Мақал-мәтелдер, Жұмбақтар, Тақпақ Білім туралы



Дата25.04.2023
өлшемі0,53 Mb.
#86665

Мақал-мәтелдер, Жұмбақтар, Тақпақ

Білім туралы

  • Білетінің бір тоғыз, Білмейтінің тоқсан тоғыз.
  • Білмесең үндеме, Білгенді күндеме.
  • Білім гауһар, бағасы жоқ. Надандық кесел, дауасы жоқ.
  • Киіміне қарап қарсы алады, Біліміне қарап шығарып салады.
  • Күш - білімде, білім - кітапта. 
  • Қына тасқа бітеді, Білім басқа бітеді.

Жануарлар туралы

  • Семіздікті қой ғана көтереді.
  • Бір биеден ала да, құла да туады.
  • Саулықтың жасы үлкен, Қошқардың басы үлкен.
  • Алуан – алуан жүйрік бар, өз әлінше шабады.
  • Жылқы еті: «Тісіңе кіремін, тісіңе кірмесем түсіңе кіремін»
  • Байтал шауып бәйге алмас.

Ас, тамак туралы

  • Ас – адамның арқауы.
  • Нан— тамақтыңатасы Ынтымақ — көптің батасы.
  • Ас иесімен тәтті, Табағымен жақсы.
  • Быламық бетінен сыйды, Көже түбінен сыйды.
  • Қайғысыз, қара суға семіреді.
  • Ет — етке, сорпа — бетке.
  • Қазаныңа не салсаң, Шөмішіңе сол ілінеді.

Жұмбақтар

  • Көк лағым көгенде жатып семіреді. (Қарбыз)
  • Жасыл ала дөңгелек, Бақшада жатыр дөңгелеп. (қарбыз)
  • Әр желінің асты томлған көк қоян, Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям. (қияр)
  • Бұтағында азығы Ортасында азығы. (алма)
  • Ақ құман жүр жүзіп. Су бетін сүзіп. (аққу)
  • Бес қаруы белінде Самғап жүреді көгімде. (бүркіт)

Ағайынды бәрі: Шықса - көк, Түссе - сары. (жапырақтар) ***

  • Ағайынды бәрі: Шықса - көк, Түссе - сары. (жапырақтар) ***
  • Ызақор бұғып жатыр, Сақалы шығып жатыр. (жуа) *** Қалың киім ұнатады Шешіндірсең жылатады. (жуа) *** Бұл не деген көп киім, жетпіс қабат көп киім. Жаңбыр одан өтпейді, қабат - қабат тоны бар, түймелеуге жетпейді. (орамжапырақ) *** Үстіне тігіп көк шатыр, Астында қызыл дәу жатыр (қызылша) *** Сырты жасыл қатты Іші қызыл тәтті. (қарбыз) *** Жерде жатып желіндейді, Күз түскенше желінбейді. (қауын)

Тақпақтар

  • Бақшаларға гүл егіп, Жемістерді тереміз. Дала жасыл түске еніп, Көктем мезгілі келіпті
  • Бағыт-бағдар көрсетер, Бір орында тұрып-ақ: Қызыл көзі жанғанда, Жүріп кетпе тек бірақ. Сары жанса, дайындал, Қалма, ботам, сен құлап. Жасыл жанса, жүре ғой, Қоя бермей көп сұрақ.
  • Ала мысық тырнама,
  • Тырнағаның бола ма

    Ұстайыншы қолыңнан,

    Ойнайық, ер соңымнан.

Қуыршақ

  • Қуыршақ
  • Қуыршақ, қуыршақ
  • Таза суға жуынсақ.
  • Қол ұстасып, дос болып,
  • Бақ ішінде қыдырсақ.
  •  
  • Мысығым
  • Мысығым, кел, кел маған,
  • Сүт берейін мен саған.
  • Ит кеп қалса, қорғаймын,
  • Көтерейін, сен маған.
  •  
  • Гүлдер
  • Гүлім, гүлім, өсе бер,
  • Әдемі боп, асыл боп.
  • Күндей жайнап кете бер,
  • Қызыл, сары, жасыл боп.

Ер жетсек

  • Ер жетсек
  • Нан жесеңдер балалар,
  • Үлкен болып өсесің.
  • Сүт ішсеңдер, балалар,
  • Тезірек ер жетесің.
  •  
  • Ойыншықтар
  • Ойыншықтар көп екен,
  • Бірге ойнайық, балақай
  • Көгорай шалғын көк екен,
  • Жарысайық, алақай!

Ойын

  • Ойын
  • Ойын маған ұнайды,
  • Көп ойнауға болмайды.
  • Күні бойы доп қусаң,
  • Ақыл-білім қонбайды.
  •  
  • Құлыншақ.
  • Құлыншақ, құлыншақ,
  • Шапқылайсың даламен
  • . Дос болсайшы құлыншақ,
  • Мен сияқты баламен.
  •  
  • Көктемде
  • Бүршік жарып ағаштар
  • Құстар ұя салады
  • Сылдыраған бұлақтар
  • Ағып бара жатады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет