Математика пәнінің мұғалімі: Манав Раягуль



бет1/3
Дата07.01.2022
өлшемі1,56 Mb.
#19611
  1   2   3

  • Жоспары:
  • І.Кіріспе бөлім
  • 1. Дидактикалық ойынға анықтама
  • ІІ. Негізгі бөлім
  • Ойын-пәнге қызығушылықты арттырудың тиімді жолы
  • Дидактикалық ойындардың мақсаты мен міндеттері
  • Құрылымы
  • Сапалылығы
  • Түрлері және қолданылуы, теориясы
  • Даму деңгейлері
  • Бала ойынында педагогтың рөлі
  • ІІІ. Қорытынды бөлім
  • Дидактикалық ойынның маңызы
  • І.Кіріспе бөлім
  • Ойын адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Ойын өмірде өте ерте жастан басталып, адамның кәсіпті толық меңгергенінше жалғасады. Ал оқыту процесінде жаңа технологияның маңызды бөлігі б.т. Адамның ойын әрекетерінің формалары мен әдістері және мазмұны қарапайым сылдырмақтар мен қозғалыстар жасаудан, бірте-бірте фантастикалық шындық деңгейіндегі видеокомпьютерлік ойынға дейін ауысады.
  • Орыс ғалымы, дәрігер, педагог К.А.Покровский «ойын-күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы.Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады»-деген. Ойын баланы қимылға, әрекетке, денешынықтыруға төселдіреді. Сол арқылы өмір күресіне, еңбекке баулиды. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ. Ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.
  • Математикалық ойын дегеніміз-тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе,ақыл- ой жетекшісі.
  • Ойын 2 немесе одан да көп адамдардан құрылатын топтардың өз мүдделерін іске асыру үшін күрес жүргізу процесі. Әрбір топтың өз мақсаты, стратегиясы болады.
  • Педагогика саласында пайдаланатын ойындарды - дидактикалық ойындар дейді.
  • ІІ. Негізгі бөлім
  • Дидактикалық ойындар баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі,сабаққа эмоциялық бояу береді.
  • Ойынның мақсаты: Баланы пәнге қызықтыру, логикалық ойлауын дамыту.
  • Таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау, алған білімді тексеру, қызығушылығын ояту,белсенділігін арттыру.
  • Міндеті: 1) Танымдық: баланың тану, іздену әрекетін дамыту.
  • 2) Тәрбиелік: айналасымен қарым-қатынас жасауға, қажетті дағдыны,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру
  • Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді:
  • 1) Балалардың іс-әрекетіне ойын түрлерімен оқуды байланыстыру,біртіндеп қызықты жеңіл ойындардан ойын-тапсырмалар арқылы берілген оқу-тәрбие мәселелеріне көшу.
  • 2) Шарты мен міндеттерін біртіндеп күрделенуі.
  • 3) Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің күшеюі.
  • 4) Оқу-тәрбие мақсаттарының бірлігі
  • Дидактикалық ойындардың сапалылығы:
  • Олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажеті материалдарды алдын-ала дайындап алуына, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруына
  • байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет