М.Қанабекова


-тапсырма.  Төмендегі  мақал-мәтелдерден  сан  есім-



Pdf көрінісі
бет18/21
Дата30.01.2017
өлшемі1,98 Mb.
#3013
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

7-тапсырма.  Төмендегі  мақал-мәтелдерден  сан  есім-
дердің қолданысына, стильдік-мағыналық реңктеріне назар 
аударып,  қандай  мақсатта  жұмсалып  тұрғандығын  анық-
таңыз. 
1.Жүзден біреу – шешен; мыңнан біреу – көсем.  2.Ер көр-
мейін  деген  жерін  үш  рет  көреді;  ат  баспайын  деген  жерін  үш 
рет басады. 3.Жігіттің бір басы екеу болмай, жиғаны жетеу бол-
майды.  4.Ер  бір  рет  өледі,  ез  мың  рет  өледі.  5.Елу  жылда  –  ел 
жаңа; жүз жылда  қазан. 6.Біреу  бейнетін  көреді, біреу  зейнетін 
көреді.  7.Тоқсанымыз  жиылып  тоқты  жыққан  батырмыз;  сек-
сеніміз жиылып серке жыққан батырмыз. 8.Отызыңда орда бұз-
басаң, қырқыңда қыр аса алмассың. 9.Ер жігіттің екі сөйлегені – 
өлгені. 10.Алпыс күн атан болғанша, алты күн бура бол.  
8-тапсырма.  Мәтінде  қарамен  терілген  есімдіктердің 
қолданысына  назар  аударып,  стильдік  мәнін  ашып  көр-
сетіңіз.  
Баяғыда, 
Базаралы 
жас 
шағында 
білетін 
осы 
Дәркембайдың  інісі  Көркембай  бар  еді.  Ол  ерте  күнде  ішкі 
жаққа, орыс ішіне жалға жүріп кеткен болатын. Базаралы кеткен 
соң,  сол  Көркембай  өлер  шағында  ылдидан,  орыс  ішінен 
Дәркембайға  сәлем  айтқан  екен.  «Көзім  тіріде  бір  көрісіп  қа-
лайық» депті. Дәркембай барып жатқанда, сол інісі қаза болып-
ты. Өлерінде жалғыз баласы мен өлмелі кемпірін «қолыңа ал!», 
«елге  алып  кет»  деген  екен.  Содан  қалған  жалғыз  бала 
Дәркембайдың  ендігі  тынысы  мен  қуаты  боп  жүр  екен.  Ол  – 
Дәрмен еді (М.Әуезов). 
9-тапсырма.  Мәтіннен  жедел  өткен  шақ  тұлғалы  етіс-
тіктерді  тауып,  олардың  жұмсалу  ерекшеліктерін  түсінді-
ріңіз. 
Құдайберген  құлаған  жоқ.  Траптың  көлденең  ағашына 
арқасы  соғылды  да  тұрып  қалды.  Ивлев  оңдап  тағы  бір  салды. 
Құдайберген сасар емес. Өз тілінде әлдене деді де, көзі қанталап 
Андрейдің кеудесін сол қолымен бүріп, оң қолын түйіп, бастан 
салып  қалды.  Балғадай  жұдырық  Ивлевті  мұрттай  ұшырды. 
Құдайберген  тіл  қатпастан  траппен  жоғары  өрлеп  кетті.  Жұрт 
күліп  жатыр.  Біреуі  Андрейдің  басына  шелектеп  су  құйып  жі-
берді. Әлі есімде, Андрей орнынан тұрған соң мені көріп, беті-
нің ұшына қан жүгіріп, көзін тайдырып әкетті... (Р.Сейсенбаев). 

10-тапсырма.  Экспрессивтілікті  білдірудің  синтак-
систік тәсілдерін атап көрсетіп,  тілдік деректер келтіре оты-
рып стильдік мәнін ашып түсіндіріңіз. 
11-тапсырма.  Берілген  сөйлемдерден  синтаксистік  си-
нонимдерді  тауып,  олардың  қолданыстағы  стильдік  мәнін  
ашып түсіндіріңіз, мысалдармен толықтырыңыз. 
Әбіш  бірдеме  айтқысы  келсе,  тек  ұйқылы-ояу  адамның 
қалпындай  ақырын  сыбырлап  айтып  та  қояды;  Абай  тағы  да 
сыбырлай сөйлеп шер толқытып кеткенде, ойда жоқта өз-өзінен 
ырғақты  бір  жолдар  құралды  (М.Әуезов).  Құз-қияны  өрмелеп, 
Ай туады дөңгелек;  Бір күні тік басуға жарадым мен, Сол сол-
ақ қияға өрлеп барамын мен (С.Мәуленов). 
 12-тапсырма.    Экспрессивті  мәндегі  сұраулы  сөйлем-
дер стильдің қандай түрінде  көбірек  жұмсалады, тілдік де-
ректер келтіріп дәлелдеңіз. 
13-тапсырма.  Мына  өлең  жолдарынан  инверсияның 
жұмсалу себептерін түсіндіріңіз. 
1.Ұшқандай боп талпынып тұла бойым, 
Соған жетпек – тек қана жалғыз ойым. 
Қызықтырмас көңілімді күлкі, ойын 
Жеткізбейді ойдағым ойласам да.    
2.Жол білмеген, жол көрмеген өңшең жас
Қасыңда жоқ жұбататын бауырлас. 
Қамыққанда туған жерді еске алып, 
Тырс-тырс тамып кететін-ді ыстық жас (Б.Күлеев).  
14-тапсырма.    Мәтіндерді  оқи  отырып,  ондағы  бірың-
ғай мүшелердің қолданысына назар аударып, көркем стиль-
дің сөз бедері тұрғысынан талдау жасаңыз. 
Гуілдейсің, күбірлейсің, 
Кейде ыза боп сарнайсың. 
 
Тербелесің, дірілдейсің, 
Кейде ұша жаздайсың (Б.Күлеев). 
Бұл  үйге  әсіресе  көктем  нұрын  енгізген  бір  жан  бар.  Ол 
Сүйіндіктің қызы – Тоғжан. Абай келгеннен бері Тоғжан үлкен 
ағасы  Асылбектің  отауынан  осы  үйге  бірнеше  рет  келіп  кетті. 
Сылдырлаған  шолпысы  әлдеқандай  былдырлаған  тілменен 
Тоғжанның  келері  мен  кетерін  паш  етеді.  Құлақтағы  әшекей 
сырғасы, бастағы кәмшат бөркі, білек толған неше білезіктері – 

баршасы  да  бұл  өңірден  Абайдың  көрмеген  бір  сәні  сияқты. 
Толықша  келген,  аппақ  жүзді,  қырлы  мұрын,  қара  көз  қыздың 
жіп-жіңішке қасы да айдай боп қиылып тұр. Қарлығаш қанаты-
ның ұшындай үп-үшкір боп, самайға қарай тартылған қасы жү-
рекке  шабар  жендеттің  жебесіндей.  Тоғжан  үйдегі  сөзге  құлақ 
салып, не күліп, не қымсына, сұлу қастары бір түйісе түсіп, бір 
жазылып толқып қояды. ...Абай көпке шейін Тоғжан жүзінен кө-
зін ала алмай, телміре қарап қалды (М.Әуезов).  
15-тапсырма.  Төмендегі  сөйлемдерден  синтаксистік-
стильдік  категория  парцелляция  тәсілін  тауып,  оның  қол-
данылу уәжін анықтаңыз. 
1.Мейірхан  бұл  үйге  Мақсұт  өлген  соң  көп  келген  жоқ. 
Қашқалақтағандай.  2.Ептеп  қоңырқай  тартқан  иесіз  дала  жеңіл 
тұманды  жамылып  сазарғандай.3.Алыстан  қарағанда,  Арқалық 
бұдыры  жоқ  жалаңаш.  Көруге  аса  көңілсіз.  4.Әйелдер  сол  түні 
таң  атқанша  шам  жағып,  ұйықтамай,  құдайдан  тілек  тіледі. 
Сыйынды,  жылады  (М.Әуезов).  Жүйрігі  үзеңгі  тістеп,  сәл  ғана 
қалыңқы келе жатқан – Ай-Шешек. Үнсіз. Ораз-Мұхамед бұры-
лып  қарай  жаздап,  қалт  бөгелді.  Жүрегі  сыздап  қоя  берді 
(М.Мағауин).  Сатылмаған  не  қалды?  Сатылып  жатыр.    Өтпелі 
кезең өкіндірмесін дейсің. Өкіндіреді. Осы мен кіммін, қай елде, 
қай  мемлекетте,  қандай  ұлт  бейнесінде  өмір  сүріп  жатырмын 
деген  сұраққа  жауап  іздейсің.  Сен  де  ойлан.  Ізден 
(Ш.Мұртаза). 
16-тапсырма. Берілген үзінділерден қосүнді сөздің қол-
данысындағы ерекшеліктерді көрсетіп, стильдік талдау жа-
саңыз. 
Мына батырды болысы түскір тағы да жылқыға жұмсады-
ау?! Тағы бір лаңға қалмасақ нетті. Төңірек біткеннің қыл құй-
рығын болыстың қорқау көмейіне тыға-тыға бұл Рысқұл бұрын 
не береке тапты? Әрең қойдырып едік, өзі де «енді жылқы алуға 
бармаспын деп серт беріп еді. Содан да болыспен екеуінің ара-
сында  сырқатты  сызат  түсіп  еді.  Мынау  не  жорық,  қақпанға 
қайта  түсті-ау,  арланым,  -  деп  Ахат  іштен  тынып  бір  күрсініп, 
Рысқұлды  жұтып  жіберген  сайдың  түбіндегі  үрейлі  қараңғы-
лыққа үңіле қарады (Ш.Мұртаза).  
Дауылбайдың  қаһары  қыстан  жаман.  Қыс  өтер,  көктем 
шығар, құстар қайтып оралар. Ал Дауылбай ше? Ол өткінші ме? 

Бұл  дүниенің  жүзінде  өткінші  емес  кім  бар  дейсің.  Бәрі  өтеді, 
Дауылбай да өтеді. Қара жер қараны да, төрені де, жарлыны да, 
байды да бірдей етеді. Бір өлмесе Ескендір Зұлқарнайын өлмес 
еді. Ол да кетті. Топырақ болды. Кім біледі, сол топырақтан бір 
байғұс  балшық  илеп,  қыш  құйған  шығар...  Ал  Дауылбай  кім 
Ескендірдің қасында (сонда).     
17-тапсырма.  Мәтін  үзінділерінен  ішкі  монологтердің 
қолданылу  уәжін, стильдік қызметін ашып көрсетіңіз. 
...Бір  болыс  о  дүниеге  кетер,  одан  бұл  дүниеде  не  өзге-
реді? Баяғы зар заман сол заман қалпында қалар. Әттең, дүниеде 
не  көп,  мен  сияқты  зорлық  көргендер  көп.  Құлақ  кесті  құл 
болып жүре бермей, бәрі де үдере көтерілер күн болар ма? Әне, 
сонда әділетсіздік артын қысар еді. Менікі не? «Бүлінгенді бөрі 
жердің» кері емес пе? 
...Жоқ  деді  ол  пішендегі  шашыратқының  қураған  көк 
гүліне қол соза беріп, «Біреуге шұқыр қазса – алдыңнан ор шы-
ғады» деген қайда? Жазығым  не? Бауыздарда лақша бақырады. 
Лақ  құрлы  болмай,  тұяқ  серіппей  кете  беру  керек  пе?  Жоқ! 
Саймасай алшаң басып, аранын ашқан дүниеде маған орын жоқ. 
Атасына нәлет! (Ш.Мұртаза). 
18-тапсырма. Төмендегі үзінділерден жай сөйлемдердің 
қолданысына,  синтаксистік  құрылымының  стильдік  сипа-
тына талдау жасаңыз. 
Сұрай-сұрай  Меккені  де  табады  дейді.  Сол  айтпақшы, 
Ахат  пен  Молдабек  сұрай-сұрай  Алматының  абақтысын  да 
тапты. Басқаны білмесе де, жұрт түрмені біледі екен. Әуелі Ахат 
пен  Молдабек  базарға  барды.  Ал  базар  –  не  сұрасаң  да  та-
былатын  жер;  Дауылбай  аттан  түсіп,  оязбен  құшақтасып,  қош-
тасқан  жерде  әлі  тұр.  Ұлықтың  құшып  тұрып  арқасынан 
қаққаны  әлін  алып  қойғандай,  орнынан  қозғалар  емес.  Шала 
мас.  Бәрі  шала.  Көңіл  ала.  Ояз  күліп  аттанса  да,  Дауылбайдың 
күдігі жанын жеулі. Әлгі Алсай сойқаны болысқа қатты сойқан 
болды.  Ояз  мәдениетті,  зиялы  кісі.  Сыпайы  мінезбен  бәрін 
жуып-шайып сыр білдірмей кетті. Ал бірақ ішінен не деп кетті. 
...Ел құлағы елу, болыстың ақ ордасын тал түсте ат ойнақтатып, 
бір  кедей  сабалап  кетіпті  деген  сыбыс  жер-жерге  жайылып 
кетсе, сол жаман. Сүйекке таңба. Масқара таңба. Қап, ит Алсай. 
Жер басып жүрсем, ендігі ісім сенімен болсын (Ш.Мұртаза).  

  
19-тапсырма.  Мәтін  үзінділеріндегі  риторикалық  сұ-
раулар  мен  лепті  сөйлемдердің  қолданысына  назар  ауда-
рыңыз,  шешендікке  тән  атрибуттарды  (тілдік  көрсеткіш-
терді) тауып көрсетіңіз. 
...Бес-ақ  мың  қолымен  жиырма  мың  жауға  қарсы  соғыс-
қанда ертауыл мыңдықтың басында кім шауып еді?...  Баба сұл-
танның басын шапқанда қасында тұрған кім еді? Бөлекей-Қоян 
сұлтан ұлы Баһадур сұлтан! 
..Хақ-Назар  ханның  қалың  қолының  алдындағы  қара 
дауыл  болған...  Ондан  сұлтанның  аруағына  кім  бас  ұрмас!? 
Ораз-Мұхамед сұлтан сол Ондан сұлтанның өзі болмаса да көзі 
емес пе?... 
  Әз-ханым:  
...Егер  Тәуекел  хан  алаш  бегін  қоңыраттан,  ұлыс  бегін 
жалайырдан қойса, бар қазақты тең тұтам деп жар салғаны емес 
пе? Бегін белге шығарып, еліне қоныс берсе, жау қолында қал-
ған барлық руға ұран шашқаны емес пе? Жетім қозы тас бауыр 
жат  болып  кетсе,  қайтесің?..  Бірақ,  балам,  өкпе  арты  өкінішке 
ұласатын  кез  бар,  наз  арты  түңіліске  ұласатын  кез  бар...  Мен 
ақылы  қысқа  әйелмін,  көсемдігімнен  емес,  көргендігімнен 
айтам... (М.Мағауин). 
20-тапсырма.  Күрделі  синтаксистік  тұтастықтың  мән-
мәтіндегі  стилистикалық    қызметін  төмендегі  үзінділер 
бойынша ашып түсіндіріңіз. 
Осының ертеңінде күн райы өзгеше бұзылып, қыс ызғары 
біліне  бастады.  Шыңғыстан  аса  соғатын  қатты  жел  бар. 
Көктемде  бұл  жел  игілік  желі.  Қарды  қағып,  бөктер  мен  шиді 
қарайтып  кететін  жел.  Қыстыгүні  де  Шыңғыс  желі  шаруаның 
досы.    ...Бөктерде  қиыршық  тастарды  ұшырып  соғатын  қара 
жел.  Шыңғыстың  қара  желі  өзге  уақыттың  бәрінде  жақсы 
болғанмен, күздігүні жайсыз-ақ. Күнді суытып, аспанды сұрлан-
тып келеді. Суық жел киіз үйде отырған ауылдарды тегіс бүріс-
тірді.  Шыңғыстың  бөктері  мен  қойнауындағы  ауылдар  бұл  уа-
қытта  қыстауларына  қонып,  күн  райын  бағып  отыр  еді.  Бүгін 
сол  елдің  бәрі  де  киіз  үйлерін  жығып,  жүктерін  қораға  тасып, 
жылы  үйлеріне  қауырт  кіріп  жатқан.  Көпшілік  осы  қарбаласта 

болса, Құнанбайдың Қарашоқыдағы ауылы, ас берген ауылдай, 
өз әлегімен өзі ұйқы-тұйқы боп жатыр (М.Әуезов). 
  
 
V. ТІЛДІҢ БЕЙНЕЛЕУІШ-КӨРКЕМДЕУІШ ҚҰРАЛДАРЫ 
 
1-тапсырма. Төмендегі мәтіннен жазушы тіліндегі бей-
нелі  сөз  қолдану  тәсілдерін  анықтап,  стилистикалық  мәне-
ріне талдау жасаңыз. Сөз образдылығы категориясы тұрғы-
сынан түсінік беріңіз.  
Жаз ортасының қоңыр кеші. Ұлы таудың бөктерінде кеш-
тің  қоңыр  салқын  желі  еседі.  Күн  батып,  ымырт  жабылып  ба-
рады.  Күнбатысты  қалың  қара  бұлт  басқан,  айналада  күңгірт 
тартқан  төбелер  қоңырқай  тартып,  түн  тыныштығына  қарай 
бойсұнған сияқты. Сондай жүдеп сарылған төбелердің арасымен 
үш салт атты келе жатыр еді. Бұлардың беті – қалың таудың іші. 
Күнбатыста  алыста  жауын  бар  еді.  Сол  алыста  күн  күркіреп 
жатты.  Анда-санда  көкжиектің  тұсында  күн  жарқылдап  тұр. 
Бұлт  қалың,  жарқылдағы  күшті  еді.  Қарабарқын  тартып  қараң-
ғылана бастаған аспанда түксиген қатал қабақ, құлазып жүдеген 
иесіздік білінгендей. Үлкен жарықтың өшер алдында бір сөніп, 
бір  жанып  өтіп  жанғанындай,  күнбатыста  жарқ  еткен  нажағай 
жарығымен  күңгірт  даланы  әлденеге  үміттендіріп  тұрған 
сияқты. Тау бөктеріндегі қоңыр жел ақырындап бұралып соғып, 
салбыраған  шерлі  күйді  қозғағандай  болады.  Табиғат  салқын 
түсте  болса  да,  сұлу  тілді  сүйгендей,  іздегендей  еді.  Мәңгі 
мұңлы-шермен  үзіліп-үзіліп  соққан  желмен  бірге  жүректі 
ақырын-ақырын шымшығандай еді. Сол кезде иесіздікте жүдеу 
тартып,  ұйқыға  батып  бара  жатқан  даланы  әнші  жігіттің  зар-
мұңлы  даусы  ұзақ  толқынды  ырғағымен  тербеткендей  болды. 
Ән салқын түсті табиғат ортасында желікті қызықты еске түсір-
мей, ұлы бір сабырды еске түсіргендей...  (М.Әуезов). 
2-тапсырма.  Тілдің  бейнелі  құралдарының  (троптар 
мен стилистикалық айшықтаулардың) көркемдік-эстетика-
лық қызметіне жалпы сипаттама беріңіз. М.Әуезовтің «Абай 
жолы»  романынан  өрнекті  сөз  үлгілеріне  мысалдар  тауып, 
стильдік жұмсалу ерекшеліктеріне талдау жасаңыз. 

3-тапсырма.  Автор  баяндауындағы  теңеулерді  тауып, 
қандай мақсатта жұмсалып тұрғандығын ашып көрсетіңіз. 
...Қызыл  Жебеге  қонған  Рысқұлдың  сирек  жылжитын 
қаһарлы қара сұр өңінен нұр төгіліп, көздері шоқ шашып, әруақ 
қуып  арқасы  қозған    бақсыдай,    айбыны  асқақтап  шыға  келді. 
Астындағы  жүйрік  те  буырқанған  бұла  күшті  сезгендей,  ауыз-
дықты  қарш-қарш  шайнап,    тізгінді  сүзе  шірене  тартылған  са-
дақтың адырнасынан ұшатын жебедей лыпып тұр еді. 
Ал  енді  әкесінің  Қызыл  Жебеге  мініп  отырғандағы  кел-
бетін  көріп  Тұрардың  төбесі  көкке  жеткендей,  аспандағы  жұл-
дызды қолмен ұстап тұрғандай   болды.  Қызыл  тұлпардың үс-
тіне   құрыш қыран қонғандай әдемі сурет жас баланың жанын 
әлдилейді... (Ш.Мұртаза).  
4-тапсырма.  Төмендегі  өлең  жолдарына  назар  аудара 
отырып,  сөз-образ,  сөздің    бейнелілік  қасиеті,  эстетикалық 
мәні дегенге түсінік беріңіз.  
Дүниенің ағын да, қарасын да,  
Мыңқ етпейсің, қабылдап аласың да.  
Қарасымен шамаң жоқ таласуға,  
Ей, өмірім, зымырап барасың ба?  
Жер мен көктің желпініп арасында  
Желігесің, түсесің қара суға.  
Құйын қуған қаңбақтай аласұра,  
Ей, өмірім, зымырап барасың ба?  
Мен отырмын теңіздің жағасында  
Бересім де жоқ оған, аласым да.  
Мені тастап, толқындар, ағасың ба?  
Толқынданып, өмірім, барасың ба?  
Шаң шығарып ізінен құйындаған,  
Барасың ба, өмірім, қиындаған?  
Сыйын  маған! 
Ей, өмір, сыйын маған,  
Сыйыңды алам мен сенің бұйырмаған   (М.Мақатаев). 
5-тапсырма.  Мәтіндерден  ақынның  поэтикалық  образ 
жасауда  қандай  тың  әдеби-көркемдік  тәсілдерді  қолданға-
нын анықтап, олардың стилистикалық сипатына, сөздік құ-
рамына  талдау жүргізіңіз.  
 

 Мен – қарақұстан туған қалықпан,  
 Сөйлер сөзге жалықпан.  
 Көп ортаға алғандай,  
 Көп соңыма түскендей,  
 Көптің несін алыппын?  
 Тыңдай отыр, әлеумет,  
 Мен әлде де көптен анықпын.  
 Мен – атайы жүйрік баласы,  
 Алты  үдірім  жер  шаптырсаң  да 
жалықпан! 
   
 
  Айналайын Ақ Жайық,   
  Ат салмай өтер күн қайда?  
  Еңсесі биік боз орда,  
  Еңкеймей кірер күн қайда?  
  Қара бұланның терісін  
  Етік қылар күн қайда?  
  Күдеріден бау тағып,  
  Сауыт киер күн қайда?  
  Күмбір-күмбір кісінетіп,  
  Күреңді  мінер  күн  қайда?      
(Махамбет).  
6-тапсырма.  Жазушы  қолданысындағы  көріктеу  құ-
ралдарынан  эпитеттердің  стильдік  қызметін  ашып  көр-
сетіңіз.  
Байқасам,  есік  алдында  екі  жолаушы  тұр.  Бірі  –  кірпік-
шешеннің  инесіндей  тікірейтіп  шаш  қойған,  қалқан  құлақ  қара 
жігіт, ал екіншісі – тым жүдеу, жақ еті суалған, сонысына қара-
мастан  осы  Арқа  әйелдерінің  салтын  сақтап  көк  жаулық,  оның 
үстінен  қақырайтып  шаршы  тартқан  егде  адам.  Бет-әлпетіне 
қарағанда  ұзақ  уақыт  төсек  тартқан,  мол  сырқаты  бар  жанға 
ұқсайды.  Қалтыраған  қолымен  кірпі  шаш  жігітті  демеу  етіп, 
зорға жылжиды (С.Шаймерденов).  
Көк сілемік мұнар басқан ашық күн. Тақтайдай ұлан-қиыр 
жазық  дала.  Аңызақты  аптап  шілденің  жуан  ортасы  болса  да, 
дүние  реңкі  көгілдір,  нәрлі  жер  бояуын  әлі  бермеген.  Ойпаңы 
мен  биік-биік  қыраты,  жүлге-жүлге  таулары  жоқ  осындай 
көгілжім жазықтарда көк жиегі де алыстап кететін болса керек, 
тым  қиян  шалғайдан  көз  ұшына  ілігіп,  сағыммен  ойнап,  бел-
деулене көтерілетін үйірім-үйірім, бұлың-бұлың, шоқ-шоқ ағаш-
тар  бейне  теңізде  жүзген  ғажайып  та  жұмбақ  алып  кемелерге 
ұқсап көпке дейін толқып, баяу жылжып жақындайды да, айна-
лып  артқа  түсіп  алыстаған  сайын  әлгі  бір  ойнақы  кейпіне  тез 
ауысып, тағы да бұлыңдап, тағы да толқып сала береді (Сонда).  
7-тапсырма.  Ақын  тіліне  тән  метафоралық  қолданыс-
тарды  тауып,  поэтикалық  сөз  өрнегін  дамытудағы  қыз-
метіне тоқталыңыз. 
Ғашық жыры – тіршіліктің көкейкесті өлеңі. 
Ешбір геометриямен  

Өлшенбейді көлемі. 
Ғашық болу келсе кімнің қолынан, 
Әлем соған сенеді. 
Құлай сүю – ерлікпен тең себебі! 
.............................................................. 
Махаббат ол – қос жүректің әні ғой 
Өзіне сай дауыс керек әр әнге. 
...Ал махаббат – тауысылмайтын әңгіме! (М.Шаханов).            
8-тапсырма.  Мәтіннен  жазушы  стиліне  тән  ерекше-
лікті ашып көрсетіңіз. Мысқыл, кекесін мәнінде жұмсалған 
сөз қолданыстарына назар аударыңыз. 
Байжан мен Сейіт үйге кіріп келгенде, құдыққа үймелеген 
қойға ұқсап, бастарын төмен салып жіберіп, арқалары ғана бүл-
кілдеген он шақты адам астау толы етті жәукемдесіп жатыр еді. 
Жуан мұрты майға малшынып, екі ұрты кезек бұлтылдап, кезек 
жылтырап  Омар  аша  майдай  жаяның  сүйегін  сүйреп,  табақтан 
сытылып шыға берді де: 

 
Байжеке,  жоғары  шық,  Қожекең  табағына  кел!  –деп 
өз орнын ұсынды (С.Шаймерденов).  
9-тапсырма.  Берілген  сөйлемдерден  дыбыстық  қайта-
лаулардың  (ассонанс,  аллитерацияның)  қандай  көркемдік-
экспрессивтік  мәнде жұмсалып тұрғандығын анықтап, тал-
дау жасаңыз. 
Шелегімді,  шәйнегімді  тастай  бердім  де  әйелдің  қасына 
келдім;  Жарқын  жүзді,  жайдары  мінезді,  балажан  Әмина 
балалар үшін өз шешелерін ұмыттырғандай шеше еді; Тоғыз ай, 
тоғыз  күн  азап  түрмесінде  отырғанда  оның  көңілі  бір  рет 
босаған  емес-ті;  Жаралы  жүрек  ұйып  қана,  төмен  тартып  бара 
жатыр;  Ашық  жүз,  ақ  жарқын  көнілден  асар  құрмет  болады 
деймісің? – деп  Еркебұлан көзін әйелге қарай аудара беріп еді, 
өзінің  көзіне  шақырая  қадалған  қитардың  бір  көзін  көрді; 
Ауызға  ас  құйылатының,  қолына  қол  тиетінін  көптен  сезінетін 
едім, - депті жауынгер (Ғ.Мүсірепов). 
 
 
 
 

10-тапсырма.  Төмендегі  мәтін    үзінділерінен  қайталау 
тәсілдерінің  (анафора,  эпифораның)  стильдік  қолданысына  
назар аударыңыз, өрнекті сөз үлгілеріне талдау жасаңыз. 
Үлкен адам болу үшін ғаламда, 
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда, 
Үлкен болып қалу үшін ғаламда, 
Үлкен арман керек екен адамға!  (М.Шаханов). 
Сол кеште, Әнетке қарай беттеген Базаралы ат үстінде ән 
салып  келе  жатқан  Балбаланың  сымбатты,  сұңғақ  бойына, 
қыпша беліне тамашалай қарайды. 
Сол кеште, Керімбала мен Оралбай қосылып ән сәндейді. 
Өзі әнші болмаса да, әнді барынша сүйетін, Керімбаланың ағасы 
Әкімқожа қатар келе жатып, қос әншіге жол бойы ән салғызады. 
Сол кеште, жарық айлы, сырқұмар кеште, көп жолдастың 
қоршауында келе жатып, Әмір мен Үмітей саз қосады. 
Сол  кеште,  үлкен  өнер,  әсерлі  әнмен  қоштасар  кеште, 
отауда  қалған  Біржан  мен  Абай  мәжілісінде  тағы  Әйгерім  ән 
шырқап отыр (М.Әуезов). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ 
    
1.Лингвистикалық стилистика дегеніміз –  
А. Сөзді дұрыс қолдану қағидалары 
В. Сөзді әсерлі жұмсау тәсілдері 
С. Лексикалық бірліктердің жұмсалу ерекшеліктері     
D. Мәнерлеп сөйлеу нормасы      
Е. Тілдік құралдардың қолданылу заңдылықтары, экспрессивтік 
тұрғыдан дұрыс пайдалану принциптері 
 
2.Cтилистиканы  ғылым  саласы  ретінде  қарастыру  қай 
ғасырдан басталады? 
А. XX ғ.басы   В. XVII ғ.   С. XIХ ғ.    D. XX ғ. аяғы   Е. XXI ғ. 
 
3.Функционалды  стильдердің  жіктелуіне  ықпал  етуші 
сыртқы факторлар: 
А. Паралингвистикалық 
В. Коммуникативтік 
С. Экстралингвистикалық, прагматикалық   
D. Прагматикалық  
Е. Дискурстық 
 
4. Қазақ тілі стилистикасы пәнінің мазмұнын: 
А. Стилистикалық байлықты құрайтын тілдік құралдар, олардың 
стилистикалық мағына-бояулары, функционалды стильдер  
В. Морфологиялық тұлғалардың стильдік сапасы    
С Мәнерлі тәсілдердің қолданысы  
D. Тілдік құралдардың көркемдік қызметі 
Е. Функционалды стильдердің ерекшеліктері – құрайды. 
 
5.Стильдің  4  түрлі  қасиетін  сипаттап,  өзіндік  ой-тұжырым 
жасаған автор: 
А. Сыздық Р.     В. Серғалиев М.       С. Ысқақов А.          
D. Исаев С.        Е. Жанпейісов Е.         
 
 
 

6.  Қазақ  тілі  стилистикасы  қандай  ғылыми  курстармен 
тығыз байланысты? 
А. Мәтін лингвистикасымен     
В. Көркем мәтін және сөз мәдениетімен         
С.  Көркем мәтінді лингвистикалық талдаумен          
D.  Қазақ  әдеби  тілінің  тарихы,  сөз  мәдениеті,  көркем  мәтінді 
лингвистикалық талдаумен       
Е. Шешендіктанумен  
     
7. Дәлдік, нақтылық, логикалық сипатқа ие стиль: 
А. Кітаби стиль      
В. Ғылыми стиль          
С. Көркем әдеби стилі        
D.  Ауызекі сөйлеу стилі                    
Е. Публицистикалық стиль 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет