«Құмаш Нұрғалиев атындағы гимназиясы» кмм жас ұрпақты қҰндылықтар арқылы тәрбиелеу: ізденіс, ТӘжірибе, НӘтиже



Дата11.12.2023
өлшемі13,16 Kb.
#136912

«Құмаш Нұрғалиев атындағы гимназиясы» КММ
ЖАС ҰРПАҚТЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАР АРҚЫЛЫ ТӘРБИЕЛЕУ: ІЗДЕНІС, ТӘЖІРИБЕ, НӘТИЖЕ
Болатов Арман Мұратханұлы, директордың уақытша міндетін атқарушы
Аннотация

Қай заманда, қай тарихи кезеңде болмасын ұлттық тәрбие мен құндылықтарға аса мән берілгені баршамызға мәлім. Бүгінгі қоғамда да тәрбие туралы сұрақтар түйінді мәселелердің бірі ретінде шыңдалады, өзгереді, дамиды. Халық даналығында: «Бір баланы адам етіп өсіргенше, бір шаһар апат болады» деген сөз бар. Қазіргі жаһандану заманында құндылықтар жүйесінің алатын орны айрықша. Өйткені рухани-адамгершілік құндылық – адамзаттың жан-дүние қасиеттерінің өлшемі болып табылады. Оның жетістікке ұмтылуы, басқаларға жанашырлық білдіруі, айналадағы адамдарға қайырымдылығы, дұрыс өмір сүру жайында ізденуі, өзін-өзі бағалап, сол арқылы әлемді тануы. Ал осы адами құндылықтарды білуде, тануда балаларымызға дұрыс бағыт-бағдар беру баршамыздың міндетіміз болып жүктеледі. Құндылықтар негізінде білім беру барлық тараптардың: мектеп, отбасы, қоғамдық орталардың қатысуымен кешенді түрде ұйымдастырылуы керек деп ойлаймын. Сондықтанда осы жобаны қолға алдым. Іс-әрекет барысында балалардың аудиал, визуал, кинестетикалық қырларын ашатын жобалардың жұмысы мен нәтижесі көрсетіледі. Соңында алдағы жоспарланған жобалар таныстырылады. Қазіргі қоғам жан-жақты үйлесімді жетілген жаңа ұрпақты тәрбиелеуді талап етеді. Жасөспірімдердің жасын, жас ерекшелігін, психикалық үрдістерін ескере отырып рухани-адамгершілік құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу - бас мақсат! Сондықтанда баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, адамгершілік сынды құнды қасиеттерін сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеу келешек қоғамды тәрбиелеу деп білемін. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени, ғылыми өрісін озық етіп тәрбиелеу – біздің отанымыз алдындағы борышымыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет