Метаморфизм және метоморфтық тау жыныстары Агзамов Елдос


Метаморфтық әрекеттердің ішінде автометаморфизм (пневматолиттік және гидротермалдық) әрекеттерін жеке атап өтуге болады



бет2/2
Дата28.04.2023
өлшемі27,12 Kb.
#88119
1   2
Метаморфтық әрекеттердің ішінде автометаморфизм (пневматолиттік және гидротермалдық) әрекеттерін жеке атап өтуге болады.


Автометаморфизм (грекше “авто” — өзі деген мағынада) әрекеттері магмалық тау жыныстарының қалыптасу барысында, алғашқы магманың өз құрамынан бөлініп шығатын химиялық активті заттардың магмалық жыныстарға тигізетін метасоматикалық әсерімен сипатталады. Мысалы, ультранегізді жыныстардың серпентинитке айналуы, базальттардың хлориттенуі, граниттердің грейзендерге айналуы және т. б.


Динамометаморфизм (катакластикалық, дислокациялық метаморфизм) жер қыртысынын, жоғарғы қабаттарында, тектоникалық қозғалыстарға байланысты дислокациялық зоналарда жиі байқалады. Бұл жағдайда тау жыныстарының құрылымдық-текстуралық ерекшеліктері өзгеріп, кейде уақталып ұсақ бөлшектерге айналады. Олар катаклазиттер (грекше “катаклазо” — уақталу, бөлшектену) деп аталады. Тау жыныстары өте майда бөлшектерге ұнтақталып, сонымен бірге жаншылу немесе тапталу әрекеттеріне ұшыраған жағдайда милониттер (грекше “милес” — диірмен) деп аталады.


Ал жер қыртысының тереңірек қабаттарында (температура жоғары болғандықтан) механикалық жолмен бөлшектену әрекеттері пластикалық деформациямен алмасады. Тау жыныстары өзіндік құрылымдық-текстуралық ерекшеліктерімен ажыратылады: ірілі-ұсақты минерал түйіршіктері ұзарып, бір бағытта созыла орналасады және әр түрлі бояулар түрінде кезек алмасып, жолақ-жолақ болып тақталы текстура құрайды (крнсталлизациялық тақталану).


Регионалдық метаморфизм (латын тілінде “регионалис” — аймақтық деген мағынада) белгілі бір аймақты түгелдей қамтып, кең алқапты (мыңдаған шаршы км) алып жатады. Әдетте бұл процесс жер қыртысының кейбір аудандарының ұзақ уақыт бойы төмен шөгіп иіліп-майысу жағдайында, жер қыртысының жоғары бөліктерін құрайтын тау жыныстарының терең қабаттарға қарай орын ауыстыруымен байланысты байқалады. Ре-гионалдық метаморфизмнің дамуына әсерін тигізетін ең негізгі факторлар — петростатикалық қысым күші мен жоғары температура болып саналады, ал жердің ішкі қойнауына тереңдеген сайын температураның жоғарылауы геотермиялық градиентке байланысты өзгеріп отырады; сонымен бірге бұл процестердің даму барысында бағытталған қысым (бүйірлік) күштерінің және химия-лық активті заттардың атқаратын ролі өте зор.


Ыстық сулы ерітінділердің миграциясы — метасоматоз, температураның жоғарылауы — қайта кристалдану, бағытталған (бүйірлік) қысым күштері — тақталануі әрекеттерін тудырады. Мысалы, тақталанып қайта кристалдану әрекеттеріне байланысты құмды-сазды жыныстар филлитке, кристалдық тақта-тастарға айналады. Сол секілді қайта кристалдану кезінде ізбесті тастар (әк тастар) мраморға, құмтастар кварцитке, магмалық жыныстар мен кейбір құмды-сазды жыныстар гнейске айналады. Регионалдық метаморфизм әрекеттері жер қыртысының әр түрлі жастағы қозғалмалы аймақтарында ! (геосинклиналдық аймақтарда), әсіресе ескі платформалардың фундамент қабаттарында және олардың жер; бетіне шығып жатқан бөліктерінде (қалқандарда) жиі байқалады.


Кейінгі жылдары (соңғы он жыл ішінде) ғалымдар арасында жер қыртысының иіліп-майысуы метаморфизмнің ең басты себептерінің бірі деп санау қате екендігі туралы ой-пікірлер жиірек айтылуда. Өйткені, дислокациялық тектоникалық қозғалыстардың белгісі жоқ ірі ойпаттарды құрайтын шөгінді жыныстардың метоморфтық әрекеттерге ұшырамағандығы белгілі (мысалы, Қаспий маңайындағы ойпат). Сондықтан аймақтық метаморфизм әрекет-терінің дамуын жер қыртысының белгілі бір даму сатысымен байланысты қарастыру керек. Ал жер қыртысының даму сатылары өзіндік ерекшеліктерімен (қарқынды қатпарлану, магмалық заттардың және олармен байланысты ыстық сулы ерітінділердің жоғары қабаттарға көтерілуі) сипатталады. Тау жыныстарының регионалдық метаморфизм кезінде өзгеру дәрежесі қоршаған ортаның термодинамикалық жағдайының өзгерістерімен тікелей байланысты. Соған қарамастан бірқатар ғалымдар (У. Грубенман, Н. Д. Лукашевич және т. б.) термодинамикалық жағдайлардың өзгеруінің ең басты критерийі — тереңдік деп санайды. Соған сәйкес аймақтык метаморфизм үш зонаға (эпизона, мезозона, катазона) бөлінеді.


Эпизона (жоғарғы) температураның және петростатикалық қысым күшінің төмендігімен, ал белгілі бір бағытта байқалатын қысымның (стресс) жоғарылығымен сипатталады. Бұл жағдайда филлиттер, хлоритті және талькты сланецтер (тақтатастар) пайда болады.


Мезозона (ортаңғы) тереңірек қабатта орналасқандықтан температура мөлшері мен қысым күштерінін, (петростатикалық және барытталған қысым) жоғарылығымен сипатталады. Бұл жағдайда тау жыныстары толығымен қайта кристалданып және қат-қабат болып тақталанады. Мысалы, слюдалы сланецтер (тақтатастар) амфиболиттер, гнейстер, мраморлар және кварциттер мезозоналарда пайда болады.


Катазона (төменгі) температураның және петростатикалық қысым күшінің өте жоғарылығымен ажыратылады Бұл жағдайда бағытталған қысым (стресс) күштерінің атқаратын ролі шамалы болып, тақталы текстура сирек байқалады. Қатазоналық жыныстар пироксенді, биотитті және силлиманитті гнейстер, эклогиттер, квар-циттер түрінде жиі кездеседі.


Жер қыртысының ең терең қабаттарында температура мен қысым күшінің артуы тау жыныстарын жартылай, кейде тіпті түгелдей балқыту дәрежесіне дейін жеткізеді. Сондықтан мұндай зоналарда аймақтық метаморфизмнің ерекше бір түрі — ультраметаморфизм орекеттері байқалады. Тау жыныстарынын, жартылай балқуы анатексис (грек тілінде “тексис” — балқу, “ана” — жоғары саты деген мағынада), ал түгелдей немесе толығымен балқуы палингенез (грек тілінде “палин” — қайтадан деген мағынада) деп аталады Ультраметаморфизм кезінде пайда болған балқыманың құрамы әдетте гранит тектес болып келеді. Олар қоршаған ортаға араласып сіңісе келе өзіндік ерекшеліктерімен ажыратылатын аралас құрамды тау жыныстары мигматиттер түзіледі. Мұндай мигматиттер өте ертеде пайда болған (көне жастағы) қалқандарда (Балтық, Украина, Алдан және т. б.) кеңінен таралған.


Ультраметаморфизм әрекеттерімен байланысты гранитизация-лық процестер жиі байқалады, басқаша айтқанда алғашқы кұрамы әр түрлі тау жыныстарының метаморфтық өзгерістерге ұшырауының нәтижесінде, ең соңында құрамы мен құрылысы гранит тектес тау жыныстары түзіледі. Бұл жағдайда өзгеріске ұшыраған алғашқы жыныс міндетті түрде магмалық балқу сатысынан өтеді. Гранитизациялық процестердің дамуына әсерін тигізетін ең басты агенттер (жердің терең қойнауынан жоғары қабаттарға көтерілетін күрделі құрамді ерітінділер) флюидтер деп саналады. Сонымен, ультраметаморфизм әрекеттеріне байланысты туатын өзгерістер негізінде магмалық және метаморфтық процес-тердің арасындағы айырмашылық түгелдей жойылады.


Соңғы жылдары жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде метаморфизм дэрежесінің көрсеткіші барлық уақытта да жер қыртысының тереңдігімен байланысты емес екендігі анықталды. Мысалы, метаморфтық өзгерістері шамамен бірдей болып келетін тау жыныстары әр түрлі тереңдікте байқалуы мүмкін. Мұндай жағдай көптеген факторлармен байланысты: геотермиялық градиенттің әр түрлі мөлшерде болып келуімен; дислокациялық тектоникалық қозғалыстармен (бағытталған қысым күштерінің ұлғаюымен) байланысты деп саналады.


Сол себепті егер қазіргі кезде метаморфизм зоналары туралы айтатын болсақ, белгілі бір тереңдікте байқалатын бүкіл физикалық-химиялық жардайды толығымен ескеру қажет екендігін ұмытпау керек. Соған сәйкес көптеген ғалымдар (П. Эскола, Д. С. Коржинский, А. А. Маракушев, В. С. Соболев және т. б.) метаморф-тық жыныстардың жіктелуін жасап, метаморфизм әрекеттерін толық сипаттап жазу үшін метаморфтық фация туралы түсінікті қолданады.


Метаморфтык, фация деп, құрамы әр түрлі, бірақ термодинамикалық ұқсас жағдайда түзілген тау жыныстарының белгілі бір тобын айтады. Термодинамикалық жағдайдың ұқсастығын көрсететін белгі ретінде, белгілі бір температура және қысым жағдайында тұрақты ) болып келетін индекс — минералдар пайдаланылады. Осындай жолмен, әр түрлі жағдайда байқалатын метаморфизм зоналарының әрқайсысы минералдардын, белгілі бір ассоциациясының болуымен сипатталады.


Біз бұған дейін аймақтық метаморфизм әрекеттерін сипаттағанда, температура мен қысым күшінің ылғи да артып отыратын жағдайында байқалатын процестерді, былайша айтқанда прогрессивтік метаморфизм ерекшеліктерін қарастырдық. Ал енді табиғатта прогрессивтік метаморфизмге қарама-қарсы барытта дамитын процестердің де болатындығын ескерткіміз келеді. Мысалы, белгілі бір метаморфтық зонада жоғары температура мен қысым жағдайында түзілген тау жыныстары кейінірек, жоғары бағытталған тектоникалық қозғалыстардын, нәтижесінде жер қыртысының беткі қабаттарына қарай ауысуы мүмкін. Бұл жағдайда жаңа термодинамикалық ортада тұрақты түрде кездесетін төмен температуралы минералдардың ассоциация-сы түзіледі.


Мұндай процестер регрессивтік метаморфизм немесе диафторез (грек тілінде “диафтора” — бұзылу деген мағынада) деп аталады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет