Мақсаты: Халқымыздың бойына ғасырлап сіңген ұлттық мінез, ұлттық тәрбие, жақсы дәстүрімізді жаңғыртып, ұлағатты қасиеттерді сіңіріп, үлгі өнеге алуға, шыншылдыққа баулып



бет1/4
Дата19.04.2023
өлшемі1,45 Mb.
#84105
түріСценарий
  1   2   3   4

Халықаралық әйелдер күніне арналған мектепішілік
«Сырлы жеңге, сұлу қыз» атты сайыстың сценарийі
Мақсаты: Халқымыздың бойына ғасырлап сіңген ұлттық мінез, ұлттық тәрбие, жақсы дәстүрімізді жаңғыртып, ұлағатты қасиеттерді сіңіріп, үлгі - өнеге алуға, шыншылдыққа баулып, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу және жеңге мен қайынсіңлі арасындағы қарым - қатынасты нығайту.
Көрнекілік:Зал іші мерекеге сай безендірілген. Әсем музыка ойналып тұрады.
Өтетін уақыты: 6-наурыз 2018 жыл
Барысы:
Арнау
1-жүргізуші:
Мерейлі сәт мерекеге ұласып,
Сегізінші наурыз келді қыр асып.
Қыз- келіншек, нәзік жандар мейрамы-
Көктемімнің шапағатын тұр шашып.
2-жүргізуші:
Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,
Мерекеден шуақты бір із қалды.
Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,
Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!
1-жүргізуші:
Дүниеде ең кемеңгер дананы,
Өмір сыйлап, аялайды бағады.
Сол үшінде құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті – ананы
2-жүргізуші:
8 Наурыз 2018 жыл көктемі,
Қыстың кетті аязының өктемі.
Мерекеңіз құтты болсын ханымдар,
Күндей болып жарқыраңдар көктегі!
1- жүргізуші:
Құтты болсын аналардың мейрамы!
Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары!
Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,
Бақыт берсін әр көктемнің айлары!
2- жүргізуші:
8 Наурыз қуанышқа бөлесін!
Әкелсінші жаздың жылы елесін!
Отбасыңыз аман болып әрқашан
8 Наурызға жете бергін келесі!


1-Жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстаз-аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар-өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен, ару қыздармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де сіздерге арналады.
Бүгінгі көктемнәң алғашқы мерекесі Аналар мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған жоғарғы сынып қыздары мен жеңгелері арасындағы «Сырлы жеңге, сұлу қыз» атты сайысқа қош келдіңіздер!
2-Жүргізуші:  Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Халық арасында «Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев былай деген: «Шығыс халықтары арасында, жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қадірлейтін халықтың бірі де, бірегейі де біздің қазақ» деген.
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің,аналардың,қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет