Нәресте жасы 6-8 ай толғанда оның жақсүйектері жаңа факторды – тістердің жарып шығуын қабылдауға дайын болады. Жақтардың альвеолярлы өсінділеріндегі уақытша тістердің бастамалары, жақішілік даму этаптарынан өтіп,кейіннен жарып шығып, уақытша тістер тістемін құрады.
Уақытша тістем үш периодтан тұрады:
Даму кезеңі ( 6 айдан 2-2,5 айға дейін)
Тұрақты уақытша тістем периоды ( 2,5-4 жас)
Қажалу белгілері, кеш уақытша тістем ( 4-6 жас ).
Тістердің жарып шығуының осындай сипаттамалары бар: уақыты, реттілігі, шынайылығы, кезектілігі.
Тістемнің алғашқы физиологиялық жоғарылауы бірінші уақытша молярдың жарып шығуынан басталады. Олар уақытша тістемде, ауыспалы және тұрақті тістемдегідей роль атқарады, яғни – тістемді белгілі бір биіктікте ұстап тұрады.
Тістемнің алғашқы физиологиялық жоғарылауы бірінші уақытша молярдың жарып шығуынан басталады. Олар уақытша тістемде, ауыспалы және тұрақті тістемдегідей роль атқарады, яғни – тістемді белгілі бір биіктікте ұстап тұрады.
Тістердің жарып шығуының шынайылығы аттас тістердің екі жақта да бірдей уақытта шығуында болып табылады. Аттас тістердің олай шықпауы, өсудің артта қалуының белгісі немесе тіс доғасы мен жақтардың дамуындағы ауытқуларға алып келуі мүмкін.
Тістердің жарып шығуымен және шайнау функциясының дамуымен жақтардың альвеолярлы өсінділері өседі; төменгі жақтың базальды бөлігі қалыңдайды; төменгі жақ тармақтары өседі; жақтар архитектурасы мен рельефі күрделенеді. Уақытша тістер толық жарып шаққаннан кейін уақытша тістемдің тіс доғасы қалыптасады.
Уақытша тістемнің бірінші периоды –қалыптасу периоды.