Сәкен Сейфуллин - қазіргі қазақ әдебиетінің негізін құраушы, ақын және жазушы,қоғам, мемлекет қайраткері. Қазақстан Жазушылар одағының негізін қалаушы. Алғашқылардың бірі болып Қырғыз АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы қызметін атқарды. Ол 1894 жылы 15 қазанда Жезқазған өңіріндегі бұрынғы Ақадыр ауданына қарасты Қарашілік қыстағында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Қазіргі әкімшілік бөлік бойынша бұл жер Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданына қарайды. Сейфолла мен Жамал тұңғыш ұлдарының есімін Сәдуақас деп қойған еді. Кейін еркелетіп Сәкен деп атап кеткен. Сөзге шешен, саятшы, аңшы Сейфолла тұңғыштарынан үлкен үміт күтті. Сәкен 7 баланың үлкені болды. Сәкеннің Мәлік, Әбен, Мәжит атты інілері мен Рахима, Сәлима, Қалима деген үш қарындасы бар еді. Алайда, сондай әдемі, сұлулығы көз тартарлық болған үш қарындасына да көз тиіп, 11-13 жастарында қайтыс болып кетеді. Кейіннен інісі Әбен де ерте өмірден өтеді. Сәкен анасын ерекше жақсы көргендіктен, Жамалды ана демей, «Жәмеке» деп еркелетіп атайтын. Бала кезінен Сәкен шешесі Жамалдың ертегілерін тыңдаудан жалықпайтын. Ауыл молдасынан сауат ашып, арабша хат танып, қисса-хикаяларды өз бетімен оқи алатын Сәкенді әкесі енді орыс мектебіне беруге бел буады. Балам білімді, көзі ашық болсын деген ниетті әкесі Сейфолла осылайша баласын мектепке береді.
Өмірбаяны
Білім алуы және қызметі
1905 жылдан бастап 1908 жылға дейін Спасск мыс балқыту жанындағы орыс-қазақ мектебінде оқыған, содан кейін Ақмола үшсыныптық қалалық училищеде оқыды. Сонымен қатар, 1912 жылы Сәкен медресе оқушыларын орыс тіліне дайындайды. 21 тамыз 1913 жылы Сейфуллин Омбы педагогикалық семинариясына келді, онда ол 1916 жылға дейін Мағжан Жұмабаевпен оқыған. «Айқап» журналында қарашадағы санында Сәкен Сейфуллин өзінің алғашқы мақаласын жариялады. Сол уақыттан бастап, ол Омбы қаласының охранкасының назарына ілігеді. 1914 жылы Сәкен Омбыда «Бірлік» («Единство») қазақ жастарының тұңғыш мәдени және білім беру қоғамның көшбасшыларының бірі болды. 1914 жылы ол өзінің «Өткен күндер» атты өлеңдер жинағын жариялады. 1916 жылы Сәкен сырттай мүлікті заңдастыру комиссиясының Ақмола уезі бойынша 12 елді мекенде жұмыс істейді. Сонда 1916 жылы ол қазақ халқының Амангелді Иманов бастаған көтеріліске арналған дастан «Толқулар» деген өлең жазды. 1916 жылдан 1 қыркүйектен бастап Сейфуллин негізі қалануына өзі тікелей қатысқан, Бұғылы мектебінде оқытушы болып қызмет атқарады. 1917 жылы 9 наурызда ол Ақмолаға көшіп келіп, онда Ақпан төңкерісі туралы «Біз асығыс жиналдық» атты өлең жазған. 1917 жылдың сәуір айында, Сәкен Сейфуллин, «Жас қазақ» саяси және әлеуметтік-мәдени қоғамын құрады. 1917 жылғы -----------шілдеде Сәкен газетін «Тіршілік» шығаруға қатысады. Қыркүйек -----------------айынан бастап Сейфуллин Ақмоладағы жаңа орыс-қазақ мектебінде --------------үш айлық мұғалімдерді оқыту курстарын жүргізеді.
Ақмола 4 маусымдағы 1918 жылы Ақмоладағы ақтар төңкерісінен соң Сейфуллин тұтқындалып, 1919 жылы 5 қаңтарда Петропавл түрмесіне жіберілген болатын. Ол 47 күн бойы (24 қаңтар - 12 наурыз), атаман Анненковтың «өлім пойызынан» өтті. Омбыда, ол Колчак түрмесінен қашып (3 сәуір), шілдеде туған ауылына жетті. Екі айдан кейін, С.Сейфуллин Әулие-атаға қашуға мәжбүр болды. Бірақ 1920 жылы 7 мамырда ол босатылып, Ақмолаға Қызыл Армия қатарына оралды және революциялық комитеттің (революциялық комитеті) Әкімшілік бөлімесінің басшысының көмекшісі болып тағайындалды. 28 жасында Қазақстан үкіметінің басшысы Бүкілодақтық Жоғарғы атқару комитетінің мүшесі болды. 1923 жылы 15 ақпанда «Еңбекшіл қазақ» газетінде жарияланған «Қазақты қазақ дейік, қатені түзетейік» деген мақаласында «бүгінде дейін орыстар қазақты қырғыз деп келеді. Енді ол заман өтті. Әрбір қазақ қырғыз дегенді тастап, қазақ дегенді басқа жұрттың құлағына сіңдіріп, үйретуі керек» деп қазақ сөзін дұрыс айтуды ұсынады. Осы мақаладан соң болар, 1925 жылы кеңестің 5-ші съезінде «қазақ» деген атау түзетілді. Бірақ, Сәкен Сейфуллинге Мәскеу тарапынан «ұлтшыл» деген атақ жапсырыла бастады. 1928 жылы Сәкен Сейфуллин Ташкенттегі Қазақ педагогика институтының директорлығына ауысып, лекция оқып жүрді.
1938 жылы «ұлтшыл буржуа» деген айыппен тұтқындалып, 1939 жылы 28 ақпанда Алматы НКВДсының қабырғасында атылды.
Ол Сталин қайтыс болған кейін 1953 жылы ақталған.