№1 Әдістемелік куәлік
Бөлім: Сурет салу
Білім беру саласы: Шығармашылық
Дидактикалық ойынның атауы: « Көгалдағы әдемі гүлдер гүл ашты»
Мақсаты: Түстерді ажырата білуге үйрету , түс бойынша таңдап алу іскерлігін қалыптастыру.
Құрал – жабдықтары: Жылы , суық түсті геометриялық пішіндер
Ойын шарты: Балалар тәрбиеші нұсқауы бойынша жылы түстер мен суық түстерден гүлдер бейнесін береді.
№2 Әдістемелік куәлік
Бөлім: Сурет салу
Білім беру саласы: Шығармашылық
Дидактикалық ойынның атауы: «Ғажайып кілемше »
Мақсаты: Түрлі сызықтар мен ою-өрнектердің жалғасын есте сақтау
Құрал – жабдықтары: қатты мата немесе бірнеше бөлікке бөлінген және кемпірқосақтың барлық түстерімен боялған картонның рулоны, моншақтар, таяқшалар, қарындаштар, өрнектер, қалдық материалдар.
Ойын шарты: Бала кілемді ашып, тәрбиеші көмегімен алғашқы бөліктеріне ою-өрнектерін салады.Бұдан соң кілем бойымен өрнектерді атай отырып
жылжиды. Баяу әуен ойнайды. Балалар түрлі-түсті қалдық материалдар мен таяқшалары бар дорбалар таратылады. Олар кілемге шеңбер құра отырып, өздерінің жанына бұл моншақтар мен таяқшалардан кішкене дөңгелек түріндегі өрнектер қояды.
№3 Әдістемелік куәлік
Бөлім: Сурет салу
Білім беру саласы: Шығармашылық
Достарыңызбен бөлісу: |