Жоспар І кіріспе



бет1/2
Дата06.11.2022
өлшемі30,01 Kb.
#47890
  1   2
Байланысты:
Жоспар


Жоспар
І Кіріспе
1. Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны, бағыттары.
2. Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері.
3. Адамгершілік тәрбиесінің әдістері
4. Ы.Алтынсарин, әл-Фараби, т.б. ұлы адамдар мен педагогтардың адамгершілік тәрбиесі туралы ойлары..
ІІ Қорытынды

Кіріспе
Қазақ халқы ертеден адамгершілікті, мейірімділікті, қайырымдылықты, жоғары бағалай білген.Отбасында баланы кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеуді мақсат еткен.
Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі оның тәртібі мен іс — әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген. Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді.
Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді.
Өзін ғана ойлаған —
Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған –
Адамдықтың белгісі,-
деген ұлағатты жолдардың терең түсінігі бар. Өйткені, адам баласына адамдықтың белгісі Ал, адамгершілік дегеніміз не? Мұның жауабы, әрине, адам бойындағы асыл қасиеттерді айтамыз. Демек, асыл қасиетіміз – еңбек сүйгіштік, достық, әдептілік, көмек беру, қоғамға қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін, жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни, адам бойында осы қасиеттер жоғары тұрса, ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ.адамгершіліктен қалыптасады.
1. Адамгершілік тәрбиесі дегенiмiз - адамнын моральдық қасиеттерiн белгiлi бiр мақсатқа бағыттап калыптастыру . Адамгершiлiк сезiмдердi тәрбиелеу аркылы моральдык тусiнiктердiң , әдеттердi нез - құлық себептерiнiң қалыптасуы бiрлесiп жузеге асады және мектепке дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесін камтамасыз етеді .
Адамгершілік тәрбиесінің қүрамды бөлігі - ұлтжандылық, ұлтжандылық, отаншылдық (патриоттың) қасиеттер.
Патриоттық сезім және ұлттық құндылықтарды құрметтеу арқылы Отанға деген сүйіспеншілік артып, оның қуатты, тәуелді болуы үшін жауапкершілікті сезіну пайда болады.
"Патриот" деген сөз, гректің раігів - отан деген сөзі, ең біріншііІ рет 1789-1793 жылдары Француз төңкерісі кезінде қолда-м ылды. Монархияғақарсы күресіп революцияны қорғаушылар-дІ.ІІ Іатриоттар деп атады. В.И. Даль сөздігінде: Патриот -отанын с үіоіпі, оның ңуатын арттырушы, отаншыл - деп жазылса, басқа сөздікте "патриот-отанын сүюші, өз халқына берілген, ол үшін жанын ңиып, отан қорғау үшін ерлік көрсететін адам" - делінген. Философия сөздігіндегі "патриотизм - Отанды сүю, оған берілгендік, оның өткені мен болашағы үшін мақтаныш, Отан мүддесін қорғауға ұмтылу". Педагогикадағыанықтамасы: адамгершілік сапа, Отанға берілуді қажетсіну, оны сүю және адалдық көрсету, оның даңқын сезіну, рухани байланысын сезіну, ар-намысын қорғау, қуаты мен тәуелсіздігіне іс жүзінде үлес қосу.
Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті ұлтаралық экономикалық және рухани байланыстардан көрінеді. Адам басқа ұлт өкілдерін құрметтейді, оның тіліне, ұлттық әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүрлеріне тіл тигізбейді.
Патриотизм ұғымына енетіндер:
- адамның туған жерін сүйіп, өз халқының тілін құрметтеуі, Отанының мүддесін қорғау, азаматтың көрсетуі және Отанға адалдықты сақтау;
- елінің әлеуметтік және мәдени салаларда жеткен жетістіктеріне мақтану;
- оның ар-намысын, еркіндігі мен тәуелсіздігін қорғау;
- өткен тарихын, халқының әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін құрметтеу, Отан игілігі үшін еңбек ету.
Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мазмұнына енетіндер:
- әр түрлі елдердің және ұлттардың халқын құрметтеу;
- басқа халықтардың тілін, әдет-ғұрыптарын және салт-дәс-түрлерін сыйлау;
- басқа халықтардың рухани өмірі мен мәдениетіндегі жетіс-тіктерге оң баға беру;
- олармен жақсы қарым-қатынаста болу.
Патриотизм мен ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үшін істелетін тәрбие жұмыстары.
Бұл аса аяулы сезімдерді балалардың бойына ұялата білудің жолдары көп болғанымен, төрт саласына тоқталсаң.
- Халқымыз баланың жақсы, жаман болуы оның жаратылысынан деген қағиданы келтірді. Шындығында бала әке, шешесінің бір-біріне деген таза сезімінен жаралуы, ана құрсағында ортаның, үлкендердің, қоғамның ықпалында дамып жетілуі, ана бауырында уызына тойып, ана сөзінің үніне бағынып өсуі, жаратылысының дұрыстығы.
• Баланың ата-анасымен, өскен ортасымен ана тілінде қарым-қатынасқа түсуі.
• Бала өзінің әке-шешесі, ата-бабасы өсіп-өнген жерінде өсуі, туған-тұрған жерінің қадір-қасиетін, табиғат сырын терең ұғынып, болашақты жалғастыратын ұрпақ екендігін сезініп өсуі, өз өлкесінің суын, нуын қастерлей білуі, ұғынуы.
• Баланың туған халқының елдік, ұлттық тарихын білуі, оның ашы-тұщы кезеңдеріне мән беріп өсуі.
Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың асыл, абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл-парасатына азық ету үшін, әрбір тәрбиелі ұстаз, халық педагогикасын, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білуі қажет. Жетілген мінез-құлық үш нерсенің - жүректің, ақылдық және қолдық бірлігі мен келісімі. Бала өз жүрегін тыңдауға үйренсе, жүрегінің айтқанын істейтін болса, өмірден өз орнын табады. Адам баласының өмір тәжірибесінде қалыптасқан үлкендерге құрмет көрсету ізеті өшпес дәстүрге айналған. Қорыта келе, адамгершілік тәрбиесін мына сызбадағы құрамды бөліктерден көруге болады:
2. Адамгершiлiк тәрбиесiнiң мiндеттерi Адамгерiмiлiк тәрбиесiнiң жалпы мiндетi мектеп жасына дейiнгi балалардың мінез - құлқы мен тәртiбiн , адамгершiлiк сезiмi мен сана нышандарын , адамгершілік сезiмi мен мiнез - құлқын қалыптастыру болып табылады . Адамгершiлiк сезiм адамгершiлiк тусiнiктердi менгерудiң негiзiнде туып , балалардың іс - әрекетi мен мiнез - құлқынан , тәртiбiнен керiнiс табады . Адамгершілік тәрбиесiнiң мiндетiн жузеге асыру барысында баланың бойында ендi дами бастаған адамгершiлiк сезiмдерiн пайдалана отырып , улкендi сыйлауға , мәдени мiнез - кұлықтың қарапайым ережелерiн , әдетi мен дағдыларын моральдык саналарын , мінез - құлықтарын , езін және өзгелердi әдiл багалай білу қабілетін дамытып , карапайым да курделi сезiмдер мен карым - қатынастар калыптастыруға ықпал ете білуге үйрету кезделедi . Баланын алгашкы адамгершiлiк тусiнiктерiн ангарым , мiнез - кұлқы мен тәртiбiн калыптастыруда мектепке дейiнгi шак - ен жауапты кезең . Балалар үй iшiндегi жакындарымен қарым - қатынасында , оку - тәрбие iсiнде , тiкелей емір тәжiрибесiнде ненiн жаксы , ненiн жаман екенін байқайды , жақсы мен жаманға улкендер тарапынан берілген бағаны менгереді
Психология ғылымы да баланың айналадағы болмысты дұрыс түсiнуi мектеп жасына дейін қалыптасатынын , олар ез айналасындағы адамдардың көзқарасы мен талпынысынан , мұраттарынан жастайынан - ак улгi алатынын дәлелдедi . Бiрак бул өзгерістердің бәрі де өзінен - өзi немесе жүйкенің туа біткен зандылык күші аркылы емес , әдейi максат кездеп уйымдастырылган оку - тәрбие устiнде iске асады .
Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің нақты мiндеттерi :
1 ) балалардың үй - ішіне , жакындарына , кұрбы - достарына , жалпы адамдарга Отанга деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу ;
2 ) адамгершiлiк ережелеріне сай балалардың мінез - құлқын , ұйымдаскан тәртібін , мәдениеттілігін , жақсы адетi мен дағдысын калыптастыру :
3 ) балалардың адамгершілік тусiнiктерi мен касиеттерiн тәрбиелеу
3. Адамгершілік тәрбиесінің әдістері:
Сипаттау , талдау , ой қорыту .
Мектеп жасына дейiнгi балалардың даму ерекшелiгiн ескере отырып , Мектепке дейінгі педагогика томендегi әдiстердi белгiлейдi:

  1. тәрбиеші мен ата - ананын үлгiсi , кунделiктi өмiрден улгi - мысалдар келтіру.

  2. 2 ) балаларга жақсы мiнез - кұлык пен адамгершiлiк ережелерін уйрету . соған сай балалардын iс - әрекеттерiн ұйымдастыру ;

  3. 3 ) сендіру , түсіндіру ;

  4. 4 ) малактау , кіналау , айыптау , жазалау .

  5. бағалау .

Үлгi ету адамгершілік тәрбиесiнiн негiзгi әдiсi . Тәрбиеші мен ата ананың улгісі адамгершілікке тәрбиелеудiн әдiсi ретiнде баска әдістермен ананы бірлікте рөл аткарады . Үлгінің тәрбиелiк күшi баланың елiктегiштiгiне негізделеді . Әсіресе мектеп жасына дейінгі балаларға улгi ерекше сенiмдi ыкпал етеді , өйткенi олар өзін қоршаған құбылыстарға , адамдардың iс - әрекетіне сын көзбен Қарауды бiлмейдi . Адамгершілікке тәрбиелеудiң тиiмдi әдiсi ретiнде улгi етудi колдана білу бала ойынынын нақтылығы мен көрнекiлiгiне сүйенеді . Үлгiге еліктеу балалардың белсендi iс - әрекетін тудырады , ал iс - әрекет адамгершілік, тартiп нормаларын меңгерудiн негiзi . Балалар көбінесе ата - анасы мен тәрбиешiлерiне , жаксы көретін, құрметтейтін адамдарга , бiр - бiрiне еліктейдi . Тәрбиешi оларды саналы еліктеуге тиіс. Мектеп жасына дейiнгi балаларды адамгершілікке тәрбиелеудiң негізгі әдістері- адамның адамгершілік қасиеттері мiнез - құлқы , тәртібі туралы , балалардың мiнез - кұлқына , мәдениетіне , тәртібінде қойылатын талаптар туралы түсінік беру , үлгі ету , түсіндіру , сендіру , мадақтау және кінәлау , жаттығу және көндіру . Бул әдістердің бәрі де бiр - бiрiмен үйлестіріле байланыстырып, баланың өрескел қылығының түрiне , себебiне , жеке ерекшелiгiне сай қолданылады
4. Адамгершілік тәрбиесі жастардың қоғамға, отбасына, еңсе, білімге, Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді.
Адам - ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті.
Мәдениет жоғары адам айналасындағылармен қарапайым қарым-қатынаста болады.
Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымы, примңиптері, мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдеңдіреді. Оқушылар оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналады.
Адамгершілік қатынастар моральдық нормалармен өлшенеді.
Моральдың негізгі міндеті - адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу.
Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың моральдық сенімдерін, жағымды мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады.
Адамгершілік тәрбиесінің теориялық мәселелері өл-Фараби, Ыбырай, Абай, т.б. еңбектерінде кеңінен қолданыс тапқан.
Әл-Фараби "Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нерсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін орынсыз шашпай, кез келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады" деген.
Абай адамгершілік, әдептік нормалары жайында көптеген пікірлер қалдырды.
Оның бірінші қоятын талабы - мораль жағынан ұстамды, таза болу, сыпайы мінезді, жақсы құлықты, әділетшіл, шыншыл болу. Әдепсіз, арсыз, байлаусыз, сұрамсаң, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді сияқты жаман мінездер мен әдеттерден, жарамсыз қылықтардан сақтанып, өзін одан жоғары санап, ондай қылықтарды бойына лайықсыз көрсе ғана, адам парасатты болады . Абайдың қоятын екінші талабы - тұрақтылық, "Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегеніне тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын" дейді.
Үшінші талабы - әділетшілдік. Әлеуметтік міндеті - дүниені белсене құрушы адамның бірі болып, халқы, Отаны үшін қызмет істеуі.
Ақын мейірімділік қасиетке терең мән береді (төртінші қара сөзі) .
Осы жетістіктер аясында жас ұрпақта Отанын сүюге, ол үшін аянбай қызмет етуге тәрбиелеу - әр педагогтың басты міндеттерінің бірі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет