«Мен өзіме адам сияқтымын, басқаларға адам емес, адам пейілін тәубаға түсіретін мүгедекпін»...
«Сен құрсақта жатқанда Дегелең тауының түбінен жер астын дүмпілдетіп, жарылыс болып жатушы еді, сол басылды ма? Іңгәләп, бесікте жатқан сен талай рет сол жарылыстан қорқып, шыр етіп, қолды-аяққа тұрмай безілдеп кетуші едің. Сол әдетің ес білгенше қалмап еді... Сен Шыңғыс тауының етегінен көтерілген ауадағы қып-қызыл, саңырауқұлақ іспетті лаулап тұрған алауға қызығып, жүгіре жөнелетін едің, қазір ше?