Мазмҧны кіріспе



жүктеу 2.17 Mb.
Pdf просмотр
бет26/27
Дата29.12.2016
өлшемі2.17 Mb.
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

Ақынның поэмалары 
 
Бернияз  Күлеевтің  ӛлең  сӛздің  шебері,  керемет  лирик  ақын  екендігі 
қандай талассыз болса, оның ірі эпик ақын екендігі де еш талас туғызбайды. 
Ақын  шығармашылығының  осы  бір  қырына,  яғни  ӛмір  құбылысын, 
қоғамдық  ӛзгерісті  мейлінше  молынан  қамтыған  кең  кӛлемді  дүниелеріне 
кезінде  жеткілікті  түрде  назар  аударылмады.  Мұның  екі  түрлі  себебі  бар. 
Біріншіден,  ақын  поэма  жанрының  қыр-сырын  енді  меңгеріп,  биікке  қанат 
қаға бастаған тұста ӛмірмен қош айтысып, талай-талай толғаулы дүниелерін 
ӛзімен  бірге  ала  кетті.  Екіншіден,  қысқа  ғұмырында  жазған  азды-кӛпті 
кӛлемді дүниелерінің кейбірі аяқталмай, біттіге саналғандары ақынның қайта 
бір қарауынан, уақыт тезінен ӛтпей қалды. Яғни бір қайнауы ішінде сияқты 
дүниелер  болып  саналды.  Міне,  осы  бір  жағдайлар  ақынның  эпикалық 
жанрдағы туындыларына селқостау қарауға әкеп соқты. 
Ал  шындығына  келсек,  ақын  бұл  жанрда  да  табысты  әрі  қызығарлықтай 
еңбек  еткен.  Әрине,  Бернияз  Күлеевтің  поэмалары  мүлде  сӛз  болмады,  ол 
туралы  пікір  айтылмады  десек,  артық  айтқандық  болар  еді.  Бернияз 
поэмалары  туралы  зерттеуші-ғалым  Әнуар  Дербісалин  біраз  құнды пікірлер 
білдірген.  Бірақ  түбегейлі  зерттеген  арнайы  еңбек  жоқ  екендігі  шындық. 
Сондықтан  да  біз  ақын  поэмаларына  арнайы  тоқтап  ӛткенді  жӛн  санадық. 
Ақынның бізге жеткен тӛрт поэмасы бар. Олар: “Жорық”, “Жердің жүзі жаз 
еді”, “Қайда екен?”, “Гүл” (“Жындымын ғой, кейде қаным таситын”). Соңғы 
туынды аяқталмай қалған. 
Бұл  поэмалар  –  Бернияздың  ойы  жүйрік,  қаламы  жүрдек  арналы  ӛзен 
іспетті құлашын  кеңге жайған  эпик  ақын екендігінің  дәлелі  іспетті.  Оларды 
ақынның  толқынды  ішкі  сезім-күйдің  сан  құбылысын  кеңінен  ашқан,  оны 
лирикалық  тебіреніспен  толғаған  шынайы  лирикалық  толғаулар  десе  де 
болғандай. 
Сол себептен де бұл туындылар ӛзінше бір кӛркемдік ізденістен жаралған 
ӛзгеше дүниелер болып шыққан. Бұл – Бернияз ақындығының ішкі даралық 
сипатына тән ӛзіндік құбылыс. Сондықтанда Бернияз поэмалары оның ӛзіне 
ғана тән ақындық меризм қуатының ерекшелігі мен даралығын айғақтайтын 
шығармалар.  
Ақынның  осы  жанрдағы  ең  кӛркем  дүниесінің  бірі  –  “Жорық”  поэмасы. 
Бұл  поэма  –  ақынның  ақындық  тегереуінін,  ішкі  иірімге  терең  бойлайтын 
сезімшілдігін,  кӛркем  дүние  туғызар  суреткерлік  табиғатын  танытатын 
бірегей туынды. 

325 
 
“Жорық”  –  Бернияздың  туған  халқының  ӛткен  тарихына  шолу  іспетті 
шығармасы.  Ақын  –  қашанда  халық  ұлы.  Сондықтанда  ол  ұлтының  ұлы 
арманы  бостандықты  жырламай,  сол  бостандыққа  қол  жеткізер  ер  бейнесін 
сомдамай  тұра  алмақ  емес.  Бұл  –  ұлы  арманнан  туған  поэма.  Ұлтының 
азаттығын  аңсау  –  ақынды  осындай  романтикалық  шабытқа  толы,  халық 
поэзиясының,  жыраулар  толғауының  құнарынан  нәр  алған  рухы  биік  от-
жалын жыр тудыруға алып келген.  
Ұлы мұратты айқын жырлау үшін ақын ӛзгеше тәсілге барып, ежелгі аңыз-
ертегі,  эпостық  шығармалар  үлгісіне  бой  ұрған.  Қырық  күн  ұйықтайтын 
батыр,  белгісіз  жау  мұның  бәрі  негізгі  ойды  жеткізу  жолындағы  шартты 
нәрселер. Сондықтанда поэма  
 
Ер ұйқысы қырық күн 
Қыз қылығы қырық түн, 
Ояна кетсем жоқ түк үн…
87
 – 
 
деп басталып, ӛз бойына дәстүрлі эпикалық жырлардың ең бір озық үлгідегі 
кӛркемдік  тәсілдері  мен  құралдарын  жинақтаған.  Бұл  арада  “қырық” 
санының орнын тауып, қиыса қолданылуы ерекше назар аударарлық. 7, 9, 40 
т.б. қасиетті сандар қазақтың дәстүрлі поэзиясында, жалпы ауыз әдебиетінде, 
ұлтымыздың  ұғымында,  наным-сенімінде  ӛзіндік  орын  алады.  Және 
әрқайсысының  қазақ  ой-танымында,  мәні  мен  маңызы  бар.  Мысалы,  қырық 
күн  ұйқы  батырлар  жырында  кӛбінесе  батырдың  алыптығын  білдіру  үшін 
қолданылып,  алып  күш  иесінің  ұйқысы  ұзақ  болуы  керек  деген  ұғымды 
қалыптастырған. Поэмада ақын батырлар жырының осы тәсілін қолданып, ел 
азаттығы  жолындағы  күрескерді  қырық  күн  ұйқтатып,  сонансоң  жорыққа 
шығарады.  
Поэмадағы  лирикалық  кейіпкердің  (батыр)  жан  серігі  –  батырлық 
жырлардағыдай семсері мен тұлпары, қанжары. 
 
“Семсерім мен тұлпарым, 
Жанымда қанды қанжарым, 
Қан болған елім, мал-жаным 
Таңырқап тұрдым боп аң-таң. 
 
Оның сенері де, сүйенері де осылар. Туған елі мен жұртын, “Шалажансар 
ғып  салған”  жауына  да,  қасиетті  жері  мен  суына  да  батырлар  кӛзімен 
қарайды,  аңдаусызда  жау  шапқыншылыққа  ұшыраған  елін  батырлық 
жүрекпен  сүйеді.  Азат  ерін  құл  етпек  болған  жауына  қарсы  жорыққа 
аттанады. 
Ақынның  поэмасындағы  ӛткен  заман  жырларымен  біте  қайнасқан 
үндестік  ата-баба  ерлік  рухының  жалғастығының  куәсіндей.  Ақын  бүгінге 
                                                 
87
 Күлеев Б. Айтшы, ақ қайың . –Алматы, 1969. – 291 б.  

326 
 
ӛткеннің  қайтпас  қайсарлығын  тілей  отыра,  оны  бүгінмен  жанастырады. 
Осыдан келіп ерлік туралы жыр ӛріледі. 
 
 
“Балығы тайдай тулаған, 
Бақасы қойдай шулаған”, 
Жағаға елім сыймаған 
Ӛзен, кӛлі суалған. 
…“Балдырғаны білектей, 
Батпауығы жүректей”, 
Жоңышқасы жібектей. 
Ой-қырымды қан жуған, – 
 
деп атамекенін ақын жыраулар үлгісінде жырлайды. Бұл жырға ӛзгеше сипат 
береді. Ғасырлар үндестігі кӛзге ұрып тұрғандай, еш жаттығы жоқ.  
Жоғарғы тармақтар мен шумақтардың кіммен үндесіп жатқанына бір сәт 
назар аударайықшы. Құлаққа атойлаған Қазтуғанның, елім деп еңіреген 
Мұраттың үні келмей ме. Бұл солар суреттеген, сұлулығына тамсанған Еділ 
емес пе? 
Кейіпкерінің жауын суреттегенде де ақын жырдың суреттеу тәсілін қатаң 
ұстанады және ол орнын тапқан тәсіл болып шыққан. Мәселен ежелгі 
жырдың қайсысында да мол орын алатын бір тәсіл – жау әскерін сұсты етіп 
кӛрсету. Бұл батыр соғысар жаудың осал еместігін кӛрсетуге. Оны жеңіп 
шыққан батырдың айбынын асырып, ерлігіне ерекше сипат беру тәсілі. Ақын 
осы дәстүрді сақтай отыра поэманы жыр рухына мейлінше жақындастыра 
түседі. 
 
Ұзындығы ұшы жоқ, 
Кӛлденеңі кӛлдей боп, 
Айналасы жалын шоқ. 
Қатері жоқ қиырдан. 
Болаттан сауыт, сайманы, 
Кӛкпеңбек қылыш, найзалы, 
 
Алпыс екі айлалы, 
Жан-жаққа күзет қойылған. 
Шаңырағымды жағып күл қылып, 
Ерлерді байлап құл қылып, 
Аруды зорлап күң қылып 
Жатыр екен жандары. 
 
Ақын  кейіпкерінің  жауға  шапқан  кезінде,  сол  кездегі  кӛріністерді 
суреттегенде  де  жыр  үлгісін  ұстанады.  Ақын  сипаттауындағы  батырдың 
әрбір  қимылын-ақ  халық  аңсаған  ежелгі  ерлер  рухы,  олардың  халық 
санасында қатталып қалған қаһармандық тұлғасы елес беріп тұрады. 
 

327 
 
Жалғыздың жары “ӛзі” деп, 
Құйысқанды қысқарттым. 
Екі айылды берік тарттым, 
Қалыңға қарай жол тарттым, 
Қыруға шеттен бӛрі боп. 
 
Мен жазғызбын, дұшпан мың, 
Мен жараумын, дұшпан тың, 
Шаба алмасам маған сын.  
Ақырын келіп тиістім… 
 
Албастыдай еліріп, 
Жалмауыздай емініп… 
Күннің кӛзін басты шаң, 
Жердің жүзін басты қан… 
 
Жауына жалғыз шабу, аттанар алдында аллаға сиыну, жауына албастыдай 
еліріп,  жалмауыздай  емініп  тиісу,  осындай  айқастың  нәтижесінде  күннің 
кӛзін шаң, жердің жүзін қан басты деп кӛрсету – қазақ батырларының ерлігін 
жырлаудағы  ежелден  қалыптасқан  кӛркемдік  шарттар.  Ендеше  Бернияз  ұлт 
азаттығын,  оның  күрескерлерін  жырлаудың  қиын  кезеңінде  ӛзінің  іштен 
тынған  ойларын  ауыз  әдебиетінің  үлгісімен  пернелей  отырып  жеткізуге 
тырысқан. Және ол тұста әлі де болса бұл тәсіл халыққа ӛте жақын еді. Соны 
тәсілдерді игеру әлі қалыптаса қоймағанды. Ерлік жырлар елдің ұғымына сай 
болуы  тиіс  еді.  Сондықтанда  сол  тұстағы  ақындар  осы  әдісті  ұтымды  деп 
тапты.  Б.Күлеевте  –  солардың  бірі.  Бернияз  үшін  ертегінің  елесіндей 
батырдың сыртқы тұлғасы, қиялға негізделген қимыл-әрекеті емес, оның ұлы 
арманы, биік рухы қымбат еді. Ақын оқырманын лирикалық кейіпкердің ішкі 
болмысына  бойлатады.  Жаңа  ізденіске  ұмтылыс  әлі  алда  болатын.  Мағжан, 
Сәкен ізденістерінің жемісі Берниязға да тән еді, амал нешік. 
Ӛзін  ұлтының  ұланы  сезініп,  халық  атынан  сӛйлейтін  ақын,  яки,  оның 
лирикалық  кейіпкері  заманалар  соқпағының  сан  түрлі  қияпатынан  ӛткен 
елінің  тәуелсіздікке  қол  жеткізер  болашағына  сенеді.  Сондықтанда  ол 
ұлтының  рухымен  ұштасып  жатқан  лирикалық  кейіпкердің  қаһармандық 
қуатының белгісі мен бейнесін былай береді: 
 
Жас жолбарыс ер ұлан, 
Ерінді кӛр жау қуған, 
Ерік үшін жан қиған
Жүретін болсаң, келіңдер! 
 
Семсерімді шешпеймін, 
Тұлпарымнан түспеймін, 
Кегімді жауға кешпеймін, 
Жорықшы бол да еріңдер!  

328 
 
 
Туған халқының азаттық алуға, ерікті ел болуға деген құштарлығы ақынға 
асқақ романтикалық шабыт, таусылмас күш-жігер құяды. 
Жалпы алғанда, “Жорық” поэмасы жаңа ӛлең үлгісінде ӛріліп, ӛршіл рухта 
жазылған кӛркем де мазмұнды туынды болып табылады. 
Бернияздың  сезім  мен  сырға  толы,  тӛгіліп  түскен  әдемі  де  әсем 
поэмасының  бірі  –  318  жолдан  тұратын  “Жердің  жүзі  жаз  еді”.  Поэма 
түгелдей Абайдың “алты аяғының” үлгісімен жазылған. 
 
Жердің жүзі жаз еді, 
Айт келіп жұрт мәз еді, 
Қыз-келіншек күліскен. 
Енді еркін аралап, 
Жақын жерді жаналап, 
Салтанатпен жүріскен. 
Ызыңдаған бір жел жоқ, 
Бұлт қаптаған бір жер жоқ, 
Аспан беті тұнық ед. 
Тӛсін кӛріп ырғалып, 
Иісті гүлге бұлғанып, 
Күліп жатты дала да. 
Жауқазындай жайқалып, 
Жан біткендей шайқалып 
Сыбырласты сала да. 
 
Бұл  поэма  –  толғаныстан  туған  күрделі  туынды.  Шығарма  лирикалық 
сезім-күйге  құрылып,  ақын  басынан  ӛткен  үлкен  сүйіспеншіліктің  сырлары 
ашылады.  Поэмадағы  сыршыл-сезім  күйлері  табиғаттың  сұлу  суреттерімен 
астасып,  әдемі  жарастық  тауып,  егіз  ішектей  ӛріліп  отырады.  Табиғаттың 
тұнық кӛрінісі мен әсем құбылысын астар етіп алған ақын ӛзінің жалындаған 
жастық  сыры  мен  шешілмеген  махаббат  мұңын  елжірей  жырлап,  тебірене 
жеткізген.  Әсем  табиғат  аясында,  жұрт  кӛңілі  шат-шадыман  тұсында  бір 
кездегі  сүйгенін  жолықтырған  лирикалық  қаһарман  атты  сезімге  оранып, 
қатты  толқиды.  Бірақ  махаббаттағы  адалдықты  ардақ  тұтқан  лирикалық 
кейіпкер  сезім  тізгінін  тежеп,  ойын  хатпен  білдіріп,  соңғы  сӛздің  шешімін 
сүйгеніне қалдырады. Осы бір қайта табысқан сәтте де ӛз сезімі бір сонау бір 
кездегідей  екенін  білдіріп,  шешуін  сүйгенінен  күтеді.  Мұны  ақын  былай 
толғайды: 
 
Не қылсаң да ӛзің біл, 
Ӛзің сӛк те, ӛзің күл, 
Сенің толық еркің бар. 
Қашаннан-ақ ойымда 
Сенің ізгі жолыңда 
Құрбан болмақ сертім бар… 

329 
 
 
Осы  ойды  түйіндей  келе  ақын  кейінгі  болар  сұмдық  оқиғаны  кӛзімен 
кӛргендей, әлде елес бергендей дәл суреттейді. Ӛзін тағдыр еркіне бергенін, 
соған мойын ұсынғанын шегелей айтады.  
 
 
Жүрегімнің жанғанын, 
Қасық қаным қалғанын – 
Бергенше тағдыр залымда, 
Жарқыратып жанымды, 
Сарқыратып қанымды,  
Ӛз қолыңмен бауызда!!! 
 
Автор  ӛз  шығармасында  ұлтының  ұрпақтан-ұрпаққа  ӛсиет  болып  келе 
жатқан ұлы қағидасын тағы да қайталап, “Ғашықтық жолы бір басқа” екенін 
тағы дәлелдей түседі.  
Поэманың басты идеясы да осыны меңзейді. Яғни сүйіспеншілік, махаббат 
сияқты  мәңгілік  тақырыпты  сӛз  ете  отырып,  осы  сезімге  деген  адалдықты, 
пәктікті  дәріптейді.  Сӛйтіп  ақын  ӛз  оқырмандарын  осынау  ұлы  сезімге 
табындыруға ұмтылады. Соған үндейді. 
Ақынның ӛзі поэма деп атап, айдар таққан поэмасы “Қайда екен?”. Поэма 
438 жолдан тұрады. Бұл поэма да ғашықтық, сүйіспеншілік тақырыбын арқау 
еткен, асқан шебердің қолынан шыққан лирикалық шығарма. 
Тақырыбынан кӛрініп тұрғандай лирикалық дастанның желісіндегі негізгі 
мазмұн  –  сүйіктісінен  аласапыран  заманда  кӛз  жазып  қалған  лирикалық 
кейіпкердің сағынышы мен сүйгенін іздеп аласұрған жүректің ащы зары. Бұл 
–  шындығына  келгенде  сағынышқа  толы  мұңлы  сыр.  Осы  сырды  ӛзек  ете 
отырып,  лирикалық  қаһарман  сонау  алаңсыз,  қамсыз-мұңсыз  күндерді  еске 
түсіріп, сол бір тәтті, сағынышты кезеңге ой жібереді, кӛз алдына елестетіп, 
тәтті қиялға беріледі. Сол бір кездің естен кетпес елестері жыр жолына сурет 
болып тӛгіледі. 
 
Айдын самал, 
Жағасы мал, 
Кӛлдерде қу, қырда құс. 
Бай табиғат, 
Сән салтанат
Тұрмыс бейне кӛрген түс. 
Үй айнала, 
Қыз, бозбала, 
Ұмытқам жоқ әлі ойда! 
 
Лирикалық  қаһарман  ӛзі  сүйген  жанының  асыл  бейнесін  ӛте  әсерлі 
суреттейді. Нағыз арудың қайталанбас бейнесі жасалып, жадыңда мәңгілікке 
қалады.  “Мен  үшін  оның  ӛзі  бақыт  алар  құбылыс,  сӛзі  –  құран,  ал  анты  – 
иман” деп есептейді ақын. Поэмада бұдан кейін ақын аласапыран заманның 

330 
 
қым-қуыт  кезеңінің,  қазақ  даласындағы  азамат  соғысының  елге  лаң  әкелген 
қанды шарпуын, оның елге тигізген кесір-кесапатын ашуға ұмтылады. Бірақ 
бұл  тікелей  айтылмай,  сол  кезеңге  тән  бейнелі  де  бедерлі  суреттер  арқылы 
поэтикалық  кӛркем  образбен  беріледі.  Ол  суреттеулер  мен  бедерлі 
бейнелеулерден біз кӛркемдік шындықтан туған ӛмір шындығын кӛреміз. 
 
Ӛтті күндер, 
Есті желдер, 
Ӛтті күндер… есті жел 
Қамыс құшып, 
Зәрін ішіп, 
Жел дүниеге у шашты. 
 
Буланды су, 
Уланды ну, 
Ай да, күн де уланды. 
Дәрия оқпын 
Таудай толқын 
Тасыды да жынданды. 
 
Қарсыласқан, 
Қара басқан 
Ӛткір қылыш кӛшірді. 
Тәнге, жанға, 
Қызыл қанға 
Бӛкті-дағы қанды жер. 
 
Сұрапылды, 
Үрген сорын 
Кӛтере алмай қалды ел. 
О да ӛтті, 
Тағы жетті 
Одан бетер “аштық қарт”. 
 
Лирикалық  қаһарман  сонау  кездегі  қиын-қыстау,  ӛртті  шақтан  аман 
қалып,  пәк  махаббатына  куә  болған  ақ  қайыңға  мұң-шерін  шертеді,  ақ 
қайыңмен  адамша  тілдесіп,  сырын  бӛліседі.  Ақынның  осы  бір  ӛзгеше 
сағынышты  сезім  күйі  оқырман  жанын  тебірентпеуі  мүмкін  емес.  Ақын  ең 
соңында  тылсым  табиғатпен  тілдесіп,  ӛз  мұңын  соған  шағады.  Сонау  оғыз 
заманынан қалған “ағашпен тілдесу” адамның туған табиғатпен тілдесуі емес 
пе?! Берниязда сол дәстүрді жалғастырып, адамзаттан мұң шағар жан таппай, 
“Ақ қайың мен” тілдеседі.  
Кӛк пе, жер ме, 
Су ма, жел ме, 
Әлде алған ай ма екен? 

331 
 
Айтшы, қайың, 
Менің жаным, 
Айтшы, айтшы, қайда екен?! 
 
Түйіндей  келгенде  Бернияздың  бұл  поэмасының  идеялық  негізінде 
адамның құпия қасиеттерінің бірі – сағыныш атты ұлы сезім жатыр. Сағына 
білген адам адалдыққа бір табан жақын деген ойды меңзейді ақын. Сағыныш 
деген қастерлі сезімді жоғары қоюға үндейді. Бернияз ӛзі “қияли поэма” деп 
атаған бұл шығармада қиял емес, ӛмір айнасы іспетті шырылдаған шындық 
бар.  
Бернияз  Күлеевтің  ақындық  таланты  –  Құдай  берген  талант.  Сондықтан 
мейлі  лирикалық  шығарма  болсын,  мейлі  кӛлемді  поэма  болсын  ол  тек 
жазбауға  болмайтын  болған  соң  ғана  жазған.  Олар  мерзімі  жеткен  кезінде 
жүйрік  те  жүрдек  қаламынан  туындап,  тӛгіліп  жатқан.  Бұған  бір  дәлел 
К.Шәменовтің  мына  бір  пікірі:  “Б.Күлеев  қиыстырып,  келістіріп  жазатын 
шабытты, тӛкпе ақын болған. Ол 1922 жылы үш поэмасын (“Гүл”, “Жорық”, 
“Қайда екен?”) бір айдың ішінде жазған. Солардың кӛлемдісі де, кӛркемі де – 
“Гүл”
88
. Негізінде бұл поэма аяқталмай қалған. 
Поэмада  ақын  айналадағы  надандыққа,  тоңмойындық  пен  бейқамдыққа 
лирикалық кейіпкер атынан ой тастайды.  
 
Жердің жүзі тебінгідей кӛрініп, 
Қысылып жан кӛкке тартар желігіп. 
Ойлай-ойлай, жырлай-жырлай жыласам, 
Жеңілейем жүрек уы тӛгіліп. 
Әрі жастық, әрі жынды сотқарға, 
Қайда жүрсе, қайда тұрса – сот бар ма?! 
Жұрттың бәрі ісін әбес кӛрсе де, 
Ӛз дегенін етпей езгі тоқтар ма? 
  
Айналасынан  баянды  тірлік,  бәтуалы  іс  кӛрмеген  лирикалық  кейіпкер, 
ӛскен  ортадан  шошынып,  әу,  бастағы  тұнба  тазалығын  сақтаған  табиғатпен 
тілдеседі, соған мәжбүр болады: 
Улы жүрек жаннан сырын жасырып, 
Отыр бүгін табиғатқа ашынып, 
Айтып-айтып, тӛгіп-тӛгіп мейлінше, 
Болды азырақ жай тапқандай басылып. 
 
Осы сәтте лирикалық кейіпкерге қайыққа мінген “хордың қызы” кездеседі, 
ол бірден жалғыздықтан торыққан сезімшіл жанның еркін билеп алады. Жігіт 
елжіреп, егіліп, жүрегінің сырын, кӛңілдегі мұңын ақтара бастайды: 
 
Секунд сайын у жайылған жан ӛлмек, 
                                                 
88
 Шәменов К. Бернияз Күлеев ⁄⁄  Қазақ әдебиетінің тарихы. 2 том. 2 кітап. – Алматы, 1965.  – 437 б.
 

332 
 
Секунд сайын у жаюға жан келмек. 
Ертеңгі ӛлік бүгін құрбан іздейді
Біреу ӛлмей бар ма біреу күн кӛрмек? 
…Аспан алыс, жердің түбі терең ғой, 
Амалсыздан ыза боп жас тӛгем ғой. 
Ӛмір – бүгін, бүгін соны білмесем, 
Ертеңгі күн арманда боп ӛлем ғой
…Әлденеден күдерімді үзбеймін, 
Неменеден, неге екенін білмеймін. 
Адам білсе, біледі де сӛгеді, 
Ыза болып оңаша жер іздеймін, 
 
“Хордың  қызы”  жігіт  жанын  түсініп,  ӛзімен  бақытты  боларына  сенім 
білдірген емереуін танытады. Сӛзіне сенген жігітке ӛз шартын қояды: 
 
Мен не десем, тіл қайырмай кӛнесің, 
Тек мені біл, басқалардан безесің. 
Кем-қор жаннан маған жанды жуытпай, 
Жанасқанды тұншықтырып езесің. 
Тӛсек деп біл сондайлардың денесін
Қорегіңе қанын сорып емесің, 
“Әділдік” пен “қуаныш” деп қарамай, 
Адал, арам – талғамай жей бересің. 
 
Әрине лирикалық кейіпкер бұл шартты қабылдамайды. 
 
Жауынгер боп жердің жүзін қан қылып, 
Бай, патша боп, ӛзімдейді зар қылып, 
Сырыңды айт деп табиғатты бүлдірсем, 
Не ғылайын атақ алып ғалым боп?! 
Ол ӛмірден қызық кӛріп не етейін. 
Ол қызықпен қай арманға жетейін?! 
Тіліңді алып, дегеніңе кӛнгенше, 
Ӛмірімше жар сүймей-ақ ӛтейін. 
 
Қызық!  Бір  қарағанда  түс,  қиял  сияқты  бірдеңе.  Кӛп  зерттеушілер 
шынында да солай қабылдады. Мысалы: К.Шаменов шығарманы баллада дей 
отырып, былай деп бағалайды. 
“Бұл  балладаның  негізгі  идеялық  арқауы  –  ғылымды  меңгеріп,  дүниенің 
сырын  білуге  ұмтылған,  шын  бақыт  осында  деп  ұққан  жас  талапкердің  іс-
әрекеті 
арқылы 
күшпен 
бақытты 
болып 
жүргендерді, 
соның 
тӛңірегіндегілерді  әшкерелеу.  Бұрынғы  заманның  бақыты  –  зорлық-
зомбылықтың салдары, оны қостаушылар – жын-шайтан дейді автор. Сӛйтіп, 
ол  езілген  еңбекшілерге  пайдасы  жоқ  жалған  бақтан  безеді  де,  жалпы 
халықтық бақытты аңсайды. Бұл – үлкен суреткердің ежелден суреттеп келе 

333 
 
жатқан  гуманистік  идеясы  еді.  Б.Күлеев  оны  ӛзінше  жаңа  лебізбен  жырлап 
бере алған”
89

Алдымен,  шығарманың  жанрлық  ерекшелігіне  келсек,  ол  сюжет  желісі 
жағынан  лирикалық  поэмаға  ұқсас,  бірақ  оқиға  дамуы  мен  суреттеу 
нақысына, автордың лиро-психологиялық шегіністеріне қарағанда, балладаға 
жақындау  екені  рас.  Бірақ  кӛркемдік  белгілері  оны  неғұрлым  поэмаға 
жақындата  түседі.  Бірақ  зерттеушілер  бір  нәрсеге  назар  аудармаған  секілді. 
Ол  –  поэманың  жазылу  жылы.  1922  жылы  Бернияз  үш  поэманы  бір  айдың 
ішінде  жазып  тастайды.  Неткен  асығыстық.  Неге  асықты?..  Ақынды 
асықтырған ішкі жан толқынысы еді. Тіптен оны ӛлімге жетелеген махаббат 
емес, осы ішкі жан толқыныс па деген ойға қаласың. Ӛйткені ол ӛз ӛмірінің 
мақсаты санаған, арман еткен ұлттық бостандыққа, ел еркіндігіне қол жеткізе 
алмады.  Күткен  бағы  “Хор  қызы”  сорға  айналды.  “Қызыл  тілі  кісендеулі” 
Мағжанның күйін жанымен ұқты, жүрегімен сезінді. 
“Гүл”  деп  санағаны  “күл”  болып  шыққан  ақын  жанының  шарқ  ұруы  – 
нанымды нәрсе. Қызылдың әкелген кесапатының сырын ұққан Бернияз ашық 
айта  алмасын  біліп,  қиял  мен  пернелеуді  араластыра  отырып,  шын  сырын 
жайды. Ащы зарын тӛкті. Ахмет, Міржақып, Мағжандай талай сыннан, талай 
тағдыр талқысынан ӛтпеген, ӛзегін ӛкініш ӛртеген ӛрім жас суарылмаған шар 
болаттай  шарт  сынды.  Бірақ  айтарын  айтып  кетті,  алдамшы  ӛмірге  налып 
кетті. 
Б.Күлеев  поэмалары  –  сюжетсіз  лирикалық  толғаныс.  Мұнда  ақынның 
шағын жанрға сидыруға келмейтін ағыл-тегіл сезімі, биік те ӛршіл рухы біте 
қайнасып  жатыр.  Шындықты  кӛркемдікпен  ӛрнектеу,  дүниені  санамен 
түйсіну  арқылы  ақын  символдық  бейнелеу  мен  нәзік  лиризмді  ұштастыра 
отырып, кесек сипаттағы, күрделі туындылар жасаған.  
Ендеше Бернияз Күлеев поэмалары - сыршылдық пен ойшылдық қат-қабат 
келетін, кӛркемдік қуаты келісті, қазақ поэзиясындағы эпикалық туындылар 
ортасынан орнын ойып алатын құнды дүниелер.  
Қорыта  айтқанда,  Бернияз  Күлеев  –  шын  мәнінде  халықтық  әдебиеттің 
алтын қазынасын аршып алып, ұлттық дәстүрдің озығын  ӛлеңіне ӛзек еткен 
ақын.  “Абай  –  ақылдың  ақыны,  Мағжан  –  ақынның  ақыны”  деген  Сәбит 
Мұқановтың  қанатты  сӛзі  Берниязға  да  дәл  келеді.  Иә,  Бернияз  –  ақынның 
ақыны.  Оның  поэзиясында  сыр  да  жетерлік,  сезім  де  жетерлік.  Ол  –  осы 
екеуін  тоғыстыра  отырып,  адамның  жан  құбылысын  ашып,  кӛзге  кӛрінбес 
кӛңілмен  сезер,  кӛкірекпен  кӛрер  сурет  жасай  алған  суреткер.  Сӛзден  сұлу 
ӛрнек  ӛрген  ақынның  қазақ  әдебиеті  тӛрінен  мәңгілік  орын  алары  еш  талас 
туғызбайды.  Оның сұлу  поэзиясы бүгінгі оқырман кӛкейінде жатталып, ұлт 
сӛз  ӛнерінің  асыл  қазынасына  қомақты  үлес  болып  қосылып,  ғасырлар 
мұрасына  айналып,  ұрпақ  жадында  жаңғырып  тұрар  жәдігер  болып  қала 
береді. 
 
                                                 
89
 Шәменов К. Бернияз Күлеев ⁄  ⁄ Қазақ әдебиетінің тарихы. II  том. II кітап. – Алматы,  1965. -  441 б.
 
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет