Мақсаты: Ақпараттық жүйелердің негізгі қасиеттерін қарастыру. Дəріс жоспары «Ақпараттық жүйелердің негіздері»



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата07.01.2022
өлшемі227,61 Kb.
#20203
1   2   3   4   5   6
Атқарымдық ықпалдасу бір-біріне қатыссыз («автоматтау 

аралдары» сияқты, мысалы, 70-ші жəне 80-ші жылдардағы өндірістік 

кəсіпорындарда) бұрын автономды жұмыс істеген жүйелерді, 

барлық атқарымдарға, бөлімше мен объекті, кəсіпорын немесе ме- 

кеме қызметтеріне қызмет көрсететін, бірыңғай ықпалдасқан АЖ- 

ге біріктірумен байланысты болып отыр. Осындай көзқарас, ішкі 

жүйелердің өзара іс-қимылын жəне тұтастай алғанда АЖ құруды 

жүзеге асыратын қолданбалы бағдарламалар кешендерінің ар- 

хитектурасы мен құрылымына жаңа көзқарасты айқындап берді. 

Кəсіпорын немесе ұйымдар қызметінің жаңа сапасын (мысалы, 

нарық талаптарына тез əрекет ету жəне өндірісті тиісінше қайта 

құру тұрғысында) қамтамасыз ете отырып, атқарымдық ықпалдасу 

АЖ күрделіленуін күрт арттыруға əкеледі. АЖ-ның күрделіленуінің 

арта түсуі, өз негізінде, қолданбалы бағдарламалар мен мəліметтер 

қорларын жобалау, əзірлеу əдістері мен құралдарына қосымша та- 

лаптар қояды. 




Қазіргі АЖ-нің екінші маңызды ерекшелігі – бөлінген мəлі- 

меттерді өңдеу, атқарымдық ықпалдасумен байланысты. 

Бірыңғай АЖ-ге ықпалдасатын функциялар мен ішкі жүйелер, 

бір-бірінен аумақтық алыс тұруы мүмкін кəсіпорын бөлімшелерінде 

орналасқан, гетерогендік (грекше. heterogenes – əртекті) бағдар- 

ламалық-ақпараттық платформаларда жүзеге асырылуы мүмкін. 

Компьютерлердің сыныптары мен типтеріндегі, операциялық 

жүйелердегі, мəліметтер қорларын басқару жүйелеріндегі (МҚБЖ) 

жəне өзге де жүйелік бағдарламалардағы айырмашылық, я осы 

платформалардың шешілетін есептер сыныптарының талаптарына 

сəйкес келу керектігінен, я осыған дейін пайдаланылған техникалық 

жəне бағдарламалық құралдарды пайдалану қажеттілігінен болады. 

Осындай гетерогендік платфор малардың сипатты мысалы – бұл 

кəсіпорынның жергілікті немесе корпоративтік желісі арқылы бай- 

ланысатын пайдаланушылардың автоматтандырылған жұмыс орын- 

дарынан (дербес компьютерлерден немесе жұмыс стансаларынан) 

жəне серверлердің (қосымшалар серверлері, мəліметтер қорлары 

серверлері, файлдық серверлер жəне т.б.) жиынтықтарынан тұратын, 

«клиент-сервер» архитектурасымен бөліктелген ақпараттар өңдеу 

кешендері. 

Осындай бөліктеліп ықпалдасқан АЖ-ні жобалай отырып, 

жүйелік ықпалдастырушы (интегратор), əртүрлі операциялық 

жүйелер қолдайтын қосымшалардың өзара əрекетін қамтамасыз 

етуге мүмкіндік беретін шешімді табуы тиіс. Бұл ретте, бөліктелген 

өңдеу ортасы қызметімен желілік бағдарламалық қамтамасыз етуді 

жүзеге асыратын, аралық қабаттың (қосымшалар мен операциялық 

жүйелер арасындағы) бағдарламалық қамтамасыз етуі пайдаланы- 

луы тиіс. Осындай гетерогендік ортада бірлесіп жұмыс жасауға 

арналған қолданбалы бағдарламалар, қызметтер интерфейстеріне 

жəне осы ортаның қызметтеріне сəйкес келетін бағдарламалық ин- 

терфейстерге ие болуы тиіс. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет