Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, орта білім беру ұйымдарында, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарында
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы С. А. Назарбаеваның қоғамдық қызметіне арналған
Жалпыреспубликалық ашық сабақты өткізу бойынша
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
2020 жылғы 3-12 ақпан аралығында елімізде «Сүйіспеншілік – өмір негізі» тақырыбындағы Жалпыреспубликалық ашық сабақпен қорытындыланатын дәстүрлі өзін-өзі тану онкүндігі өткізіледі. Сабақ С.А. Назарбаеваның жалпыадамзаттық құндылықтарды нығайту, рухани-адамгершілік білім беруді дамыту және «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын іске асыру жолында атқарған қоғамдық қызметіне арналады.
Бірыңғай сабақ С.А. Назарбаеваның туған күніне орайластырылған және оқушылардың тұлғалық рухани-адамгершілік әлеуетінің дамуына, олардың жалпыдамзаттық құндылықтардың маңыздылығын ұғынып, өмірде қолдануына, қоғамға қызмет ету дағдыларын дамытуға, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі тануына бағытталған.
Сабақтың тақырыбы: «Сүйіспеншілік – өмір негізі»
Достарыңызбен бөлісу: |