Мазмҧны кіріспе


Ақын лирикасындағы ой-таным



жүктеу 2.17 Mb.
Pdf просмотр
бет12/27
Дата29.12.2016
өлшемі2.17 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27

Ақын лирикасындағы ой-таным 
 
Шәкәрім  –  ең  алдымен  ойшыл  ақын.  Қазақ  поэзиясындағы  толғаныстан 
нәр алған ой-танымды биік деңгейге кӛтерген Шәкәрім екені шындық. Бірақ 
ақын бірден осы бағытқа түсті, осыны таңдады деу қате болар еді. Поэзияны 
ӛмірдің тамыр соғысы десек, оның от кӛрігі  – сезім, сезім болғанда жастық 
сезім.  Кеудені  дүрсілдеткен,  жүректі  үлпілдеткен  “осы  құрғыр”  кімнің  де 
болса  кӛкейінде  жатқанды  сыртқа  шығарады.  Табиғатынан  ақын  боп 
жаралған  жан  оны  іші  мен  сыр-ты  үндесе  тӛгілген  кӛрікті  де  келісті  жырға 
айналдырып  жібереді.  Шәкәрім  де  осы  сезімнен  бастаған.  Құнанбайдың 
қызық қуған, қыз қуған ерке немересі жастық буымен жүргенде одан басқа не 
жазуы мүмкін. 
 
Жаудырап кӛзі, 
Тамшылап сӛзі 
Жібектей шашын тараса, 
Қалмайды халің, 
Шығады жаның 
Қиғаштап кӛзбен қараса. 
Бұл дүниеде қыз қызық, 
Боз балада ой бұзық. 
 
Міне, бұл – жастықтағы ыстық сезімнің суынбас сұлу суреті. “Аһ, дүние, 
дүние!  Ақылға  сонда  кім  ие”  деп,  естен  танар  сәт.  Шәкәрім  оны  ешбір 
қоспасыз,  сезім  келіп  жүрекке  тұнып  қалған,  бүкіл  сана,  ақыл-ес  соның  от-
жалынына  күйіп-жанған  сәтті  әрі  дәл,  әрі  мейлінше  әсерлі  суреттейді. 
Шәкәрім  шығармашылығы  кең  жайылмай  тұрған  кездің  ӛзінде  “Совет 
жастарының”  бұл  ӛлеңді  жатқа  оқуы  –  ақынның  жастықтың  уыз  табиғатын 
үлбіретіп жеткізуінен болса керек.  
Жастықты  мас  кӛңілдің  астамшылығымен  Шәкәрімнің  осы  бір  тұста 
даналық қазынасы – қариялықты түкке алғысыз етіп тастаған тұсы да бар: 
 
Жастықтан қызық іс болмас, 
Кәрі де ақыл, күш болмас… 
Қызусыз тәнің, 
Сезімсіз жаның – 
Болады кәрілік белгісі. 
Оны да сезбей, 
Үмітін үзбей, 
Келмейді шалдың ӛлгісі. 
Алпыстан әрі бармаңдар

151 
 
Байқамай шал боп қалмаңдар! 
 
“Сап-сап кӛңіл”, сабырдың иесі Абай бұған 
 
Мен жазбаймын ӛлеңді ермек үшін, 
Жоқты-барды, ертегі термек үшін, 
Кӛкірегі сезімді тілі орамды, 
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін, – 
 
деп  басталатын  ӛлеңінде  ескерту  жасап,  жастық  буымен  ойы  аспан-кӛкті 
шарлап жүрген албырт ақынның асқақ сезімін сабырға шақырып, арлы ӛлең 
жазуға ақыл береді: 
 
Сӛз айттым “Әзірет, Әлі айдаһар” сыз, 
Мұнда жоқ “алтын иек, сара-ала қыз”. 
Кәрілікті жамандап, ӛлім тілеп, 
Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз… 
Ӛлеңі бар, ӛнерлі інім сізге 
Жалынамын мұндай сӛз айтпа бізге. 
Ӛзге түгіл ӛзіңе пайдасы жоқ, 
Есіл ӛнер қор болып кетер түзге. 
Сәнқой, даңқой, ойнасшы, керім-кербез, 
Қанша қызық болады ӛзіңізге. 
 
Міне,  бұл  –  Абай  мектебі!  Данышпан  ұстаз  ақын  інінің  ӛнер  жолын 
бағдарлап,  асылын  танып,  жасығын  осылайша  сынап  отырған.  Шәкәрімнің 
ақын  ретіндегі  бақыты  да  осы  емес  пе?!  Ақынның  аға  ақылын  тез  алып, 
жылтырақ пен жарқыраққа әуес бола бермей, сезімнің шынайы сырын ашуға 
ұмтылуын ӛз бойындағы табиғат сыйлаған дарынды тереңнен танып, ӛнердің 
шынайы  құдіретін  ұғынуынан  деп  білеміз.  Ол  ұстаз  ұстанған  ұлы  мақсатты 
айқын  аңғарып,  ағаның  жан-дүниесін  ӛзіндей  тани  білді.  Сондықтан  да 
ойлары  үндес  шығып,  сырлары  бір  бірлік  бойынан  табылып  жатады. 
Абайдың кӛзі тірісінде жазылған “Жастарға” атты ӛлеңінде ол: 
 
Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық, 
Арам айла, зорлықсыз мал табалық, 
Ӛшпес ӛмір, таусылмас мал берерлік, 
Бір білімді данышпан жан табалық. 
 
Ал енді олай болса кімді алалық? 
Қазақта қай жақсы бар кӛз саларлық? 

152 
 
Шын іздесек, табармыз шыны ғалым, 
Күнде күйлей бермелік бозбалалық. 
 
Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық! 
Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық! 
Жүз айтқанмен, ӛзгенің бәрі надан, 
Жалыналық Абайға жүр баралық, – 
 
деп, ұстаз ұлылығын танып, жастарды Абай тӛңірегіне топтастырып, данадан 
тәлім  алуға  үндесе,  кейінгі  ӛлеңдерінде  ұстаз  болмысымен  тіпті  үндесіп, 
оның рухын терең ұғынғандығын дәлелдей түседі. 
 
Кім жалғыз, дүниеде есті жалғыз
Болмаған соң мұңдасар бір сыңары. 
Жалтақтап жалғыз Абай ӛткен жоқ па?! 
Табылды ма қазақтан соның пары? 
 
Бұл “бұл қазақтан мұңдасар жан таппаған” Абай рухымен астасу емей, не? 
Ұстаз жанын таныса, Шәкәрімдей танысын! 
ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап  күрт  алға  басқан  ағартушылық 
ой-сананың  ӛрістеуі  Абай  арқылы  қазақ  поэзиясына  азаматтық  ой-
толғанысты  әкелген  болатын.  Шәкәрім  де  ұлы  ұстаз  ұстанған  осы  бағытты 
дамытты.  Азаматтық  поэзияға  тән  биік  асқақтық,  ӛмір  құбылысына  терең 
үңілген  таным-толғам  Шәкәрім  ӛлеңдерінің  басты  идеялық  тұғырына 
айналды.  Ақынның  шынайы  азаматтық  болмысын,  ақындық  сенім  кӛзін 
айқындайтын  басты  тақырыптар  –  қоршаған  орта,  табиғат  әлемі,  тартысты 
қоғам,  қоғамдағы  адам,  оның  болмысындағы  қадір-қасиет,  адамгершілік 
қағидалары және мінез-құлық, тәрбие негізі. Шәкәрім үшін нағыз адам деген 
атқа лайық жандар – ең биік идеал. “Ескіден қалған сӛз теріп” ӛлеңінде осы 
нақты кӛрініс тапқан: 
 
Жүрегі таза адамдар, 
Зұлымдықтан амандар, 
Қиянатсыз надандар 
Әулиеден кем емес.  
 
Сондықтан  да  жалпы  адамзатқа  тән  асыл  қасиеттер  адалдық  пен  әділдік, 
білімділік  пен  еңбекқорлық,  парасаттылық  пен  зиялылық  мәселелерін 
жырлауға  келгенде  Шәкәрімге  жетер  ақын  жоқ.  Осынау  ізгі  қасиеттердің 
маңызын  ашып,  және  оған  терең  мән  бере  отырып,  ақын  айналасындағы 
адамдар  бойындағы  қасиетсіздікке  жирене  қарайды.  Ӛмірден  кӛргені  мен 

153 
 
одан  түйгенін  ӛлең  арқылы  оқырман  мен  тыңдарманға  ақтарып  салады. 
“Насихат” ӛлеңінде ақын:  
 
Адалдық жолы болар заман бар ма, 
Жем болдық шын жексұрын надандарға.  
Адастың деп отырмын айғай салып, 
Бар тапқаным сол болды, амал бар ма… – 
 
деп  күйінеді.  Ол  надандық  торлаған  қазақ  даласына  адалдық  келіп,  әділет 
жолбасшы болар  күнді  армандайды.  Бұл  арадағы ақын  арманы  ащы ӛксікке 
толы,  үнінде  зарлылық  басым.  Ол  осынау  надандықтың  түп  тамыры 
адамдардың  бойындағы  сауатсыздық  пен  қараңғылықта,  жалқаулық  пен 
бойкүйездікте  жатқанын  жақсы  біледі.  Шәкәрімнің  сыршыл  поэзия  арқылы 
адамдық  болмысты  тануға  ұмтылған  азаматтық  ірі  мақсатының  бірі  – 
ұлтының  бойына  бәле  болып  жабысқан  осы  бір  жағымсыз  қасиеттерден 
арылту.  “Үйретуден  жалықпау”  қағидасын  ұстанған  Абайды  дана  ұстаз 
таныған  Шәкәрім  ұлы  ақын  ұсынған  адамды  адамдыққа  тәрбиелеу  атты 
жанды идеяны одан әрі дамытты. Данышпан Абай: 
 
Болмашы кекшіл, 
Болсайшы кӛпшіл. 
Жан аямай кәсіп қыл! – 
 
деп  нақыл  айтса,  Шәкәрім  де  ұлтқа  қызмет  етуді  адам  баласының  ең  басты 
міндеті, қасиетті парызы санайды.  
 
Адамдық борышың, 
Халқыңа еңбек қыл. 
Ақ жолдан айнымай, 
Ар сақта, оны біл. 
 
Мұнда ол ӛзінің ӛмірлік тәжірибесін алға тартады. Шәкәрім ӛлеңдеріндегі 
азаматтық  тұлғаның  болмысын  айыратын  кӛрсеткіште  осыған  тығыз 
байланысты.  Яғни  ұлт  алдындағы  борыш  ұғымы  алдыңғы  қатарға  шығып, 
азаматтың халқына сіңірген еңбегіне қарай бағалануы. Ал ӛмірде адам болып 
қалу үшін, адамгершілікті жоғалтпау үшін не қажет?! Адамның адам болып 
қалуы  –  әлемдегі  сӛз  ӛнерін  қадір  тұтқан  бұрынғы-соңғы  бар  суреткерді 
толғандырған киелі мәселе. Замананың заңғар жазушысы Шыңғыс Айтматов 
бұл  сұрақты  ХХ  ғасыр  биігінен  адамзат  алдына  қоя  білді.  “Қашан  адам  қа-
лады адам болып?! Соғыста да сол сұрау, бейбіт күнде де сол сұрау!” деген 
ұлы  толғаныс  адам  ӛнер  атты  ұлы  үрдісті  жанына  арқау  еткелі  бері  “күн 

154 
 
тәртібінен”  бір  түскен  емес.  Бұл  сұрақ  қазақтың  ұлы  ақындары  Абай  мен 
Шәкәрімді  де  ӛмірді  сӛзбен  ӛрнектеген  суреткер  ретінде  толғандырмай 
қоймасы  хаһ.  “Адам  деген  даңқым  бар,  Адам  қылмас  халқым”  бар  күңі-
ренген Абай ұйықтаған ойды түртпек ниетпен адамның адам болып қалуын 
кӛздеп, талай даналықты алға жайып салды. Ұлы ақынның адам болып қалу 
үшін ұсынған бес қағидасын:  
 
Ӛсек, ӛтірік, мақтаншақ, 
Еріншек, бекер мал шашпақ – 
Бес дұшпаның білсеңіз. 
Талап, еңбек, терең ой, 
Қанағат, рақым, ойлап қой – 
Бес асыл іс кӛнсеңіз. 
 
Шәкәрім “Талап пен ақыл” ӛлеңінде сегізге жеткізеді: 
 
Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жан, 
Анық тӛмен болмай ма хайуаннан. 
Ынсап, рахым, ар, ұят табылмаса, 
Ӛлген артық дүниені былғаған. 
 
Шәкәрім  ӛлеңді,  ақындық  ӛнерді  “даналық  бесігі”,  “ақылдың  кені” 
санайды. Арманы “қазақты ӛрге сүйреп ӛлу” болған ақын ӛрге сүйреудің ең 
озық құралы – ӛлең, оның “ар түзейтін” ұлы қасиеті деп біледі. Ал сол ӛлеңді 
жаратушыны,  яғни  ақынды  туған  халқымен  тұтасып  кеткен  ұлы  тұлға 
таниды. 
Шәкәрім  Абайдағы  ӛнер-ғылымға  үндеудің  арнасын  отаршылдықтың 
езгісіндегі  ұлтының  бостандығы  жолындағы  күреске  бұруға  ұмтылып,  ол 
жолдағы 
ел 
мен 
ер 
бірлігінің 
атқарар 
міндетін 
айқындауды 
шығармашылығының  негізгі  ӛзегіне  айналдырады.  Жаңа  ізденістерге  бет 
бұрады.  Осы  бетбұрыстан  кейінгі  ӛз  шығармаларына  азаттық  ойды  арқау 
еткен  Ахмет,  Міржақыптарға  ой  салған  алғашқы  идеялардың  кӛрінісі  бой 
кӛрсетеді.  Әрине,  Мәшһүр  Жүсіп,  Шәкәрім  шығармалары  тікелей 
азатшылдық  күресті  меңземегенмен,  осы  ойдың  ӛміршең  болуына,  ӛзінен 
кейінгілердің  шығармашылығынан  мол  орын  алуына  септігі  аз  болған  жоқ. 
Азаттық ойдың, ұлт-азаттық идеяның орнығуына үлкен әсер етті. “Қош” атты 
ӛлеңінде: 
 
Мен қайғы жедім ғой
Қапы ӛтті дедім ғой. 
Қазағым, қам ойлан, 

155 
 
Сен де адам едің ғой, – 
 
дейді  Шәкәрім.  Бұдан  біз  ел-жұрт  қамын  ойлаған  тұлғаның  халқына 
қайырылуын кӛреміз. Мұнда үмітсіздіктен гӛрі сенім басым. Туған халқының 
бойындағы ұлы күштің бұлқынысына сенеді ақын, сол сеніміне үмітті серік 
етеді. Тұлғаның толығарына, елінің оянарына ақын үлкен сеніммен қарайды. 
Шәкәрімнің  азаматтық  лирикаларындағы  бір  арна  –  ӛскен  орта  –  қазақ 
қоғамы.  Шәкәрім  ӛзі  ӛмір  сүрген  дәуірдің  кертартпа  кесір-кесапатын  кӛре 
білді.  Оның  қаншалықты  зиянды  екенін  сезіне  де  білді.  Ӛз  ортасынан  озып 
туған  тұлға  ретінде  әлгі  кесапаттан  құтылудың  емін  іздеді.  Сол  ой  ақын 
жанын  жегідей  жеп,  жүрегінің  тереңінен  шыққан  кемел  ойларын 
шығармашылық  толғанысқа  айналдырды.  Ақын  жүрегін,  ең  алдымен,  ел 
пысықтары,  залым  билеушілер,  атқа  мінерлер  шошындырды.  Оларға  тән 
мінез-құлық  ақынға  ӛте  таныс  болатын.  Сондықтан  да  ақын  “Партия  қуған 
ӛңкей қырт” ӛлеңінде оларды:  
 
Партия қуған ӛңкей қырт, 
Жазылмайтын ол қылқұрт. 
Мен тартам ел қайғысын, 
Әкімі – залым, биі – әңгірт, – 
 
деп дәл сипаттайды. 
Шәкәрім  шығармашылығының  дені  –  ӛлеңмен  жазылған  дүниелер. 
Ӛйткені Шәкәрім – ең алдымен ақын. Ақын болғанда, алдыңғыны дамытқан, 
кейінгіге  үлгі  болған  ақын.  Әдебиеттегі  жаңашылдық  пен  дәстүр 
ұғымдарының  нақты  белгісін  осы  Шәкәрім  шығармашылығынан  кӛреміз. 
Дәстүр дегеніміз М.Әуезовтің сӛзімен айтқанда: “…мағынасына характер де, 
түр де, оқу мен ӛсу де, дами түсіп ӛзгеру де, мазмұн мен сыртқы сипат кӛрік-
күй мәселесі – бәрі де кіретін нәрсе”. 
Бұл  тұрғыдан  келгенде  Шәкәрімнің  Абайдың  інісі  ғана  емес,  дарынды 
шәкірті екендігін, ұлы ақын дәстүрін ӛзіне тән ӛрнегімен әрлеп алға апарушы 
екендігін  алғаш  айтып,  ғылыми  тұжырым  берген  Мұхтар  Әуезов  болды. 
Шынында Абай мен Шәкәрім арасындағы шығармашылық байланыс аса те-
рең.  Ол  –  құрғақ  еліктеушілік  емес,  бірін-бірі  толықтырған  ӛнерге 
тамырластық. 
Шәкәрімнің  шын  мәніндегі  ақындық  болмысы  оның  ӛмір  шындығын 
нақты,  әрі  бейнелі  суреттеуге  ұмтылғандығынан  кӛрініс  табады.  Ӛз 
ортасынан ойып алған оқиғалармен, сол ортадан тапқан кейіпкерлерін бүкіл 
қоғамға  тән  типтік  бейне  дәрежесіне  кӛтеріп,  кӛркем  образ  жасай  білген 
Шәкәрім  шеберлігіне тәнті болмау мүмкін емес. 
 

156 
 
Ойласам, сол тышқандай бұзықтар кӛп, 
Сырты сопы, іші арам қылықтар кӛп. 
Пара алып, не қазынаның ақшасын жеп
Адалымсып жүретін ұлықтар кӛп...  
Бір ұрты май, бір ұрты қандар да бар, 
Қой терісін жамылған жандар да бар. 
Жазасыздан жазалап атақ алып, 
Ақ жүрексіп жүретін паңдар да бар… 
 
“Епті  тышқан  бидайды  таси  берген”  деп  басталатын  осы  мысал  ӛлеңде 
пернелеу  арқылы  жеткізген  ақын  кейіпкерінің  шынайы  иесі  кім  екені 
бесенеден  белгілі.  Бұл  –  қоғамдағы  ілгершіл  ой  пікірге  тұсау  болар,  кері 
кеткен,  кесірлі  жандардың  нақты  бейнесі.  Олардың  іс-әрекетін  кӛрсету 
арқылы  ақын  одан  жирендіре  отырып,  оқырманды  адамдық  ұлы  мақсатқа 
жетелейді.  
Осы  сарындас  ӛлеңдер  тобына  “Ашу  мен  ынсап”,  “Шаруа  мен  ысырап”, 
“Анық пен танық”, “Ер қоспақ пен сӛз сӛйлемек”, “Дүние мен ӛмір”, “Мақтау 
мен  сӛгіс”,  “Міндеу  мен  күндеу”  тәрізді  шығармалары  жатады.  Мұндағы 
мақсат  айқын,  міндет  анық.  Ақын  ӛмірлік  топшылауын  алға  тартып,  оны 
ӛлеңнің құдіреті арқылы оқырман жүрегіне жеткізуге тырысады. Жеке адам 
бойындағы кемшілік, қоғамдағы жалпы құбылыспен астасып кетеді. Осыдан 
келіп,  Шәкәрім  шығармасындағы  жеке  тұлғадан  бүкіл  қоғамдағы 
ӛзгерістерге тән типтік образ жасалады. 
Шәкәрім ұстанған сыншылдықтың басты міндеті - ӛмір шындығын нақты 
кӛрсете  отырып,  салмақты  әлеуметтік  ой  айту,  ӛмір  құбылыстарын,  заман 
мен  қоғам  шындығын  шынайы  бейнелеу  арқылы  оқырман  мен  тыңдарман 
ойын ояту болса керек.  
Шәкәрім  –  айналасындағы  болып  жатқан  қоғамдық-әлеуметтік  ӛзгерістер 
мен жаңғыруларға үнемі үн қосып ӛзгелерге жӛн сілтеп, жол басшы болған 
кісі. Ол ақын ретінде де, қазақ қоғамының белгілі қайраткері ретінде де ӛмір 
кӛшінің  алдында  жүріп,  замана  желінің  қайда  соғарын  тап  басып  танып 
отырған.  Керек  кезінде  қазақ  жұртшылығын  бұйығы  тұрмыс-тіршіліктен 
оятуға  ұмтылған  ақын,  ұлы  ӛзгерістер  тұсында  ӛзгеше  түлеп  шыға  келеді. 
Сӛйтіп  “Бостандық  таңы  атты”,  “Бостандық  туы  жарқырап”  деген  топтама 
ӛлеңдер тобын жазады. Онда ақын алдыңғы ӛмірден үлкен үміт күтеді.  
 
Бостандық таңы атты қазағым кӛріңдер, 
Арға ие басшының соңынан еріңдер, 
Таң артынан хақихат күн шығады, 
Еріншек, жалқаулық әдеттен безіңдер. 
 

157 
 
Ӛлеңнің ӛн бойынан ақынның болашаққа деген сенімі есіп тұр. Бірақ ол – 
құрғақ  қиял  емес,  шынайы  сенім.  Осы  тұста  Шәкәрім  поэзиясына  тән 
азаматтық  сарын  тағы  алға  шығады.  Тағы  да  тұлға  мен  халық  бейнесі 
сабақтаса ӛріледі. Халық сонда ғана бостандыққа қол жеткізеді, егер “Арға ие 
басшыны”  таба  білсе.  Ақынның  лирикалық  кейіпкері  болашақ  ӛмірді  сол 
“арға ие басшылармен” тығыз байланыстырады.  
Шәкәрім  шығармашылығында  таза  ағартушылық  тақырыптың  да  орны 
ерекше.  Шәкәрім  жәй  оқуға  шақырушы  емес,  Шәкәрім  үшін  оқу-білім, 
ғылым  жолы.  Оның  бұл  ойлары  “Сен  ғылымға”,  “Сынатарсың  ӛзіңді”, 
“Ғылымсыз адам хайуан” т.б. ӛлеңдерінда анықта, нақты кӛрініс тапқан. Ол – 
әйтеуір оқудың жоқшысы емес, сол оқу апарар танымның жол басшысы.  
 
Ғылымсыз адам – айуан, 
Не қылсаңда ғылым біл. 
Ғылымға да керек жан, 
Ақылсыз болса ғылым тұл. 
 
Шәкәрімнің ғылымға үндеудегі мақсаты тым алыста. Ол -алдыңғы толқын 
қалыптастырған  ағартушылық  бағытты  одан  да  әрі  жетілдірмек  ниетте 
жүрген  “Жаңа  жолдың  басшысы”.  “Оқу  білім  бұлағы,  білім  ӛмір  шырағы” 
деген қағиданы ұстанған, білім шырағының таным шамшырағына айналуын 
аңсаған ұлы ағартушы.  
 
Үш-ақ түрлі ӛмір бар: бәрі де мас, 
Бір рәуішті болады шал менен жас. 
Ең керекті дегенің – ортаншы ӛмір, 
Түгел қолың жетпейтін бір жанталас. 
 
Қапы ӛткізбе сол кездің бір сағатын
Ӛкінішті қалмайды кетсе ағатың. 
Күні-түні дей кӛрме, ғылым ізде, 
Қалсын десең артыңда адам атың, – 
 
дейді  Шәкәрім.  “Үш-ақ  түрлі  ӛмір  бар”…  Осы  бір  жолдарда  адам  ӛмірінің 
бүкіл  болмысы  айқындалып  тұр.  Ақын  ӛмірдің  ортаншысын  кӛрсету,  соған 
негізгі  ойдың  салмағын  сала  меңзеуі  арқылы,  адамды  ізденіске,  білімге 
талпындырады. Осынау екі шумақ арқылы түйінделген тұжырымда, ақынның 
ағартушылық ой идеясының тұтқасы жатыр. Ол – ізденіс, ол – еңбек. 
Ал  еңбек  тақырыбы  –  Шәкәрімнің  бүкіл  ағартушылық  болмысы  мен 
даналық ойының – дәні де нәрі. Абай “еңбек түбі зейнет” деген ұлы қағиданы 
ұстанып,  “Еңбек  етсең  ерінбей,  тояды  қарның  тіленбей”  деген  қанатты  сӛз 

158 
 
қалдырса, Шәкәрімдегі еңбек ізденіспен тығыз байланысты. Шәкәрімдегі ой 
“Инемен  құдық  қазғанды”  меңзейді.  Және  ол  үнемі  алға  ұмтылысты 
жақтайды, соған үндейді. Оған үлгі ретінде Абай жолын ұсынады.  
Шәкәрімді  ақын  ретінде  де,  дана  ойшыл  ретінде  де  толғантқан,  тұңғиық 
ойдың  тереңіне  тартқан  тылсым  сырдың  бірі  –  “ӛмір”  ұғымы.  Ол  ақынның 
“Дүние мен ӛмір”, “Ӛмір”, “Тумақ, ӛлмек  – тағдырдың шын қазасы”, “Ӛмір 
сырын  кӛздесең”,  “Анадан  алғаш  туғанымда”,  “Үш-ақ  түрлі  ӛмір  бар…” 
ӛлеңдерінің  тақырыбына  арқау  болған.  Қашанда  болмасын,  қай  заманда 
болмасын  ақындар  адам  ғұмырына  ӛз  ӛресі  жеткен  биіктен  ой  жіберуге 
тырысып-ақ  баққан.  Ежелгі  жыраулар  мен  жыраулық  толғам  мен  ақындық 
айқындықты  ұштастырған  Бұқар  толғауларынан  мұны  айқын  байқаймыз. 
Шәкәрім де бұдан тыс қала алмайды. Дүниеге келу мен кетудің мәні не де?.. 
Ӛмір  соңы  ӛкініштен  тұра  ма?..  Ӛкінбестей  айла  бар  ма?..  Міне,  Шәкәрімді 
толғандырған  осы  сұрақтар.  Адам  баласының  дүниеге  келуінің  ӛзінен 
Шәкәрім оның ӛмір жолының бар мәнін ашып береді. 
 
Анадан алғаш туғанымда, 
Жыладым неге дыбыстап? – 
 
деп басталатын ӛлеңінде ақын адам ӛмірінің мың құбылған астарлы сырына 
үңіледі.  Сәбилік  түйсік  пен  есейген  сезімнің  тоғысынан  ӛмір  атты  ұлы 
ұғымның  мәнін  ашуға  ұмтылады.  Әлгі  сұрақтың  жауабы  қандай  болмақ? 
Жауабы мынау: 
 
“Мұқтаждық ӛмір жолы бұл” – деп, 
Мұңайтып ақыл жылатқан. 
“Жас ӛмір қызық оны біл” деп, 
Алдамшы үміт уатқан. 
 
Ақын  ойынша  ӛмір  қиындығын  жеңер  жалғыз  күш  –  алғы  күннен 
жақсылық күтер үміт. Үміт алға жетелейді. Бірақ үмітке “серік” қажет, ол  – 
“серік” – “ӛмір ӛлімге тұсалғанға” шейінгі аралықтағы қажет қасиеттер. 
 
Еңбекке шыда, ебін тап та, 
“Сабырдың түбі – сары алтын”. 
Ӛзімшіл болма, кӛпті ардақта, 
Адамның бәрі ӛз халқың. 
 
Ынсап пен мейрім, әділетті, 
Жаныңдай кӛріп, жан сақта. 
Ол жолда ӛлсек, неміз кетті 

159 
 
Мақсатқа жетпей қалсақ та. 
 
Ұлы Абай ӛмір туралы: 
 
Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған ӛлмек, 
Тағдыр жоқ, ӛткен ӛмір қайта келмек. 
Басқан із, кӛрген қызық артта қалмақ, 
Бір құдайдан басқаның бәрі ӛзгермек, – 
 
деп, толғанса, Шәкәрімнің де ӛмір туралы тұжырымы осылай ӛріледі. Бірақ 
Шәкәрім танымының бір сыры  – ол ӛмірдің алдамшы екенін біле тұра, оны 
ӛкінбестей ӛткізудің нақты мысалдарын алға тартуында. 
 
Тумақ, ӛлмек-тағдырдың шын қазасы, 
Ортасы ӛмір, жоқтық ғой – екі басы. 
Сағымдай екі жоқтың арасында, 
Тіршілік деп аталар біраз жасы. 
 
Иә, ӛмірге келдің, кеттің, белгі бар ма?! Белгі қалуы мүмкін бе? Сағым дүние 
сағым күйінде қала бермек пе… Ӛкініш! Ал осы сағым дүниені сағынышты 
ӛмірге  айналдыруға  бола  ма?  Болады.  Ол  үшін  Шәкәрім  жеті  нәрсені 
бұлжытпай орындауды ұсынады. 
 
Ӛмірдің ӛкінбейтін бар айласы, 
Ол айла – қиянатсыз ой тазасы. 
Мейрім, ынсап, әділет, адал еңбек, 
Таза жүрек, тату дос – сол жарасы. 
 
“Қош  жұртым!”  атты  ӛлең  –  аты  айтып  тұрғандай,  Шәкәрімнің  ӛмірінің 
соңына қарай жазылып, ақын шеберлігінің кемеліне жеткен кезінде дүниеге 
келген  туынды.  Ӛмірден  кӛргені  кӛп,  түйгені  мол  ақынның  ӛткенге  ой 
жіберіп, келешекпен сырласуы десе болғандай бұл ӛлеңді. Мұнда лирикалық 
кейіпкер  ӛз  ӛмірін  қортындылайды.  Терең  тебіреністен  туған  ӛлеңде 
ойшылдық басым.  
 
Қалған қараңғыда елім
Ойлап толғаумен 
Сынатұғын белім. 
Бұл алтын таңның атқан нұрынан 
Тұр есе алмай елім. 
 

160 
 
Шәкәрім  –  нағыз  лирик  ақын.  Оның  лирикасы  сыршыл  сезімге  толы. 
Ӛлеңдері  кӛркемдік  бояуы  қанық,  жүректің  қылын  шертетін  нәзіктікке  бай 
болып  келеді.  Абай  ӛлеңдерінен  табылатын  суреткерлікке  тән  белгілер 
Шәкәрімнің лирикасынанда бой кӛрсетіп отырады. Ӛйткені Шәкәрім – Абай 
дәстүрін, оның сӛз ӛнеріндегі үлгі-ӛрнегін жаңашылдықпен байытып, дәстүр 
мен жаңашылдық бірлігінен жаңа жол, соны соқпақ тапқан ақын. 
“Әкесінің баласы – адамның дұшпаны. Адамның баласы – бауырың” деген 
Абай қағидасын Шәкәрім – бүкіл ӛмір бойы берік ұстап ӛткен адам. Ақын:  
 
Адамның маған бәрі бір, 
Не мұсылман, не кәпір. 
Тамам адам бір бауыр, 
Бӛлінбесе ӛлген соң. 
Мен ұлтшыл емеспін, 
Жақыным мынау демеспін, 
Ашылсын анық кӛмескім, 
Айтайын кезі келген соң, – 
 
дейді. 
“Шәкәрімнің  лирикасындағы  адамгершілік  идеяларды  иығымен  кӛтеретін 
негізгі тұлға – ақын. Шәкәрім ұғымынша ақын қашанда ӛз дәуірінің ең ауыр 
жүгін кӛтеруге тиіс”
43
, – дейді Шәкәрімтанушы ғалым Б.Әбдіғазиев. 
Арыңның болсын ӛлең айнасындай, 
Кӛрікті, кӛптің ортақ – пайдасындай. 
Жосылып жатсын артта жортқан жолы, 
Арыңды, асқақ ӛзен арнасындай. 
 
“Ақындарға”  атты  ӛлеңінен  алынған  шумақтан  ұғарымыз,  ӛлеңдегі  таза 
ойдың ӛміршеңдігі кейінгіге үлгі-ӛнеге шаша алуында. 
Шәкәрім поэзияны сӛз ӛнерінің ең озық үлгісі деп біледі. Ұлы Абай “ӛлең 
сӛздің  патшасы,  сӛз  сарасы” десе,  Шәкәрім  ӛлеңді  “қоспасыз,  таза  күміске” 
теңейді. Сондықтан да ол ӛлең ӛнерінің асыл қасиетін ардақтап ӛткен. Оған 
ӛз  шығармашылығы  арқылы  мысқалдай  болса  да  нұқсан  келтірмеуге 
тырысып баққан. Шәкәрім – поэзия ӛлкесінде ӛз биігінен еш тӛмендемеген, 
қазақ ӛлеңін биікке кӛтерген ХХ ғасырдың ең айтулы ақыны. Ол қазақ поэзия 
әлеміне  ӛшпес  ӛрнегін  салып  кетті.  Ӛзінің  поэзияға,  ӛлеңге  қойған  мына 
талабының ӛресінен шыға білді. 
 
Ерікті билеп алсын айтылған жыр, 
Сырты-гүл, жарасымды ішінде – сыр, 
                                                 
43
 Әбдіғазиев Б. Асыл арна. –Алматы, 1992. –81 б.
 

161 
 
Жаныңның ләззат алар жарығындай, 
Мәңгілік ӛшпейтұғын тӛгілсін нұр. 
 
Ӛлеңнен  сезім  терген,  сыр  терген,  сол  арқылы  санаға  ақыл  құйып,  нәр 
берген  Шәкәрім  асыл  сӛзі  арқылы  кейінгіге  ӛсиет  қалдырып,  ӛнеге  беріп 
кетті.  Надандыққа  қарсы  білімді,  енжарлыққа  қарсы  еңбекті  қойды.  Сол 
арқылы елін алға жетеледі, аяғы ұрпақтың үмітін жақты.  
 
Адам үшін еңбегім, 
Ӛмірден бар тергенім. 
Қалағанын қарап ал, 
Мұрам сол, жастар бергенім! 
 
деп  ӛзі  айтқандай,  соңына  мол  мұра  қалдырып,  таңдауды  да,  толғауды  да 
кейінгі ұрпаққа аманат етті. 
 
 
 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет