Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н


-сурет. Араластырғыш машинаның технологиялық сызбасы



Pdf көрінісі
бет28/150
Дата30.04.2022
өлшемі3.7 Mb.
#32911
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   150
 
6-сурет. Араластырғыш машинаның технологиялық сызбасы 
 
Ағынды  желілерде    араластырудың  ең  жоғарғы  тиімділігіне  жету 
үшін 2-3 араластыру машиналарын орналастырады.  


34 
 
 
1.2.4. Кардты тарау және аппаратты созбаны қалыптастыру 
 
Ағынды  желілерде  дайындалған  қоспа,  түйдек  құрамы  және 
өлшемдері  әртүрлі  талшықты  масса  болады.  Түйдектердегі  талшықтар 
өзара  шатастырылған,  көбінесе  олар  қоспаның  бір  компонентіне  жатады 
және құрамында қоқымдардың бірнеше мөлшері болады.  
Құрамы бірдей талшықты материал алу үшін талшық түйдектерін 
жеке  талшықтарға  бөліп,  оларды  араластыру  қажет.  Талшықтарды 
қарқынды  араластыру,  білікті  кардты  тарау  машиналарында  жүзеге 
асырылады. 
Білікті  тарау  машиналары  кардты  тарау  аппаратының  құрамына 
кіреді,  онда  жүретін  процестер  кардты  тарау,  құрамы  және  сызықтық 
тығыздығы  бойынша  талшықтар  ағынын  араластыру  және  тегістеу, 
сонымен  қатар  жартылай  дайын  өнімнің  –  аппаратты  созбаның 
қалыптасуы жүреді. 
Жіңішке  және  жартылай  жіңішке  жүнді  және  олардың  химиялық 
талшықтармен  қоспасын  тарау  үшін  үш  тарамды  аппараттар 
қолданылады,  дөрекі  және  жартылай  дөрекі  жүнді  және  олардың 
химиялық  талшықтармен  қоспасын  тарау  үшін  екі  тарамды  аппараттар 
қолданылады. 
Үштарамды  аппараттың  құрамына  мынандай  машиналар  кіреді: 
қоректендіргіш  -  өзіндік  тараз,  алдын-ала  түткіш,  бірінші  білікті  тарау 
машинасы,  қысатын  біліктер,  тор  көз  –  таспа  қалыптастырғыш,  таспа 
төсегіш,  екінші  білікті  тарау  машинасы,  екінші  тор  көз  –  таспа 
қалыптастырғыш,  екінші  таспа  төсегіш,  үшінші  білікті  тарау  машинасы 
және созба кареткасы. Мұндай аппараттың ұзындығы 23 м, ал машинаның 
жұмысшы ені 1800, 2200, 2500 мм. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   150




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет