Мазмҧны кіріспе


Ақын поэмаларындағы азатшыл рух



жүктеу 2.17 Mb.
Pdf просмотр
бет24/27
Дата29.12.2016
өлшемі2.17 Mb.
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

Ақын поэмаларындағы азатшыл рух 
 
Мағжан поэзиясы  лирикалық ӛлеңдерімен ғана  шектеліп қалмайды.  Ол  – 
эпикалық  жанрда  да  қарымды  еңбек  еткен  ақын.  Оның  “Қорқыт”  (1922), 
“Ертегі”  (1922),  “Оқжетпестің  қиясында”  (1923),  “Қойлыбайдың  қобызы” 
(1923),  “Батыр  Баян”  (1923),  “Жүсіп  хан”  (1924)  тәрізді  бірнеше  поэмалары 
бар.  Бұлардың  тақырыптары  әртүрлі,  кӛркемдік  деңгейлері  әркелкі 
болғанымен  қазақ  поэзиясында  ӛзіндік  орны  бар  дүниелер.  Мұның  ішіндегі 
кӛркемдігі келіскен терең мағыналы шығармаларының бірі – “Қорқыт”.  
“Қорқыт” поэмасы – қазақ ауыз әдебиетіндегі белгілі аңыздық кейіпкер – 
Қорқыт турасындағы туынды. Бұл поэмада әлемдік әдебиеттегі қаһармандық 
ұлы  тұлғалардың  бірі,  ұлы  мақсат  арқалап,  адамзатты  ӛлімнен  арашалауға 
ұмтылған, ӛлімнен қашып, ажалмен күрескен Қорқыт бейнесін сомдай отыра, 
ақын Қорқыт образын ӛз  рухымен ұштастыра береді. Поэманың соңындағы 
мына жолдар осының айғағы. 
 
Енді менің жолдасым – жалғыз қобыз, 
Сарна қобыз, мұң-зарлы шығар лебіз, 
Сен жыласаң, жылармын мен де бірге
Жан жыласа жыламай қалама кӛз?! 
Ӛмірде арманым жоқ – Қорқытқа ерсем, 
Қорқыттай жанды жаспен жуа білсем. 
Жас тӛгіп, сұм ӛмірде зарлап-сорлап, 
Құшақтап қобызымды кӛрге кірсем!…
84
 
 
Мағжанның  бұл  сӛздерін  ӛмір  мәнін,  ондағы  тартысты  күрес  сырын 
толғаудан  туған  шешім  деп  қабылдау  керек.  Бұл  –  ақынның  сол  тұстағы  ӛз 
ӛмірінде  тап  болған  қиындықтардың  әсірінен  жазылған  поэма.  Ӛлімнен 
қашып,  ажалмен  күрескен  Қорқыт  –  Мағжан  үшін  мәңгілікке  символ  болар 
қаһармандық  бейне,  ӛлмес  рух.  Оны  жырлау  –  ӛмір  үшін  күресті  жырлау. 
Тағдырдың  тақсіретін  кӛп  тартқанмен  ақын  о  дүниені  аңсайды  деген  ой 
тумауы  керек,  ол  -  ӛмірін  күреспен  ӛткізіп,  “Қорқыттай  қобызыммен  кӛрге 
кірсем”  деген  ұлы  арман  иесі.  Ол  ӛлмес  рухтың  күйін  шерткен  Қорқыт 
қобызын  ажалға  қарсы  күрес  қаруы  кӛреді.  Ал  Мағжанның  жан  қобызы  – 
                                                 
84
 Жұмабаев М. Шығармалары. – Алматы, 1989 .– 230 – бет. 
 

295 
 
оның  поэзиясы,  мәңгі  жас,  ӛміршең  ӛлеңдері.  Мағжанның  сыршыл 
лирикаларынан  бастау  алған  бұл  сарын  –  яғни  ӛмірді  бейнешілдік  арқылы 
суреттеу,  ӛмір  мұң-зары  туралы  ой  толғау  оның  “Қорқыт”  поэмасында 
жинақталып, ең шырқау биігіне кӛтерілген. 
Мағжанның  поэманы  “Қорқыт”  деп  атауында  үлкен  мән-мағына,  терең 
сыр  жатыр.  Ақынның  ӛз  поэмасына  арқау  етіп,  аңыздағы  ажалмен  алысқан 
Қорқыт бейнесін  алу  себебі  біріншіден,  туған  әдебиеттегі озық  бейнелердің 
болмысын  жанымен  түсініп,  соны  ӛзінше  жырлауды  мақсат  тұтқан  ойдан 
туса, екіншіден, жалпы түрік елінің ӛткенінен ӛзінің тынымсыз ойына тиянақ 
тауып, бабалар рухына бас июді мақсат тұтқан ұрпақтың парыз кӛрінісі.  
Мәңгілік ӛмір үшін күрескен Қорқыт Мағжан поэмасында аңыздық бейне 
күйінде  қалып  қоймайды.  Қазақ  санасына  ой  мәйегі  тұнып  қалған  дана 
ойшылының,  ӛнерлі  рух  ұстазына  айналған  күй  атасының  романтикалық 
құлшыныстан  туып,  кӛркемдік  шындықтан  жаралған  кӛркем  образы 
жасалады. Ақынның ол туралы: 
  
Ӛткен күн ертегі ғой тамаша таң, 
Ойласаң ӛткен күнді жұбанар жан. 
Байқасаң адамзатта болған ба ақын, 
Қорқыттай атасынан бата алған, – 
 
деуі  осыны  танытса  керек.  Қорқыт  –  жанды  бейне.  Рухы  күшті  ұлық  ұстаз 
ажалмен  күреске  саналы  түрде  барады.  Мағжан  “Қорқытты”  белгісіздігі 
басым  аңыздың  ішінен  шығып,  ӛмірлік  болмыстан  туған  ақиқатты  тұлғаға 
айналады.  Ол  ажалмен  сенімсіз,  тылсым  күштер  арқылы  емес,  ұлы  ӛнер 
күшінің  құдіреті,  күңіренген  күйдің  сазы  арқылы  кездеседі.  Мұны  ақын 
Қорқыттың  ішкі  әлемімен  астастыра  бейнелеп,  биік  романтикалық  рухтың 
табиғатын ашып, нанымды суреттейді. 
Мағжанды  Қорқыт  тақырыбы  рух  үндестігімен  қызықтырған.  Ӛйткені 
Қорқыттың ажалмен күресі – ақынның бостандық сүйгіш, азатшыл рухымен 
үндес.  Мәңгілік  ӛмір  идеясы  –  мәңгілік  еркіндік  идеясының  әу  бастағы 
шамшырағы  іспетті.  Қайда  барса  алдынан  “кӛр”  шыққан  Қорқыт  тәрізді 
тәуелсіз  ӛмірді  аңсаған  Мағжан  әлемі  де  үнемі  қайшылыққа  ұрынудан  кӛз 
жазбайды.  “Қолмен  ұстап,  кӛзбен  кӛріп”  сендім  дегені  сағымға  айналып 
шыға келсе амал бар ма?! Аз уақыт ішінде тәуелсіздікке қол жетті деп, екі рет 
алданған  шерлі  жүрек  қалайша  күңіренбесін.  Ақын  жаны  қалай  алас 
ұрмасын.  
 
Ес білдім, алас ұрдым сағым қуып, 
Жете алмай бетті талай жаспен жуып. 
Артымда-ор, алдымда кӛр, ӛтеді ӛмір… 
Дариға бесігімнен кӛрім жуық. 
 
Кӛп заман жетеледі жынды жүрек, 
Ойладым: “Жүрек жетер, ой не керек?!” 

296 
 
Тәтті у еді, сол удан неге айныдым? 
Дариға үміт ӛлмек, жүрек сӛнбек. 
 
 
 “Қорқыт” поэмасындағы автор ұсынған идея – мәңгілік күрес идеясы. Бұл 
Мағжан поэзиясындағы азатшыл сарынның негізгі желі екендігінің тағы бір 
дәлелі. 
Мағжанның  бір-біріне  жалғас  туған,  алған  тақырыбы  да,  айтар  ойы  да 
ортақ  екі  поэмасы  бар.  Алғашқысы  –  “Оқ  жетпестің  қиясында”,  соңғысы  – 
“Ертегі”.  Алдыңғысы  Кенесары  жайлы  болса,  кейінгісі  оның  батыр  ұлы 
Сыздық  туралы.  Екеуі  де  азаттық  атты  ұлы  идеяны  арқау  еткен,  соған 
бағытталған  Мағжан  мейлі  аңыз  араластырсын,  не  қиял  қоссын  соның  бәрі 
бір ғана нәрсені жырлаудың ұтымды тәсілі болып шығады. Ол – бостандыққа 
ұмтылған  халықтың  күресшіл  рухын  ештеңе  баса  алмайтындығы,  оның 
ғасырдан-ғасырға  жалғасын  тауып,  ұрпақтан-ұрпаққа  ауысып  кете 
беретіндігін  меңзеген  азатшыл  идея.  Соның  бір  куәсі  –  Әлихан,  Ахаң, 
Жақаңдармен  тізе  қосқан  ақынның  ӛзі.  Олар  –  кешегі  Кенесары,  Сыздық 
рухының ұшқыны. Олардың бұл ісінде Кенесары ұрпақтарының қатар жүруі 
–  алтын  арқаудың  үзілмесінің  белгісі.  “Оқ  жетпестің  қиясында”  поэмасы 
арынды шабытпен басталады: 
 
Арқада Бурабайға жер жетпейді 
Басқа жер ойды ондай тербетпейді, 
Бурабай кӛліменен Кӛкшетауды 
Кӛрмесең кӛкіректен шер кетпейді. 
Қиясы мен бұлт құшқан Оқжетпестей, 
Басқа тау ойды аспанға ӛрлетпейді. 
Арқада Бурабайға жер жетпесе, 
Алашта Кенекеме ер жетпейді 
Кӛкшеде күңіренген Кенен қайда?! 
Дариға жүрегімді дерт ӛртейді. 
 
Мағжан поэмаларының бір ерекшелігі ақын қай шығармасында болмасын 
алғашқы  түйдекті  шумағынан  жазар  тақырыбының  мәнін,  айтар  ойын 
айқындап тастайды. Әрі бастау – әрі түйін. Алғашқы жолдардан-ақ оқырман 
жүрегіне жол тауып, кӛкейіне ұялап, кӛңіл қылын шерте жӛнеледі. 
Мағжан  жаны  Кенені  неге  іздейді?!  Міне,  бар  түйін  осында.  Поэманың 
жазылу  мерзімі  20-22  жылдар.  Сана  серпіліп,  рух  кӛтеріліп,  ел  деп  атқа 
мінген күндер артқа қалған, жүрекке қайғы салған жылдар бұл. Сондықтан да 
ӛткенге қайырылады, содан жанына тыншу табады. Ақын жаңа Кенесарыны 
кӛре  алмай,  жалған  арман,  сӛнген  үміт  зарын  жырлағандай  әсерде  болады. 
Қиялы  кӛк  пен  жердің  арасын  кезіп,  ӛткен  мен  бүгін,  бүгін  мен  ертеңнің 
арасын айырып, жалғасын тауып, ой түбіне жетпек болған Мағжан мен  “Оқ 
жетпестің қиясындағы” Кенесары ойы үндес. Сондықтанда ол: 
 
Құдай-ау, мәңгілікке қарғамасақ, 

297 
 
Кенедей енді неге ер тумайды?! 
Кене жоқ, ізін басар іні де жоқ
Дариға, жүрегімді дерт улайды, – 
 
деп  күңіренеді.  Поэмадағы  лирикалық  сезіммен  ұштастырылған  асқақ 
романтика  осы  күңіреністен  нәр  алады.  Ӛйткені  дәл  Мағжандай  ойы  онға 
бӛлініп,  қалың  күдіктен  босар  жол  таба  алмай  санасы  сансырап  “ой  теңізін 
құлаштаған” Кенесарыны ұлы күреске жетелеген ата-баба “аруағы” емес пе?! 
“Ата  –  пір,  қасиетті  қарт  баба”  –  елдің  сағы  сынбас,  мәңгілік  ұлтпен  жасар 
ұлы рухы. Кенесарыны туғызған сол ұлы рухтағы сондай ұл берері ақиқат.  
 
Мерт болсаң мақсұтыңа жетпей егер, 
Сол сағат мен осы жерде тасқа айналам. 
Алашта тағы сендей ер тууын, 
Тӛбеде тас боп шӛгіп күтіп қалам. 
 
Қара  тасқа  айналған,  мәңгілік  қалғымас  рух  ескерткіш  –  күресшіл  ел 
қайсарлығының  киелі  белгісі.  Атар  таңға,  шығар  күнге  деген  сенім  күші. 
Кенесарыны ел тәуелсіздігі жорығына бастаған “аруақтың”, бүгін болмаса да 
бір  заманда  қайта  ораларына  сенеді  ақын.  Аңыздан  шындыққа  тұғыр  болар 
арқауды  осылай  табады.  Мағжан  үміті  үзілмейді,  оған  поэманың  мына 
жолдары куә: 
 
Содан бері бірталай заман ӛтті, 
Алашты улай-улай жаман ӛтті. 
Тұлпар-тулақ, ел арып, аруақ боп, 
Сарыарқа сайран жердің сәні кетті. 
Жолбарыстар жортатын сар далада, 
Қорсылдаған доңыздар мекен етті. 
Жалғыз-ақ Оқжетпестің қиясында, 
Шӛккен қарт күн шығысқа түзеп бетті, 
Кӛп заман талмай-тозбай тау басында
Алаштан Кенекемдей бір ер күтті. 
 
Ел  арысы  Кенесарының  Оқжетпес  қиясында  ойға  беріліп,  аруақпен 
сырласып нық шешімге келгені жайлы шындығынан аңызы басым бір сәттік 
оқиғадан ақын биікті шарлаған іргелі ой туғызады. Ұрпақ жүрегіне от жағып, 
санаға сәуле құяды.  
“Ертегі”  поэмасында  ақын  ӛзіне  тән  тәсілі  –  ӛз  жайынан  белгі  беруден 
бастайды.  Тағы  қайталап  айтарымыз,  Мағжан  қаламынан  жаралған  әр 
туынды  оның  жанымен  жарасып,  жүрегімен  үндесіп  кететіндігі.  Бұл  – 
Кенесары  жырына  дайындық  іспетті  поэма.  Ақынның  поэма  жанрындағы 
алғашқы  талпынысы  ғана  емес,  “тіл  кісендеулі”  заманда  қиял,  аңыз,  ертегі 
т.б. астастыру арқылы, түсінер жанның түйсігіне жетер терең ойды сыналап 
беріп,  санаға  ендіру  тәсілін  игерудегі  алғашқы  қадам.  Айтарын  ашып  айта 

298 
 
алмаған  ақын  тордағы  арыстандай  аласұрады.  Кӛкейдегі  кермек  ой  қалайда 
сыртқа  шығуға  тиіс.  Ол  жырға  айналуы,  жыр  болғанда  ӛксік  емес,  ӛзегінде 
шоқ жатқан, үп етсе отқа оранар отты жыр болуы тиіс. Кӛкіректің гӛй-гӛйін 
шертер күй, дастанның құлақ күйін қалай келтірмек?! Кенет, міне, табылды. 
Ол – есте қалған, ертегінің елесі, сананың аялаған аңызы. Ақынның ашынған 
жаны  содан  байыз  табады,  қиыннан  қиыстырған  “қызығына”  жұбанады. 
Шым-шытырық дүниеге шым-шымдап шындық енгізеді. 
 
Бүгін жаным ӛртке оранған жанға ұқсап, 
Бүгін жаным тым аңсады от құшақ. 
Жынды жүрек тығылады аузыма, 
Тілім-тілім тілсе келіп у пышақ… 
Аласұрад, жынданады жас жүрек, 
Қарақ керек, Арақ керек! Не керек! 
Бәрі де жоқ, жалғыз жолдас – қиялым, 
Жұбатады айтып маған тәтті ертек. 
 
Ертегінің  бас  қаһарманы  –  Кенесарының  Кӛкжал  ұрпағы  Сыздық.  Бірақ 
бұл – Абылайдың арыстан заманы, Кененің қабылан заманы ӛтіп, ел азып, ер 
арыған  заман.  Ел  рухын  кӛтере  алмай,  кӛкжал  Сыздықтың  түзде  жортқан 
заманы. 
 
Алты алаштан алты адам ермеген… 
Алаш сорлы келешегін кӛрмеген. 
Орыс алды, қимылдаған қазақ жоқ, 
Қайран Сыздық құса болды шерменен. 
 
Қайран Сыздық елден үміт үзеді, 
Жап-жас Сыздық елден, үйден безеді. 
Жатып ӛлмей, жортып жүріп ӛлем деп, 
Түркістанның бетпақ шӛлін кезеді. 
 
Мағжан  поэманы  неге  “Ертегі”  деп  атады  десек,  онда  үлкен  мән  бар. 
Айналасын  ӛрт  шалып,  санасы  түтінге  тұмшаланған  ақынды  құтқарушы  - 
қиял  сәулесі.  Ол  ертегіден  ем  іздейді.  Жапанда  жалғыз  жортқан  Сыздық  – 
еркіндік  символы.  “Ел  бүгіншіл,  меніңкі  ертеңгі  үшін”  деген  Ахаң  ойымен 
астасатын  бір  сыр  бар  мұнда.  Сыздық  –  ӛз  еркі  ӛзінде  жоқ.  Торға  түсіп 
тыпырламаған,  қараңғы  түнді  қақ  жарып,  түн  жамылған  “жәдігӛй  жауын” 
жеңіп,  ӛзіне  деген  сенімін  жоғалтпаған  жолбарыс  жүрек.  Осы  сенім  оның 
кеудесіне үміт отын жағып, жүрегінде запыран уды жаяды. 
 
Осы ойлармен Сыздық атын ерттеген
Тап сол кезде ер жүрегі ӛрт екен… 
Заман озды, адам тозды, ерлер жоқ… 
Заман озды, ер заманы ерте кен. 

299 
 
 
Сыздықтың  жалғыздығы  –  еркіндігі,  еркіндігі  ел  үшін  жасалар  ерлікке 
жетелейді.  Ертегі  ермек  емес,  айтар  ой  сыртқа  шықпай  тұншыққан  заманда 
“ой түбінде жатқан сӛзді” шығарар кӛркемдік тәсіл. 
 
Бітті ертегі. Аласұрад жас жүрек, 
Қарақ па әлде? Арақ па әлде? Не керек? 
Арағы да, қарағы да құрысын! 
Қиялтайым айтшы тағы, тағы ертегі!.. 
 
Мағжанның  жанына  жұбаныш,  жалғыз  алданыш  осы  –  “ертегі”.  Ол  үшін 
“ертек”  шындықтан  да  қымбат.  Шындық  шырмалған,  сана  уланған  заманда 
одан  басқа  не  жұбаныш  болмақ.  Ақын  тағы  “ертек”  тудырады,  ол  – 
“Оқжетпес қиясында”. Ондағы “жынды қиял” – тіпті шарықтап кетеді.  
Мағжанның  шағын  поэмасының  бірі  –  “Қойлыбайдың  қобызы”.  Мұнда 
ақын “Қорқыттағыдай” ӛнер құдіретін, рух құдіретін жырлайды. Бұл поэмада 
Қойлыбай бақсының  ат бәйгесіне  қобыз  қосқаны жайлы  аңыз арқау  болған. 
Мұнда  әлеуметтік  астар  басым.  Ӛнерпаздың  ел  алдындағы  мерейі,  халық 
құрметі бар мұнда. Ӛнерпаздың ӛнері келелі, аузы дуалы, сӛзі жұғымды, ойы 
ұғымды болған, елі ардақтап, қадір тұтқан заманды аңсау меңзеледі. 
 
Найманның арыстаны – батыр Барақ, 
Ӛмірінде жан ба Барақ жаудан тайған. 
Жарасқан бай мен биі, батыр, бақсы, 
Алыста елестейсің заман қайран! 
…Құдай-ау, албастының ойнағындай, 
Мынау сұм заманға кез қылдың қайдан? 
Шіркін-ай кер заманды күл қылар ем, 
Бата алсам Бағаналы Қойлыбайдан. 
 
“Батыр  Баян”  –  қазақ  тарихының  белгілі  кезеңіне  арналған  кӛркемдік 
деңгейі  жоғары  поэма.  “Қазақтың  ӛткендегі  ӛмірі  мінсіз,  кірсіз,  идеальни 
ӛмір  кӛрінеді,  оған  бұрынғы  ӛткен  қарттар  да,  батырлар  да,  ақындар  да, 
жақсылар  да  бұ  заманда  болмайтын  жат  адам  болып  кӛрінеді.  Нағыз  ӛмір, 
нағыз  дәурен  соларда  болған  “адам”  деп  “ер”  деп  ауыз  толтырып  айтуға 
солар  жарайды.  Бүгінгілер  немене?  Адамгершілік  ар-ұяты  жоқ,  қыбырлаған 
қоңыздар, қорсылдаған доңыздар”… сықылды кӛрінеді. 
Қазақ  әдебиетінде  романтизм  дәуірі  аяқталуға  Мағжан  кӛмек  кӛрсетті 
деуге  болады.  Бұрын  Мағжан  ӛлеңдерінде  орыстың  түрлі  ақындарына 
еліктегені  кӛрініп  тұрса,  қазақтың  ақындарымен  танысқаннан  кейін  Ақан 
сері,  Шәңгерейлерді  жинағаннан  былай,  Мағжан  ӛлеңінің  бетін  ескілікке 
қарай  бұрады.  Енді  қазақтың  ескі  ақындарын  дәріптейді.  Қазақтың  ескі 
заманын жырлайды.    
Ертегі,  Қорқыт,  Баян  –  Мағжанның  романтизмі  күшейгендігіне  дәлел”,  – 
дейді  Ж.Аймауытов.  Ақынды  бүкіл  болмысымен  түсінген  қаламгердің  бұл 

300 
 
ойлары  “Қорқыт”  пен  “Батыр  Баян”  поэмалары  тек  қана  романтизммен 
шектеліп  қалмай,  бойында  реализмге  тән  белгі,  әдіс-тәсілдер  түгелдей  бой 
кӛтеріп, бір-бірімен тоғысып, толығудан, түйісуден туған дүние деп қарауға 
жол ашады. 
 
Жүрегім, мен зарлымын жаралыға, 
Сұм ӛмір абақты ғой саналыға. 
Қызыл тіл, қолым емес, кісендеулі, 
Сондықтан жаным күйіп жанады да, – 
 
деп, “қолы емес, тілінің кісендеулі” болуынан бұл тіршіліктен безінген ақын 
“Қу ӛмір қызығы жоқ қажытқан соң, Толғанып қарауым сол баяғыға” деп ӛз 
сырын  тағы  ашып  береді.  Одан  әрі  ақынның  романтикалық  биік  ӛресінің 
қиясына  бірге  самғап,  іштей  онымен  сырласып  кетесіз.  Ӛткен  замандағы  ӛз 
ұлтыңның  ұланғайыр  даланы  қорғаудағы  ұмытылмас  ерлік  күресінің  куәсі 
боласыз. Ұлтының айбары болған Абылайды, махаббат сезімінің құрбандары 
Ноян мен қалмақ қызын, елін жаудан қорғаған Батыр Баянды танисыз. Оның 
ӛкініш ӛзегін ӛртеген сәттегі жан-дүниесіндегі ала құйын сезімдер мен кӛзсіз 
ерліктерінің сырына қанығасыз. Ақын бірде мӛлдір сезімді, бірде қайғының 
қасіретін  алма  кезек  жырлай  отырып,  оқушының  сезімін  үйіріп,  ақындық 
құдіретіне табындырып, ӛлең сӛздің тылсым тереңіне тартады. 
Ақынның  “Батыр  Баяны”  –  тілі,  сюжеттік  құрылымы,  композициялық 
құрылысы  жағынан  ең  озық  үлгідегі,  Мағжандай  ақынның  шеберлігін, 
талантының  сан  қырын  ашып,  кемел  дарынын  тап  басып  танытатын 
туындының бірі. 
Поэманың ең басты жетістігі Баян батырдың шындықтан сомдалған соны 
тұлғасының жасалуы. Ол – шынайы кӛркем образ. Сыздықтай, Кенесарыдай, 
Қорқыттай,  Қойлыбайдай  аңызбен  астасып,  ертегімен  етене  байланысып 
кеткен  бейне  емес,  ӛмірдің  реальды  шындығынан  жаралған  толыққанды 
тұлға.  Ол  оқырманға  бірте-бірте  ашылғанмен,  ә,  дегенде-ақ  ӛзіне  ерекше 
тартып,  ӛзгеше  қызықтырады.  Баянды  алғаш  ел  тұтқасы  хан  Абылай 
сипаттауынан танимыз. 
 
“Қанайым, ойың ұдай, тілің шаян, 
Амал не, келген жоқ қой батыр Баян. 
Кӛп жаудың албастысы, ел еркесі, 
Баянның батырлығы алашқа аян. 
Баянның аруақты құр атынан 
Кӛп қалмақ болмаушы ма еді қорқақ қоян? 
Наркескен, ӛрттей ескен, қайтпас болат, 
Баянсыз қанатымды қалай жаям?! 
Би Қанай! Аттанбайды хан Абылай, 
Келмесе қандыбалақ батыр Баян!” 
 

301 
 
Хан  Абылайдың  жорыққа  аттанар  қолын  тоқтатып  тұрған Баянның  орны 
осылай  айқындалады.  Бұл  –  оқырманды  дайындау  шарты.  Бұның  артын 
ширыққан  шиеленісте  күтіп  тұрғаны  кәміл.  Осыған  орай,  авторлық  баяндау 
шегініс жасап себептің мәнін ашады.  
Бір жорықтың нәтижесі, қолға түскен қалмақ қызының тағдыры, Баян інісі 
Ноянның қызға ғашық болып қалып, уәделескен қызбен қалмақ еліне қашуы, 
Батыр Баянның ашу үстінде екеуінде ӛлтіруі. 
Мағжан шеберлігінің бір қыры тарихи шындықпен кӛркемдік шындықты 
жымдастырып  жіберуі.  Ел  аңызы  мен  ақын  қиялы  бірін-бірі  толықтырар 
бірлік тауып, шығарманың шыншылдығын бекіте түседі. 
Баян – артына аңызда, тарихи деректе қалдырған тарихи тұлға. Ол туралы 
деректің  қайнар  кӛзі  –  Шоқан  жазбалары.  Поэманың  басталуы  мен 
аяқталуындағы  оқиғалар  ӛрісі  осы  Шоқан  деректерінен  желі  тартады.  Ал 
батыр  Баянның  інісін  ӛлтіруі  ел  аңызымен  байланысты  ӛріледі.  Ол 
аңыздардың  бірі  Баян  қалмақ  қызымен  қашқан  інісін  ӛз  қолымен  ӛлтірді 
дегенді  растаса,  екіншісі  жоққа  шығарады.  Қалай  дегенде  де,  Мағжан 
алғашқысына  тоқталған.  Ӛйткені  Баянның  ел  қорғаны  батыр  ретіндегі 
бейнесін  сомдауда,  оның  тұлғасын  кӛркемдік  тұрғыдан  толықтыруда 
аңыздық  алғашқы  желісі  ұтымды.  Сонымен  бірге  Отаншылдық  атты  ұлы 
идеяны биікке кӛтеруде алғашқысы ойға дӛп. 
Ноян  бейнесі  –  шығармаға  негіз  болған  ұлы  идеяны  ӛрлетудің  алтын 
арқауы.  Тарихи  шындығы  күмәнді  осы  бейненің  кӛркемдік  шындығы  ӛте 
сенімді. Әңгіме Ноянның ӛмірде болған, болмағандығында емес, осы кӛркем 
образ  арқылы  Мағжанның  драмалық  тартысты  дамытып,  Баян  тұлғасын 
даралауда оған ӛзгеше жүк артуында. Баянның психологиялық портреті, ішкі 
мінездемесі осы Ноянға қатысы арқылы терең ашыла түседі.  
Ақшамаңдай,  толқыншаш  қалмақ  қызына  Нояннан  бұрын  ғашық  Баян 
жауапсыз  қалған  сырлы  сезімді  ішке  бүккенді.  “Болмасын  жас  сұлудың 
білгеннен  соң//Ер  Баян  қарындас  қып  ерік  берген”  деген  жолдар  –  осының 
айғағы.  Баянның  да,  ӛзінің  де  сорына  орай  “Сұм  сұлуға”  Ноянда  ғашық 
болады.  Он  бес  жасар  Ноянның  хас  сұлуға  ес-түссіз  ғашық  болмауы  тіпті 
мүмкін  емес.  Мұны  Мағжан  сӛзбен  кестелеген  қыз  келбетінің  ӛзі-ақ 
айқындап тұр: 
 
Сол сұлу сұлу екен атқан таңдай, 
Бір соған бар сұлулық жиылғандай. 
Торғын ет, шақпақтай бет, тісі меруерт, 
Сӛздері су сылдырлап құйылғандай 
 
Бір улап кӛзқарасы, бір айнытқан, 
Жұлдыздай еркелеген сӛнбей-жанбай. 
Лебізі – жібек лебі, жұмақ желі 
Кәусардай татқан адам қалар қанбай. 
 

302 
 
“Бар  ақылы  білегінде”  жүрген,  ғашықтықтан  естен  танған  жас  Ноянның 
кӛзсіз  кӛбелектей  сұлу  қыздың  “сиқыр”  сӛзіне  елітіп,  елінен  безіп  соңынан 
еруі,  қай  жағынан  болсада  нанымды.  Шындықтан  еш  алыс  емес.  “Сұм 
сұлудың”  осы  бейнесі  Ноян  түгіл  Баянның  жүрегіне  шоқ  түсіріп,  ақылын 
ашуға жеңдіртеді. 
Баянның  қашқындар  хабарын  естіген  сәттегі  сезім  күйі  былайша 
сипатталады: 
 
Боз үйде жалғыз қалып Баян енді,  
Жаралы жолбарыстай күңіренді. 
Қорғасын миын, ойын тӛмен басып, 
Ақылға алғыр құстай ашу тӛнді. 
Бір кӛк сұр түс енгізіп бар денеге, 
Сұм жүрек қанды ӛзіне жинай берді. 
Ақырда ашу ерді билеп кетіп
Жалп етіп сӛнген шамдай ақыл ӛлді. 
Ӛлді ақыл. Атып тұрып батыр Баян, 
Боз үйден оқ жыландай шыға келді. 
 
Бұл  –  қызғаныш  пен  намыс,  ашу  мен  ақыл  шарпысқан  күйзеліс  сәті. 
Мұнда  намысты  қызғаныш,  ақылды  ашу  жеңгенінің  психологиялық  дәлелі 
басым.  Адамды  –  ханды  да  қараны,  батырды  да  бағыланды  долы  сезім 
билеген тұста ақылмен сабырға пұрсат жоқ. Ӛзгеге тұсау салған қорқау сезім 
жаннан  тәнді  айырып  ӛзіне  ғана  билетеді.  Қос  мұңлықты  қуып  жеткенге 
дейінгі  аралықта  Баян  батыр  осы  алапат  сезімнің  жетегіне  ереді.  Жетті… 
Бітті…  Іс  тынды…  Ашу  қысқан  Баян  бойын  қорқыныш  билеген  інінің 
еркелеген  ессіз  күлкісіне  де,  “кӛкелеген”  жалынышты  үніне  де  қарамайды, 
қыздың “ағалаған” ақтық тілегіне де тоқтамайды. “Ӛлген ақыл”, ӛшкен сана 
ештеңені  тыңдатпайды.  Ақылы  білегіне,  ашуы  садағына  кӛшкен,  екі  кӛзіне 
қан толған жүрегі жаралы батыр ажал оғын екі рет тартады. 
 
Екі жас аттарынан ұшып түсті, 
Түскенде бірін-бірі құшып түсті. 
 
Ашу  мен  ыза  уысына  қармалып,  “қызғаныштың  қызыл  итіне”  жем 
болғанын  кеш  түсінген  Баян  санасындағы  ӛкініш,  күйініш,  ӛлшеусіз  қайғы 
психологиялық  тереңдікпен  ашылады.  Жанарына  кінәсін  мойындап,  жүзіне 
еріксіз  күлкі  үйірген  “бӛбек  пішін”  Ноянның  “ерке  түсі”  тұнып  қалған, 
жүрегіне жан бауырдан айырылғанын кеш сезінген қасірет қаны ұйып қалған 
Баян  “Жолды  ӛзекті”  жаңғыртып  ӛзекті  ӛртеген  ӛкініштің  “гӛй-гӛйіне” 
басады.  
 
Күй жүрек! Кӛл бол жасым! Ӛртен ішім! 
Алдымда айнам жатыр бӛбек пішін. 
Сұм садақ кетсе де үзіп жас жүрегін, 

303 
 
Жойған жоқ құлыншағым ерке түсін. 
Сорлы ағаң атып жығып, ӛз інісін, 
Иіскейді енді зарлап аппақ тӛсін. 
Тартқанда сынбадың-ау, сұм садағым! 
Қайтейін, арымадың, арда күшім! 
 
Жүрегінің тереңіне бойлап кеткен қайғының қара жері жас боп ағытылған 
жан  күйзелісінің  бір  сәтінде  ақын  қаһарманына  “Неге”  деген  қияпатсыз 
сұраққа жауап іздетеді. Сол арқылы кӛкіректегі қос сезім тайталасын қаралау 
мен  ақтаудан  тұратын  санадағы  қайшылық  тартысын  сұңғыла  суреткер 
тұңғиық терең сырға тұнған монологтың мың құбылма иірімі арқылы береді.  
Күңіреніп  жатқан  Баян  батырдың  санасында  кенет  жарық  етіп  жасын 
ойнап,  селт  етіп  серпіліс  келгендей.  Ағарып  атқан  таңмен  жарыса  ашу  мен 
ызаның қара бұлтынан арылған санадағы ой ағысы енді ӛзге арнаға лықсиды: 
 
Жоқ, әлде, жоқ, жоқ… Әлде… Ӛлтірдімбе, 
Үнімді алты алаштың намысы үшін?! 
Арқамдай жер жүзімде жер бола ма? 
Айбыды алашымдай ел бола ма? 
Алашта ерте ӛткен екі арыстан: 
Ер Кӛкше, Ер Қосайдай ер бола ма? 
Солардың нәсілінен Сары, Баян, 
Барыстай ойын салған сар далада. 
Інісі Ер Баянның, жасық Ноян, 
Атадан озып туған дер бола ма? 
Құл болса бір қыз үшін балдырғаны 
Алашқа бұдан ауыр шер бола ма?! 
 
Санадағы сан тарау тартыс шешімін тауып, намыс деген ұлы ұғымды алға 
шығарады.  Ӛзін-ӛзі  қаралаудан  ақтау  басым  келіп,  ар  алдындағы  арылу 
басталады. Сӛйтіп Мағжан психологизмі басқа қисынға бет бұрады. 
 
Ел беті енді маған болсын арам
Алашым, аттанамын, жауыңда ӛлем! 
 
Поэмадағы  Мағжан  түйген  идея  түйіні  осы.  Ұлт  намысы  –  сатқынға 
тартылған сұр жебе.  
Поэма  болмысында  ӛзгеше  орны  бар  қалмақ  сұлуы  –  Ақшамаңдай  – 
қосалқы  міндет  атқарса  да  айтар  ойға  желі  тартар,  кӛркемдік  шындықтың 
шымырлығы  үшін  қажет  бейне.  Тарихи  шындығы  кӛмескілеу,  болған 
болмаған  белгісіздеу  бұл  кейіпкерді  Мағжан  жүрегін  емген  арда  сезімнен 
жаратқан. Ӛзі сұлу, сӛзі сиқыр сайтан қыз Ноянды махабаттың шылбырына 
матап, сезімнің құлына айналдырады. 
Махаббат  отына  күйіп-жанған  екі  жас,  бірі  –  ессіз  сезімнен  естен  танып, 
отанын оттан ыстық махаббатқа айырбастайды, екіншісі – мӛлдір сезім, киелі 

304 
 
махаббатты  отанына  оралудың  қаруы  етеді.  Баяндағы  қызғаныш  уытының 
улы  шығуының  себебі  ол  ұлттың  намысына  суарылған.  Ноян  мен 
Ақшамаңдайдағы  ортақ  сезім,  екі  ұдай  жан  құбылысы  Баянның  қаһарына 
кезіктіреді.  Жұбын  тапқан  қос  ынтық  жер-ұйықты  ӛзге  жұрттан  іздемесе, 
батыр Баян қос жүректің үмітін тажал оқпен үзерме еді, қос қозысын ажалға 
қияр ма еді?!… Әрине, жоқ! Сондықтан да поэмадағы шырқыраған шындық, 
мерейлі мақсат ұлттық намыс, Отаншылдық рухтан ӛріс тапқан. 
Ұлт  ұйытқысы  хан  Абылай  –  шығармада  тәуелсіздік  айбары.  Ол  – 
кемеңгерлігін  халқы  мойындаған,  айбынды  елге  арқалы  тұтқа  ұлы  тұлға. 
Жанама  мінездеулер  арқылы  жұрттың  оны  мойындауын,  мақтан  тұтуын, 
дәріптеуін  былай  қойғанда,  ер  шыдамас  тағдыр  талқысына  түскен  Баян 
батырдың  жан  дүниесі  алайдүлей  сәтте  оны  еске  алуы  –  Абылай  тұлғасын 
асқақтата түсудің бір тәсілі. 
 
Жейтұғын ӛз күшігін болдым бӛрі, 
Ісімді мынау ағат немен жабам. 
Қарабет болдым алаш баласына, 
Ер дер ме енді мені Абылай данам. 
 
Баянның  кейінгі  қалмақ  қолы  туралы  хан  шешімімен  келіспеуі 
мойындамау  емес,  жан  жарасына  ем  іздеу.  Оған  соғыс,  қанды  қанмен  жуу 
қажет,  ішкі  әлеміндегі  арпалысты  алапат  айқаспен  басу  қажет.  Яғни  ӛзі 
жазалауды аңсайды батыр Баян. Ӛзі айтқандай “Қан кӛрсе, қас қыранда шер 
тұра  ма?!”  Оның  Абылай  қолы  шегінер  кездегі  жүз  жігітпен  ажалға 
сескенбей қарсы баруы, қан майданда ерлікпен қаза табуы – ӛзіне шығарған 
үкім. Поэманың романтикалық сарыны осы тұста айрықша кӛзге шалынады. 
Баян  –  ажалдан  қаймықпаған,  “күнәсін”  қанмен  жуған  –  романтикалық 
қаһарман.  Сан  тарау  сезімге  серік  болған  махаббат  трагедиясы  осындай 
романтикалық ірі пафосқа алып келеді. Соңғы сәт! Соңғы дем! Ақын тағы да 
кейіпкердің ішкі әлеміне үңіледі: 
 
Тағы ашты жұмған кӛзін, тағы кӛрді, 
Алдында тұрған жас пен толқын шашты. 
Екеуі құшақтасып жап-жақын тұр, 
Басымен ишара етіп амандасты. 
  
Бұл  кешірім  бе?..  Жоқ!  Үзілер  сәттегі  шарқ  ұрған  сезімнің  алдамшы 
кӛрінісі.  Жанның  санадағы  құбылысы  арқылы  ішінде  кеткен  ақынның  ішкі 
әлемнің  мың  толқын  иірімін  ашуға  ұмтылысы.  Оны  толықтыра  түсу  үшін 
ақын тағы да монологқа жүгінеді. 
 
“Кӛзімнен неге ақпайды қан боп жасым, 
Жан беріп, жазғаным ғой жан жарасын. 
Кетсе де жаннан жара, қан кетпек пе? 
Дариға жазамнан да күнәм басым! 

305 
 
Күнәмді тәңірім кешпес, кешер бірақ, 
Жауында жан берген соң алты алашым!” 
 
Ел  намысы  үшін  қос  ғашықтың  жас  жанын  қиған  күнәсін  алты  алашы 
кешіреріне сенімі бар Баян “қос қарағынан” кешірім сұрап, дүниеден озады. 
Мағжан  тарихи  шындықтан  ӛзі  екшеп  алып,  қиялына  қанат  бітіріп, 
жүрегін  жарып  тужырған  туындысына  кӛркемдік  шындықты  шырақ  еткен. 
Тарихтағы Баян дәл мұндай болмаса да, дәл осылай ерлікпен қаза таппасада, 
алғашқы  ғашықтық  желісін  ел  намысына  жеңдіру  арқылы  ӛз  арын 
арашалаған  ұлттық  ұлы  айбары  –  Батыр  Баянның  мәңгілік  идеал  кӛркем 
бейнесін дәуір шындығымен астастыра отырып сомдаған. Шығармада ӛткен 
ӛмірдің реалистік шындығы мен мұндалап тұр. 
Мағжан… “тарихи адамдарды ала ма, ертегі айта ма, ұран сала ма бәріне 
де  ақынның  ойлағаны,  сезгені,  жүрегінің  қайғыруы,  жанының  күйзелуі, 
кӛңілінің  кірбіңі  кӛрініп  тұрады”  дейді  Жүсіпбек.  Рас.  Бұған  қосарымыз 
ұлтжандылығы, тіпті, мейлі, “ұлтшылдығы” танылып тұрады.  
“Батыр  Баянда”  ашу  қысқан  соқыр  сезім  мен  махаббат  атты  мӛлдір 
сезімнің  арпалысын  суреттей  отырып,  ақын  оқырманды  небір  қиырға 
салдырған  ойға  Батыр  Баян  кім?!  Ардақ  тұтар  тұлға  ма?..  Жоқ  әлде  інісін 
ӛлімге  қиған  қанішер  ме?..  Жо-Жоқ!  Батыр  Баян  елі  үшін  жаралған  –  ұлт 
ұланы. Ӛйткені 
Алаштың ардагері Батыр Баян, 
Бір қырда қала берді топырақ қауып. 
Жаудан да мейірімді боп жылады жел
Күңіреніп, ер денесін құммен жауып, – 
 
деп, ақын батыр Баянның ашумен істеген ісі үшін ӛзін-ӛзі жазалауын түсінуді 
кейінгі ұрпақ үлесіне қалдырады. Ақын оның ел есінде мәңгілікке қаларына 
сенеді. 
 
Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас, 
Ел үшін тӛккен ерлер қанын жұтқан, 
Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас. 
Арқаның селі, желі, шӛлі, белі, 
Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас! 
 
“Батыр  Баян“  –  реалистік  шығарма.  Мағжан  поэмасының  реализмі 
кейіпкерлерінің  тарихи  нақты  тұлғалар  екендігімен  емес,  оқиғаны 
суреттеуінің  кӛркемдік  шешімі  мен  ӛмір  шындығының  сай  келіп  жатуымен 
дәлелденсе керек. 
Жалпы алғанда, Мағжан шығармашылығы – қазақ поэзиясына ӛзгеше леп 
әкелген,  соны  шығармашылық  ізденіс  жемісі.  Қазақ  оқырманы  Мағжан 
поэзиясын  енді  ғана  тұщына  оқып,  “мың  қайталап”,  жанына  ләззат  тауып 
жатуының  сыры  осында.  Қазақ  әдебиеттану  ғылымы  оның  ұлттық  ақын 
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет