МҰнайшы маусым 2014 3 «Мұнайшы» журналы «ПетроҚазақстан» компаниясының қызметкерлеріне арналған корпоративтік басылым. Бас редактор



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата24.03.2017
өлшемі3,29 Mb.
#10175
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

және біздің жылдық Спартакиа-

дамыз да бар. Сұхбатымызды пай-

далана отырып, Сіздерді біздің 

Спартакиаданың құрметті қонағы 

болуға шақырамыз. Жалпы біздің 

спортшылар мен қызметкерлерге 

білдірер тілектеріңіз.

Асхат:

- Спартакиада - бұл маңызды шара, 

және сіздердің компанияларыңыз басқа 

компанияларға жақсы үлгі көрсетуде, 

жақсы өндірістік көрсеткіштермен 

бірге өз қызметкерлері арасында сала-

уатты өмір салтын дамыту да маңызды 

екендігін іс жүзінде көрсетіп жүр. Және 

осы жылы саны бойынша 5-ші спарта-

киаданы өткізейін деп жатқандарыңыз 

қуантады.

Мен «ПетроҚазақстанның» барлық 

қызметкерлеріне жақсы жұмыс аху-

алын, спортта, жұмыста және жеке 

өмірлерінде үлкен жетістіктерге жетуді, 

ал компанияларыңыздың өркендеп-өсе 

беруін тілеймін!

елена:

- Баршаңызға алға қойған 

мақсаттарыңызға бар күш-жігерлері-

ңізді салып жетулеріңізге тілектеспін. 

Спорт алаңындағы жеңісті, жеке 

бастағы жеңістерді тілеймін, себебі 

біздің бүкіл өміріміз - тізбектелген жа-

рыстан құралады және әрбір күн бізге 

әртүрлі жүлделерін әкеледі! 

Бейжің-2008 Олимпиадасы / Пекинская Олимпиада-2008 / Beijing-2008 Olympics



елена Павлова

1978 жылы 12 желтоқсанда 

дүниеге келген. Қазақстандық волей-

болшы, шабуылдаушы. Халықаралық 

дәрежедегі спорт шебері.


МҰНАЙШЫ      

маусым 2014

17

«ПетроҚазақстан» компаниясы қызметкерлерінің дарынды балалары жайындағы айдарымызды жалғастыра 

отырып, алдарыңызға шығыс жекпе-жегімен үлкен қызығушылықпен айналысатын және жас та болса көптеген 

жетістіктерге қол жеткізген үш баладан алған сұхбатымызды ұсынамыз. Балалардың өз өмірлерінде биік шыңдарға 

жетулеріне шын жүректен тілектеспіз, және олардың үлгі тұтарлық тамаша тұлғасы да бар - ол «Мұнайшының» осы 

нөмірінің атақты кейіпкері, Қазақстан дзюдосы тарихында Олимпиада медалінің алғашқы иегері Асхат Житкеев.  

жАс дАрЫНдАр

Әділ жандаров, 12 жаста, Шымкент

Анасы:  Гүлмира Жандарова, тасымалдауды қамтамасыз ету бөлімінің инженері, 

ТКБ, ПҚОП



Әділдің бос уақытта шұғылданатыны: дзюдо, футбол, бадминтон

Спорттағы жетістіктері: 

- жасыл белбеу иегері

- 55-60 кг санатындағы өз жас шамасындағылар арасында Шымкент чемпионы.

Марапаттары: 

Спорт шебері Т.Шамұратовты еске алу құрметіне дзюдодан жекпе-жек спорт 

түрлері бойынша Шымкент қаласының балалар мен жасөспірімдердің кешенді 

мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі (БЖКМОРСМ) ашық 

біріншілігінде 1-ші орын (2012); дзюдодан БЖКМОРСМ ашық біріншілігінде 1-ші орын 

(2013); еңбек сіңірген жаттықтырушы В.И.Клабуцкийді еске алу құрметіне дзюдодан 

БЖКМОРСМ Оңтүстік Қазақстан облысының ашық біріншілігінде 2-ші орын; Наурыз 

мейрамы құрметіне арналған БЖКМОРСМ ашық біріншілігінде 2-ші орын (2014). 



Әділ: Мен бала кезімнен әкемнің күн сайын қалай жаттығатынын, үйдің жанындағы 

стадионда жүгіретінін, жарыстарға қатысуын бақылайтынмын. Бұл маған қатты ұнайтын, мен де әкем сияқты бүкіл ел бойынша 

және шетелдерде өтетін жарыстарға барғым келетін. 7 жасымда әкем мені дзюдо мектебіне алып келді.   

Біз жаттығу кезінде футбол ойнаймыз, аяқтарымызды шынықтыру үшін бірнеше километр жүгіреміз. Сондай-ақ, ауыр 

жүктерді (штангаларды, гирлерді, гантельдерді) көтереміз, канатпен өрмелейміз және кілемде жаттығулар орындаймыз, осылай-

ша денемізді шынықтырып, соққыларды баптаймыз, күресеміз. Маған күрескен ұнайды, дене күшін артығымен жұмсап, белдесу-

де жеңуді ұнатамын, сондай-ақ, соққыларды баптау да қызықты. Менде, бәрінен бұрын, «жамбас» пен «тізеден» арқылы лақтыру 

жақсы шығады. Біздің жаттықтырушымыз - дзюдодан КСРО спорт шебері, халықаралық санаттағы судья Арипов Шухрат Абито-

вич, ол бір нәрсе қолымыздан келмей жатқанда бізге әрдайым көмектеседі, әрқайсымызға қалай шынығу керектігін көрсетеді. Мен 

алғаш рет қатысқан жарыста 3-орын алдым, бірақ тәжірибе жинап, техникамды жақсартып, біраз шыныққаннан кейін 2-ші және 

1-ші орындар ала бастадым. 

Біз спорт мектебінің балаларымен доспыз, олардың ішінде менімен бірге оқитындары да бар. Біз демалыс күндері киноға, бас-

сейнге бірге барамыз. Мектепте дене шынықтыру сабақтарында және сынып сағаттарында мен балаларға дзюдодан әдістер көрсетіп 

тұрамын. Менің сынып жетекшім Қымбат Ерсайынқызы барлық сынып алдында мені жарыстардағы жеңістеріммен құттықтаған 

кезде мен оған қатты риза болдым. Осының бәрін көргеннен кейін менің сыныптасым Азамат та дзюдомен айналысқысы келді, 

енді қазір екеуміз жаттығуға бірге барамыз. Менің кіші немере інім Айсұлтан да мен сияқты дзюдомен айналысқысы келеді. 

Спорт адамды өзгертеді. Дзюдо мені шынықтырып, икемді және өзіме сенімді болуды үйретті.   Дзюдо жапон тілінен аударғанда 

«икемді жол» деген мағынаны береді. Мен де өмірдің көптеген жағдайларына икемделуге тырысамын. Мысалы, Қазақстанда мен 

үшін еліктеуге тұрарлық үлгі - Асхат Житкеев. Елімізде сондай тамаша спортшылардың бар екеніне мақтанамын, ол 2008 жылы 

Пекинде елімізге алғашқы олимпиада медалін әкелді. Қазақстанда дзюдо мектебі мықты және өте жақсы дамыған. Мен келешекте 

өз елімді әлемдік деңгейде абыроймен көрсете алатындығыма сенімдімін!

Анам жұмысындағы әріптестеріне менің спорттағы жеңістерім мен жетістіктерімді айтып жүреді.   Білуімше,  бір әріптесінің ба-

ласы да маған бола шығыс жекпе-жегімен айналыса бастады. Енді сол баланың анасы оны мақтан тұтады! Өйткені спорт ең жақсы 

қасиеттерді: тәртіптілікті, ерік-күшті, ізгілікті және адамгершілікті дамытуға көмектеседі. Сондай-ақ, анам маған өз компаниясын-

да спортты, атап айтқанда Шымкент боксерлерін  белсенді түрде қолдайтындығын айтты.

Әділ өскенде кім болғысы келеді: Кез-келген спортшы сияқты мен де олимпиада чемпионы болуды армандаймын және сол 

үшін бар күш-жігерімді саламын. 



Ер жүрек адам деген кім деп түсінесің?

Мен үшін ер жүрек адам - менің әкем! Ол ҚР ІІМ үш дүркін чемпионы, әлем бойынша полиция мен өрт сөндіру қызметінің 

әртүрлі ойындарының 21 мәрте чемпионы. Сондай-ақ, оның еншісінде грек-рим және еркін күрестен, дзюдодан, пушлиф-

тингтен және армрестлингтен әлемнің көптеген елінен әкелген 6 күміс және 14 қола медалі бар. Мен оны мақтан тұтамын, 

сондай нәтижелерге қол жеткізе аламын деп үміттенемін!





18

маусым 2014      



МҰНАЙШЫ

Біреуге жасаған ең үлкен жақсылығың жайлы айта аласың ба?

Шындығында, жақсы істерімді есімде ұстамаймын, әрдайым жақсылық істеу керек деп есептеймін. Жақындарыма 

көмектесуге, әпкем мен ініме жақсы үлгі болуға тырысамын. 

кемелбек Қабланбек, 13 жаста, Қызылорда

Әкесі: Ұлықбек Нұрмағанбетов, механик,  ҚАМ кен орындары, ПҚҚР

Кемелбектің бос уақытта шұғылданатыны: каратэ-до, футбол

Спорттағы жетістіктері: 

- «спорт шебері» атағына үміткер

- қоңыр белбеу және 1-кю иегері

- ҚР жастар құрамасының мүшесі 



Марапаттары:

Кумитэден Қызылорда облысының чемпионы (2009-2011); WKF (Бүкіләлемдік 

Каратэ Федерациясы) ережелері бойынша «Санырык батыр» атты Кумитэ 

халықаралық турнирінің күміс жүлдегері (2011, 2012), Тараз қ.; WKF ережелері 

бойынша Кумитэден ҚР біріншілігінің күміс жүлдегері (2011); WKF ережелері 

бойынша ASTANA ОРЕN Кумитэ халықаралық турнирінің чемпионы (2011, 

2014) және WKF КАТА ережелері бойынша ASTANA ОРЕN халықаралық 

турнирінің чемпионы (2014); WKF ережелері бойынша әлем чемпионы Әшім 

Қалидің жүлдесіне арналған AKTOBE ОРЕN Кумитэ халықаралық турнирінің 

чемпионы (2012, 2014); Шито-рю Кумитэ және Шотокан Кумитэ стильдері бой-

ынша  ҚР чемпионы (2012); WKF ережелері бойынша «Гагарин кубогы» атты Кумитэ халықаралық турнирінің чемпио-

ны (Байқоңыр қ.), «Үздік техника» және «Ең қысқа күрес» кубоктарының иегері (2012); Шито-рю Каратэ-до Кумитэ Азия 

Чемпионатының  күміс жүлдегері, Гонконг, ҚХР (2012); Қызылорда облысының әкімінің «2012 жылдың үздік спортшысы» 

сертификатының және ақшалай жүлдесінің иегері; Шито-рю Каратэ-до Кумитэ Әлем Чемпионатының  күміс жүлдегері, 

Токио, Жапония (2013); Шито-рю Кумитэ стилі бойынша ҚР чемпионы, Астана қ. (2014 ). 

Кемелбек:  Біздің сыныпқа жаттықтырушы Нұрбол-аға («қара белбеудің» және каратэ-до бойынша 1-ші дан иегері 

Нұрбол Тойшыбаев) келген кезде мен тоғыз жаста болатынмын. Ол оқушыларға «ЖаStar» спорт клубында шито-рю 

стилінде каратэ-домен айналысуға ұсыныс жасады. Біз сыныптас балалармен бірге жалпы он адам болып сол секцияға 

жазылуға бардық. Әр жаттығу - төзімділік пен мінез күштілігін сынау болатын және тек шыдамдылық танытқандар ғана 

спорттың осы түрімен айналысуын жалғастыратын. Ақырында, аталған секцияға бүкіл сыныптан жалғыз өзім баратын 

болдым. Бұл спорт мені төзімділікке, сабырлыққа, сенімділікке және тез шешім қабылдауға үйретті.

Мен №3 мектеп-гимназиясында оқимын, оқу үлгерімім «өте жақсы». Таңертең жаттығуға, түсте мектепке барамын, кеш-

ке сабақ оқуға отырамын. Каратэмен 2 сағаттан аптасына 3 рет айналысамын. Жарыс кездерінде сабақты қалдыруға тура 

келеді, бірақ мұғалімдер бұған түсіністікпен қарайды және әрдайым менен тек қана жақсы нәтижелер күтеді.

Мен 2012 жылы «Жылдың үздік спортшысы» атандым және облысымыздың әкімі Қырымбек Елеуұлынан ақшалай жүлде 

алдым. Шындығын айтқанда, бұл менің алғашқы ақшалай марапатым болатын. Мен ол ақшаны ата-анама бердім. Былайша 

айтқанда, отбасылық бюджетімізге өз үлесімді қостым.

Ата-анам менің сау және мықты болып өсуім үшін бәрін жасады. Мен оларды қатты жақсы көремін. Әкем «ПетроҚазақстан 

Құмкөл Ресорсиз» компаниясында вахталық әдіспен жұмыс істейді. Биылғы жылы ол бір топ әріптестерімен бірге 

«ПетроҚазақстан» Президенттік Алтын Жүлде иегері атанды. Біз оны мақтан тұтамыз. Егер менің жарыстарым оның 

вахтааралық демалысына сәйкес келіп қалса, ол әрдайым менімен бірге болады. Мысалы, ол мен үшін маңызды жарыс - 

Гонконгте өткен Азия Чемпионатына және Токиода өткен Әлем Чемпионатына менімен бірге барды. Жеңіліп қалған кез-

дерде анам мені әрдайым жұбатып, көңілімді көтеріп отырады. Ал атам Қабланбек, кезінде самбомен айналысқан спортшы

- менің ең басты жанкүйерім. Ол әрдайым менің жетістіктеріме қуанады және менің жеңістерімді мақтаныш етеді.

2012 жылы Шито-рю Каратэ-до Кумитэден Гонконгте өткен Азия Чемпионатына барғаным есімде жақсы сақталып 

қалды. Мен сол кезде өзінің жеке метросы бар орасан зор әдемі әуежайды алғаш рет көрдім! Сол жарыста жолым болып, 

Ираннан келген спортшыға жол беріп, екінші орынды иемдендім. 

2013 жылы Токиода өткен Шито-рю Каратэ-до Кумитэден Әлем чемпионаты жарысында мен өз жас санатымда тағы да 

күміс жүлдегер атандым. Ал биылғы жылы үш дүркін Қазақстан чемпионы атанған соң 2014 жылдың желтоқсан айында 

Сингапурде өтетін Азия Чемпионатына лицензия ұтып алдым. Енді оған дайындалу үшін барынша жаттығуым керек. 

Кемелбек өскенде кім болғысы келеді: Мен өскенде прокурор болғым келеді. Менің ағам Батырбек - прокурор. Мен 

оны үлгі тұтамын. Ағам маған осы қиындығы көп, жауапты мамандық туралы көп айтқан. Заңның бірінші орында тұруы 

маңызды деп санаймын және өзім сол тәртіп пен әділдіктің орындалуында қызмет етемін деп сенемін.





МҰНАЙШЫ      

маусым 2014

19

Албер Аман, 11 жаста,  Алматы

Әкесі: Абырой Бақтығали, Қауіпсіздік техникасы, денсаулық сақтау және қоршаған 

ортаны қорғау жөніндегі менеджер, ПҚОСИ 



Албердің бос уақытта шұғылданатыны: киокушинкай каратэ, футбол, шахмат, 

өлең оқу


Спорттағы жетістіктері: жолақты сары белбеудің (10 белбеудің 6-уы өтілді) және 

5-кю иегері 



Марапаттары: 

Говард Коллинз мектебі Біріншілігінің (2011, 2012)  чемпионы; киокушинкай ка-

ратэден (Токио, Жапония)  әлем чемпионатының қатысушысы, алғашқы 10-қа енген 

(2011); киокушинкай каратэ Ассоциациясының ішінде кумитэ-семинарының чемпи-

оны; М.Грозаны еске алу құрметіне арналған шинкиокушинкай каратэден Алматы об-

лысы Ашық чемпионатының КАТА номинациясындағы чемпионы (2012); синкен-се-

бу (фулл-контакт) ережелері бойынша  жетітур чемпионы (2013).

Албер:  Маған спорттың бұл түрін таңдауға әкем көмектесті, ол таэквондодан 

қара белбеу иегері (ITF). Мен бұл спортпен 7 жасымда шұғылдана бастадым. Шы-

нын айтсам, ол мені каратэ тобына әкелген кезде маған ол жер ұнамаған еді. Мен жаттығу жекпе-жектерден, ұзақ жаттығулардан, 

жаттықтырушылардан қатты қорқатынмын. Бірақ әкем мұның мені батыл, өжет ететінін, өз-өзімді қорғауға көмектесетінін және 

қарындасым мен ініме қорған бола алатын нағыз ер қылатынын түсіндірді. Уақыт өте келе қорқуды қойып, жаттығуларды жақсы 

көріп кеттім. Жақындарым маған әрдайым: «Жеңіліс - істің ақыры емес, тек менің сабақ алуым үшін қажет», - деп түсіндіреді. Ұзақ  әрі 

табанды жаттығулар, спаррингтер, жарыстағы күрестер - кезекті кю мен белбеуді иеленуге апаратын баспалдақтар екенін түсінемін. 

Бар күшіңізді салсаңыз, кюді бір жыл ішінде, тіпті одан да ерте жеңіп алуыңызға болады. Менің жетістікке жетуім үшін көп еңбектеніп 

жүрген - бұл менің жаттықтырушым, барлық жеңістеріме оның тәжірибесі мен жігерінің арқасында қол жеткіздім. 

Әрине, мен әрдайым жеңістеріме, жаттықтырушым мен әкемнің сенімін ақтай алғаныма қуанамын. Бәрі әрдайым біркелкі бо-

ла бермейді. Еңсеңді түсірмей дұрыс жеңіле білу де керек деп ойлаймын және келесі жарыстарда сол қателіктерді қайталамай, 

әрдайым сабақ алып отыру керек деп түсінемін. Әдетте, мен бір жеңіске жеткеннен кейін отбасымызбен бірге мен жақсы көретін  

дәмханалардың біріне барамыз. 

Мені спортта, оқуда және өмірде барлығына талпыным, күш салу керек деген қағида бойынша тәрбиелейді. Егер қандай да бір ой-

ынды немесе гаджетті қалайтын болсам, ересек адамдардың жұмыс істеп еңбекақы табатыны сияқты, мен де алдымен өз жеңістерім 

мен жетістіктерім арқылы оларға лайық болуым қажет екендігін түсінемін. Менің ойымша, бұл әрдайым жеңіске ынталандырады.  

Әкем маған, биылғы жылы Алматыда компания қызметкерлері арасында Спартакиада өтетіндігін айтқан. Мен сол жарысты көрсем 

дегенмін. Спорт - біздің каратэ мектебіндегідей адамдарды жақындастырады деп ойлаймын.     

Спорт аса маңызды - ол ерік-күшіңді шынықтырады және өскенде менің басқа да табыстарға қол жеткізуіме міндетті түрде 

көмектеседі. Негізінде, спортпен шұғылдану - біздің отбасылық дәстүріміз, бізде ұл балалар жекпе-жекпен, ал қыздар гимнастикамен 

немесе бимен айналысады. Менің інім де жазда доджоға (ред. - каратэ мектебі) барады.  

Албер өскенде кім болғысы келеді: Келешекте каратэден барлық марапаттарды жеңіп алған соң сүйікті командам «Бавария 

Мюнхен» футболшылары сияқты кәсіби футбол ойнағым келеді. 



Қазіргі кездегі жасөспірімдер жайлы не айта аласың?

Менің ойымша, қазіргі жасөспірімдерге спортпен шұғылданып, жақсы оқу, күн тәртібін ұстану, ата-анасын және атасы мен 

әжесін сыйлау (менің ата мен әжем бәрінен де жақсы  және мен оларды өте жақсы көремін), өз халқының тарихын білу және 

басқалардың тарихын зерттеу қажет. Қазіргі кезде жасөспірімдерде мүмкіндіктер көп, бірақ, менің ойымша, уақытты бос 

өткізбей, пайдалы нәрсемен айналысу керек. Мен апта бойы бос уақыт өткізбей сабақ, жаттығулар және қосымша сабақтарға 

барамын. Әкем маған уақытты дұрыс пайдаланып, оны бағалай білу керек және оған күн сайынғы кесте көмектеседі деп айтады. 



Кю - жапон тілінде күрес өнерінде қол жеткізген деңгейді немесе дәрежені білдіреді. Кю нөмірі төмендеген сайын қол жеткізген 

жетістік дәрежесі жоғарылайды, ең жоғарысы 1 кю болып саналады. Кю дәрежелерінің саны әр бағытта, әр түрлі стильде, не әр 

мектепте әр түрлі болады.  Мысалы, каратэде 10-нан 1-ге дейін, ал дзюдода 6-дан 1-ші кюге дейін дәрежелер қолданылады. Кю - 

оқушы дәрежесі.

Бір қызығы, мысалы, каратэде дәрежелер спорт жарыстарының нәтижелеріне байланысты емес. Жоғарғы дәрежеге жету үшін 

ката пен еркін күресті орындаудың белгілі бір шеберлігін көрсету керек. 

Кюден жоғары дан шеберлік дәрежелері болады. Олардың саны әдетте 1-ден 10-ға дейін, бірақ кюмен салыстырғанда, шеберлік 

артқан сайын дан нөмірі жоғарылайды. Ең төменгісі - 1-ші дан, ең жоғарысы - 10-шы дан.  

Қандай болмасын, дәреженің сыртқы атрибуты белбеу болып саналады. Әр белбеуге кю мәні сәйкес келеді. Ақ белбеу төменгі 

дәреже болып саналады, жекпе-жек философиясында ол тәжірибенің жоқтығын, үйренуге ынтаны және жаңаны білуге 

ұмтылысты білдіреді. Ақ белбеу жаңадан бастағандарға беріледі. Ал келесі белбеулер (бірақ: жекпе-жек түріне, мектебіне және 

т.б. байланысты әртүрлі реттілікпен) сары, қызғылт сары, жасыл, көк және қоңыр болуы мүмкін, мұндай жағдайда олардың 

қосымша жолағы бар аралық түрлері де болуы мүмкін. Бұл тізімді даналықты білдіретін қара белбеу аяқтайды.   





20

маусым 2014      



МҰНАЙШЫ

сәуір     

1 сәуір - «ДОМ» қоғамдық қорының 

«Балаларға өмір сыйла», «Аутизмді 

жеңеміз» және «Қазақстан» жетімсіз 

ел» жобалары бойынша есеп беру 

концерті өтті. Концертке компанияның 

Алматыдағы кеңсе қызметкерлері 

шақырылды. Компаниямыздың «ДОМ» 

қорының жобаларына қолдау көрсетіп 

келе жатқанына бірнеше жыл болды. 

6-9 сәуір - Құмкөл кен орнында ПҚҚР 

бөлімшелері мен мердігерлік ұйымдар 

арасында баскетболдан турнир өткізілді. 

Турнирге қатысқан жеті топ ішінен 

КМДАЦ (кешенді мұнай дайындау және 

айдау цехы) тобы 1-орынды, САС (Central 

Asia Catering) мердігерлік ұйымы 2-орын-

ды және МГӨЦ (мұнай және газ өндіру це-

хы) 3-орынды иеленді. 

12 сәуір - «Шымкент МӨЗ-ін жаңғырту 

және қайта құру» жоспарының бірінші 

кезеңін орындау шеңберінде 29 наурыз 

бен 12 сәуір аралығында МӨЗ жоспар-

лы тоқтатылу уақытында дизель жанар-

майын сумен тазалау қондырғысын іске 

қосу жұмыстары жүргізіліп, қондырғы 

пайдалануға берілді.  



16 сәуір - ПҚҚР-ға қызмет көрсетуші 

ең үздік мердігерлік ұйымдарды 

ҚЕҚОҚ көрсеткіші бойынша жыл 

сайынғы марапаттау рәсімі өткізілді. 

2013 жылдың қорытындысы бой-

ынша үздік мердігерлік ұйымдар 

деп «МұнайТрансҚызылорда» ЖШС, 

«Technology АлемОйл» ЖШС, «КНЛК» 

ЖШС және «Новомет Қазақстан» ЖШС 

танылды. 



17 сәуір - Құмкөл кен орнын-

да өрт қауіпсіздігіне байланысты 

«Өртті сөндіргеннен гөрі, оның ал-

дын алған оңай» сайысы өтті, сайысқа 

компанияның өндіруші бөлімшесінің 14 

тобы қатысты. Сынақтардың жалпы есеп-

те сайыстың үш кезеңінің қорытындысы 

бойынша бірінші орын мен ауыспалы 

жүлдені технологиялық топ командасы, 

екінші орынды КМДАЦ тобы, ал үшінші 

орынды МГӨЦ тобы иеленді. 

21-25 сәуір - Мектеп оқушылары ара-

сында ПҚҚР жүлдесіне баскетболдан 

түрнир өткізілді. Турнирге Ақтөбе, Хром-

тау, Байқоңыр, Қызылордадан, сондай-

ақ Қызылорда облысының Шиелі, 

Қармақшы және Жаңақорған ауданда-

рынан 14 қыздар және ер балалар тобы 

қатысты. Кездесу қорытындылары бой-

ынша бірінші орынды (ұлдар арасын-

да) «Мұрагер» мектебінің тобы, екінші 

орынды - Ақтөбе қаласының тобы және 

үшінші орынды - Байқоңыр қаласының 

тобы иеленді. Қыздар арасында бірінші 

орында - Ақтөбе тобы, екінші - Шиелі 

ауданының тобы және үшінші орында - 

Жаңақорған ауданының тобы болды. 



22 сәуір - Бүкіләлемдік еңбекті 

қорғау күні аясында Құмкөл кен ор-

нында «Жұмыс орнында химиялық зат-

тарды қолданудағы еңбек қауіпсіздігі» 

тақырыбында мұнайшылардың еңбек 

саласын бақылау басқармасының, 

тұтынушылар құқығын қорғау 

департаментінің және облыстық 

кәсіподақ кеңесінің өкілдерімен кездесуі 

ұйымдастырылды. 



22-23 сәуір - «ПҚОП» ЖШС 

апат, өрт, зілзала және табиғи апат-

тар орын алған жағдайда басшылық 

құрамның әрекеті бойынша азаматтық 

қорғаныс жаттығулары мен өртке 

қарсы тактикалық жаттығулар өткізілді. 

Сондай-ақ, 22 сәуір күні жалпызауыттық 

оқыту сейсможатығулары өткізілді. 



оҚиғАлАр күНтізБесі

Ардагер-геологтарды Жеңіс Күнімен құттықтау (Алматы) /  Поздравление ветеранов-геологов 

с Днем Победы (Алматы) / Congratulating veteran geologists with the Victory Day (Almaty)

Шымкенттегі Балет мектебінің 15-ғына орай «Жаңғақшағар» қойылымы / Постановка «Щелкунчик» в честь 15-летия 

Шымкентской Балетной школы / “Nutcracker” performance in honor of the 15

th

 anniversary of the Shymkent Ballet School



МҰНАЙШЫ      

маусым 2014

21

  23-27 сәуір - Құмкөл кен орнында 



«ПҚҚР» АҚ бөлімшелері мен мердігерлік 

ұйымдар арасында мини-футболдан 

турнир өтті. Турнирге қатысқан 11 топ 

ішінен 1-орынды ГПЖЦ (газды пайдаға 

жарату цехы) тобы, екінші орынды - 

МГӨЦ-1 тобы және үшінші орынды - 

«КНЛК» мердігерлік ұйымы жеңіп алды. 

26 сәуір - Бүкіләлемдік еңбекті қорғау 

күні қарсаңында Қызылорда қаласының 

Президент саябағында кәсіподақтық 

ұйымдар арасында спорттық сайыстар 

өткізілді. Сайысқа 12 топ - әр түрлі өндіріс 

саласы мен мемлекеттік ұйым өкілдері 

қатысты. «ПҚҚР» АҚ мұнайшылары 

және   «ҚазТрансАймақ» АҚ бөлімшесінің 

қызметкерлері «Мұнайгаз» деп атала-

тын бір топ құрды. Эстафета, арқан тар-

ту мен қол күресін қамтыған сайыс 

қорытындысы бойынша  «Мұнайгаз» тобы 

жалпытоптық төртінші орынды иеленді. 

27 сәуір - ПҚОП Шымкент Балет 

мектебінің 15 жылдық мерейтойын 

өткізуге қаржылай көмек көрсетті. Біздің 

компаниямыз бұл мектеп ашылғаннан 

бері көмек көрсетіп келеді.     

    


Мамыр

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі 

күнінде «ПетроҚазақстан Құмколь Ресор-

сиз» АҚ компаниясының қызметкерлері 

Қызылорданың орталық алаңында өткен 

«Мәңгілік ел Қазақстан!»  мерекелік іс-

шарасына қатысты. Дәл сол күні Сәбира 

Майқанова атындағы Мәдениет үйінің 

әртістері Құмкөл және Арысқұм кен 

орындарының мұнайшыларына арналған 

«Сыр әзілі» атты  мерекелік бағдарламасын 

қойды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет