Мифология және жазба әдебиет



Дата21.03.2022
өлшемі166,43 Kb.
#28513

Мифология және жазба әдебиет


Эволюциялық аспект мифті сананың жазба әдебиеттің тарихи құбылыс түрінде пайда болуына дейінгі тұрақты бір даму бөлігі деген түсініктүріндеқарастырады.

Типологиялық аспект бойынша миф пен жазба әдебиет әлемді тану мен сипаттаудың екі түрлі әдісі ретінде салыстырыла қаралады.

Жазба әдебиет пен мифтің ара қатынасын зерттеушілер әр дәуір әдебиетінің жөне әдебиеттегі әртүрлі ағымдар мен бағыттардың мифке деген көзқарасын белгілеп берді. Бұл турасында Ю.М. Лотман, З.Г. Минц, Е.М. Мелетинский көркем әдебиет үлгілеріне сүйене отырып, тұжырымды ой айтты.

Миф пен жазба әдебиеттің ара қатынасын төмендегідей негізде бағамдауға болады:

Мифологиялық қаһарманға, оның тағдырына деген көзқарас классикалық әдебиеттің «жоғары дәрежелі» жанрларына, нақтырақ айтсақ, трагедияларға тән басты сипат болды.

Ағарту бағытындағы әдебиет мифтік желілер мен бейнелерді саясаттың және философияның өзекті мәселелеріне байланысты мақсатты түрде пайдаланды.

Романтизм ақыл - ойдан - мифке, грек - рим антикалық мифологиясынан ұлттық және христиандық мифологияға бет бұру идеясын көтерді.

Реалистік (XIXғ.) әдебиет мифологияны жоққа шығару («демифологизация») бағытын ұстанды. Дегенмен, мифологияны толығымен әдебиеттен аластауға тырысқан жоқ. Оны көркемдік тәсілдің бірі ретінде қабылдады

Аталмыш повесте өмір мен бұрынғы әлем сәулетші Тасжан мен жетім бота жетелеген Ақбота бейнесі айналасына жинақталған. Ақбота - адам мен табиғат арасын қайшылықтан сақтап жүрген жұмбаққыз. Дамыған өркениет бойына санасымен қабыса алмай оқшау қалған Ақбота танымы мифтік уақытпен үндеседі.



Оралхан Бөкей “Жетім бота”

Жазушы адамзаттық маңызды проблемалар тудырған сауалдарға жауап іздегенде және өзінің философиялық терең тұжырымдарын оқырманға жеткізу үшін адамзат санасының ерекше қабаты болған мифтік сана мен мифологиялық ойлау аясында қалам тербейді.



«...жойқын цивилизация мен телегей-теңіздің шекарасында үкі қадаған ботасын жетелеп, асықпай аяндап бара жатқан көгілдір көйлекті қыз бұл тұрған зәулім «Интерконтиненталь» қонақүйіне көз қырын салған да жоқ, өзгеше бір кербездік, баяғыда тозыңқырап қалған қазақы нәзік қимылмен ештеңеге назар аудармастан бұлдырап, сонау көкжиекке сіңіп барады».

Бұл тұста бүгінгі өмір қарыштап дамыған өркениет аясында, ал өткен өмір - мифтік сана аясында көрінеді.



“Өңі ме, түсі ме? Бұл не қылған қыз? Атыраудың астынан шыққан су иесі Сүлейменнің сұлуы сияқты, байыппен басып, сынаптай толқып маңып барады”.

Сұңғақ бойлы, бұйра шашты палуан жігітті өзі ұнатып, мен қатысар жарыстың бірде-біреуінен қалмай, жымия күліп гүл ұсынып тұратын ақ сары қыз айналдырған он жылдың ішінде жалғыз көзді жалмауызға айналып шыға келді.

«Менің сағынышым әке-шешемді жеті қат жер асты мен жеті қат көктен де шығарып алады. Тірі екенін теңіздің өзі айтып жатыр емес пе, тыңдаңызшы. Ана арыстандай айбатты толқындар әкемнің ашуы ғой; күндіз соншалықты тыныш жатты, ол - анашымның мейірімі. Тегінде Атырау осы екеуінен - Адайдың тентек мінезінен, анамның махаббатынан жаралған. Кеше судың астында көп жүріп қалдым, әке-шешемнен бір хабар айта ма деп балықтардан сұрастырдым, үндемейді... »

Неге екені белгісіз, бойын сиқырлылау қорқыныш биледі. Ертектердегі жалмауыз кемпірдің баспанасындай жермен-жексен болып жатқан балшық там улы таулы цивилизацияны торуға шыққан аңшының итарқа қосындай көзге қораш, көңілге жат.

«Жетім бота жетелеген қыз, әне, су бетімен шашбауы сылдырап, үкісі желбіреп кетіп барады. Мәңгілік сапарға жаяу кетіп барады».



«Телегей-теңіз болса өз қызының есен-сау оралғанына қуанған ардақ анадай, шүкіршілік жасап, толғана толқиды...»

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет