Авторлық ұстанымы: Лашынның көзқарасы мен танымы арқылы адамзат баласының болмысын ашу. Лашынның түйген ойларында адамның басқа мақұлұқтардан артықшылығын құлай мойындап, жан иесі атауының барлығы адамзатқа бас ұратынын ұқтырады.
Кектемдегі добал аяк, сабау куйрык, шардақ қарын маубас күшік қазір үлкен тазыға айналган. Омырауы даладай боп, кеудесі іріленіп, іші тартылып, бойы кішігірім бұзауға жеткен. Денесімен салыстырганда рабайсыз үлкен, шодыр тебелі басына түйе жапырақтай жалпақ, ұзын, шашақты құлақтары әсем кейіп беріп тұр. Аузын ашқанда көрінген, қаз-қатар тізілген үлкенді-кішілі сойдақ, аппақ азулары атан түйенің жілігін де омырып жіберетіндей...
Пейзаж
Топырақи әлі дегдімеген. Ойпаңдар мен шұқанақтарда булары бұрқаңдаған іркінді сулар жатыр. Әр жерде — Қомақты, биік тобылғылардың түбінде тулақтай-тулақтай қар қалдығы көрінеді. Бірақ әлем өзгеше түрге енген. Төңірек күн сәулесіне бөгіп, манаурап тұр. Ауа хош иіске толы. Күшік жұпар шашушы нәрселердің бірі - өзі тапап келе жатқан сабағы жіңішке, күлтебас шөп екенін аңғарды. Тұмсығын тақап еді, жеуге жарамағанымен, иісі ұнамды көрінді. Аяқ асты жұмсақ, түп-түп болып тығыз өскен қалың шөп. Тереңнен көк кеулеп келе жатқаны байқалады. Кейбір түптердің ағынан көгі басым. Күшік жаңа тебіндеген көдені де иіскеді. Рахат! Тамаша!
...Ешкім сезбейді деп ойлайсың ғой! Көреміз, білеміз. Көз бен құлақ бар бізде де. Қызыл отауға қандай кітаптарды жинап алып отырсың? А?! Қандай кітаптарды жинап алып отырсың деймін?
- Совет баспасынан шыққан кітаптарды.
- Оларды шығарған да сенің нағашың сияқты отанын сатқан адамдар. Бәрің сыбайлассың. Мен білмейді деймісің? Жазда Есжанның студент баласы сенен қандай кітаптар алып оқыды? Ылғи неміс, американ. Осындағы хат танитын жұртқа ұсынатының не? Тізімге ілінген, газетте сыналған, ескілікті көксейтін кітаптар. Оларды баяғыда-ақ өртеу керек еді. Тыққыштап, жасырып жүрсің. Не мақсатың бар? Кімдердің сойылын соғып келесің? А? Әрине, үндемейсің. Үндемей-ақ қой. Бірақ біз - ақ ниет Совет адамдары үндемей отыра алмаймыз! Нағашың да...
Эстетикалық категориялар
1. Асқақтық
Лашын болмысы
2. Құлдыраушылық
Есенжолдың азғындығы.
...Көзін қан жауып, ештеңені көрмей, сабалақ төбетті алқымдай сығымдап жатқан тазы кенет тиген соққыдан есін жиды. Бел омыртқасы үзіліп кете жаздаған еді, темір тағанды саптама етікпен пәрмендей тепкен Есенжол екен.
...Тоқтат, алаяқ малғұн! - Қазы Есенжолдың жағасынан ала түсті. Бұл кезде ауыл адамдары да жиналып қалған еді.
- Мінеки, көріңдер, ағайын, - деді Есенжол алақанын жая, екі қолын екі жаққа созып. - Көріңдер, ағайын. Тазысы итімді талады, енді өзі мені сабамақ. Куә болыңдар!..
- Азғын! - деді Қазы тістеніп.
Эстетикалық категориялар
3. Сұмдық
Қазы өлгеннен кейінгі Лашынның хәлі
4. Ұсқынсыздық
Қазы қайтыс болғаннан кейінгі Кәмиләнің Есенжолмен бірге юолуы. Лашынды қараусыз, аш қалдыруы. Лашынға жасаған әділетсіздігі
Қазы, Омар ақсақал, Әділдің Лашынға деген мейірімі, Лашынның табиғатпен байланысы, адам мен жануар арасындағы жақындық. Әділдің болмысы (білімділігі, ақылдылығы, т.б.).
7. Бейберекетсіздік
-
8. Комедия
-
Тарихи маңызы
Аңшылық, саятшылық дәріптеу,
Тазы
Адам мен жануар арасындағы жақындық
Батырлар жыры (Әділдің Омар ақсақалғаи оқып беретін кітаптары)
Оқу мен білім заманының келе жатқандыңғын сездірту