Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы


 Жұмыстардың техникалық ерекшелікке және (немесе) жобалау-сметалық



Pdf көрінісі
бет18/20
Дата31.03.2017
өлшемі1,11 Mb.
#10638
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

 5. Жұмыстардың техникалық ерекшелікке және (немесе) жобалау-сметалық 
құжаттамаға сәйкестігін тексеру 
      5.1. Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері техникалық ерекшелікте және (немесе) 
жобалау-сметалық құжаттамада (Шартқа 2-қосымша) көрсетілген талаптарға сәйкес келуі 
тұрғысында орындалған жұмыстарды бақылауды және тексеруді жүргізуі мүмкін. Бұл ретте осы 
тексерулер бойынша барлық шығыстарды Мердігер/Орындаушы тартады. Тапсырыс беруші осы 
мақсаттар үшін анықталған өзінің өкілдері туралы Мердігерді/Орындаушыны жазбаша түрде 
уақтылы хабардар етуі тиіс.
 
       5.2. Осы Шарт шеңберінде орындалатын жұмыстар техникалық ерекшелікте және 
(немесе) жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген стандарттарға сәйкес келуі немесе 
олардан жоғары болуы тиіс. 
 
      5.3. Егер орындалған Жұмыстардың нәтижелері тексеру кезінде техникалық ерекшелік 
және (немесе) жобалау-сметалық құжаттама талаптарына (Шартқа 2-қосымша) сәйкес келмейді 
деп танылса, Мердігер/Орындаушы тексеру сәтінен бастап <сәйкессіздіктерді жою мерзімі> 
ішінде Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір қосымша шығындарсыз техникалық ерекшелік 
және (немесе) жобалау-сметалық құжаттама талаптарына сәйкессіздіктерді жою жөнінде 
шаралар қабылдайды.
 
      5.4. Жұмыстардың техникалық ерекшелікке және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамаға 
сәйкес келуін тексеру кезінде Тапсырыс берушінің инспекторларына Тапсырыс беруші 
тарапынан қандай да бір қосымша шығындарсыз сызбалар мен өндірістік ақпаратқа қол 
жеткізуді қоса алғанда, барлық құралдар беріледі және жәрдем көрсетілетін болады.
 

      5.5. Жоғарыда көрсетілген тармақтың біреуі де Мердігерді/Орындаушыны Шарт бойынша 
басқа міндеттемелерден босатпайды.
 
      .
 
 6. Жұмыстарды тапсыру және қабылдап алу тәртібі 
      6.1. Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушінің өкіліне мынадай құжаттарды:
 
      1) шот-фактураның түпнұсқасын<дана саны көрсетіледі>
 
      2) Орындалған Жұмыстар актілерінің түпнұсқасын <дана саны көрсетіледі>ұсынуға 
міндетті.
 
      6.2. Жұмыс орындалды деп саналады Өнім берушінің Жұмыстарды осы Шартқа 
қосымшаларда көрсетілген талаптарға толық сәйкестікте Тапсырыс берушіге толық тапсырған 
жағдайда орындалды деп саналады.
 
      
 
 7. Кепілдік. Сапа 
      7.1. Мердігер Тапсырыс берушіге Шарт бойынша Жұмыстарды орындау кезінде 
пайдаланылатын материалдар мен жабдықтардың техникалық ерекшеліктерге және (немесе) 
жобалау-сметалық құжаттама сәйкес болуына, Жұмыстар оның сапасын техникалық ерекшеліктің 
және (немесе) жобалау-сметалық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін деңгейге дейін 
төмендететін ақауларсыз орындалатынына кепілдік береді. Осы талаптарға сәйкес келмейтін 
Жұмыстар, оның ішінде жеткіліксіз негізделген және рұқсатсыз өзгертілген жұмыс ақаулы 
деп танылады. Мердігер (қосалқы Мердігер) жүзеге асырмаған пайдалану, түрлендіру 
ережелерін бұзу, дұрыс ұстамау немесе жеткіліксіз техникалық қызмет көрсету себебінен
сондай-ақ жабдықты қалыпты пайдалану кезінде оның ұйғарынды тозуы немесе бүлінуі 
себебінен залалды өтеу немесе түзету Мердігер беретін кепілдіктерге кірмейді. Тапсырыс 
берушінің талап етуі бойынша Мердігер материалдар мен жабдықтардың сапасының техникалық 
ерекшеліктерге және/немесе жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес келетінін куәландыратын 
құжаттарды беруге тиіс
14
.
 
      Орындаушы Тапсырыс берушіге Шарт бойынша жұмыстарды орындау нәтижелері кезінде 
пайдаланылатын материалдар мен жабдықтардың
 
      _________________________________________________
 
      14
Осы тармақ құрылыс, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау бойынша «Мердігер» ретінде 
өнім берушіні таңдау кезінде көрсетіледі;
 
      техникалық ерекшеліктерге және (немесе) жобалау-сметалық құжаттама сәйкес болуына, 
Жұмыстар оның сапасын техникалық ерекшелікке сәйкес келмейтін деңгейге дейін 
төмендететін ақауларсыз орындалатынына кепілдік береді. Осы талаптарға сәйкес келмейтін 
Жұмыстар, оның ішінде жеткіліксіз негізделген және рұқсатсыз өзгертілген жұмыс ақаулы 
деп танылады. Орындаушы (қосалқы Мердігер) жүзеге асырмаған пайдалану, түрлендіру 
ережелерін бұзу, дұрыс ұстамау немесе жеткіліксіз техникалық қызмет көрсету себебінен, 
сондай-ақ жабдықты қалыпты пайдалану кезінде оның ұйғарынды тозуы немесе бүлінуі 
себебінен залалды өтеу немесе түзету Орындаушы беретін кепілдіктерге кірмейді. Тапсырыс 
берушінің талап етуі бойынша Орындаушы материалдар мен жабдықтардың сапасының техникалық 
ерекшеліктерге және/немесе жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес келетінін куәландыратын 
құжаттарды беруге тиіс
15
.
 
      7.2. Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіге пайдалануға кепілдікті <кепілдік 
мерзімі>мерзіміне береді.
 
      7.3. Мердігер/Орындаушы орындалған Жұмыстарды және Жұмыстарға байланысты барлық 
материалдарды, жабдықтарды, ресурстарды және өзге де позицияларды жаңбырға, су 
тасқынына, аязға, өртке, ұрлауға және өзге де себептерге байланысты зиянның, 
зақымданудың, жойылудың барлық түрлерінен қорғауды қамтамасыз етуге міндетті.
 
      Мердігер/Орындаушы өзінің жұмыстарын жүргізу кезінде жоба бойынша басқа 
жұмыстарды, сондай-ақ Тапсырыс берушіге тиесілі меншікті және оған тиесілі құрылыстарды 
қандай да бір зақымдану түрлерінен және жолды, ғимараттарды, материалдардың қоймаларын 

және жылжымалы және жылжымайтын мүліктің өзге де түрлерін қоса алғанда (бірақ, онымен 
шектеліп қоймай) басқа да себептерден қорғауды қамтамасыз етуге тиіс. Мердігер/Орындаушы 
жоғарыда айтылғандарға байланысты шеккен барлық шығындар Тапсырыс берушінің тарапынан 
қосымша өтелуге жатпайды.
 
      
 
 8. Тараптардың жауапкершілігі 
      8.1. Тараптар өз міндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда осы 
Шарт шеңберінде барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының 
қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
 
      8.2. Секвестр және/немесе тиісті бюджеттердің қолма-қол бақылау шотында ақшаның 
жеткіліксіз болған жағдайларды есептемегенде, егер Тапсырыс беруші өзіне тиесілі 
қаражатты Мердігерге/Орындаушыға Шартпен қаралған мерзімдерде төлемесе, онда Тапсырыс 
беруші Мердігерге/Орындаушығакешіктірілген әр күн үшіншарттың тиесілі сомасынан 0,1% 
мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл) төлейді. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының 
(айыппұл, өсімақы) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасынан 10%артпауы тиіс.
 
      ________________________________________________
 
      15
Осы абзац құрылыс, құрылыс-монтаждау болып табылмайтын жұмыстарды орындау бойынша 
«Орындаушы» ретінде өнім берушіні таңдау кезінде көрсетіледі.
 
      8.2. Мердігер/Орындаушы Жұмыстарды орындаудан бас тартқан немесе Шарт бойынша 
Жұмыстарды орындау мерзімі өткен күннен бастап екі айдан астам мерзімде, бірақ Шарттың 
қолдануы аяқталу мерзімінен кешіктірмей Жұмыстарды орындау мерзімін кешіктірген 
жағдайда, Мердігерден/Орындаушыдан мерзімін кешіктірген әр күн үшін Шарттың жалпы 
сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) өндіре отырып, осы 
Шартты біржақты тәртіпте бұзуға құқығы бар. 
 
       Бұл ретте Тапсырыс беруші барлық орындалған (қабылданған) Жұмыстардың құны үшін 
төлем жүргізеді. 
 
      8.5. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) төлеуосы Шартта көзделген міндеттерді 
орындаудан Тараптарды босатпайды.
 
      8.6. Кез келген өзгеріс Шарт бойынша Жұмыстарды орындау үшін 
Мердігерге/Орындаушыға қажетті құнның немесе мерзімнің азаюына әкелетін болса, Шарттың 
сомасы немесе Жұмыстарды орындау кестесі, немесе екеуіне де сәйкес түрде түзетулер 
енгізіледі, ал Шартқа сәйкес түзетулер енгізіледі. Мердігердің/Орындаушылардың 
түзетулерді жүргізу туралы барлық сұранымдары Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіден 
өзгерістер туралы тапсырма алған күннен 30 (отыз) күн ішінде ұсынылуы тиіс.
 
      8.7. Мердігердің/Орындаушының Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз 
осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін біреуге толықтай да, ішінара да беруіне жол 
берілмейді.
 
      Ескерту. 8.7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      8.8. Қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) тартылған жағдайда, 
Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіге осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы 
мердігерлік шарттардың көшірмелерін ұсынады. Қосалқы мердігерлердің болуы 
Мердігерді/Орындаушыны Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен 
босатпайды.
 
      Жұмыстарды орындау үшін қосалқы мердігерлерге берілуі мүмкін жұмыстардың шекті 
көлемдері жиынтығында орындалатын жұмыстардың үштен екі көлемінен аспауға тиіс.
 
      Бұл ретте қосалқы мердігерлерге өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып 
табылатын жұмыстарды орындау көлемдерін өзге қосалқы мердігерлерге беруге тыйым 
салынады.
 
      Жұмыстарды орындайтын Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық 
бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған 

ұйымдарға мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша 
қосалқы мердігерлерді тартуға жол берілмейді
16
.
 
      
_________________________________________________
 
      16
Осы мәтін сатып алулардың баға ұсынысын сұрату тәсілін қоспағанда барлық тәсілдерде 
көрсетіледі
 
      Ескерту. 8.8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      8.9. Тапсырыс беруші осы Шарт бойынша Мердігер/Орындаушы өз міндеттемелерін 
орындамауына байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзған жағдайда оның 
орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды
17
.
 
      
 
 9. Шарттың қолданылу мерзімі және бұзылу талаптары 
      9.1. Шарт <Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 
аумақтық қазынашылық органында тіркегеннен кейін/қол қойған күннен бастап> күшіне енеді 
және  <қолдану мерзімі> жылға дейін қолданылады.
 
       9.2. Мынадай оқиғалар өзінен кейін олардың ұлғаюы бөлігінде: 
 
      1) Тапсырыс беруші Объектінің барлық учаскелерін пайдалануға тыйым салады, ол өз 
кезегінде Жұмыстарды орындауды кешіктіруге әкеп соғады.
 
      2) Тапсырыс беруші Шартта жоспарланбаған сынақтарды жүргiзу үшiн жұмыстарды 
тоқтатуға Мердiгер/Орындаушыға нұсқау береді. Бұл ретте, егер бұл сынақтар ақауларды 
анықтамаса, онда Жұмыстарды өндіру тоқтатылған уақыт Жұмыстарды орындау мерзiміне 
қосылады;
 
      3) Тапсырыс беруші дәлелдеу техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу және 
жобалау-сметалық (үлгiлік жобалау-сметалық) құжаттама әзiрлеу жөніндегі жұмыстарға 
бастапқы деректермен жобалауға Тапсырма беруді кідіртеді;
 
       9.3. Егер басқа тарап Шарттың талаптарын Шартта көзделген қағидатты талаптардан 
айыратындай елеулі бұзушылық жасаған болса, Тапсырыс берушi немесе Мердiгер/Орындаушы 
Шартта көрсетiлген мерзiмге дейiн Шартты бұза алады. Шарттың талаптарын елеулі бұзу 
өзіне мыналарды қамтиды, бiрақ тізбеленгенмен шектелiп қалмайды: 
 
      егер Мердiгер/Орындаушы Жұмыстарды орындау мерзiмiн бiрнеше рет бұзса, Тапсырыс 
берушi Шартты бұза алады;
 
      2) Мердiгер/Орындаушы «күн саны» күнге дейiн Жұмыстарды тоқтата тұрады, бұл ретте 
тоқтатуға Тапсырыс берушiнiң рұқсаты болмаса;
 
      3) Мердiгер/Орындаушы Тапсырыс берушi айқындаған негiзделген уақыт кезеңi iшiнде 
Тапсырыс берушi көрсеткен Ақауларды жоймаса;
 
      4) Тапсырыс берушi Мердiгерге/Орындаушыға Жұмыстар барысын кiдiртуге нұсқау берсе 
және осындай нұсқау «күн саны» күн iшiнде күшiн жоймаса;
 
      5) не Тапсырыс берушi, не Мердiгер/Орындаушы оның қайта ұйымдастырылуын немесе 
бiрлесуiн қоспағанда, банкротқа ұшыраса немесе қандай да бiр себептермен таратылса;
 
      
_________________________________________________
 
      17
Осы мәтін Заңның 39-бабының 2-тармағының 2) тармақшасы және 3-тармағы негізінде 
баға ұсыныстарын сұрату тәсілінен, тауар биржалары арқылы,бір көзден алудан басқа,сатып 
алудың барлық тәсілдері, сондай-ақ Заңның 51-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда 
кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын өнім берушілер үшін көрсетіледі;
 
      6) Мердiгер/Орындаушы жобалау құжаттамасында және (немесе) шарттық құжаттамада 
көрсетiлген жұмыстарды жүргiзу қағиадаларын, нұсқаулықтары мен ережелерiн ескермейтiн 
болса. 
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      9.4-тармақ алып тастау көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 
№ 521
 
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      9.4. Тапсырыс берушi Мердiгерге/Орындаушы тиiстi жазбаша хабарлама жiберiп, Шартты 

одан әрi орындаудың орынсыздығына байланысты оны кез келген уақытта бұза алады. 
Хабарламада Шартты бұзудың себебi көрсетiледi, Шарттың күшi жойылған Жұмыстарының 
көлемi, сондай-ақ Шартты бұзудың күшiне енетiн күнi айтылады.
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      9.5-тармақ алып тастау көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 
№ 521
 
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      9.5. Мұндай жағдайларда Тапсырыс берушi барлық орындалған Жұмыстардың құнына ақы 
төлеуді жүргізеді.
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      9.6-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 
№ 521
 
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      9.6. Шарт жоғарыда тізбеленген жағдаяттар себебінен жойылған кезде, 
Мердiгер/Орындаушы Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күнгi iс жүзiндегi 
шығындар үшiн ғана ақы талап етуге құқылы.
 
      9.7. Мына фактiлердiң бiрi анықталған жағдайда:
 
      1) оның негізінде осы Шарт жасалған сатып алуға қатысты Заңның 6-бабында көзделген 
шектеулердiң бұзылуы;
 
      2) сатып алуды ұйымдастырушы Мердiгерге/Орындаушыға Заңда көзделмеген жәрдемдерді 
көрсетсе;
 
      3) уәкілетті орган, олар бойынша міндеттемелер тиісінше орындалған шарттарды 
қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза 
отырып, Шарт жасасу фактісін айқындаса;
 
      4) шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі біткенше жұмыстар орындалған 
жағдайларды қоспағанда, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-
бабына сәйкес соманы енгізбеу жолымен Шартты жасасудан жалтарса мемлекеттiк сатып алу 
туралы Шарт кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін.
 
      9.9. Егер Шарт бұзылса Мердiгер дереу жұмысты тоқтатады, Объектiнi 
консервациялауды қамтамасыз етедi және белгiленген тәртiппен оны Тапсырыс берушiге 
береді.
 
      9.10. Егер Мердiгердiң Шарт талаптарын елеулі бұзуы себебiнен Шарт бұзылатын 
болса, Объектiдегi барлық материалдар мен Жабдық, сондай-ақ уақытша құрылымдар мен 
орындалған құрылыс жұмыстары Тапсырыс берушiнiң меншiгi болып саналады және Шартты 
бұзуға байланысты қаржылық талқылаулар шешiлгенге дейiн оның билiгiнде болады.
 
      9.11. Шартты тараптардың келісімі бойынша бұзуға болады.
 
 10. Хабарлама 
      10.1. Бір тарап екінші тарапқа жолдайтын кез келген хабарлама Шартқа сәйкес 
төленген тапсырыс хатымен немесе телеграф, телекс, факс, телефакс бойынша не веб-портал 
арқылы жіберіледі.
 
      10.2. Күндердің қайсысы кешірек болуына байланысты хабарлама жеткізілгеннен кейін 
немесе күшіне енудің көрсетілген күні (хабарламада көрсетілсе) күшіне енеді.
 
 11. Форс-мажор 
      11.1. Егер дүлей апат, әскери iс-қимылдар, эпидемия, ірі ауқымды ереуілдер, 
тікелей немесе жанама түрде тыйым салатын, сондай-ақ осы Шарт бойынша тараптардың 
міндеттемелерін орындауға кедергі болатын заңнамалық және үкіметтік актілердің күшіне 
енуі жататын форс-мажорлық жағдаяттар туындаған жағдайда, өзіне алған міндеттемелерді 
орындау үшін жауапкершіліктен босатылады. Бұл ретте, тарап форс-мажор басталғаны туралы 
жазбаша түрде дереу хабарлауға тиіс. Олай болмаған жағдайда бұл жағдаятқа сілтеме 
жасауға құқығы жоқ.
 
      11.2. Форс-мажор жағдаяттары кезінде екінші тараптың өз міндеттемелерін 
орындамауына байланысты шығынға ұшыраған тарап осы оқиғалардың ауқымы туралы, сондай-ақ 
оның қызметіне тигізген әсері туралы құзыретті органдар мен ұйымдар растаған 

құжаттамалық дәлелдерді одан алуға құқығы бар.
 
      11.3. Форс-мажор жағдайында Тапсырыс беруші Шарттың тоқтатыла тұрғаны туралы 
хабарлайды. Мердiгер/Орындаушы тоқтата тұру туралы хабарлама алғаннан кейiн қысқа 
мерзiмде Жұмыстардың тоқтатыла тұруын қамтамасыз етеді.
 
      11.4. Егер форс-мажор жағдаяты Шарттың орындалуын бұзатын болса, Тапсырыс берушi 
Шарттың тоқтатыла тұруын куәландырады. Мердiгер тоқтата тұру туралы хабарлама алғаннан 
кейiн қысқа мерзiмде Объектiнi консервациялауды қамтамасыз етедi және жұмыстарды 
тоқтатады. Тапсырыс берушi Мердiгерге Объектiнi тоқтатқан күнге дейiн орындалған 
жұмыстардың барлық көлемi үшiн және Объектiні
18
 консервациялауға байланысты жұмыстар үшiн 
ақы төлеудi жүргiзедi.
 
 12. Даулы мәселелерді шешу 
      12.1. Тапсырыс беруші мен Мердігер/Орындаушы Шарт бойынша немесе соған байланысты 
олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды тікелей 
келіссөздер үдерісінде шешуге барлық күш-жігерлерін салуға тиіс.
 
      12.2. Егер осындай келіссөздерден кейін Шарт бойынша дауды Тапсырыс беруші мен 
Мердігер/Орындаушы бейбіт жолмен шеше алмайтын болса, тараптардың кез келгені бұл 
мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.
 
      _______________________________________
 
      
18
Осы тармақ құрылыс, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау бойынша өнім берушіні 
«Мердігер» ретінде таңдау кезінде көрсетіледі.
 
 13. Басқа да шарттар 
      13.1. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдер Қазақстан Республикасының 
салық және кеден заңнамасына сәйкес төленуге жатады.
 
      13.2. Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Шарт жасасқан 
нысанда жасалады.
 
      13.3. Өнім жеткізушінің таңдауы үшін негіз болып табылатын сапаның өзгермеуі мен 
басқа жағдайларда жасалған Шартқа:
 
      1) жұмыстардың бағасын және тиісінше Шарттың сомасын азайту бөлігінде тараптардың 
өзара келісім бойынша;
 
      2) мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер 
енгізілсе және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қабылданған 
мұндай өзгерістердің сомасына қосымша ақша бөлу туралы шешім қабылданса Шарттың сомасын 
көбейту бөлігінде;
 
      3) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жұмыстарды қоспағанда, осы 
жұмыстардың жасалған Шартында көрсетілген жұмыс бірлігі үшін бағасы өзгертпеу шартымен, 
сатып алынатын жұмыстар көлеміне қажеттілікті азайтумен не арттырумен байланысты Шарттың 
сомасын азайту не ұлғайту бөлігінде. Жасалған Шартты осылай өзгерту осы жұмыстарды
19
 
сатып алу үшін мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген сома шегінде жол 
беріледі.
 
      осы жұмыстардың жасалған Шартында көрсетілген жұмыс бірлігі үшін бағасы өзгертпеу 
шартымен, сатып алынатын жұмыстар көлеміне қажеттілікті азайтумен не арттырумен 
байланысты Шарттың сомасын азайту не ұлғайту бөлігінде. Жасалған Шартты осылай өзгерту 
осы жұмыстарды
20
 сатып алу үшін мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген сома 
шегінде жол беріледі.
 
      4) Қазақстан Республикасының салық, кеден және басқа да заңнамасының өзгеруінен 
туындаған келесі (одан кейінгі) жылы (жылдары) аяқтау мерзімімен Шарттың сомасын азайту 
немесе ұлғайту бөлігінде;
 
      5) келесі (одан кейінгі) жылы (жылдары) аяқталу мерзімімен Шарттың сомасын азайту 
бөлігінде;
 
      6) жасалған шарттың сомасын өзгертпеу шартымен немесе жұмыстардың сметалық құны 
азайған жағдайда және кейіннен мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық 

құжаттамаға (бар болса) тиісті өзгерістер енгізілсе, мемлекеттік бюджет есебінен жылдар 
бойынша қаржыландыру өзгерген жағдайда Шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде;
 
      ______________________________________
 
      19
12.3 тармағының 2) тармақшасы мен 3) тармақшасының бірінші абзацы құрылыс, құрылыс-
монтаждау жұмыстарын орындау кезінде «Мердігер» ретінде өнім берушіні таңдау кезінде 
көрсетіледі.
 
      20
Осы абзац құрылыс, құрылыс-монтаждау болып табылмайтын жұмыстарды орындау бойынша 
«Орындаушы» ретінде өнім берушіні таңдау кезінде көрсетіледі.
 
      7) тапсырыс берушінің және (немесе) Мердігердің/Орындаушының лауазымдық тұлғасына 
қатысты Шартты орындауға байланысты қылмыстық іс қозғалған жағдайда Шарттың орындалу 
мерзімін өзгерту бөлігінде өзгерістер енгізуге болады.
 
      13.4. Шарт бойынша бір Тараптың міндеттемелерін беруге екінші Тараптың жазбаша 
келісімімен ғана жол беріледі.
 
      13.5. веб-портал арқылы жасалған Шарт, бірдей заңдық күші бар қазақ және орыс 
тілдерінде жасалды.
 
      13.6. Шартпен реттелмеген бөлігінде Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын 
басшылыққа алады.
 
      
 
 14. Тараптардың деректемелері 
Тапсырыс беруші
 
< Тапсырыс берушінің толық атауы>< Тапсырыс 
берушінің толық заңды мекенжайы> БСН < 
Тапсырыс берушінің БСН-і> БСК
 
< Тапсырыс берушінің БСК-сі> ЖСК< Тапсырыс 
берушінің ЖСК-сі>
 
<Банктің атауы> Тел.: <Тапсырыс берушінің 
телефоны><Тапсырыс берушінің 
лауазымы><Тапсырыс берушінің ТАӘ>
 
Өнім беруші
 
<Өнім берушінің толық атауы>
 
<Өнім берушінің толық заңды мекенжайы> 
БСН/ЖСН/ТЕН <Өнім берушінің БСН/ЖСН/ТЕН-
і> БСК <Өнім берушінің БСК-сі> ЖСК
 
<Өнім берушінің ЖСК-сі>
 
<Банктің атауы> Тел.: <Өнім берушінің 
телефоны>
 
<Өнім берушінің лауазымы><Өнім берушінің 
ТАӘ>
 
      РҚАО-ның ескертпесі!
 
      20-қосымша аббревиатурамен толықтыру көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 
№ 
521
 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
  Мемлекеттiк сатып алуды 
 
жүзеге асыру қағидаларына
 
 21-қосымша       
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет