Масс-Спектроскопия (масс-спектрометрия, масс-спектрлік талдау) — затты оның құрамына кіретін атомдар мен молекулалардыңмассаларын және бұлардың санын анықтау жолымен зерттеу әдісі. Массалар мәндерінің жиынтығы және бұлардың салыстырмалы құрамы масс-спектр деп аталады. Масс- Спектроскопияда m массасының е зарядқа қатынастарының шамасы әр түрлі иондарды вакуумда электр және магнит өрістерінің әсері арқылы бөлуде қолданылады.
Алғашқы масс-спектрлерді Ұлыбританияда1910 ж.Дж. Дж. Томсон кейін 1919 ж.Ф.Астон алды. Осының нәтижесінде тұрақты изотоптар ашылды. Масс-спектроскопияны алғашқы кезде, көбіне элементтердің изотоптық құрамын анықтау . Массаларды дәлірек өлшеу үшін қолданылды. Масс –с пектроскопия осы кезге дейін ядро мен атом массалары жайында мәліметтер алудың негізгі әдістерінің бірі. Изотоптық талдау әдісі ретінде Масс-спектроскопияның жоғары дәлдігі мен сезгіштігі оны элементтердің изотоптық құрамын білу аса қажетті болатын басқа салаларда, ең алдымен ядр. Энергетикада қолдануға мүмкіндік туғызды. Геология және геохимияда бір қатар элементтердің (Pb, Ar, т.б.) изотоптық құрамын масс-спектрлік өлшеу тау жыныстары мен түзілістерінің жасын анықтау әдістерінің негізіне алынған. М.-с. Көмегімен Жердің , Шолпанның , Марстың жоғ. атмосфера қабаттарының бейтарап және иондық құрамына өлшеу жүргізілген (осы сияқты өлшеулерді басқа планеталардың атмосфера құрамына жүргізуге болады). М.-с. әдісінің абс. сезгіштігінің өте жоғары болуы оны заттың өте аз мөлшеріне (~10–13 г) талдау жасау үшін пайдалануға мүмкіндік береді.
Аvance-III500 (Bruker, Германия) ЯМР-спектрометрі (2008ж.)жоғары айырымды спектрлерді алуды қамтамассыз етеді. Спектрометр, жиіліктерді сандық генерациялау, сигналдарды басқару және тіркеу, тестілеудің автоматты үдерістері сияқты жоғары автоматтандырылған үрдістермен жабдықталған. Құрал бір және көп өлшемді спектрлерді, көп ядролы корреляцияларды құрауға, химиялық реакциялардың кинетикасын зерттейтін техникалық сипаттамаларға сай.
реакция өнімдерін реакцияға түскен заттардан айырудың ерекше әдісі;
жылдамдық константасы 10 с-1 до 103 с-1 реакцияларды зертте
ЯМР-спектрометрінің техникалық сипаттамасы
Магниттік өрістің кернеулігі 11,7
Жұмыс істеу жиілігі
1Н 500 МГц
Әр түрлі датчиктер +
Диапазон жиілігі13С тен 31Р (125МГц ÷ 202МГц) 1H, 13С,31Pжәне т.б.
ЯМР-спектроскопия зертханасы
Зертхана органикалық, биоорганикалық және кейбір металл қосылыстарының негізінде сұйық және қатты заттардың химиялық құрамын, құрылымын, кеңістіктегі құрылысын анықтауға арналған 4 датчикпен, жаңа бағдарламалық-техникалық құралдармен жасақталған Bruker (Германия) компаниясы шығарған заманауи Avance-III 500 ядролық-магниттік резонанстық спектрометрімен жабдықталған және аттестаталған. ЯМР-спектрометр метрологиялық сертификаттаудан өткізілген
ЯМР-спектрометрінің мүмкіндікері:
көп компонентті жуйелерді және дара қосылыстарды сандық және сапалық талдау;