Мектепішілік Мұқағали оқуларының жалпы ережелері



Дата15.04.2023
өлшемі19,85 Kb.
#82852

Мектепішілік Мұқағали оқуларының жалпы ережелері:
1.1. Осы ережеде №2 Қосшы орта мектебінің оқушыларының арасында өткізілетін мектепішілік Мұқағали Мақатев оқуларының мәртебесін, мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.
1.2. №2 Қосшы орта мектебінің оқушылары арасында өткізілетін мектепішілік Мұқағали Мақатаев оқуларының міндеттері мен мақсаттары:
Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындылығын анықтау;
Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге, ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда дәйекті жеткізе алуға баулу;
Жас талапкер ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру. Жас буынның тарихи танымдарын, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірге көзқарасын қалыптастыру.
2. Мұқағали Мақатаев оқуларына қатысушылар
2.1. Мұқағали Мақатаев оқуларына 2-11 сынып оқушылары қатыса алады.
2.2. Қатысушының аты-жөні, номинация атауы, сыныбы, жетекшісінің аты-жөні туралы толық мәліметі бар өтінімді тәрбие бөліміне өткізілу керек.
3. Мектепішілік Мұқағали Мақатаев оқуларының шарттары:
3.1. Мектепішілік байқауға қатысатын оқушы поэзияны сүйетін, оны поэтикалық тұрғыда талдай білетін, ғылыми жұмысқа бейімі бар, өлеңді көркем мәнерлеп оқитын қабілеті, әрі ақындық талабы бар облыстық байқаудың жүлдегері болуы шарт.
Үміткер ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын, әрі өлеңдері мен поэмаларын мүмкіндігінше жатқа білуі керек және кез-келген өлеңін талдай алуы қажет. Сонымен бірге, талапкер өз шығармашылық қабілетін танытуы керек.
3.2. Мұқағали Мақатаев оқулары 3 бағыттан тұрады:
«Айтып өткен ақында арман бар ма?» айдарында үміткер Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығынан жатқа білетін өлеңдерінің тізімін (поэмадан басқа) әкеліп алдын-ала қазылар алқасына ұсынады. Ұсынылған тізімнен қазылардың нұсқауымен кез-келген өлеңді жатқа оқиды. Қазылар тізімі бойынша бірнеше өлеңді жатқа айтуын ұсынады. Үміткердің жатқа білетін өлеңдерінің санына және мәнерлеп, көркем оқылуына баға қойылады. Егер қазылар ұсынған өлеңді үміткер жатқа, мәнерлеп айта алмаса, ұпайы кемиді.
Бағалау критерийі:
-жатқа айтуда сөйлеу мәнері және мәдениеті;
-жатқа білетін өлеңдер саны
-сахналық мәдениеті
«Жыр эстафетасы» айдарында байқауға қатысушылар «Аққулар ұйықтағанда», «Алтай-Атырау» және «Райымбек-Райымбек» поэмаларын жатқа білуі тиіс. Қатысушылар жеребе тарту арқылы жоғарыда көрсетілген поэмалар бойынша топқа бөлінеді, таңдауға түскен поэманы жатқа айтудан өзара сынға түседі.
Бағалау критерийі:
-поэмадан үзіндіні жалғастыру шеберлігі
-сөз мәнері мүдірмей жатқа айтуы
-дауыстың ашықтығы мен айқындылығы
-интонация дауыс кідірісі
-сахналық мәдениеті, өзін-өзі ұстауы.
«Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» айдары бойынша өз шығармашылығынан 3-5 шумақтан аспайтын бір өлеңін (кітапшасын ұсынады) қазылардың нұсқауымен оқиды. Оқушы өз шығармасын жатқа оқуы шарт.
Бағалау критерийі:
-тақырыпқа сәйкестігі, жүйелілігі;
-көркем оқуы мен мәнерлігі;
-ерекше ұйқасы мен құрылымы
-дауыс интонациясын сақтауы;
-сөйлеу мәдениеті, сахнада өзін-өзі ұстауы.
Жұмыс органдары
4.1. Мұқағали Мақатаев оқуларының мектепішілік кезеңін дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру және үйлестіру мақсатында ұйымдастыру комитеті құрылады.
4.2. Мектепішілік ұйымдастыру комитетінің құрамына тәрбие бөлімі мен қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері енгізіледі.
4.3. Мұқағали Мақатаев оқуларының мектепішілік кезеңін өткізудің ұйымдастыру комитеті:
– Мұқағали Мақатаев оқуларын өткізудің жалпы тәртібін белгілейді;
– Тікелей басшылық жасауды жүзеге асырады;

Қазылар алқасы


5.1. Мұқағали Мақатаев оқуларының қазылар алқасы құрамы төрағадан, хатшыдан және алқа мүшелерінен тұрады.
5.2. Қазылар алқасының құрамын мектепішілік ұйымдастыру комитетінің ұсынуы бойынша мектеп директоры бекітеді.
Қазылар алқасы:
талапкердің өнеріне талдау жасайды және 10 балдық жүйемен бағалайды;
қатысушылардың өнерін бағалаудағы мәселелерді талқылайды және қажет болған жағдайда тиісті түзетулер енгізеді;
жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды белгілейді.
Қазылар алқасы шешімі соңғы болып табылады және қайта қаралмайды. Қазылар алқасы шешімі хаттамамен рәсімделеді.
6. Мектепішілік Мұқағали Мақатаев оқуларының жұмысын қорытындылау және қатысушыларды марапаттау
6.1. Мектепішілік Мұқағали Мақатаев оқуларының жеңімпаздары әр бағыт бойынша мектеп директорының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет