көптеген  тəртіп  бұзушылықтан  өзін-өзі 
қылмыстық  жауаптылық», «Лауазым-
ды 
тұлғалардың 
қызмет 
жөніндегі 
қылмыстары  үшін  жауаптылық», «Сы-
байлас  жемқорлықпен  күрес  жүргізудегі 
қылмыстық  жəне  криминологиялық  ша-
ралар», «Парақорлық  үшін  қылмыстық 
жауаптылық», «Қылмыстық  ниет  жəне 
оның  қылмысты  саралаудағы  маңызы» 
сияқты  монографиялардың  жəне 5 оқу, 16 
əдістемелік құралдардың, қазақша-орысша, 
орысша-қазақша  заңтану  сөздіктерінің, 
қылмыстық құқық жəне криминология пəні 
бойынша бірқатар оқу бағдарламаларының 
авторы.
Осы  арада  оның  тəуелсіздіктің  елең-
алаңында  жазған  «Сот  құжаттарының 
үлгілері» 
атты 
еңбегінің 
Қазақстан 
Республикасындағы 
сот 
жүйесінде 
құжаттарды 
заң 
талабына 
сəйкес 
əзірлеуді  жүзеге  асыруға  қосылған  сүбелі 
үлес  болды  десек, 1995 жылдан  бері 
А.Ағыбаев  Жоғарғы  Сот  жанындағы 
ғылыми  консультативтік  кеңестің  мүшесі. 
Қазақстан Республикасындағы «Заңгерлер 
əділетті сайлау үшін» қоғамдық ұйымының 
басқарма мүшесі.
А.Ағыбаев  заң  саласына  қатысты 
еңбектерімен  қатар,  Қарасай  батыр, 
Сүйінбай,  Жамбыл,  Сұраншы,  Сүттібай 
мен  Нарбота  би  жөнінде  де  тарихи            
очерктер жазған адам. Жəне осы еңбектері 
үшін  оған  халықаралық  Жамбыл  Жаба-
ев  атындағы  сыйлық  берілсе,  ерен  еңбегі 
үшін  А.Ағыбаевқа  «Қазақстанның  еңбек 
сіңірген  қайраткері»  атағы  берілгенін  де 
айта кетсек дейміз.

79
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
сақтап  қалары  сөзсіз. «Адам  мінезінің  əр 
қилы  болуы – тəрбиенің  əр  түрлі  болуы-
нан. Адам баласының  ұрлық істеу, өтірік 
айту,  кісі  тонау,  өлтіру,  зорлыққа  баруы 
тəрбиенің  жетіспейтіндігінен».
Біздің 
балаларымыздың, 
болашақ 
ұрпағымыздың  өзге  ұлттың  тəрбиесінен 
ерекше  қасиеті – имандылығында  екені 
белгілі.  Ана  құрсағында  шайқалып, 
дүниеге көзін ашқан сəби əжесінің əлдиін, 
атасының  ақылын  тыңдап  өскен  бала 
өмірге  мейірін  төге  отырып,  еліне  қамқор  
болып,  жерін  қадірлеп,  қастерлеп,  оны 
шексіз  сүйіп,  аянбай  еңбек  етіп,  өзінің 
бойындағы  қасиеттерінің  бəрін  соған 
арнайды,  қорғайды.  Ата-анасын,  От-
анын  жоғары  қойып,  пір  тұтқан  адам 
нендей  қиыншылық  болсын  қорғаудан 
қашпайды.  Ата-бабаларымыз  бұл  Отаны-
мызды біздерге оңайшылықпен қалдырып 
кетпеді.  Олар  жандарын  қиып,  қандарын 
төгіп  жүріп  келешек  ұрпақ – біздердің 
қамымызды ойлап бақты. Əр ұрпақ өзінің 
тарихи шыққан тегінің, өскен ортасының, 
рухани  түп  тамырын  білуге  міндетті. 
Өйткені, өзінің өткенін білмеген, қоршаған 
ортасын танымаған адам басқалай жетілсе 
де, рухани түрде кемелдене алмайды. Сол 
үшін əрбір жеткіншек халқымыздың салт-
дəстүрін,  əдет-ғұрпын,  өнерін  ұғынып, 
ерлік,  жауынгерлік  тарихын  біліп,  хас 
батырлардың жанкешті қаһармандықтарын 
танып өссе, бұл оның  өзгермейтін өмірлік 
ұстанымы  болып  қалыптасады.  Өйткені, 
еліміздің  əрбір  парасатты  жасы,  ең  ал-
дымен,  өз  халқының  өткенін  білуі  қажет. 
Сонда  ғана  жас  буынның  бүгіні  баянды, 
келешегі айқын болмақ. Сол жас буынның 
болашақ  иесі  болатынын  бүгінгі  парта-
да  отырған    кезден  қалыптастыру  үшін, 
жан-жақты  жұмыстар  жүргізілуде.  Атап 
айтса, 1-ші  сыныптан  бастап  «Өзің-
өзі  тану», «Тарих  тағылымы»  пəндері 
таңдау  сағаттарынан  алынып,  аптасы-
на    1  рет  өткізіліп  отырады.  Осы  аталған 
пəндер  арқылы  жəне  күнделікті  жоспар-
лы,  арнайы,  тақырыптық  пəндер  арқылы 
оқушыларда оқу-тəрбие үрдісі қалыптасып 
отырады.  Сонымен  бірге,  аптаның  əр 
сейсенбі  күні  арнайы  тəрбие  сағаттары  əр 
түрлі  тақырыпта  жан-жақты  дайындықта 
өткізіліп отырады. Жалпы айтқанда, оқыта 
отырып  тəрбиелейміз,  тəрбиелей  отырып 
оқытамыз.  Солай  бола  тұрса  да,  кейбір 
келеңсіз  жағдайларға    күнделікті  өмірде 
куə  болып  жатамыз.  Атап  айтсақ, 4-5 
сағат мектепте оқушыны ұлттық тілімізде 
тақылдатып  жіберсек,  есіктен  шыға  ата-
анамыз  өзінің жүйрік тілін шұбарлап мəз 
болып кетіп бара жатады. Сонда күні бойғы 
үйреткен əдемі сөздер мен  мейірімді тəрбие 
қайда  қалды?  Оған  мəн  беріп  жатқан  ата-
ана жоқ. Жалпы, ұлттық салт-дəстүрді жас 
ұрпақ  бойына  жанұядан  қалыптастырып, 
дамытып,  жетілдіріп    отырмаса,  тəрбие 
негізі  дұрыс  қалыптаспайды. «Ұяда  не 
көрсең,  ұшқанда  соны  аласың», – деген-
дей  ертеңгі  өмір  жолыңның  қандай  бо-
латыны  отбасында  алған  тəлім-тəрбиеге 
байланысты.  Бар  жүкті  мұғалім  бойына 
артып  қойсақ,  одан  дұрыс  нəтиже  бол-
майды.  Мұғалім  бағыт  береді,  ата-ана 
оны  ары  қарай  дамытады.  Дамытқаны 
сол,  үйге  берілген  тапсырмаларды  дұрыс 
орындатудан  басталады.  Сабақтан  тыс 
уақытта қосымша көркем əдебиеттер оқып, 
шығарма  жазып,  суреттер  салып,  сол  су-
реттер  бойынша  əңгімелер  құрастырып 
отырса,  бала  ойы  дамып,  тілі  жаттығып, 
келе-келе  суретші,  ақын,  жазушы  болары 
сөзсіз.  Үйге  берілген  тапсырмалар  дұрыс 
орындалмаса, өз бетімен ізденушілік  бол-
маса, оқушы ойы ешқашанда дамымайды. 
Оны үйден бақылап, бағыт беретін, əрине, 
ата-ана.  Сондықтан,  жас  ұрпақ  алдында 
ата-ана жауапкершілігі өте зор. Кейбір ата-
аналар балаларын  мектепке берер алдында 
үлкен дайындықтан өткізеді. Ол дайындық 
қандай  тілді  мектепке  баратынын  анық 
шешкен күннен басталады. Мектепке кел-
геннен  кейін  арнайы  мамандарға  дайын-
датады. Өзі де ізденіп, біршама жұмыстар 
орындайды.  Сонда  ғана  тілге  бай,  өз 
ұлтын сүйетін жас буын өсіп жетіледі. Өз 

80
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
Резюме
В  статье  поднимается  проблема  воспитания  учеников  младших  классов  и  рассматриваются 
пути по улучшению воспитательного процесса.
Summary
The article raises the problem of education of primary school students and discusses ways to improve 
the educational process.
ұлтының    ана  тілін,  дінін,  салт-дəстүрін, 
мəдениетін,  тарихын  бойына  дарытып,  
ғұмырына қолдана білсе, жас ұрпақ бойын-
да  Отанына,  халқына,  топырағына  деген 
ұлтжандылық  сезім  тұнып,  ұлттық  қадір-
қасиеті  артып  жатса,  одан  асқан  тəрбиелі 
жан болмас еді.
Заман  талабына  сай  жас  ұрпақтарды 
тəрбиелеу,  оқытып,  алған  білімін      жан-
жақты дамыту, талғамдарын арттыру, өмірге 
көзқарастарын  дұрыс  қалыптастырып, 
адамгершілік  қасиеттерін  ояту,  ұлттық 
салт-дəстүрді негізге алу, ана құрсағынан, 
балабақшадан,  мектептен  қалыптасатыны 
сөз  болғандықтан  əр  ортаның  балаға 
тигізер ықпалы зор екенін  түсіне білсек.
Атап айтқанда, баланың тілі алғаш шыға 
бастағанда-ақ,  ұлттық  тəрбие  негіздерін  
ерінбей  ұғындырсақ.  Ол  ұғым  анасының 
əсем  үнінен  қалыптасқан    əлди  əні. 
Анасының  жұмсақ  үнін  естіп  өскен  бала 
жүрегі  де  мейірімге  толы  болары  сөзсіз. 
Мейірімге  толы  деген  бала  еш  уақытта 
оғаш  қылықтар  көрсетпей,  кешірімді, 
қанағатшыл, рахымшыл, намысты, өзің де, 
өзгені де қорғай алатын адам болары анық.
Ал,  өмірге  жаңа  көзін  ашқан  балаға 
зейін қоймай, көңіл бөлмей қойса, ол бала 
өзімен өзі, еш дамымай, қозғалмай, селқос 
болып  өседі.  Сондықтан,  бала  алдында 
жауапкершіліктің  мол  екенін  əрбір  ата-
ана сезінуі тиіс. Сезінгені сол балаға үнемі 
көңіл бөліп, əсіресе, тілі шығып, сөйлеуге 
дайындала  бастағанда  айналасындағы 
белгісіз дүниелерді білгісі келіп, сұрайды. 
Сол кезде дұрыс, толық жауап беріңіз. Егер 
зекіп, дұрыс жауап бермесеңіз,  келешекте 
бала ашушаң, қорқақ, ойын толық жеткізе 
алмайтын адам болып шығады.
Ұлттық  салт-дəстүр  де  сол  кезден  ба-
стап қалыптасуы керек. Ол тіл тазалығын 
сақтап,  дұрыс  сөйлеуден,  көпшілікпен  тіл 
табысудан  басталады.  Тіл  тазалығы  деген 
өз  ұлтының  тілін  үйрену.  Үйренген  тілі 
бойынша ойын дамытып, өзгеге айта білу. 
Мысалы,  оқып,  айтып  берген  ертегіні, 
көрген  фильмдерін  айта білуі т.б. Мектеп 
табалдырығында  талап  өзгеше.  Оқушы 
білімінің сапалы болуы сабақ жүйесіне, əр 
пəннің  ішкі  мүмкіндігіне,  оларды  ұлттық 
дəстүрмен ұштастыра білуге, оқушыларды 
шығармашылықпен    жұмыс  орындатып,  
біліктерін іскерлікпен  дамытуға          бай-
ланысты. Қазіргі таңда, пəн мұғалімдері ал-
дында тұрған ең басты міндет – оқушыларды 
өз пəндеріне ынталандыра білу, сол арқылы 
əр  тақырыпты  ұлттық  деңгейде  жете 
түсіндіру.  Оқушының  сабаққа  ынтасын 
қалыптастыру тек қызықты өткізілген сабақ 
нəтижесінде  болмақ.  Іс  жүзінде  сабақты 
қызықты,  тартымды  өткізу  мұғалімнің 
білімділігін,  қабілеттілігін,  тапқырлығын, 
дарындылығын  қажет  етеді.  Ұлттық 
тəрбиені  қалыптастыру  сабақ  үстінде 
ұлттық  ойын  түрлерін  қолдану  арқылы 
қалыптасады.  Тиімді  ұйымдастырылған 
ұлттық  ойындар  оқушының  сабаққа 
қызығушылығын,  белсенділігін  артты-
руда,  шығармашылық  қабілетті  дамыту-
да,  ұлттық  тəрбиенің  қалыптасуына    өте 
тиімді.
Сондықтан  мектепте, сыныпта, сынып-
тан тыс жерлерде жүргізілетін, жан-жақты 
ұйымдастырылған 
жұмыстар 
ұлттық 
тəрбиенің негізгі көзі болып табылмақ. За-
ман талабы бізден ұстаздардың ұлылығын, 
ата-аналардың  ақылын,  үлкендердің  үлгі-
өнегесін сұрайды.

81
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Г.К.Абдуллина –
 Шəкəрім атындағы Семей мемлекеттік университеті                                                                                                                                     
                                                                                                                                                                                                                                                                                                            
СТУДЕНТТЕРДІ  ТƏРБИЕЛЕУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҮРДІС
Студент  жастардың  бүгінгі  тəлім-
тəрбиесі  мен  ертеңгі  болашағы  ерекше 
мəнге  ие.  Қазіргі  толассыз  тасқындаған 
ақпараттар,  қоғамдағы  күрделі  өзгерістер 
мен  даму  қарқыны  ағымында  өмір  сүріп 
жатқан жастарды тəрбиелеу өзекті мəселе. 
Тəрбие  адам  қоғамына  ғана  тəн,  тари-
хи  мəңгілік  категория.  Тəрбие  дегеніміз 
–  жеке  адамның  қалыптасуы,  дамуы 
жəне  жетілуі.  Сондықтан  тəрбие  адам 
қалыптасуында шешуші фактор болып та-
былады.  Тек  тəрбиелі  адам  ғана  жоғарғы 
мəдениетті, адамгершілігі биік, парасатты 
қасиеттерімен дараланатындығы белгілі. 
  «Қазақстан  Республикасының 2015 
жылға  дейінгі  білім  беру  жүйесін 
дамыту 
тұжырымдамасын» 
жəне 
«Қазақстанда  білім  беруді  дамытудың 
2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасын»  жүзеге  асыру  нəтижеге 
бағдарланған,  бəсекеге  қабілетті  сапа-
лы  білім  алу  мен  саналы,  əрі  білікті  ма-
ман  қалыптасуына  жағдайлар  жасалу-
да;  үздіксіз  білім  беру  жүйесін  əлемдік 
стандарттар  талаптарына  сай  дамытуды 
көздейді.  Қазақстан  Республикасында 
үздіксіз  білім  беруді  дамытудың  қазіргі 
үрдістері  қазақстандық  қоғам  өмірінің 
барлық саласында болып жатқан түбегейлі 
қайта құрылулармен байланысты. 
Үздіксіз кəсіптік білім беру мəселелерін 
іргелі  зерттеу  соңғы  уақытта  түрлі  білім 
беру  жүйесінің  əлемдік  интеграция-
сы  шеңберінде  үлкен  маңызға  ие  болу-
да.  Əлемдік  академиялық  кеңістіктегі 
үздіксіз  кəсіптік  білім  беру  үдерістері 
еңбек  нарығындағы  əлеуметтік-саяси 
жəне  экономикалық  жағдайлармен  ұштас 
обьективті, субьективті факторларға, білім 
беру  жүйесіндегі  мемлекеттік      тапсы-
рыстарды  қалыптастыру  аспектілерімен, 
сондай-ақ, қоғамның білім беру жүйесінің 
жаңа  моделін  енгізуге  деген  талаптармен 
байланысты.
Мемлекеттік 
талаптар 
мен 
сұраныстарында айқындалған міндеттерді 
жүзеге  асыру,  сапалы  білім  беру  арқылы 
жоғары білікті мамандарды қалыптастыру, 
оның ішінде қоғамның сұранысына қажетті 
кəсіби  мамандарды  дайындап,  білім  мен 
ғылымды интеграциялау арқылы кəсіптік 
білім сапасын жетілдіру мəселелеріне қол 
жеткізу,  еліміздегі  білім  беру  жүйесін 
дүниежүзілік озық тəжірибеге сай рефор-
малауды талап етіп отыр.
Бүгінгі  ЖОО-дағы  тəрбие  үрдісіндегі 
инновациялық 
үрдістің 
мақсаты – 
студенттерді  өмірге  əзірлеу  барысын-
да  жүргізілетін  тəрбие  жұмыстарының  
нəтижесінде олардың жеке басының даму-
ын қамтамасыз ету. Тəрбие мақсатына орай 
оны  жүзеге  асыру  жолдары  белгіленіп, 
тəрбиелік 
іс-əрекеттердің 
мазмұны 
анықталады, тəрбиені, тəрбиелік шаралар-
ды ұйымдастырудың нақтылы мəселелері 
мен  əдістері  қарастырылады.  Тəрбие – 
қоғамдық  құбылыс,  онсыз  қоғам  өмірі 
ілгері  дамуы  мүмкін  емес,  дамымайды. 
Бүгінгі  студент – ертеңгі  маман,  қазіргі 
ғылыми-техникалық  прогресс  талапта-
рына  сай  еңбек  ететін,  өзіне  де  өзгеге  де 
пайдасы  тиетін  адам  болып  қалыптасуы 
тəрбиедегі қоғамның басты талаптарының 
біріне  айналуда.  Бүгінгі  ҚР-дағы  білім 
мен  тəрбие  берудің  негізгі  мақсаты – 
Қазақстанның  егемендігін  қамтамасыз 
ету, оны бүкіл дүниежүзі мойындап, оны-
мен тең қарым-қатынас жасау, патриотизм, 
Отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, 
саяси  бостандықты  қамтамасыз  ететін 
нарықтық  іргетас  қалаудың  нəтижесінде 
экономикалық  бостандыққа  қол  жеткізу. 

82
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
Осылардың барлығын жан-жақты дамыған, 
білімді қолынан іс келетін тұлғалар жүзеге 
асырады.
Тəрбиеге  тікелей  қатысы  бар  адам-
дар  тəрбиенің  мəнін,  міндеттері  мен 
мақсатын жете түсіне білу қажет. Осыған 
байланысты  тəрбиеге  қойылатын  басты 
міндеттер: студенттердің дүниеге ғылыми 
көзқарасын  дұрыс  қалыптастыру;  жеке 
адамның  анатомиялық,  физиологиялық 
жəне психикалық дербес қабілеттерін жан-
жақты  дамытып,  эстетикалық  талғамы 
мен сезімдерін, экономикалық мəдениетін, 
құқықтық 
білімін, 
салауаттылықты 
қоғам талаптарына сай тəрбиелеу. Тəрбие 
үрдісінің нəтижелілігі мен табыстылығына 
дұрыс мақсат қоя білу. Мақсат қоя отырып, 
адам  өзінің  ішкі  белсенділігі,  ұмтылысы 
арқылы  өзін  жетілдіреді,  дамытады, 
қалыптастырады, ал бұған арқау болатын 
нəрсе өзін-өзі тəрбиелеу, өз бетінше білім 
алу, өзін-өзі дамыту.
ЖОО-ының  мақсаты – студенттерді 
жан-жақты,  жарасымды  етіп  дамы-
ту,  олардың  жоғарғы  адамгершілік 
ұстанымдарын  қалыптастыру,  өмірге, 
кəсіби 
еңбекке 
əзірлеу, 
нарықтық 
қатынаста,  кəсіби  бəсекелестікте  өзін-өзі 
көрсете  білуге  баулу.  Бұл  мақсаттар  мы-
нандай кешенді міндеттерді қарастыруды 
талап  етеді:  дүниетанымы  кең,  ой-өрісі 
жоғары,  жан-жақты  дамыған  адамның 
ниетін  қалыптастыру;  еңбек,  таным, 
қоғам,  отбасы,  уақытты  пайдалана  білу 
секілді  əлеуметтік  функцияларды  дұрыс 
қабылдап,  пайдалана  білуге  əзірлеу, 
таңдаған  кəсібінің  қыры  мен  сырын 
терең  меңгеру;  өз  тағдырын  өзі  шешуге 
мүмкіншілік  жасау,  жастардың  өзін-өзі 
тəрбиелеуіне,  өз  бетімен  білім  алуына 
мүмкіндік жасау.
Бүгінгі 
күнгі 
əдіснамалық 
жəне 
дүниетанымдық 
мəдениеті 
жоғары, 
шығармашылық жағынан белсенді, өзінің 
кəсіби  əрекетіне  икемділік  пен  қабілеттік 
таныта  алатын  маман  дайындау  міндеті 
тұр.  Аталған  міндетті  шешудің  бір 
жолы  студенттерге  дайын  ғана  білімді 
беріп  қоймай,  студенттерді  теориялық 
көзқарастарын 
негіздеуге, 
пəндік, 
тəжірибелік  тəсілдер  мен  іскерліктерді 
игеруге баулу керек. Қоғамдық дамудағы 
жаңа технологиялардың, жаңа заңдар мен 
парадигмалардың өзгеруі адамдарды жаңа 
өмір  сүру  жағдайларына  бейімделуге 
мəжбүр  етеді.  Бұған  үздіксіз  білім  беру 
жүйесі  мен  оның  əрбір  буынынсыз, 
тұлғаның жеке мүмкіндіктерін  толық пай-
далану,  дамыту    жүзеге  асырылмайынша 
қол жеткізу мүмкін емес. ҚР-дағы жоғарғы 
білім  беру  жүйесінде  студенттердің 
тұлғалық        дербес  қасиеттерінің 
қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз етуге 
жағдай туғызатын əлемдік тенденцияларға 
назар  аударылуда.  Студенттердің  жеке 
тұлға  болып  қалыптасуы,  олардың  бір-
бірімен 
ынтымақтастықпен 
қарым-
қатынас жасауы, өзгермелі құбылыстарға 
тез  бейімделіп  жол  табулары,  дұрыс 
шешім қабылдай алуы сияқты қасиеттерге 
баулуға басым бағыт беріледі.
ЖОО-ы 
ісінің 
даму 
жағдайын 
айқындайтын  басты  бағдар – оқытушы 
мен 
студенттің 
қарым-қатынасын 
жетілдіру.  Студентті  оқытушымен  бірдей 
жауапты  субьект  ретінде  қабылдау 
оқу  үрдісіне  енгізудегі  жаңалық  болып 
отыр.  Яғни,  оқу-тəрбие  үрдісін  жаңаша 
ұйымдастырудың  жəне  жетілдірудің  тео-
риясы  мен  практикасындағы  танымдық, 
құрылымдық-функционалдық 
əдісіне, 
жүйелі  қарау  ұстанымдарына  жəне 
жаңаны  синтездеуге  баса  көңіл  бөлініп 
отыр.  Мысалы,  жаңаны  синтездеудің  та-
лаптары  қазіргі  оқу  үлгісіндегі  əйгілі 
іс-əрекеттің  үшеуіне  де  өзгеріс  енгізуді 
қажет  етіп  отыр:  олар  студенттердің 
интеллектуалды-танымдық 
(дүниені 
жəне  өзін-өзі  тануы),  эмоционалдық 
(құндылықтар),  олардың  жасалынуын 
көңілмен  ұғыну,  практикалық  (шынайы 
дүниені білдірудің, оны өзгерту мен қайта 
жасаудың  жолдары)  іс-əрекеттері.  Заман 
талаптарына сай білімді де білікті маман-

83
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
дар  даярлаудың  сапасын  жақсартумен 
қатар, болашақ таңдаған мамандықтарына 
кəсіби шеберліктерін арттыруға жағдайлар 
жасаумен байланысты жүргізілетін шара-
ларды  мойындаймыз.  Дегенмен,  болашақ 
мамандардың  кəсіби  шеберлігін  арттыру 
тек  білімін  оқтын-оқтын  жетілдірумен 
ғана  шектелмей,  студенттердің  мəдени 
деңгейін,  белсенділігін,  əрекетшілділігін 
жəне 
ізденімпаздылығын 
көтеруге 
бағытталуы қажет.
Болашақ  бүгіннен  басталады  де-
сек,  адамның  жарқын  болашағы  оның 
өз  өмірін  «əсемдік  заңы»  бойынша 
ұйымдастыруына  байланысты  болмақ. 
Студент  жастарға  сұлулық,  əсемдік  жай-
лы тəрбие беру – идеологиялық жұмыстың 
маңызды саласы десек, артық етпесі сөзсіз. 
Жастарды  жақсы  қасиеттердің  барлық 
түрін  дұрыс  ұғынуға,  қабылдай  білуге, 
бағалауға,  өмірдің  жəне  еңбектің  алуан 
түрлі  саласына  «əсемдік»  элементтерін 
енгізе  білуге  үйретеді,  ұсқынсыздық 
пен  парықсыздыққа  қарсы  күресуге 
қабілетін  шыңдайды.  Тұлғаны  барлық 
жағынан жетілдіру оның шығармашылық 
қабілеттері  мен  дарындылығын  дамыту, 
оны нағыз еңбекқор ретінде, адамгершілік 
парасаты  мол,  мəдениеті  қалыптасқан 
адам  ретінде  тəрбиелеуді  көздейді.                         
Жастар студенттік өмірлерінде тек белгілі 
бір  ғана  бағытта  шектелмей,  əдемілікті, 
сұлулықты  сезінуі,  өнердің  құпия  сырын 
үйренуі,  осы  бағытта  ой-өрісін  кеңейтіп, 
жан-жақты  тəрбие  алуы  тиіс.  Ол  үшін 
жоғары  мектеп  студент  жастарымыздың 
сұлулық  əлемінен  сусындап,  көркемдік 
танымдарының қалыптасуына жан-жақты 
əсер  ете  отырып,  толыққанды  дамуы-
на  толық    мүмкіндіктерді  жасауы  тиіс. 
Бүгінгі  студент – ертеңгі  білікті,  білімді, 
жан-жақты қалыптасқан мəдениетті, білгір 
маман.            
Сондықтан, 
жалпыадамзаттық 
құндылықтар 
болып 
саналатын 
адамгершілік 
мұраларды, 
руха-
ни  ағартушылық  қасиеттерді  бүгінгі  
жастардың 
меншігіне 
айналды-
ру,  ата-бабаларымыздың  дəстүрі  мен 
тəжірибелерін  үйрету.  Студенттердің 
қоршаған  ортасына,  адамдарға  жəне  бір-
біріне  тек  қана  қайырылымдылық  пен 
сүйіспеншілік, махаббат пен мейірімділік, 
ізгілік  пен  адалдылық,  адамилылық  пен 
имандылық,  сыпайылық  пен  сыйластық  
сияқты    асыл  қасиеттерді  бойларына  да-
рыту, қалыптастыру.  
ƏДЕБИЕТТЕР:
1.  Қазақстандағы үздіксіз кəсіби білім берудің мəселелері мен перспективалары//Халықаралық 
ғылыми-теориялық конференция. – Астана, 2009.
2.  Абдуллина  Г.К.  Жоғары  оқу  орындарында  болашақ  мамандарды  кəсіби  даярлау 
мəселелері//«Білім  жəне  ғылым:  Қазақстан  мен  Ресей  ынтымақтастығының  тəжірибесі  мен 
болашағы».  Халықаралық  ғылыми-практикалық  конференциясының  материалдары. – Семей-
Қазақстан, 2008, 8-9 б.
3.  Жұмағұлова  Қ.Ə.,  Оспанова  Б.А.  Болашақ  мамандардың  кəсіби  шеберлігін  дамытуға 
бағытталған инновациялық мəселелер//Білім, 2008, № 3. - 39-40 б.
Резюме
В статье рассматриваются проблемы воспитания студентов. Раскрыты методы и принципы ин-
новационного процесса в воспитательной деятельности.
Summary
 In the article are examined problems of education of students. Methods and principles of innovative 
process are exposed in an educate activity.

84
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет