«Ләйлі – Мәжнүн» ғашықтық жыры
Жүрегiнде ғашық оты жанғаннан берi Мәжнүннiң кезетiн жерi бетпақдала болды. Айдалада адасып жүрген Мәжнүндi Ләйлінiң өзi iздеп келедi.
Ол ұйықтап жатқан Мәжнүндi оятқанда, ғашықтықтан жынды атанған Мәжнүн Ләйлінi танымай қалады. Бұл кісіден Ләйлі сыр тартып көрейін деп, былай деп сұрайды:
Ләйлі: Өз-өзіңізді уайымға салып, мұңайып отырған.... Сіз кім болдыңыз ?
Мәжнүн: Өз жөніңді айта бер, бетпақдалада жүрген неткен жансың ?
Ләйлі: —Ғашығым Мәжнүнді iздеп бармаған тауым, баспаған жерім жоқ
Мәжнүн —Сен кiмсiң Мәжнүндi iздеп келген. Ол бейбақты іздеп жүрген жан бар ма екен өзі?
Ләйлі: Ия, бар. Сол бақытты жан, шөлі қанбай, көл аралап ұшқан бұл-бұл менмін.
Мәжнүн: —Мәжнүндi көрiп пе едiң бұдан бұрын, (жарты минут тоқтап)
Көргенде танушы ма едін қандай түрiн?
Ләйлі: (Күрсініп) — Ғашық жүрек, бұлбұлын ұмытпас болар
Мәжнүн —Мен - Мәжнүн, егер iздеп келген болсаң,
Ақиқат хабар таппай жүрген болсаң.
Мәжнүннiң сипаттарын айтшы маған,
Шын ғашық егер Ләйлi болған болсаң.
Ләйлі: - Мәжнүн жүзi туған айдай, (тоқтап, тоқтап әр сөзіне)
Балауыз сырты сұлу жаққан шамдай.
Көзi гауһар, нұр бейне, жарқыраған
Кiрпiк оқ, қасы бейне тартқан жайдай.
Жүзiнiң көз аялар көрсе нұрын,
Сипаттап айта алмаспын мыңнан бiрiн.
Бiр Мәжнүн дүние iшiндегi
Мәжнүнге сенiң ұқсап келмес түрiң.
Мәжнүннiң теңдесi жоқ бейнесіндей
Көрмедiм күйiнiштi жансыз бұлай
Жөнiңді айт, егер бiлсең ғашығымның,
Қалдырып менi жолдан әуре қылмай
Мәжнүн: О Рахымды жан, сөздерің жанымды қуанышқа бөлеп, көңіліме шаттық сыйлап, басымдағы бар қайғымды ұмытқандай болдым,
Ләйлі: Тәңірім, Мәжнүннің бойына қанша ғылым, білім бергені, ол халыққа мәлім. Егер де сол білім-ғылымнан аз ғана апсана оқып шықса, сандуғаш бұлбұлдар да тыңдар еді-ау ...
Мәжнүн: Ғашықта тәттi лебiз, түзу қасiрет,
Дәлел сол қайғы көп, жоқ рахат.
—Ықыласпен құлақ салып тыңдасаңыз,
Қайғым көп болғаным жоқ асыра шат
Ләйлі: Мен Мәжнүн дегенiңе қалмас шегiм,
Тануға Мәжнүн деп келмейдi ебiң.
Ләйлiге рас ғашық Мәжнүн болсаң,
Баяндашы, бастан кешiп өткеніңді.
Достарыңызбен бөлісу: |