Метрологиялық қамтамасыздандыру
Метрологиялық қамтамасыз ету - бұл талап етілетін өлшеудің дәлдігі мен бірлігіне жетуге қажетті ғылыми және ұйымдық негіздерді, техникалық құралдарды, ережелер мен нормаларды анықтау және қолдану. Метрологиялық қамтамасыз етудің толық әрі жеткілікті анықтамасы - өлшеудің нәтижесі заңдастырылған шама өлшемінде келтірілген және өлшеу қателіктері белгіленген шамадан шықпайтын өлшеудің бірлігін қамтамасыз етуге арналған жұмыстар жиынтығы.
Метрологиялық қамтамасыз етуге қатысты анықтамада қатаң түрдегі жұмыс шеңбері мен қатаң шекарасы жоқ. Ең негізгісі - нақты талаптармен өлшеуді жүргізуге бағытталған, яғни, қателіктерді ескермеуге болатын жұмыстар метрологиялық қамтамасыз етуге жатады. Метрологиялық қамтамасыз ету жұмыстарында ережеге жету қажет. Мұнда өлшеу нәтижелері жақын және қатесі аз мәнді болу керек.
Сол себепті, метрологиялық қамтамасыз ету жұмыстарының мақсаты болып өлшеу бірлігінің жетістіктері (талап етілетін нақтылықпен өлшеуді қамтамасыз ету) т.б. өндіріс объектілері немесе өндірілетін өнім сапасының нақтылығы туралы объективті ақпарат алу немесе технологиялық процестердің нақтылық жағдайы.
Сол себепті, метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі мазмұны өлшеу қателіктерін анықтайтын, әр түрлі факторлардың әсер ету бағасын анықтауына өлшеудің нақтылығымен байланысты процестер болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |