Мақсаты: Оқушылардың математика, қазақ тілі пәндері бойынша білім сапасындағы олқылықтарды жою. Оқушылардың білім деңгейін білім берудің мемлекеттік стандартының талаптарына көтеру. Міндеттері



Дата09.10.2022
өлшемі14,23 Kb.
#42064
түріБағдарламасы

Ақпарлама №1
2021-2022оқу жылындағы білім алушылардың өткен оқу жылдарындағы біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру және оқу жылына арналған оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарының меңгерілуін қамтамасыз ету бойынша 3 «Ә» сыныбында математика және қазақ тілі пәндердің жұмыс жоспары жасақталды.
Мақсаты:
1.Оқушылардың математика, қазақ тілі пәндері бойынша білім сапасындағы олқылықтарды жою.
2. Оқушылардың білім деңгейін білім берудің мемлекеттік стандартының талаптарына көтеру.
Міндеттері: оқушылардың қабілеттерін және бейімділігін дамытуға, білім мазмұнының табысты игеру мақсатында білім беру үдерісінде барынша қолайлы жағдайлар жасау.Саралап оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесінде оқушылардың білім сапасын арттыру.
Аталған мақсатқа жету үшін жоспар бойынша сабақтан тыс уақытта оқушылармен жұмыс жүргіздім.
Қыркүйек және қазан айларында математика пәнінен «Көбейту және бөлу амалдарын шығару», «Теңдеу құру және шығару» ,қазақ тілі пәнінен «Дауысты дыбыс түрлерін ажырату», «Дауыссыз дыбыс иүрлерін ажырату» сияқты тақырыптар бойынша қосымша сабақтар өткіздім.
Оқушылар қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді темптегі өз бетінше жұмысты құрайды. Сондықтан оқушылар жұмыстың техникасы мен әдістемесін жоғарғы деңгейде, білімді өз бетімен толықтыру арқылы меңгеруі қажет. Бұл жүйеде мен оқушының жұмыстарын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескердім.
Тақырып бойынша тапсырмалар орындаттым.Меңгере алмай қалған сұрақтарымыз бойынша әңгімелестік.
Үлгерімі төмен оқушыларға өткен мате риал мен өткізілетін материалдың арасындағы сабақтастықты білдіруге баса назар аудардым,қосымша тапсырмалар бердім .Тапсырмалар орындау барысында оқушылар қиыншылықтарға тап болды.Алдағы уақытта сол қиыншылықтармен жұмыс жасау үшін тапсырманы үлгерімі төмен оқушыларға жеңілдетуім керек екенін білдім
Сынып жетекшісі: Ф.Маширова

3 «Ә» сынып


Ақпарлама №2

Қараша және желтоқсан айларында математикадан «Логикалық есептер шығару», «Есептер құрастыру және шығару» ,қазақ тілден «Сөз және оның мағынасы», «Сөз құрамы» тақырыптары бойынша қосымша сабақ өткіздім.Сабақ мақсаттары оқу бағдарламасының оқыту мақсаттары бойынша құрастырылды.


Жұмыс барысында үлгерімі төмен оқушылардың жеке пәндер бойынша біліміндегі олқылықтар анықталып,жүргізілетін жұмыстарды соларға орай жасақтадым.Жеке жұмыстардың мақсаты ең алдымен баланың білімді саналы меңгеруі ,ойлау қабілетін дамыту.Оның алған практикада қолдану дағдыларын дамыту.Оқушылардың үйдегі оқу жұмысы олардың сабақтағы білімдерімен байланысты.
Орын алған олқылықты жою мақстаында бірнеше тапсырмалар берілді.Оқушылар бар ынтасымен орындады.
Қосымша сабақтарды ұйымдастыру кезінде үлгілік оқу бағдарламалары бойынша алдыңғы тоқсанда қарастырылған келесі тақырыптарды қайталауға және бекітуге ерекше назар аудардым. «Математика» пәні: Сандармен амалдар орындау. Шамалар және олардың өлшем бірліктері. Санды және әріпті өрнектер. Есептер және математикалық модель; «Қазақ тілі»пәні: Сөз және оның мағынасы ,Сөз құрамы,Түбір мен қосымша;
Сонымен, оқу процесінің басты міндеттерінің бірі болып табылатын оқушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру жұмысы жүйелі түрде және оқу жылы бойы жүргізілуі керек.

Сынып жетекшісі: Ф.Маширова




3 «Ә» сынып

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет