М. К. Ахметова Мәтінді талдау сатылары т (1) жоғары сынып



бет1/9
Дата15.11.2023
өлшемі366,45 Kb.
#123628
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ұсынған: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ проф. м.а., ф.ғ.к. М.К. Ахметова


Мәтінді талдау сатылары
Т (1) жоғары сынып
Ескеру қажет. Мәтінге талдау жасау үшін толық мәтінді не мәтін үзіндісін түсініп оқу.
Көркем мәтінді талдау сатылары.
Мәтінге тақырыптық-идеялық жағынан талдау жасау. (тақырыпша)

  • Мәтін тақырыбы мен мәтін мазмұны арасындағы байланысты анықтап, тақырыптың қойылу себебін түсіндіру.

  • Мәтіннің идеясын, мәтінде көтерілген негізгі мәселені айқындау. Сол арқылы автордың оқырманға айтпақ ойын түсінуге тырысу.

  • Мәтіндегі негізгі ой берілген бөлікті анықтау.



Мәтінге стилистикалық-композициялық талдау жасау. (тақырыпша)
Мәтіннің стилін, жанрлық сипатын анықтау (мақала, әңгіме, т.б.).
Мәтіннің сөйлеу формасын ажырату (ауызша, жазбаша: монолог, диалог, полилог).
Мәтіннің композициялық құрылымын талдау: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды.
Мәтіннің бастауы – 1-абзацтағы 3-сөйлем. Атым – Бекболат. Мәтінге жаңа кейіпкерді енгізіп, есімін оқырманға таныстырып, мәтіндегі ойдың осы Бекболат төңірегінде дамуына ықпал етіп тұр.
Мәтіннің дамуы – 1, 2, 3-абзацтардағы сөйлемдер. Бұл бөлікте Бекболаттың кім екенін жан-жақты ашатындай ақпарат қамтылған. Сол арқылы оқырманның қабылдауында Бекболаттың бейнесі қалыптасады.

  • Мәтіннің қорытуы – 3-абзацтағы соңғы сөйлем. Тоқал бұл күнде әкейдің мойнына мініп алды. Кейіпкердің отбасында қалыптасқан қазіргі жағдай Бекболаттың бағалауы тұрғысынан берілген.

Мәтін түрлерін анықтау (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау).
Мәтіннің нешінші жақтан баяндалғанын талдау (1, 2, 3-жақ).


Мәтінге тілдік-эстетикалық тұрғыда талдау жүргізу. (тақырыпша)

  • Мәтіннің лексика-фразеологиялық құрамын мәтін мазмұнымен байланыстырып талдау: тура/ауыспалы, көп мағыналы, синоним, антоним, омоним сөздер; көркемдегіш-бейнелегіш құралдар (метафора, метонимия, синекдоха, теңеу, шендестіру, гипербола, литота т.б.); мәтіндегі көнерген (архаизм, историзм), диалект, жаргон, варваризм сөздер; тұрақты сөз тіркестерінің, мақал-мәтелдердің қолданылу мақсатын контекспен байланыстырып түсіндіру.

  • Мәтіннің фонетикалық-интонациялық ерекшелігін талдау: дыбыс үндестігі, дыбыстардың қайталануы (аллитерация, ассонанс); дыбыстардың ұйқас құрудағы қызметі; әуен, әуез, тембр, қарқын, кідіріс сипаты.

  • Мәтіннің морфологиялық сипатын мәтін мазмұнымен байланыстырып талдау (сөз таптарының арақатынасы, әр түрлі мағыналық реңк тудыратын грамматикалық тұлғалардың жұмсалуы (кішірейту, еркелету мәнді жұрнақтар т.б.).

  • Мәтіннің синтаксистік ерекшелігін айқындау: жай, құрмалас сөйлемдердің мәтін мазмұнын жеткізудегі қызметі, мәтіннің жай не құрмалас сөйлемге құрылуы, сөйлем мүшелерінің орын тәртібіндегі ауытқуларды (инверсия), оқшау сөздер мен бірыңғай сөйлем мүшелерінің қолданылу мақсатын, төл сөздің берілу жолдарын айқындау. Синтаксистік параллельділік, парцелляттар қолданысын талдау. Риторикалық сұрақтардың берілу жолдарын анықтау.

  • Мәтіндегі лексика-грамматикалық нормадан уәжді ауытқудың (нормаға жатпайтын тілдік бірліктерді автордың мәтін мазмұнын ашу үшін мақсатты түрде, әдейі қолдануы) стильдік мәнін ашу.

  • Автордың жеке қолданысына жататын тілдік бірліктерді талдау (окказионализм).





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет