Медицина философиясы. Деонтология



Дата24.04.2023
өлшемі17,26 Kb.
#86207
түріСабақ

Оразымбет Аида 
ТФП21-013к
Медицина философиясы. Деонтология
Этика (Аристотель) - адамгершіліктік мораль мен құлықтылық туралы ғылым. Парызтану (деонтология - грек тілінен Deontos - парыз, logos - ғылым) (ағылшын Бентам) – науқас пен дәрігердің, медициналық қызметкерлердің өзара (субординация, сабақтастық, тыңғылықтылық) қарым - қатынастарындағы және ғылыми-техникалық жетістіктердің тәжірибелік медицинаға енгізілуіне байланысты парыз туралы ғылым.

Медицина қызметкерлерінен сезімталдық, ықыластылық, ақ пейілділік, мейірімділік, қамқоршылық және жоғары кәсіпкерлік сияқты адамгершілік қасиет талап етіледі. 
Сыртқы бейнеге қойылатын нақты талаптарды орындау: ауыстыратын аяқ киімнің болуы, халат таза және үтіктелген, тырнақтар - қысқа қырқылған, шаш калпақтың ішіне тығылған болуы керек.

Науқаспен қарым-қатынас жасау ережелерін сақтау: науқасқа көбірек көңіл бөлу, тәртіпті сактаудың, дәрілерді үнемі қабылдаудың қажеттігін ұғындыра білу, сауығуының немесе жағдайының жақсаруының мумкіндігіне сендіру, кейбір науқастарға нақты диагнозын айтуға болмайды.


Науқасты емдеуде сөздің ролі әрдайым жоғары, кей кезде сырқат көзінше медициналық қызметкерлер көбірек сөйлеп қояды. Ол ятрогенияға әкеліп соқтырады. Науқасқа әр түрлі психикалық сөз әсерлерінен болатын жағдай эгротогения деп аталады. 
Ал науқастың өзіне әсері /жақсы, жаман ойлауы / эгогения деп аталады. 
Эго дегеніміз : 
- ішкі мәдениеттің ережелерін сақтау, қоғамдық жағдайларға үнемділікпен қарау, татулық, әріптестік сезім; 
- сыртқы мәдениет ережелерін, тәртіпті сақтау, сыпайылық, әдептілік, , сәйкес келетін киім /сыртқы жинақылық, денесінің, киімінің, аяқ киімінің тазалығын сақтау т.б./
Парызтанулық қағидаларды бұзу науқастарда ятрогендік аурулардың (грек тілінде Jatros- дәрігер, gеnеs - туғызылған) дамуына әкеліп соғуы мүмкін. Бұл аурулар науқастың психикасына және сауығуына жағымсыз әсер еткен медициналық қызметкерлердің абайсызда айтылған сөздерінің немесе іс-әрекеттерінің салдарынан болуы ықтимал. Дәрігерлік құпияны сақтау қажет (қоршағандарға қауіп төндірмейтін кезде). Сырқатнамаға енгізілген зертханалық, аспаптық тексерулердің мамандар кеңесінің нәтижелерін білу науқас үшін онай болуы керек. Мейірбикеге тексерулердің деректерін науқаспен талқылауға болмайды.
Ятрогенді ауру – медицина қызметкерінің сөзіненісінен пайда болатын ауру. Ол медициналық қызметкерлердің теріс түсіндірген сөзінен немесе мінез - құлқынан шығады. Кіші мейірбике немесе техникалық қызметкерлердің сырқатқа зерттеу нәтижесін қате болжап, айтып берген жағдайда да кездеседі. Сөз науқасты емдеп қана қоймайды, оны жаралауы да мүмкін екендігін мейірбике жанында ұстап, науқас көзінше түсініксіз терминдерді айтпауға тырысу керек. 
Ятрогенді аурулардың себептеріне: жалпы және медициналық мәдениетінің жетіспейтіндігі, асығысты, науқастың ыңғайсыз диагнозын болжау, зерттеу нәтижесін дұрыс түсіндірмеу жатады. Кез келген ауру жағдайында мейірбике науқастың психикасын бұзбауға тиіс. 
Медицина қызметкерлерініің өзара қарым-қатынасының негізін субординация құрайды - қызметі бойынша кішінің үлкенге бағыну жүйесі, бұл дәрігермен немесе әкімшілік өкілімен кездескенде тұру дәрігерлік тағайындауларды ұқыпты орындау ғана емес, сондай-ақ, кейде шиеленіскен қатынаста көрінеді.

Әріптестер арасында бір-біріне көмекке, бірін-бірі құтқаруға даярлық қағидалары.
Науқастар мен келушілердің көзінше өз әріптестерін ешқашан міндемеген жөн (олар жіберілген қатенің мәнін үлкейтіп, сенім беделін түсіруі мүмкін), кіші медицина қызметкерлерімен қатынаста да тәкәппар болуға болмайды. Қатынаста әдепті, сабырлы болған жөн, мүмкіндігінше мәселенің жөнін қысқаша баяндаған дұрыс.

Медициналық этика - медицина қызметкерлерінің өз жұмысында әдептіліктің ролін зерттейтін ілім. Этика мен мораль – қоғамдағы адамдардың мінез – құлқын, олардың бір-біріне және қоғамдық құндылыққа деген қарым – қатынасын реттейтін ережелерге қажеттіліктен туған қоғамдық сананың формасы болып табылады. Медициналық этика біздің дәуірге дейінгі 1500 жыл бұрын қолданылып келеді. Көптеген медициналық анттардың негізінде бүгінгі күні дүниежүзіндегі барлық елдерде қабылдайтын анттардың бірі «Гиппократ анты», ол 2400 жыл бойы әйгілі.



«Гиппократ анты» - негізгі медициналық  этиканың ережелер кешені, мұнда уақыт айырмашылығына қарамастан, қазіргі кезге дейін сөздері өзекті болып тұр: 
1. «Қауіп келтірме». Әрбір ем барлық іс-әрекеттер, дәрігердің нұсқаулары аурудың жағдайын жеңілдетуге бағытталып, оған пайда әкелу керек – бұл басты этикалық принцип. 
2. Ең жоғарғы байлық – адам өмірі. 
3. Дәрігер әрбір науқастың жеке өмірін сыйлау керек, моральға жатпайтын қылықтардан аулақ болу керек. 
4. Дәрігер кәсіби этикасын, өзінің мамандығын сыйлауға тиіс. 
Медициналық этиканың ең негізгі мәселелері : моральдық принцип бойынша іс әрекет жасау, ауруға қамқорлықпен қарау, әрқашан және қандай жағдай болмасын медициналық көмек көрсетуге дайын, жоғары адамгершілікті кәсіптің салт-дәстүрлерін сақтау қажет. 
Адамдар бір-біріне деген кішіпейілділікті, қарапайымдылықты, шындық пен адалдықты принциптілік пен табандылықты, еңбекті сүюді, ата аналармен,, жолдастарымен, достарымен өзара қамқорлықпен сыйластық қарым - қатынасты сақтау қажет. Медициналық этикаға медицина қызметкерлерінің жұмысына тән ерекшеліктері мен қоғамдағы орнына қарай мінез-құлық нормаларын реттейтін принциптер жиынтығы жатады. 
Науқасқа толық сеніммен қарау арқылы Сіз оның жағдайын түсінесіз, араларыңызда шынайы қарым – қатынас туындайды. Бұл дұрыс емдік нәтижеге жету үшін өте қажет. 
Мейірбике алынған ақпаратты құпия түрде сақтауы керек және оны айтпауы қажет. Мейірбике қызығушылық танытқан таныстарының сұрауы бойынша диагнозды немесе анализдердің нәтижесін айтуға тиісті емес. 
Медициналық этикада келесі принциптер қолданылады: 
1. Жеке адамды құрметтеу. 
2. Автономия. 
3. Жақсылық жасау. 
4. Зиян келтірмеу. 
5. Шындықты айту. 
6. Құпияны сақтау. 
7. Әділдік. 
Гиппократ: «Не істеу керек болса да бәрін байсалды және шебер істей біл... Реті келгенде сырқатты көңіл аулағыш орынды сөздермен, достық пейілмен мақұлдау керек. Қажетті жағдайда оның орынсыз талабын қатал да, орнықты түрде ысырып, ал кей кезде оған сүйіспеншілік білдіріп, басу айту керек» деген. 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет