Мінездеме Телемисова Аружан Еркешқызы танысу практикасын “Мебель от Нуржан” жиһаздар цехінде өтті. Танысу практикасында барлық берілген тапсырмаларды дұрыс орындауға тырысты. Осы кезен практика аралығында өзін жақсы жағынан көрсетті. Жауапкершілігі мол, өз ісіне тиянақты, ұқыпты, жұмысқа үнемі дайындықпен, көп ізденіспен келеді. Қиын жағдайда өз бетінше дұрыс шешім қабылдай біледі. Мінезі ашық,өз жұмысына ынталы,мекеменің қызметкерлерімен тез тіл тасбыса алады. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзеуге тырысады.
Абильбаев. Д. Ж_________
Мазмұны Кіріспе…………………………………………………………….………...3
Кәсіпорынның сипаттамасы…………..…………………………..….…...4
Мекеменің техникалық қауіпсіздігі, практикадағы ережелер…………..5
Қорытынды………………………………………………………………....6
3
Кіріспе
Өндірістік менеджмент негіздерін практикалық зерттеу менеджмент саласындағы мамандарды сапалы даярлау үшін қажет, сондықтан кәсіпорындағы өндірістік практика оқу процесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Практика барысында студент ұйым қызметінің барлық аспектілерін зерделейді және практика жүргізілетін кәсіпорын туралы толық есеп жасайды.
Бұл тәжірибенің негізгі мақсаты өндірісті басқарудың әдістері мен формаларын зерделеу, кәсіпорындағы басқарудың барлық деңгейлерін қарастыру, құрылымын, технологиялық процесін, негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерін зерттеу, кәсіпорынның негізгі есептік қаржылық құжаттамасына талдау жүргізу болып табылады.
Өндірістік экономикалық практика және менеджмент практикасы болашақ мамандарды практикалық жұмысқа барынша даярлауға, кәсіби даярлық деңгейін арттыруға, түрлі еңбек ұжымдарында жұмыс істеу дағдыларын игеруді қамтамасыз етуге арналған.
Практиканың негізгі міндеттері: кәсіпорындарда менеджмент бойынша ақпаратты жинаудың, жинақтаудың және өңдеудің заманауи технологияларын зерделеу және практикалық қолдану, сондай-ақ кәсіпорындағы басқарудың барлық деңгейлерін, оның өндірістік қызметін, негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерін зерделеу, осы білім мен дағдыларды кейінгі тәжірибелер мен жұмыстарда одан әрі қолдану мақсатында мамандықтар.
Танысу практикасы “ Мебель от Нуржан ” өтілді.
Сырттай танысу практикасынан өту кезінде келесі міндеттер қойылды: