«БЕКІТЕМІН»
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
«Саз колледж» директоры
С.Ш.Тлеубаев____________
«___»___________2022ж
2011-2022 оқу жылында «Саз колледж» «Қыздар әлемі» қыздар клубының жүргізілетін жарты жылдық жоспары.
№
Атқарылатын іс- шаралар
Мерзімі
Жауапты
1
- «Қыздар әлемі» қыздар клубының ашылуы
- «Жат діни ағым және қазақ қыздарының тағдыры» дөңгелек үстел
- «Бет терісіне қалай күтім жасау керек?», «дұрыс макияж – әдемі суреттің кепілі»
Ақпан
Клуб жетекшісі
Мамандар
Психолог
Аға тәлімгер Медбике
«Зиянды әрекетке жол жоқ» 7 сәуір күні дүниежүзілік денсаулық күні
Сәуір
Клуб жетекшісі
Мамандар
Психолог
Аға тәлімгер Медбике
4
«Бүгінгі бойжеткен, ертеңгі асыл жар» баяндама
«Қыз қылығымен...» әңгіме төңірегінде пікір алмасу.
«Қыздар әлемі» қыздар клубының жарты жылдық қорытынды отырысы
Мамыр
Клуб жетекшісі
Мамандар
Психолог
Аға тәлімгер Медбике
«Қыздар әлемі» клубының тұжырымдамасы» (бұдан әрі – Тұжырымдама) – бұл білім алушы қыз балаларды ұлттық санада тәрбиелеуді, ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттауды, болашақ ұлт аналары ретінде дайындауды мақсат ететін, олардың діни ұстанымдарын таңдауға кеңес беретін, еліміздің тәуелсіздігін нығайтуға, қоғамды әлеуметтендіруге үлес қосуын, өздерін заман талабына сай дамытатын басты мұрат еткен негізгі құжат. Тұжырымдама ұлттық құндылықтарды қалыптастыру әрі нығайту, қазақ қыздарының мүддесін көздеу бағытындағы негізгі ұстанымдар, өзекті мақсаттар мен міндеттердің жиынтығы болып табылады. Бұл құжат қыздардың бүгінгі қазақ аруы, ертеңгі адал жар, болашақтағы ұлт анасы ретінде қалыптасуының мәдени, рухани негіздерін анықтауға бағытталған. Тұжырымдама Қазақстан Республикасы Конституциясын, дүниежүзілік құқық талаптарын, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауындағы нақты міндеттерді назарға ала отырып, Білім және ғылым министрлігінің іс-шаралар жоспары, «Білім туралы» заңы, Тәрбие тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңы, Шымкент Саз колледжінің 2011-2024 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары, әр оқу жылына арналған тәрбие жұмысы және жастар саясаты жөніндегі жылдық жоспарына негізделіп дайындалды. Қазақстан мемлекетінің алға ілгерілеуі, жаһандану кезеңінде ұлттық мемлекет ретінде ерекшеліктерін сақтай отырып, төлтума болмысын, әлемдік дамуда ұлттық дара мемлекеттілігін қалыптастыруы, еліміздің жастарына барынша қолдау көрсету, қыздарымызды саналы тәрбиелеу бағыттары осы тұжырымдаманы қабылдау қажеттігін тәрбие саласының күн тәртібіне қойды. Бұл – тарихи және рухани қажеттілік. Тұжырымдама мемлекеттік бағдарламаларды және басқа нормативтік құқықтық актілерді дайындау үшін негіз болып табылады.