Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмірі мен шығармашылығы.
Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмірі туралы деректер. Зерттелуі.
Ақын шығармашылығы. (толғаулары, арнау өлеңдері, айтыстары)
Ақынның жаңашылдығы, туындыларының мазмұндық ерекшелігі.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835, қазіргі Отырар ауданы Қожатоғай ауылы – 1898, Бөген ауданы Бадам ауылы) — халық ақыны. 1835 ж. Оңтүстік Қазақстан облысы, осы күнгі Отырар ауданы «Қожатоғай» бұрынғы аты «Қосжарсуат» деген жерде дүниеге келді. Ауыл молдасынан сауат ашып, ескіше хат таныған. Майлықожа өлеңдерін ауызша да, жазбаша да шығарған
.
Майлықожа шығармалары Ғибрат, нақылдар («Ер көгерер дұғамен», «Жолдас болсаң жақсымен», «Жақсы адам қартайса») Арнау өлеңдер («Ахмет төреге», «Тұрлыбекке», т.б.) дастан, мысалдар («Қасқыр», «Тотынама», «Аңқау мен қу», т.б.) Айтыстар (Құлыншақ, Мәделі Жүсіпқожаұлы , Күдеріқожа, Сүйінбай , Ұлбике, т.б. ақындармен)..
Майлықожа Сұлтанқожаұлы: «Ескі мырза, манаптар, бегі, салы» «Дүниеге мейман көңілім» «Жақсы болсын жұбайың» «Толғау» «Қоян жылы тумады көктен жаңбыр» «Өлмек парыз, - деп айтар, - тумақ сүндет» Майлықожа шығармаларына тән:
Бай – болыстарды әжуа ету, мысқылдау сарыны;
Мықтылардың елді зарлатып, сүлікше сорып, түлкіше алдап, зұлымдық істеп жүргені әшкереленеді;
Болыс болу үшін таласып әуре – сарсаңға түсіп, өз бауырын да сол жолда қазаға қиятын кей мансапқорларды қатты сынға алады
Қызғаншақтық пен ашкөзділік мінездерді әжуалайды;
Елдің ауыр тұрмысын, халықтың басына түскен қиыншылықтарды, жұт болған ауыр жылдар қасіретін жырлайды
Майлықожа шығармаларының мазмұны