Мұхаметжанова Жанерке 17 топ М. ӘУезов және әлем әдебиеті



Дата31.12.2021
өлшемі14,77 Kb.
#23403

Мұхаметжанова Жанерке 17 топ

М. ӘУЕЗОВ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ.

М.Әуезов әлем әдебиетінің өзара байланысы туралы, көп ұлтты совет әдебиетінің даму заңдылықтарын көп зерттейді. Әдебиет туралы құнды ойларын ортаға сала отырып М.Әуезов былай деп жазды: «Әдебиетіміздің ішінара байланыс қарым-қатынастарын олардың бір-біріне жақындаса араласуымен қатар зерттеу дұрыс. Бұны әдебиет тарихы ғылымының және зор мұраты деп санау керек». Қазақ және украин халықтарының тарихи достығы, мәдени-әдеби байланыстарының өнімді дамуына М.Әуезов зор үлес қосты. Ол украина әдебиеті, оның көрнекті өкілдері мен негізгі тенденциялары туралы жазған әдебиеттер байланыстығына, қарым-қатынастарына көп көңіл бөлді.

М.Әуезов «Игорь полкі турасындағы сөз» барлық Русь атанған славяндарға ортақ ескерткіш еді, тарих бойында украина халқы әдебиеті мен беларус халқы әдебиеттері ұдайы туысқандық қалыпта айқасып өседі.

Беларус халқының әдебиетін шолуда да М.Әуезов беларус халқының ауызша шығармаларының орыс және украина халықтары шығармаларымен идеялық көркемдік байланыста екенін атап өтеді.

Прибалтика халықтарының, оның ішінде Литва әдебиеті жайында айтқан пікір-тұжырымдары қазақ әдебиеттануындағы тың беттер.

М.Әуезовтің Кавказ халықтарының әдебиеті туралы топтама ой-тұжырымдары Грузия эпосы «Амиран» жайында, XIII ғасырдағы грузиннің ұлы ақыны Шота Руставелидің «Жолбарыс терісін жамылған батыр» атты аса зор ескерткіші, XIX ғасырдағы Илья Чавчавадзе, және Акакий Церетели сияқты ақындардың, грузияның кеңес дәуіріндегі романшысы Лео Киачели, ірі ақыны Георгий Леонадзе туралы айтқан пікірлері өте құнды.

Армян - әдебиеті дүние жүзіндегі ең көне әдебиеттердің бірі.Сондай көне мұраның бірі, армян халқының отаншылдық қасиетті талаптарын танытады. «Давид Сосунский» шынайы халықтық, геройлық дәстүрдің зор ескерткіші екенін Әуезов атап көрсетті.

М.Әуезовтің Орта Азия халықтарының әдебиеті – тәжік, өзбек, түркмен, қырғыз әдебиеттері, әсіресе олардың өзара байланыстары туралы айтқан құнды тұжырымдары кейінгі қазақ әдебиетінің осылардың әрқайсысымен тарихи және осы заманғы байланыстарын әдейі, арнайы тексерген зерттеулерге негіз болды.

М.Әуезов тағлымының келесі бір өзегі – қазақ әдебиетінің Шығыстық арнасын кеңейтуі, байытуы. Ол бір ғана Индия елін біліп тануымызға қыруар еңбек етті. Жазушы Индия туралы тамаша очерктер жазды, сол елдің атақты жазушысы Рабиндронт Тагордың творчествосын талдауға арнап «Тагордың кемеңгерлігі» атты мақала жазды.



Жазушының «Абай жолы» эпопеясы және басқа әңгіме, повестері көптеген шетел тілдеріне аударылды (орыс, ағылшын, неміс, поляк, румын, грек, венгер, болгар, чех, т.б.). Бүкіл әлемдік екі жүз томдық «Дүние жүзі әдебиетінің кітапханасы» сияқты ғажайып серияда М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы 134,135 том болып басылуы қазақ жұртшылығының мәртебесін биікке көтерді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет