Мазмҧны кіріспе


Тайыр  Жомартбаев  (1984-1937)



Pdf көрінісі
бет51/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   144
Тайыр  Жомартбаев  (1984-1937).  Абай  елінде  туып,  Абай  ӛлеңдерімен 
ерте  танысып,  Абай  ӛнегесінен  үлгі  алып  ӛскен.  Жастайынан  Абай 
поэзиясына  сусындап,  “болмасаң  да  ұқсап  бақ”  үлгісімен  еліктеп  ӛлең  жаза 
бастаған.  Есейе  келе  қазақтың  басқада  ақын-жазушыларының,  орыс 
классиктерінің шығармаларын оқып-үйренеді. “Ғалия” медресесінде оқыған. 
1912  жылы  Семейдегі  “Жәрдем”  баспасынан  “Балаларға  жеміс”  жинағы, 
“Қыз кӛрелік” ұзақ әңгімесі басылып шығады. 
“Балаларға  жеміс”  жинағының  басты  тақырыбы  –  оқу-білімге,  ӛнер-
ғылымға  шақыру.  Оның  ӛлеңдерінің  кӛбі  тікелей  балаларға  арналып 
жазылып, онда оқудың мәнін түсіндіру басым болып келеді. Ӛлеңдерінің кӛбі 
(“Мектеп  ішінде”,  “Мектепке  шақыру”,  “Балаларға  насихат”,  “Балаларға 
ӛнеге”) Ы.Алтынсарин шығармаларымен үндесіп жатады. “Иждиһатты бала”, 
“Жалқау  бала”  ӛлеңдерінде  балалардың  ӛз  ӛмірінен  ала  отырып, 
салыстырмалы  образдар  арқылы  жақсы  мен  жаман  айырмашылығын  ӛте 
әсерлі бере біледі. Ол Л.Толстойдың балалар тақырыбына жазған ӛлеңдерін 
де аударған. 
Т.Жомартбаевтың “Қыз кӛрелік” атты ұзақ әңгімесі бар. Басты кейіпкер – 
Ғайникамалды білімді, оқыған  жан  ретінде бейнелеп,  сол  арқылы  жастарды 
оқу-білімге үндейді.  Кӛзі  ашық Ғайникамалдың ӛз құрбыларын қараңғылық 
торын  бұзуға,  оқу  мен  ӛнерге  шақыруы  арқылы  жазушы  ескілікке,  қалың 
малға  қарсы  күресте  басты  қару  оқу-білім  екендігін  дәлелдеуге  тырысады. 
Бұл ұзақ әңгіменің ӛзіне тән кӛркемдік-эстетикалық жетістіктері баршылық. 
Соның  бірі  –  фантастикалық  шығармаларға  тән  құбылыстардың  араласып 
келуі.  Бірақ  шығармада  ӛмірдің  нақты  шындығы  кӛп  кӛрініс  таппайды. 
Толғақты  мәселені  кӛтере  білгенімен,  шығарманың  ӛнбойында  схематизмге 
бой ұру кӛрініс береді. Образ жасау мен характер ашуда да автор үстірттікке 
ұрынған.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет