М-с. Бабажанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп Тәрбие сағаты Тақырыбы: «Ұрлық түбі – қорлық» Дайындаған: Ахметова Д. М



Дата18.12.2022
өлшемі176,3 Kb.
#57938
түріСабақ

М-С.Бабажанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп


Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Ұрлық түбі – қорлық»


Дайындаған: Ахметова Д.М


2020-2021 о.ж


Тақырыбы: «Ұрлық-түбі қорлық»
Сабақтың мақсаты: Құқықтық тәрбиенің өмірілік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру. Құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігін түсіндіре отырып, құқықтық сауатқа тәрбиелеу ортасын құру, өз ойларын еркін айтуға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, мақал- мәтелдер.
Сабақтың құрылымдық жоспары: 
І.Ұйымдастыру кезеңі
Балалармен амандасып, сабақ тақырыбын ашу
II. Негізгі бөлім
1.Ассоциация әдісі
2. Халық даналығы. Мақал-мәтелдер мағынасын ашу.
3.Ситуациялық жағдайлар.
4. Сәйкестендіру.
III. Қорытынды
Рефлексия
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, сабақтың тақырыбын тақтадағы суреттер арқылы анықтау.
-Көңіл күйлерін қалай? Сендер қалай ойлайсындар, адамның көңілді болуы неге байланысты? (Ауа райына, денсаулығына, көңіл күйіне, қоғамға байланысты.)
II. Негізгі бөлім
«Ассоциация» әдісі 
Сізде «ұрлық» сөзін естігенде қандай түсінік пен сезім пайда болады?
«Миға шабуыл» әдісі
- Ұрлық дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар?
- Ұрлық істеген адамдар қалай жазаланады?
Мұғалім: ҚР Қылмыстық Кодексінде «Ұрлық деп өз пайдасына асыру мақсатында бөтеннің мүлкін қайтарымсыз жасырын иемденіп алуды» таныған.
- Бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау (ұрлық);
- бөтеннің мүлкін ашықтан ашық ұрлау (тонау); 
- шабуылға ұшыраған адамның өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш жұмсаумен ұштастырып, немесе сондай күш жұмсамақ болып қорқытып бөтеннің мүлкін иемдену мақсатымен шабуыл жасау (шабуыл жасап тонау);
- алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен бөтеннің мүлкін иемдену немесе бөтеннің мүлкіне құқықты сатып алу (алаяқтық); 
Ұрлық, ұрла және ұрлау деген сөздердің түбірі «ұр» деген бір сөз. Осы түбір сөзге –лық, -ла және -лау жұрнақтарын қосып ұрлық сөзін – зат есімді, ұрла сөзін - етістікті және ұрлау сөзін шығарып отырмыз.
Ұрлық туралы Қылмыстық Кодекстің «Меншiкке қарсы қылмыстар» деп аталатын 6-тарауында жазылған. Оның 175-бабы «Ұрлық» деп аталды.
Ұрлық, яғни бөтен мүлiктi жасырын ұрлау - екi жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексеннен екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiн бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Мақал-мәтелдер айту
(Тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер айтып, мағынасын ашу)
1.«Ісін өндіре алмаған қырсыз бала, қырсығын әкесінен іздейді.»
2. «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің.»
3. «Балаңды беске дейін ештеңеден тыйма, бестен он үшке дейін құлыңдай қина, он үштен ары сырласыңдай сыйла.»
4. «Жақсы бала сүйініш, жаман бала күйініш.»
5. «Атаңа не қылсаң алдыңа сол келер
6. Біреуге ор қазба, өзің түсесің.
7. Заңның құрығы, бәрінен ұзын.
8. Ұрлық түбі, қорлық.
9. Өтірікшінің құрығы, бір – ақ тұтам.
10. Қолыңмен істегенді, мойныңмен көтер.
11. Тек жүрсең, тоқ жүресің.
12. Заңды сыйлаған, еркін жүреді.
Ситуациялық жағдайлар шешу
Әр топ ситуациялық жағдайлары бар карточка алып, оны сценка түрінде қоюлары керек. Көрермен болып отырған оқушылар қойылып отырған көріністегі сұраққа жауап береді
1. Сіз жатақхананың алдынан жерде жатқан 1000 теңгені тауып алдыңыз. Оны қалтаңызға салып, жатақханаға кіргеніңізде, алдыңыздан бірге оқитын оқушы шығып, ақшасын жоғалып алғанын айтып, сізден оны көрмедің бе деп сұрады. Сіздің әрекетіңіз. Неліктен олай істедіңіз? Бұл ұрлыққа жата ма?
2. Бірнеше оқушы гаражға кіріп, бірақ артынан ойланып, жауапкершіліктен қорқып, ештеңе алмай, кетіп қалады. Біреу оларды көріп қойып, полицияға хабарлайды. Оқушылар жазаланады ма?
«Сәйкестендір» 
Заңның құрығы……. анық бас 
Өш алғаннан гөрі…….. арлы бала 
Ақырын жүріп………….. бәрінен ұзын 
Асыл тастан………… отбасынан басталады 
Ұрлық түбі………….. өнер жастан 
Әдепті бала………………. кешірген жөн 
Тәрбие……… қорлық 
III. Қорытынды бөлім
- Құқықтық тәрбие мен құқықтық жігерлі сана алдымен отбасынан басталады. Бүгінгі қоғамды дамыту үшін әрқайсысымыз құқықтық заңға құрметпен қарап, өз бойымызда құқықтық сана мен жігерді шыңдауымыз керектігін өмір көрсетіп отыр. Аталған қылмыс түрлерін болдырмау, оның алдын алу үшін құқықтық насихатты күшейтіп, құқықтық тәрбиені одан әрі жетілдіру қажет.
Рефлексия
Сабақ соныңда оқушылар бүгінгі сабақтан түйген ойларын айтады.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет