Мектептегі әдебиет пәнінің мазмұны мен құрылымы, өзіне тән ерекшеліктері, оқыту принциптері Әдебиеттің адамзат қауымы ғасырлар бойы жасаған өнердің бір түрі. «Өнер алды- қызыл тіл»
Мектептегі әдебиет пәнінің мазмұны мен құрылымы, өзіне тән ерекшеліктері, оқыту принциптері Әдебиеттің адамзат қауымы ғасырлар бойы жасаған өнердің бір түрі. «Өнер алды- қызыл тіл» деп, халық даналығы айтқандай, әдебиет сөз, тіл өнері.«Әр оқу пәні бойынша меңгерілуге тиісті білім мазмұны мен мөлшерін, білік пен дағдыларды және оқу жылдары бойынша бөлінген бөлімдер мен тақырыптардың мазмұнын анықтайтын құжат бағдарлама деп аталады». Жалпы білім беретін орта мектептерге арналған бағдарламалар оқу пәнінің белгілеу формасы болып табылады және білім мазмұнын нақты оқу үрдісіне енгізу үшін жоспарланған мазмұнның іске асырылуы үшін қызмет етеді. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қалыптасу үрдісінде негізгі басымдылық бағдарламаға берілген. Қазақ әдебиетін дербес пән ретінде оқыту 30 жылдардан басталып, 1932 жылы шыққан бағдарлама әдістеме тарихындағы әдістемелік туынды болды. Қазақ әдебиетінен бірінші оқу бағдарламасы ретінде тарихи маңіызды болып табылатын бұл құжат бағдарламалық мазмұннан алыс, негізінен тізім түрінде көбіне қоғамдық, саяси тақырыптағы туындылардан құрылған еді. Тек 1934 жылы ғана тарихи- әдебиетік жүйемен тізілген таза әдебиет бағдарламасы жасалды. Алайда мұнда да көркем мәтіндерді оқытудың әдіс-тәсілдері тиісті дәрежеде көрсетілмеді.1937 жылдың желтоқсанында өткізілген тіл және әдебиет мұғалімдерінің республикалық кеңесінде «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқыту сапасының жайы, тұрақты оқулықтар мен программалар жасаудың мәселелері» талқыға салынып, соның қортындылары бойынша 1937-1938 оқу жылында ана тілі мен қазақ әдебиетінің программасы жасалынып, оның негізінде оқулықтар жазылды. Ү-Х сыныптарға арналған бағдарламада әдебиетті мектепте оқыту , Ү-ҮІІ сыныптар үшін «Әдебиеттік оқу», ҮІІ-Х сыныптар үшін «Тарихи әдебиеттік курс» деген атпен беріліп, екі сатыға салынып көрсетілді. Мұнда әдебиетті оқыту әдістеріне біршама көңіл бөлініп, шығарманың көркемдік-идеялық мазмұнын ұғындыруға бағыт алынды. Ал бағдарламаның әдістемелік нұсқауларының кеңейтілуі 1941 жылы жетілдіріп шығарылған бағдарламада көрініс тапты. Бұл бағдарлама бұрынғы бағдарламаларға қарағканда әдістемелік, білімдік жағынан әлдеқайда сапалы екенін танытты. Сөйтіп, бұл бағдарлама 1947 жылға дейін қолданылып келді. Кезіндегі идеялогиялық мәселелерді қайта құру жөніндегі науқандық шараларға байланысты 1947 жылы қазақ әдебиетінің жаңа бағдарламасы шыққанымен , оның саяси идеялық деңгейін қайта қарастырып, 1951 жылы жаңа бағдарлама жарық көрді. 1952 жылғы шыққан бағдарламада оқытылатын көркем шығармаларды маркстік-лениндік ғылым тұрғысынан қайта қарап, іріктеп енгізумен бірге, ол шығармаларды оқып үйренудегі жұмыс түрлері , әдіс-амалдары көрсетілді.1950-1960 жылдардың арасында бұл идеялогиялық нұсқаулардың біржола орнықтырылуымен байланысты 1954 жылы әдебиет бағдарламасы жаңартылып басылып, оның басты бағыттары содан кейінгі бағдарламалар негізінде сақталынып отырды. Содан кейінгі қазақ әдебиетінің жаңартылған бағдарламасы 1967 жылы басталып, 1972 жылы мектептердің жаңа бағдарламаларға көшуі қарсаңында, яғни 1972-1973 оқу жылдарында біршама өзгертіліп шығарылды. Сонымен қазақ әдебиетін мектепте оқыту үшін жасалынып келген оқу бағдарламаларының даму, қалыптасу жолын шолатын болсақ, 1940-1990 жылдар аралығында уақыт талабына және үстем идеологиялық саясат ықпалынан кейбір түзетулер болып отырғанымен, негізі сақталып келгенін, оқу бағдарламалары мен оқулықтардың тұрақтану қалпында болғанын айтуға негіз бар. Бұл бағдарламалардың негізі ұстанымдарында тарихилық, партиялық, концентристік (өрлемелі қайталаулар) ұстанымдар алынды. Осындағы концентристік ұстанымның бүгінгі бағдарламаларға әлі де өзек болып отырғанын айта кету жөн. Бүгінгі оқу бағдарламаларының негізінен партиялық ұстанымды алып тастағанымен бағдарлама жасаудың қалған дәстүрлері мен қалған тәжірибесі сақталып келе жатқаны мәлім.Әдебиет оқу пәні ретінде халықтың көркем тарихын оқып-үйрену арқылы оқушылардың рухани дүниесінің қалыптасып, дамуын көздейтіндігі. Мектептік әдебиет курсының көркемөнердің өмірмен байланысы, өнердегі түр мен мазмұн бірлігі, өнердің тарихилығы, халықтығы турасындағы теориялық, методологиялық принциптерге негізделетіндігі.Әдебиет пәні бағадарламасының мемлекеттік құжат ретіндегі қызметі. Оның әдебиеттану, педагогикалық-психология, оқыту әдістемесі, т.б. ғылымдардың методологиялық принциптеріне сүйене отырып жасалатындығы. Көркем шығарманы сыныпта, сыныптан тыс уақыттарда оқып-үйрену мәселелері, оқушының білім-білік дағдыларына қойылатын талаптар, т.б. жөніндегі нұсқаулары, әдістемелік аппараты. Ерекше жағдайларда мүғалімнің бағдарламаны шығармашылықпен жетілдіріп пайдалана алатыны.
Бастауыш (І-ІV), базалық білім (V-ІХ) сыныптарында берілетін әдсби білім көлемі, өтілу принциптері мен мақсаты, Х-Х1 сыныптардағы тарихи-әдебиеттік курстың ғылыми негіздері, мақсаты, әдістемелік құрылымы. Базалық білім беру және тарихи-әдеби курстар негізіндегі әдеби білім берудің дамыта оқыту (сатылай, сұрыптай оқыту), көрнекілік, саналылық пен белсенділік, жүйелілік пен бірізділік, т.б. принциптері.
Әдебиет пәні бағдарламаларын мемлекеттік білім стандарты талаптарына сай жетілдіру, білім мазмұнын жаңарту бағытындағы соңғы кездегі әдіскер ғалымдардың ізденістері.
V-ІХ сыныптар курсы. Бұл сыныптардағы оқушылардың психологиялық ерекшеліктері. Жас ерекшеліктері мен өмірлік, оқырмандық тәжірибе өлшемдерінің әдеби-эстетикалық түсінігін айқындауға тікелей қатынастылығы. Орталау сынып оқушыларының жас ерекшелігіне қатысты мәселелердің бағдарламада ескерілу қажеттігі. Осыған орай V-ІХ сыныптарға арналған әдебиет пәні бағдарламасының сатылы жүйелеу принципіне негізделгені. X сыныпта оқылатын шығармалардың оқушылардың үлттық рухани санасын, тарихи танымын, адамгершілік-эстетикалық кеңіл-күйлерін қалыптастыруға ықпалы. V сыныпта әдебиеттік оқудың бастауыш оқумен сабақтастығы. V-IX сыныптардағы базалық білім курсы. Базалық білімнің екі сатыда өтетіні: V-VІІ сыныптардағы әдеби оқу, оның негізгі мақсат-міндеттері, жанрлық-хронологиялық принциптері. VІІІ-ІХ сыныптағы әдеби білімнің әдеби-тарихи негіздегі бастауыш курс болып белгілену шарттары. Тарихи-хронологиялық принциптері.Оқу аймағына кіретін әдеби материлдардың мазмұны. Көркем шығарманы оқып-үйренуде оның идеялық-көркемдік ерекшелігіне баса назар аударылатыны. Пән аралық байланыс. Оның әдеби білім беру процесіндегі шешуші рөлі.Оқушының ауызша және жазбаша тілін дамытуға шыгармашылық белсенділігі мен өзіндік ізденістеріне байланысты жұмыс түрлерінің маңызы.
Х-ХІ сыныптар курсы. Тарихи-әдебиеттік курсты оқытуда Х-ХІ сынып оқушыларының жас ерекшелігін ескеру қажеттігі. Жогары сыныптардағы (Х-ХІ) тарихи-әдебиеттік курстың базалық білім курсымен (V-ІХ) тығыз сабақтастығы. Әдебиеттің тарихи курсының аталған сыныптарда кезең-кезеңімен белгілі бір хронологиялық жүйеде оқытылатыны. Базалық білім курсынан тарихи-әдебиеттік курсқа оқу процесінде әдеби білім көлемінің бірте-бірте үлғая, күрделілене түсетіндігі. Ақын-жазушының өмірі мен шығармашылығы және нақты шығармасы идеялық-көркемдік ерекшеліктеріне сай сараланып, жан-жақты талданатыны.
Х-ХІ сыныптардағы әдеби материалдардың шолу және монографиялық формада болуының негізгісебептері.
Х-ХІ сыныптар үшін ұсынылған әдеби шығармаларды мүмкіндігіне қарай тұтастай оқу. XI сынып білім мазмұны XX гасырдың басынан бүгінге дейінгі қазақ әдебиеті туралы толық мәлімет береді. Оның салаларының, жанрларының жан-жақты қамтылуы. Жоғары сыныптарда әдебистті оқытуда әдебиеттану ғылымының жетістіктерін пайдаланудың тиімді жақтары.Шетел және туыстас халықтар әдебиетін оқыту ерекшеліктері.