Мемлекет жəне құқық теориясы құқық салаларының жəне заң ғылымдарының


№8 дəріс  Тақырып: Мемлекет механизмі(апппарат)



жүктеу 1.59 Mb.
Pdf просмотр
бет7/21
Дата22.12.2016
өлшемі1.59 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21

№8 дəріс 
Тақырып: Мемлекет механизмі(апппарат) 
Дəрістің
 мазмұны: 
1.Мемлекет механизмі ұғымы жəне құрылымы 
2. Мемлекет механизмі қызмет етуінің жəне құрылымының негізгі қағидалары 
3. Мемлекеттік органдар: ұғымы, белгілері, түрлері  
1.
 
Мемлекет механизмі ұғымы жəне құрылымы 
Мемлекеттің  сан  қилы  қызметін  атқаратын  механизмі  (аппараты)  болады.  Мемлекеттің 
механизмі  -  белгілі  түрде  ұйымдастырылған,  ішкі  тұтастығымен  жəне  өзара 
байланыстылығымен  сипатталатын  мемлекет  органдарының  жүйесі.  Əр  мемлекеттің 
механизмі  оның  тарихи,  əлеуметтік,  ұлттық,  экономикалық,  географиялық,  т.б. 
ерекшеліктеріне  байланысты  құрылады.  Дегенмен,  барлық  мемлекеттерге  бірдей  тəн 
органдар болады. 
 Негізінен,  олар  -  құкыктық  тəртіпті  сақтайтын,  мемлекеттің  ішкі  қауіпсіздігін,  сыртқы 
тəуелсіздігін  қорғайтын  органдар.  Мұндай  органдар  əр  дəрежеде,  əр  көлемде  барлық 
мемлекеттерде  болады.  Мемлекет  механизміне  тəн  заңдылық  -  оның  органдары  тек 
мемлекет  қызметін  атқаруға  қажет  болғанда  ғана  құрылады.  Екінші  заңдылығы  -  бірінің 
қызметін  бірі  қайталайтын  органдардын  болмауы.  Мемлекет  механизмінің  құрылымы 
мемлекеттік  органдардан,  мемлекеттік  мекемелер  мен  кəсіпорындардан  жəне  мемлекеттік 
қызметкерлерден  ұйымдық  қаржыларынан,  сондай-ақ  мемлекеттік  қызметтерді  қамтамасыз 
етуге қажет ықтиярсыз көндіру күштерінен тұрады. 
Мемлекеттік  органдар  өкіметтік  қызметтерін  жүзеге  асырудың  барысында  өзара  тығыз 
байланыстылықта жəне бірімен-бірі матасқандық жағдайында болатындығын атап көрсеткен 
жөн. 
Мемлекеттік  мекемелер  мен  кəсіпорындардың  биліктік  өкілеттіктері  болмайды 
(əкімшіліктерді  қоспағанда).  Олар  экономика,  білім,  денсаулық  сақтау,  мəдениет,  ғылым, 
спорт жəне т.б. салаларда жалпы əлеуметтік қызметтерді атқарады. 
Мемлекеттік  қызметкерлер  -  бұлар  басқару  ісімен  арнайы  түрде  айналысатын  айрықша 
топ кұрайтын санаттағы адамдар болып табылады. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық 
жағдайы  арнайы  заң  арқылы  реттелінеді,  онда  мемлекеттік  қызметкерлердің  түрлері  жəне 
міндеттері мен құқықтары айқындалып көрсетілген болып келеді. 
Демократиялық құкықтық, əлеуметтік мемлекет ғасырлар сынағынан өткен принциптерге 
негізделіп  құрылады.  Мұндай  мемлекеттердің  механизмі  мынадай  органдардан  тұрады:  1. 
Өкілдік  органдар.  Қазақстан  Республикасында  өкілдік  органдар  екіге  бөлінеді:  1)  Жоғарғы 
өкілдік  орган  -  Парламент.  Парламент  сонымен  қатар  бірден-бір  заң  шығаратын  орган;  2) 
Жергілікті  өкілдік  органдар  -  облыстық,  аудандық,  қалалық  мəслихаттар.  2.  Мемлекет 
басшысы.  Қазақстанда  мемлекет  басшысы  -  Президент.  Президент  мемлекеттік  биліктің 
барлық  тармағының  келісіп  жұмыс  істеуін  жəне  өкімет  органдарының  халық  алдындағы 
жауапкершілігін камтамасыз етеді. З.Атқарушы орган. Қазақстанда жоғары атқарушы орган 
-  Үкімет.  Жергілікті  атқарушы  органдар  -  əкімшіліктер.  4.  Орталық  басқару  органдары
Қазақстанда  оларға:  министрліктер,  мемлекеттік  комитеттер,  агенстволар,  ведомстволар 
жатады.  5.  Сот  органдары.  Қазақстанда  оларға:  Жоғарғы  Сот,  жергілікті  соттар,  əскери 
соттар жатады. 6. Прокуратура. Ол зандардың біркелкі орындалуын қадағалайтын орган. 7. 
Əскер.  Оған  мемлекеттің  əр  саладағы  қарулы  күштері  жатады.  8.  Барлау,  қарсы  барлау 
органдары. 9. Абақты, бас бостандығынан айырылған адамдарды ұстап тұратын орындар

 
Мемлекет  механизмінің  негізгі  құрылымдық  бөлімі  мемлекеттік  орган.  Басқаша  айтсақ 
мемлекеттік орган дегеніміз - билік өкілеттіктерге ие, мемлекет кызметгерін жүзеге асырушы 
ұйым.  Мемлекеттік  орган  мемлекеттік  қызметкерлерден  түрады,  бұлар-дын  айрықша  тұрі  - 
лауазымды тұлғалар (адамдар) болып табы-лады. Мемлекеттік кызметкерлерді материалдық 
игіліктермен қамтамасыз ету қоғамға жүктелген. 
Мемлекеттік органның биліктік (өкіметтік) өкілеттіктері болады. Олар: 
-  атқарылуы  (орындалуы)  міндетті  болып  келетін  нормативтік  құқықтық  актілерді 
қабылдау үшін берілген мүмкіндіктер; 
-  мемлекеттік  органдар  қабылдаған  актілерді  басшылықка  алып,  алуан  түрлі  əдістерді 
қолдана  отырып  мемлекет  бағдарламаларын  жүзеге  асыру,  оларды  орындауды  қамтамасыз 
ету болып табылады. 
2.
 
Мемлекет механизмі қызмет етуінің жəне құрылымының негізгі қағидалары 
Мемлекеттік  аппараты  ұйымдастырудың  жəне  оның  қызметінің  қағидалары  –  бұл 
мемлекеттік  органдарды  құру  мен  олардың  қызмет  етуінің  негізгі  бағыттарын  анықтайтын 
бастамашылық ережелер. 
Принциптер түрлері: 
1.  Адам  жəне  азамат  құқықтары  мен  бостандықтарының  басымдылығы  қағидаты  - 
адамдар  мен  азаматтардың  құқыктары  мен  бостандықтарын  мемлекеттік  қызметкерлердің 
тануы, - бұлжытпауы жəне қорғау болатын міндеттерін айқындайды. 
2.    Демократизм    қағидаты  -  азаматтардың  мемлекеттік  органдарды  құру  жəне  олардың 
кызметтерін ұйымдастыру ісіне кеңінен қатысуды білдіреді. 
3.  Билік бөлінісі қағидаты - өкімет (билік) органдары мен лауазымды адамдар  (тұлғалар) 
тарабынан  болуы  мүмкін  басынушылықтар  мен      зорлық-зомбылықтарды      болдырмаудың 
механизмдерін құрудың, жақтасаудың басты шарты жəне негізі. 
4.  Заңдылық  кағидаты  -  Конституцияны,  зандар  мен  заң  актілерін  барлық  мемлекеттік 
қызметкерлердің  міндетті  түрде  бұлжытпай  орындауларын,  сақтауларын  кажет  екендігін 
білдіреді. 
5. Жариялылық қағидаты - құқық субъектілерінің белгілі бір нақты мемлекеттік органдар 
тарабында атқарылып жатқан істер жөнінде мағлұмат алуын қамтамасыз етуді айқындайтын 
негіз. 
6.  Шынайы  кəсіпқойлық  қағидаты  -  мемлекеттік  аппарат  қызметтерінде  кəсіби  біліктілігі 
ең  жоғары  мамандарды  пайдалану  ісін  практикаға,  іс  жүзіне  енгізуді  белгілеудің  ең  басты 
негізі. 
7.  Істерді  атқаруда  алқалылық  пен  жеке-дара  шешім  қабылдауларды  үйлестіру 
қағидаты  -  мемлекеттік  аппаратта  демократиялық  жəне  бюрократиялық  бастауларының 
ақылға  қонымды  шамада  үйлесімді  болуын  қамтамасыз  етудің  алғышарттының  міндеттік 
негізі.  
8.  Сайланбалылық  пен  тағайындаулардың  үйлестірілуі  қағидаты  -  мемлекеттік  басқару 
ісінде  децентрализациялау  мен  орталықтандыру  (бір  орталыққа  бағындыру)  шараларының 
үйлесімділік дəрежесін (айқындау шартын) белгілейтін негіз. 
9. Иерархиялық (сатылық) қағидаты - мемлекеттік аппаратта мемлекет органдары əртүрлі 
деңгейлі дəреже алады, осыған байланысты басшылық бағыныштылықты немесе тең орында 
тұрады. 
3. Мемлекеттік органдар: ұғымы, белгілері, түрлері 
Мемлекеттік орган – бұл мемлекеттік міндеттерді орындаушы жəне осы мақсатқа сəйкес 
биліктік өкілеттіктерді иеленген ұйым немесе мекеме. 
Мемлекеттік  органға  тəн  белгілер:  біріншіден,  орган  мемлекет  орнатқан  тəртіпте 
құрылады;  екіншіден,  органға  мемлекет  өз  міндетттері  мен  қызметін  жүзеге  асыруы  үшін 
уəкілеттік береді; бұл орайда ол жекелеген қызметті де, қызметтер жиынтығын да (мысалы, 
Парламент)  орындауы  мүмкін;  үшіншіден,  органга  мемлекеттік  билік  өкілеттілігі  берілген. 
Ол  басқа  мемлекеттік  органдар,  лауазымды  адамдар,  азаматтар  орындауға  тиісті  міндетті 
актілер  шығара  алады  жəне  өздері  шығарған  актілердің  орындалуын  қамтамасыз  етеді; 

 
төртіншіден, мемлекет үшін белгіленген ережелерге сəйкес əрекет етулері тиіс. Мысалы, сот 
төрелігі  органдары  үшін  азаматтық  жəне  қылмыстық  істерді  қараудың  белгілі  бір  тəртібі 
белгіленген.  
Мемлекеттік органдар түрлі негіздер бойынша жіктеледі: 
1. Туындау тəсілдері бойынша: 
а)Бастапқы  (өкілдік  берілген)  органдар,  мысалы,  мүрагерлік  монархия,  парламент, 
президент. Бұл органдар басқа қандай бір органдар арқылы кұрылмайды; 
б)  туынды  (үкімет,  прокуратура  жəне  т.  сондайлар).  Бүларды  бастапқы  органдар  құрады 
жəне бұларға өкіметтік (биліктік) өкілеттіктерді солар береді. 
2. Өкіметтік (биліктік) өкілеттіктердің көлемі бойынша: 
а) ең жоғарғы (үкімет); 
б) жергілікті (əкімшілік). 
 3. Құзырларының ауқымдылығы бойынша: 
а) кұзырларынын жалпылама болып келетіндері (үкімет); 
б) құзырлары арнайы түрде белгіленіп берілетіндері (ішкі істер органдары}. 
4. Билік бөлінісі қағидаттары бойынша: 
а) Заң шығару органдары (Парламент);  
б) Атқарушы (Əділет жөне т.б. министрліктер); 
в) Сот органдары (соттар). 
5. Шешім қабылдау тəртібі бойынша: 
а)  алқалы  органдар,  яғни  шешімді  алқалы  түрде  қабылдайтындар  (Парламент,  Үкімет 
жөне т.б.); 
б) жеке дара басшылық органдар, яғни шешімді жеке дара басшылықпен қабылдайтындар 
(Президент, министрліктер, комитеттер). 
Мемлекеттік  аппаратты  ұйымдастыру  мен  оның  қызмет  атқаруын  белгілеуде  барлық 
мемлекеттік органдар үшін бірыңғай талаптар қойылады. 
Талаптар  -  мемлекеттік  органдарды  құру  жəне  олардын  қызмет  атқаруларын  айқындау 
тəсіл-амалдарының бастапқы идеялары, міндетті ережелері, негіздері. 
 
№9 дəріс 
Тақырып: Мемлекеттің қызметі (функциясы) 
Дəрістің
 мазмұны: 
1.Мемлекет қызметінің мазмұны жəне түсінігі.  
2.Мемлекеттің ішкі жəне сыртқы қызметтері.  
3.Мемлекет функциясын жүзеге асыру əдістері мен нысандары 
Мемлекет  функциялары  –  бұл  мемлекеттің  қызметінің  негізгі  бағыттары,  олардан 
мемлекеттің  мəні  мен  мақсаты  көрініс  табады.  Мемлекеттің  функциялары  оның 
міндеттерімен тығыз байланысты, олар мемлекеттің мəніне т.уелді болып келеді жəне оның 
өзгеруіне қарай өздері де өзгереді. Сонымен, мемлекет функциялары – ауыспалы сипаттағы 
категория. Олар мемлекет түрінің басқа түрге ауысу жағдайында да өзгереді. 
Мемлекет  функцияларын  түрлерге  бөлуді  əртүрлі  негіздер  бойынша  жүзеге  асыруға 
болады: 
а)  əрекет  ету  ұзақтығына  қарай  функциялар  тұрақты  жəне  уақытша  болып  бөлінеді. 
Тұрақты  функциялар  мемлекет  дамуының  барлық  кезеңдерінде  жүзеге  асырылса,  уақытша 
функциялар төтенше сипаттағы белгілі бір міндетті шешумен өз əрекетін жояды. 
ə) маңыздылығына қарай – негізгі жəне қосымша функциялар; 
б) қоғамдық өмірдің қай саласында жүзеге  асырылуына байланысты – ішкі жəне сыртқы 
функциялар. 
Мемлекеттің  ішкі  функциялары  –  оның  алдында  тұрған  ішкі  міндеттерді  шешудегі 
қызметінің  негізгі  бағыттары.  Ішкі  функцияларға  мыналар  жатады:  адам  жəне  азамат 
құқықтары  мен  бостандықтарын  қорғау,  құқықтық  тəртіпті  қамтамасыз  ету  функциясы, 

 
экономикалық функция, салық салу функциясы, əлеуметтік қорғау функциясы, экологиялық 
функция жəне мəдени функция. 
Мемлекеттің  сыртқы  функциялары  –  оның  алдында  тұрған  сыртқы  міндеттерді  шешуге 
байланысты  қызметінің  негізгі  бағыттары.  Сыртқы  функцияларға  мыналар  жатады: 
мемлекетті  қорғау  функциясы,  бейбіт  тəртіпті  сақтау  функциясы,  басқа  мемлекеттермен 
одақтасу функциясы жəне т.б. 
Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары – бұл мемлекеттің функцияларын 
жүзеге  асыруға  бағытталған  оның  органдарының  біртектес  қызметі.  Мұндай  нысандарды 
екіге  бөлуге  болады:  құқықтық  жəне  ұйымдастырушылық  нысандар.  Құқықтық  нысандарға 
мыналар жатады: 
а)  құқықшығармашылық  –  бұл  нормативтік  актілерді  дайындау  мен  шығаруға  қатысты 
қызмет; 
ə) құқыққолданушы – бұл құқық қолдану актілерін шығару арқылы нормативтік актілерді 
жүзеге  асыруға  байланысты  қызмет,  бұл  заңдарды  орындау  мен  басқарушылық  сипаттағы 
əртүрлі мəселелерді шешуге байланысты күнделікті жұмыс; 
б)  құқыққорғаушы  –  бұл  адам  мен  азаматтың  құқықтары  мен  бостандықтарын  қорғауға, 
құқықбұзушылықтардың  алдын  алуға  жəне  кінəлі  тұлғаларды  заңды  жауапкершілікке 
тартуға жəне т.б. байланысты қызмет. 
Ұйымдастырушылық нысандарға мыналар жатады: 
а)  ұйымдастырушылық-реттеуші  –  бұл  белгілі  бір  құрылымдардың  құжаттар  жобаларын 
дайындаумен, сайлаулар жүргізумен т.б. байланысты мемлекеттік органдардың қызмет етуін 
қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы жұмысы; 
ə)  ұйымдастырушылық-шаруашылық  –  бұл  бухгалтерлік  есеппен,  статистикамен, 
қамтамасыз етумен т.б. байланысты жедел-техникалық жəне шаруашылық жұмыс; 
б)  ұйымдастырушылық-идеологиялық  –  бұл  жаңадан  қабылданған  нормативтік  актілерді 
түсіндірумен,  қоғамдық  көзқарасты  қалыптастырумен  жəне  т.б.  байланысты  мемлекеттің 
əртүрлі  функцияларын  орындауды  идеологиялық  қамтамасыз  етудегі  күнделікті  т.рбие 
жұмысы. 
 
№10 дəріс 
Тақырып: Қоғамның саяси жүйесі 
Дəрістің
 мазмұны: 
1 Саяси жүйе ұғымы жəне құрылымы 
2. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен рөлі 
3. Саяси партиялар 
    Қоғамның  саяси  жүйесі  –  саяси,  əлеуметтік,  заңға  тəн  идеологиялық,  рухани 
нормалардың,  тарихи  дəстүрлерге,  нақтылы  қоғамнын  саяси  режимінің  бағдарламаларына 
тəуелді  саяси  институттардың,  қозғалыстардың  тəртіптелген  тұтас  жиынтығы.  Нақтылы 
қоғамның  саяси  жүйесі  онын  ұлттық,  таптық  жаратылысымен,  əлеуметтік  құрылысымен, 
басқару  тұрпатымен  (республика,  монархия),  мемлекеттік  құрылымымен  (федерация, 
біртұтас), саяси режимінің сипатымен (демократиялық, демократияға қарсы, тоталитарлық), 
саяси өмірдің ұлттық дəстүрлерімен т.с.с. жағдайлармен анықталады. 
Саяси  жүйеге  жатқызылатын  қоғамдық  құбылыстардың  ерекше  белгілері  болады.  Оңдай 
белгілерге  мыналар  жатады:  1)  саяси  жүйе  бөлігінің  ұйымдық  сипаты  болуы  кажет;  2)  кез 
келген қоғамдык бірлестік, ұйым саяси жүйенің болмысы бола алмайды. Саяси жүйеге жату 
үшін оның алдына қойған мақсатының саяси мазмұны болуы шарт; 3) Саяси ұйымның саяси 
сипаты оның бағдарламасында анықталады. 
Саяси жүйені зерттеу, тану үшін ерекше тəсілдер қолданылады. Конституциялық тəсілді 
қолдану  арқылы  саяси  жүйе  бөліктерінің  ұйымдық  ерекшеліктері  айқындалады.  Мысалы, 
мемлекеттің  механизмінің  болуы  оның  басқа  саяси  жүйе  бөліктерінен  ерекше  екенін 
байқатады.  Функционалдық  (қызмет  бағытына  байланысты)  тəсілді  қолдану  арқылы  саяси 
ұйымның табиғи сипаты анықталады. Реттеу рөлін зерттеу арқылы саяси ұйымның қоғамдық 

 
қатынастарды  қалыптастырып,  дамытудағы  кызметі  көрсетіледі.  Идеологиялық  тəсілді 
қолдана  отырып  саяси  ұйымның  нақтылы  қандай  таптар,  əлеуметтік  топтар,  ұлттар  үшін 
қызмет  атқаратынын  анықтауға  болады.  Коммуникативтік  тəсілді  қолдану  аркылы  саяси 
ұйымның  саяси  жүйеге  жататын  басқа  үйымдармен  қарым-қатынасының  дəрежесін, 
деңгейін, көлемін, мазмұнын түсінуге болады. 
Саяси  жүйе  дегеніміз  саяси  билікті  жəне  азамат  пен  мемлекеттің  өзара  байланысын 
ұйымдастырушы,  сонымен  бірге  өздері  өзара  əрекеттесуде  болатын  нормалар  мен 
идеялардың  осыларға  негізделген  саяси  институттардың,  мекемелер  мен  əрекеттердің 
жиынтығы. 
Осы аталып отырған көп қалыпты қүрылымның негізгі тағайыны адамдардың саясаттағы 
əрекеттерінің бірлігін, тұтастығын қамтамасыз ету болып табылады. 
Əдебиеттерде  саяси  жүйе  төрт  тараптың  диалектикалық  ынтымағы  (бірлігі)  деп  атап 
көрсетіледі: 
1.Институционалдық  (мемлекет,  саяси  партиялар,  əлеуметтік-                    экономикалық  жəне 
басқалай да үйымдар) Осылардың бəрі жиынтық түрінде коғамның саяси үйымын құрайды.  
2.  Реттеуші  (күқық,  саяси  нормалар  мен  дəстүрлер,  имандылық  нормаларының 
кейбіреулері жəне т.б.). 
3. Қызметтік (функционалдык) саяси режимнің негізін құрайтын саяси іс-əрекет əдістері. 
4. Идеологиялық (ең алдымен осы қоғамда ұстемдік кұрған саяси сана). 
Осындай  тəсілді  негізге  ала  отырып  саяси  жүйе  құрамының  негізгі  кұрамдас  бөліктерін 
ажыратып  көрсеткенде  саяси  жəне  құқықтық  нормаларды,  саяси  құрылымды,  саяси  іс-
əрекетті, саяси сананы жөне саяси мəдениетті атауға болады. 
1.  Саяси  жəне  құқықтық    нормалар  -  бұларға  мінез-кұлықтың  калыптасып  болған  немесе 
анықталып  белгіленген,  саяси  катынастарды  реттеудің  тəсілдері,  бар  жəне  əрекет  үстіндегі 
конституциялар,  кодекстер,  заңдар,  партиялардың  жарғылары  мен  бағдарламалары,  саяси 
үрдістер мен рəсімдер жатады. 
2.  Саяси  құрылым  -  бұларға  саяси  жəне  мемлекеттік  ұйымдар,  институттар,  мекемелер 
мен олардың араларындағы қатынастар жатады. 
3. Саяси іс-əрекет - бұған адамдардың қоғамдағы саяси биліктің қызмет етуін қамтамасыз 
етуге,  өзгертіп  кайта  құруға  жəне  қоғамдағы  саяси  билікті  жүзеге  асыру  жүйесін  корғауға 
бағытталған əртүрлі əрекеттері жатады. 
4.  Саяси  сана  мен  саяси  мəдениет  -  мұндағы  ескерілетіні  саяси  билік  механизмінің  іс-
əрекетін  көрсететің  руханият  көріністерінің  көп  түрлілігі  жəне  олардың  саяси  қатынастар 
аясында адамдардың жүріс-тұрысын бағыттап отыратындығы түсініледі. 
Саяси  мəдениет  -  саяси  билік  мүшелері  қабылдаған  жəне  өздерінің  іс-əрекеттері  мен 
қатынастарында  пайдаланатын  саяси  идеялардан,  рəміздерден,  нанымдардан  тұратын 
құндылықтар жүйесі. 
Қоғамның  саяси  жүйесі  -  белгілі  саяси  қызметтерді  атқарып,  оларды  жүзеге  асыратын 
мемлекеттік жəне мемлекеттік емес институттар жүйесі. Мемлекет, партиялар, кəсіподақтар 
жəне  қоғамдық  болмыста  іс  түйіні  билікті  күшпен  тартып  алулармен,  одан  ажырап  қалмау 
жəне  пайдалану  əрекеттерімен  байланысты  ұйымдар  мен  қозғалыстар  жоғарыда  аталған 
институттарға  жатады.  Саяси  жүйе  ішкі-сыртқы  саясатты  жүргізуді  камтамасыз  етеді, 
əлеуметтік топтарды калыптастырады, олардың мүдделерін білдіреді жəне оларды қорғайды. 
Саяси  жүйенің  сипаты  əлеуметтік  ортамен  тығыз  байланыста  болады,  өйткені  өзі  содан 
туындап, соған қызмет етеді. 
Қоғамның  саяси  жүйесінің  негізгі  субъектілері  ретінде  мемлекет,  партиялар  жəне 
қоғамдық қозғалыстар ең алдыңғы қатарға шығады. 
Мемлекет  -  саяси  жүйеде  бастауыш  рөл  атқарады,  өйткені,  онын  өзіне  ғана  тəн  ерекше 
белгілері болады: біріншіден - қоғамды интеграциялауға (біріктіруге) қабілетінің болуы, бұл 
қабілет  коғамда  болатын  əлеуметтік  өзгешеліктерге,  мүдделер  тартысы  дегенге  қарамастан 
өз ықпалымен əсер етеді; екіншіден - мемлекет - билік органы. Ол белсенді түрде коғамдық 
қатынастарды  ұйымдастыру  ережелерін,  белгіленген  нормаларды  сақтағаны  (бұзғаны) 

 
немесе  бұзғаны  үшін  санкцияларды,  көтермелеу  мен  жаза  қолдануларды  жүзеге  асырады; 
үшіншіден  -  қоғамда  онын  құқық  шығармашылық  кызметі  болады;  төртіншіден  - 
мемлекеттік  биліктің  көпшілікке  тəндігі,  жалпылық  істерді  басқарудың  кəсібилендірілуі, 
мемлекеттік органдарға, олардын қызметкерлеріне өкілеттіктерді ерікті немесе еріксіз беру, 
басқа  адамдарға  сол  өкілеттіктерді  басқаруға  беру;  бесіншіден  -  саяси  кеңістік  шегінің 
ерекшелігі (өзгешелігі) мен оның айқындығы. 
Мемлекеттің географиялық шегі болады; оның билігі жүретін аумағы, езінің азаматтарын 
-  мемлекет  мүшелерін  қамтитын  -заңдық  ықпалы  болады.  Осы  зандық  ықпал  бойынша 
мемлекет  алдында  əлгі  мүшелерінің  заң  бекіткен  міндеттері, құқыктары  болады,  олар  алым 
салықтар  төлейді  жəне  тағы  сондайлар.  Басқаша  айтқанда,  мемлекеттің  зандық  ықпалы 
бойынша  оның  органдарының  бар  болуы  мен  əрекет  етуіне  материалдық  мүмкіндіктер 
тудырылады, камтамасыз етіледі. 
Саяси жүйеде мемлекеттің алатын орны ерекше. Мемлекет барша елдің ресми өкілі болып 
саналады,  себебі  ол  қоғамды  қандай  да  болсын  ерекше  бөліктерге  бөлмей  қоғамның, 
халыктың  мүддесін  қанағаттандыру  үшін  қызмет  атқарады.  Мемлекеттің  тарихи  даму 
барысында  қалыптасқан,  тек  оның  өзіне  ғана  тəн  құрылымы  бар.  Мемлекет  өз  қызметін 
атқару  үшін  ерекше  ұйымдардан  тұрады:  ол  мемлекет  органдары.  Саяси  жүйенің  басқа 
бөліктерінің  мұндай  құрылымы  болмайды.  Мұны  -  мемлекеттің  механизмі  дейді.  Осы 
механизм арқылы мемлекет өзінің сан алуан, түрлі бағыттағы қызметін атқарады. Мемлекет 
тек қоғамның ішінде ғана емес, басқа мемлекеттермен қарым-қатынас, алыс-берістер жасауға 
байланысты  да  қызмет  атқарады.  Тек  мемлекетке  ғана  азаматтық  деген  құбылыс  тəн
сондықтан  азаматтық  -мемлекет  пен  адамдардың  арасындағы  тұрақты  саяси-құқықтық 
байланыс  болып  саналады.  Нормативтік  құқықтық  актілерді  мемлекет  органдары  ғана 
қабылдай  алады,  олар  қоғамдық  қатынастарды  ресми  түрде  реттейтіндіктен,  барлық  қоғам 
мүшелерінің іс-əрекетін, мінез-құлқын жолға салған құрал болып саналады. 
Мемлекет  саяси  жүйенің  негізгі  құрамды  бөлігі  болғандықтан  саяси  жүйенің  құрамына 
өзінің ерекше əсерін тигізеді. Мемлекеттің əлеуметтік-саяси табиғатына, ондағы орнатылған 
саяси  режимге  байланысты  қоғамның  саяси  жүйесінің  құрылымдық  ерекшеліктері  болады. 
Егер  мемлекетте  фашистік,  тоталитарлық  саяси  режим  орын  алса,  ондай  қоғамның  саяси 
жүйесінін  өрісі  де  тар  болады.  Ондай  мемлекеттерде  саяси  партиялардың,  қозғалыстардың 
қалыптасып, қызмет істеуіне шек қойылады немесе мүлдем тыйым салынады. 
Саяси жүйенің негізгі субъектісі болып табылатындар саяси партиялар да жатады. 
Саяси  болмыстын  кез  келген  түрдегі  өзгешеліктерінде  партияларды  қажетті  компонент 
(бөлік) ететіні саяси партиялардың қоғамдағы тағайыны болып табылады. Бұл тағайындарға 
кіретіндер: 

бүкіл  əлеуметтік  тұтастықтың  ортақ  мүддесі    денгейіндегі  əртүрлі  əлеуметтік  топтар 
мен бірліктердің мүдделерін білдіретін өкілдер қызметін жүзеге асыруы жатады; 

саяси қатынастар аясына жататын əлеуметтік топтарды интеграциялау (біріктіру) ісін 
белсенді жүргізуде жатады; 
-     партия ішіндегі қарама-қайшылыктарды жою да кіреді. 
Партиялардың  өздерінің  бағдарламалары,  мақсаттар  жүйесі  болады,  оларды  белсенді 
түрде  насихаттайды,  қорғайды;  азды-көпті  тарамдалған  ұйымдық  құрылымы  болады, 
өздерінің  мүшелеріне  белгілі  міндеттер  жүктейді  жəне  де  олардың  жүріс-тұрыстарының 
нормаларын  қалыптастырады.  Сондықтан  да  олар  қоғамның  саяси  өмір  болмысының 
ұтымды  болуына,  ұйымшылдық  деңгейінің  жоғарылауына  қуатты  қозғаушы  күш  ретінде 
қызмет етеді. 
Партиялар өз сипаттары бойынша: 
-  таптық  болуы  мүмкін,  яғни  əлеуметтік  топтардык  мүдделерін  білдіретін,  мұндай 
əлеуметтік  топтар  өндірістік  қатынастар  құрылымында  алатын  орнына  қарай  шаруалар, 
жұмысшылар, кəсіпкерлер болып айырмалануы мүмкін; 
 - ұлттық, діни болулары мүмкін, олар қайсыбір этникалық топтың немесе конфессияның 
айрықша  мүдделерін  білдіріп,  олардын  мемлекетте  басымдылыққа  ие  болуын  өздеріне 

 
мақсат  ретінде  қоятын  болуы  да  мүмкін  (мысалы,  Исламнын  өрлеу  партиясы,  орыс 
халқының Одағы жəне т.с.с); 
-  өз  алдына  белгілі  проблемаларды  шешу  мəселесін  қойған  партиялар  да  болуы  мүмкін. 
Мұндай  партиялар  ең  өзекті  маңызды,  жедел  түрде  шешімі  табылуға  тиісті  əлеуметтік 
мəселелерді  қозғап,  өздерінің  бағдарламалары  мен  іс-əрекеттерін  соларды  шешуге 
бағыттайды  (бұларға  экономикалық  партия,  бейбітшілік  немесе  қарусыздандыру  партиясы, 
жер реформасын жүргізу партиясы жəне т.с.с); 
-  мемлекеттік-патриоттық  партия,  мұндай  партия  халыктың  əлеуметтік  топтары  мен 
топтамалары  өкілдерін  мемлекеттің  тұтастығын,  ондағы  тұрақтылықты  қамтамасыз  етуге 
жұмылдыратын істерге бағыттайды; 
-  аты  елге  танымал,  яғни  əйгілі  есімді  саясаткер  айналасына  топталып  қалыптасқан  жəне 
оны қолдаушы топ ретінде əрекет ететін партия; 
Қозғалыстар  –  мұндай  "ұйымды"  əдетте  қатар  түрде  орталықтандырылған  ұйым  деуге 
болмайды,  сондай-ақ  мұнда  жазылып  белгіленген  мүшелікте  жок,  бағдарлама  мен 
доктринаны мақсат пен саяси мақсаттар жүйесі алмастырған болып келеді. 
Қозғалыстың  мақсатын  қолдайтын  кез  келген  адам  оның  қаты-сушысы  бола  алады. 
Əркімнің  өзінің  қозғалысқа  қатысуы  немесе  оның  іс-қимылдарына  қолдау  көрсету 
нысандарын  тандаудың  түрлері  көп.  Осы  заманғы  жағдайда  саяси  белсенділіктің  дамуы 
партияларға  қарағанда  адамдар  қозғалыстарды  жоғары  бағалайтыны  байқалады,  олай 
болатыны  партияларда  (іріктеу)  таңдап  алу  жүйесі,  міндеттемелер  мен  тəртіп  мəселелері 
жолға  қойылған  болып  келеді.  Көптеген  саяси  проблемалар  қозғалыстар  белсенділігінің 
есебінен  шешіліп  жататынын  қарап  айтқан  жөн  (мысалы,  экологиялық  проблемалар, 
бейбітшілік  үшін  күрес,  қоғамды  демократияландыру  үшін  күрестерді  ұйымдастыру). 
Қазақстан Республикасында “Невада – Семей”, “Арал теңізді сақтаймыз”,деген қозғалыстар 
Каталог: dist zaoch -> 2kurs
2kurs -> 1. 1 тақырып Тіл дыбыстарының жасалуы Қазақ тіліне тəн дауысты дыбыстар жүйесі
2kurs -> Қазақстан тарихы пəні бойынша тақырыптар тізімі
2kurs -> Лексика. Антоним
2kurs -> 1-бақылау тапсырмалары 1 нұсқа
2kurs -> №13 дәріс Тақырып: Құқықтың түсінігі және мәні
2kurs -> Адамның психикалық іс-əрекеті
2kurs -> Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі Көпсалалы
2kurs -> Қазақ тілін оқыту əдістері
2kurs -> Рефераттар мен баяндама тақырыптары
2kurs -> Контрольная работа по дисциплине «Профессиональный английский язык» для студентов второго курса всех специальностей


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет